kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты «М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:     «М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны»

Ма?саты:?аза?ты? а?иы? а?ыны М.Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ма?л?мат беру. Оны? азаматты? ?асиетін, ?мірге, адам?а, еліне, тіліне, Отан?а, поэзия?а деген махаббатын ?лгі етуге, дара т?л?асын ??рметтеуге баулу.

"Арыз жазып кетейін" ?нтаспадан ты?далады.

      ?аза?ты? ма?дайына біткен біртуар а?ыны М??а?али Ма?атаев – б?гін 85 жаста.

М??а?алиді? ту?ан к?нін  б?гін біз де тойлаймыз. Жырларынан шашу шашайы?!

1-ж?ргізуші:    

Тату-т?тті бармысы?дар, армысы?дар, бауырлар,

?лем-дархан, саяла?дар, б?рі?е де орын бар,

?ор?ан емес салтанатты, с?нді сарай со?ы?дар,

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болы?дар!

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылды?, туысты?.

2-Ж?ргізуші:

 ?айырлы к?н, ?адірменді жыр с?йер ?ауым.

?аза?ты? ?ара ?ле?ін кие т?т?ан, асыл жырларымен ?аза?ты?  махаббатына б?ленген М??а?али Ма?атаевты? ту?ан к?ніне арнал?ан "М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны" атты саба?ымыз?а ?ош келді?дер!

А?ынны? ?мірбаяны:   1-о?ушы: Арай-  М??а?али С?леймен?лы  Ма?атаев ?азіргі Алматы облысы, Райымбек ауданында?ы  ?арасаз ауылында 1931 жылы 9 а?панда д?ниеге келген. Балалы? ша?ы со?ыспен т?спа-т?с келген а?ын ?ле?ді 10-11 жасынан жаза бастайды.

                         ?арасаз, ?ара шал?ын ?ле?де ?стім,

                          ?ыр?а шы?ып ырыс?а кенелмеспін

                          ?лсе ?лер М??а?али Ма?атаев,

                          ?лтіре алмас алайда ?ле?ді ешкім!

?ділет:  "?айран, ?арасазым-ай!"

1-Ж?ргізуші:  А?ын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз с?йеді, сол ар?ылы олар?а жан бітіріп, к?ркем тіл ар?ылы ?лем бейнесін ?ле?мен ?реді. 

?ара?ат:  "С?йемін, ?скен Отаным"

2-Ж?ргізуші: И?, М??а?али- ?ажайып, а?иы?  а?ын. Ол бізге к?рінбейтін, си?ыр бояулардан, бізге естілмейтін ??пия дыбыстардан тоят алатын ж?мба? а?ын!  Ол ж?мыр жерді? барлы? м?селесіне араласып, барлы? та?ырыпта жырла?ан. Атап айтсам: адамдар та?дыры, ана мен бала, со?ыс, а?ынды? туралы, ?мір мен ?лім, таби?ат, ту?ан жер, Отан.

  1-Ж?ргізуші:

                         ?ле?нен ?зге н?рсе с?рамаймын,

                         ?мірге ?ашы? болып сыр аламын.

                         ??імде, т?сімде кездескенше

                         ?зі?нен ?ле?, бата, жыр алайын,- деп жыр кестесін кестелер келесі кезекті

А?тоты?а береміз.      "?аза?стан"  ?ле?і.

А?ынны? жа?ындары: ?кесі С?леймен со?ыста ?айтыс бол?ан.

" Аттанарда алыс жол?а,

Тапсырды ?кем аманатын.

Серт етіп мен де алдым ?ол?а,

?кемні? берген "асыл затын".

Ты?да, балам, ты?да,к?нім

Болу?а жара ?ол?анат!

К?рі ана?, с?би іні?,

Барлы?ы са?ан аманат!

Шешесі- На?иман Батан?ызы

 "Шешем мені?- иілген с?рау белгі,

С?л ?ана шатты? к?рді, жылау к?рді.

?алай ?ана ?алпына келтірерсі?

Дауылдар майыстыр?ан мынау белді?"

