Просмотр содержимого документа
«Биологиялық орталық»
№49 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагеріндегі оқушыларды биологиялық орталыққа апарғаны туралы есеп
2017-2018ж.06.06 күні белгіленген жоспар бойынша 5-6 сыныптың 45 оқушысын Биологиялық орталыққа апарып, түрлі аң-құстармен таныстырып қайттық. Оқушылар онда барып, өз таным-білімдерін толықтырып, қызығушылық деңгейлерін көтеріп қайтты.
Биологиялық орталық Ертістің ортасындағы табиғаты әсем аралда орналасқан. Өзінің құрылған күнінен бастап табиғат төлінің 80 түрінен 400-ге тарта аң-құсы болса, солардың 17 түрі Халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген екен.
Бұл орталық - Шығыс Қазақстандағы балаларды экологиялық, эстетикалық бағытта тәрбиелейтін бірден-бір мекеме. Оқушыларды еңбекке баулу мен білімдерін ұштауда биологиялық орталықтың маңыздылығы ерекше деп айтуға болады. Өйткені барған оқушылар әрбір алаңда тұрған аң-құстарды тамашалап, өз қолдарымен тамақтандыруға ерекше қызығушылық танытты. Жабайы жылқы, түйе, пони т.б. көріп қызықтады . Атап айтқанда, «Ғажайып жануарлар» алаңындағы аң-құстардың Австралия, Германия, Қытай, Түрік елдерінен әкелінгеніне таң-тамаша болса,
«Із кесушілер» алаңындағы әр құс-жәндіктердің қалай тіршілік еткені туралы біршама өздеріне мағлұмат алып қайтты. Қорыта келгенде, Қазына аралы - көп деректерден сыр шертетіндігіне барған балалар көздерін жеткізіп қайтты.. 3 сағатқа созылған экскурсия қызықты өтіп, оқушылар біршама дүние алып, ой-санасы толығып, экологиялық ортаны таза ұстаудың денсаулыққа пайдасы зор екенін білді деуге болады. Экскурсияға жауапты ұстаздар оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауына, жүріп-тұру тәртібіне жауапкершілік танытып, үйлеріне аман-сау жеткізілуін қамтамасыз етті.
Жауапты мұғалімдер: Тлеубек Қ, Ескендирова Н, Карабекова Р, Раимбекова С, Шаяхметова Л.