М??а?али ?жесіні? т?рбиесінде бол?ан. Д?меш атты апасы,  ?ыздары: Майг?л, Алмаг?л, ?лдары-Ж?лдыз, Айбар.  

2-Ж?ргізуші:  келген ?она?тар?а  ?ол?а саламыз ?она? к?де

-Сырым да осы, Жырымда осы, Алды?да. 

Бай?ашы бір  Бы?сыдым ба, жандым ба?

                         Маха?дар жо?,

                         Маха?дарды? сар?ыты

                         М.Ма?атаев бар м?нда,- деп

жары? с?уледей а?ып ?ткен ?аза? жырыны? шо? ж?лдызы, халы? а?ыны  тірі бол?анда б?гін 9-а?пан к?ні  85 жас?а толар еді.

                         Жыр ке?істігі-шексіз, ал сен дарасы?,

                          ?асыры?ды жырлап ?ткен данасы?

                          Табындырып, са?ындырып біздерді,

                          ?асыр а?ыны боп, биіктеп сен барасы?.

1-Ж?ргізуші: Шынында М??а?али Ма?атаевты?  поэзиясы – заманымызды? кешегі де, б?гінгі де талаптарымен ?ндеседі. ?зі б? д?ниеден 45 жасында ?айтты. «?зге емес, ?зі айтады, ?з жайында»:   «Ей, безілдектер, Сендер емессі?дер ма?ан ба?а беретін! На?ыз ба?алаушылар  ?лі алда. Жылдар ?теді, жа?а ?рпа?тар келеді, бізді? ?р?айсымызды ?з орнымыз?а солар ?ояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді  де. Мен ?зім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ?асыр ?рпа?тарыны? ??рдасымын. Б?лкім, одан ?рідегі ?рпа?тарды? туысымын да…» деген екен. Б?гінде а?ынны? ?з дауысын есту біз ?шін арман еді. /а?ынны? ?з дауысымен/

        2-Ж?ргізуші: - Н?р?иса Тілендиевті? мына с?здері еске т?седі: «М??а?али д?ниеден ?ткен со? ?атты к?йзелдім. Ж?регім ?лсіреп 2 ай емханада жаттым. Арада 2ай ?ткен со?, ж?мыс?а кеттім. Бешпентімні? ?алтасынан хат шы?ты. М??а?алиды? жазуы: «А?а, мен ?ой. Дертім ?ызып барады. Не боларын білмеймін. Мына?ан назар аударып к?рі?із.»- депті. Б?л «Есі?е мені ал?айсы?» ?ні еді».

?н: «Есі?е мені ал?айсы?»     М?лдір апайдан тарту болсын

1-Ж?ргізуші: -Мына д?ние неге жатыр ?ндемей?!

Алаулатып тойды? шо?ын ?рлемей.

??ша?-??ша? г?л шо?тарын ла?тырып,

Мынау шапан, мынау аты?, мін демей.   Д?бірлі тойымызды? ат жарысы:  "Б?йгеге" ?атыссын ?рпа?ы:

 1. М??а?алиді? анасыны? есімі?  На?иман

2.  М??а?алиді? шын есімі кім? М?хамет?али

3.Ту?ан ауылы?                            ?арасаз

4. М??а?али ?мір с?рген жылдар?  1931-1976

5.?кесіні? есімі                               С?леймен

6.Балалары                   Майг?л, Алмаг?л, Ж?лдыз, Айбар

7. ?дебиеттік о?улы?ымызда?ы баста?ан а?ынны? ?лі?і?  "С?йем, ?скен Отаным"

Мадияр:   "Елім барда"

 2-Ж?ргізуші:

-А?ынды?пен айналыс?ан 30жыл ішінде  ол к?зімен к?ргендерін, а?ынды? санамен т?йгендерін ?аза?ты? ?ара ?ле? ?лгісімен т?гілтіп жырлай берді,  жырлай берді.

Арай:   "Отан"

Хормен:

Батар к?н, Келер т?н,

Атар та?, Шы?ар к?н,

Б?рі?е, б?рі?е, б?рі?е  ??мармын!

Осы мен, осылай м??гілік т?рармын,

Осы мен, сір? да, ?лмейтін шы?армын!

Жа?ынды? сеземін-

Жерден де  аспаннан,

Жылылы? сезінем

М?здардан, тастардан

?мірім, сір? да,

?ріден бастал?ан,

?ріден басталып, м??гіге тастал?ан.

Осы, мен, ?лмейтін, ?лмейтін шы?армын,

С?л ?ана мыз?ып ап, ?айтадан т?рармын.

2-Ж?ргізуші: М??а?али поэзиясына бас имейтін адам жо?. Жер-жерде е?бектеген с?биден, е?кейген ?арт?а дейін мы?-мы? м?рте та?зым етуде.  Б?гінгі тойдан сіздерге сар?ыт.   Тойдан сар?ыт

?йге тапсырма:    М??а?али?а арнау ?ле? шума? жазу.

  1-Ж?ргізуші:

 М.Ма?атаевты?  ту?ан к?ніне арна?ан  той-саба?ымызды ая?таймыз. Келесі кездескенше аманды?та болайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты «М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны»»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: " Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны"

Мақсаты:Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Оның азаматтық қасиетін, өмірге, адамға, еліне, тіліне, Отанға, поэзияға деген махаббатын үлгі етуге, дара тұлғасын құрметтеуге баулу.

"Арыз жазып кетейін" үнтаспадан тыңдалады.

Қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев – бүгін 85 жаста.

Мұқағалидің туған күнін бүгін біз де тойлаймыз. Жырларынан шашу шашайық!

1-жүргізуші:

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, бауырлар,

Әлем-дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес салтанатты, сәнді сарай соғыңдар,

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық......

2-Жүргізуші:

Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қазақтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны" атты сабағымызға қош келдіңдер!

Ақынның өмірбаяны: 1-оқушы: Арай- Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген ақын өлеңді 10-11 жасынан жаза бастайды.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Қырға шығып ырысқа кенелмеспін

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Әділет: "Қайран, Қарасазым-ай!"

1-Жүргізуші: Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем бейнесін өлеңмен өреді.

Қарақат: "Сүйемін, өскен Отаным"

2-Жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық ақын. Ол бізге көрінбейтін, сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын! Ол жұмыр жердің барлық мәселесіне араласып, барлық тақырыпта жырлаған. Атап айтсам: адамдар тағдыры, ана мен бала, соғыс, ақындық туралы, өмір мен өлім, табиғат, туған жер, Отан.

1-Жүргізуші:

Өлеңнен өзге нәрсе сұрамаймын,

Өмірге ғашық болып сыр аламын.

Өңімде, түсімде кездескенше

Өзіңнен өлең, бата, жыр алайын,- деп жыр кестесін кестелер келесі кезекті

Ақтотыға береміз. "Қазақстан" өлеңі.

Ақынның жақындары: Әкесі Сүлеймен соғыста қайтыс болған.

" Аттанарда алыс жолға,

Тапсырды әкем аманатын.

Серт етіп мен де алдым қолға,

Әкемнің берген "асыл затын".

Тыңда , балам, тыңда ,күнім

Болуға жара қолғанат!

Кәрі анаң, сәби інің,

Барлығы саған аманат!

Шешесі- Нағиман Батанқызы

"Шешем менің- иілген сұрау белгі,

Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.

Қалай ғана қалпына келтірерсің

Дауылдар майыстырған мынау белді?"

Мұқағали әжесінің тәрбиесінде болған. Дәмеш атты апасы, қыздары: Майгүл, Алмагүл, ұлдары-Жұлдыз, Айбар.

2-Жүргізуші: келген қонақтарға қолқа саламыз Қонақ кәде

-Сырым да осы, Жырымда осы, Алдыңда.

Байқашы бір Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты

М.Мақатаев бар мұнда,- деп

жарық сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы, халық ақыны тірі болғанда бүгін 9-ақпан күні 85 жасқа толар еді.

Жыр кеңістігі-шексіз, ал сен дарасың,

Ғасырыңды жырлап өткен данасың

Табындырып, сағындырып біздерді,

Ғасыр ақыны боп, биіктеп сен барасың.

1-Жүргізуші: Шынында Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндеседі. Өзі бұ дүниеден 45 жасында қайтты. «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»: «Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» деген екен. Бүгінде ақынның өз дауысын есту біз үшін арман еді. /ақынның өз дауысымен/

2-Жүргізуші: - Нұрғиса Тілендиевтің мына сөздері еске түседі: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп 2 ай емханада жаттым. Арада 2ай өткен соң, жұмысқа кеттім. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қызып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз.»- депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді».

Ән: «Есіңе мені алғайсың» Мөлдір апайдан тарту болсын

1-Жүргізуші: -Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау шапан, мынау атың, мін демей... Дүбірлі тойымыздың ат жарысы: "Бәйгеге" қатыссын ұрпағы:

1. Мұқағалидің анасының есімі? Нағиман

2. Мұқағалидің шын есімі кім? Мұхаметқали

3.Туған ауылы? Қарасаз

4. Мұқағали өмір сүрген жылдар? 1931-1976

5.Әкесінің есімі Сүлеймен

6.Балалары Майгүл , Алмагүл, Жұлдыз, Айбар

7. Әдебиеттік оқулығымыздағы бастаған ақынның өліңі? "Сүйем, өскен Отаным"

Мадияр: "Елім барда"

2-Жүргізуші:

-Ақындықпен айналысқан 30жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілтіп жырлай берді, жырлай берді.

Арай: "Отан"

Хормен:

Батар күн, Келер түн,

Атар таң, Шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен, осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!

Жақындық сеземін-

Жерден де аспаннан,

Жылылық сезінем

Мұздардан, тастардан

Өмірім, сірә да,

Әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы, мен, өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.

2-Жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Жер-жерде еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін мың-мың мәрте тағзым етуде. Бүгінгі тойдан сіздерге сарқыт. Тойдан сарқыт

Үйге тапсырма: Мұқағалиға арнау өлең шумақ жазу.

1-Жүргізуші:

М.Мақатаевтың туған күніне арнаған той-сабағымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше амандықта болайық.
















































Бабатай орта мектебі ММ










Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


4 - сынып









Сынып жетекшісі: Мерғалиева З.С.

















2015-2016 оқу жылы

















Отан

Отан!!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.


Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға - сол қайғы!


Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз -

Нағыз сорлы панасыз?


Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан - мекенің!



Қарасаз

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетінен суыңның!


Сенің әрбір бұлағың-

Менің әрбір қан тамырым емес пе?

Қасиетті тұрағым,

Қасиетінен суыңның!


Көктемде үйрек ұшып, қаз қонып,

Қараушы едім тырналарға мәз болып.

Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен,

Жаралмасаң өзің Қарасаз болып.


Сонау жатқан жасыл тауды көлденең

Алғаш рет ес білгенде көрген ем,

-Асқар таудың ар жағында ел бар,-деп

Әжем айтса, әй, сәбилік, сенбегем.


Қарасазым!

Айтылмаған сезім ең,

Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?

Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,

Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...








Нені аңсаймын?


Нені аңсаймын?..

Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,

Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын

Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,

Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!


Қуат берген дәмің мен тұзың маған,

Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.

Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,

Үнін сүйем масаңның ызыңдаған.


Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,

Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар.

Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,

Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,

Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар!











Отан


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: "Отан,"-деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!


Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...







Барлығы да сендердікі


Сендердікі - өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға.


Қабылдаңдар қазынаны біз берген,

Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.

Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,

Бабаларың үйде туып, түзде өлген.


Сендер- дағы өздеріңше күресіп,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін,Болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің.


Барлығы да сендердікі, барлығы-

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.

Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!











Батар күн,

Келер түн,

Атар таң,

Шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен,

осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен,

сірә да, өлмейтін шығармын!


Жақындық сеземін-

Жерден де аспаннан,

Жылық сезінем

Мұздардан, тастардан

Өмірім, сірә да,

әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы,

мен,

өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты «М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны»

Автор: Мер?алиева Злиха Смайл?ызы

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293482


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства