kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Абайды оқы-таңырқа"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақындығы,ойшылдығы мен композиторлығын таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Абайды оқы-таңырқа"»







№20 орта мектеп





















Өткізген: Адилханова Жанар Капиятовна









































2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы – таңырқа!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы,ойшылдығы мен композиторлығын таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер слайд,видео,суреттер.
Өту барысы:
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

                        Жырымен жан сусынын қандырған кім?

                        Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

                        Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

2-жүргізуші: Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

                       Талабын тас қияға өрлеткен кім?

                       Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

                         Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1-жүргізуші: «Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!»

2- жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен,Абайы біреу-ақ,Абай бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады.Абайы

бар елдің мерейі үстем.Абай- қазақтың бар жерінде туып,бар жерінң туын ұстаған кемеңгер.

1-жүргізуші: Абай мерекесі-халық мерейі,Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек.Сол шыңнан көз жазбау-біздің парызымыз да

қарызымыз.

2-жүргізуші: Абай ата! Өзіңнің үміт еткен шөберелеріңіз сіз туралы толғап,сыр шертпек.

1-жүргізуші:Қабаыл ал,жас өрендеріңді,ақ батаңды бер, біздің талабымызға.

2-жүргізуші: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз

қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

1-оқушы: Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.
2-оқушы: Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.

Жазира, дархан бел еді.

3-оқушы: Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы

Өмір бойы надандықпен алысқан.
1-жүргізуші: Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, яғни біздерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ

арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық. (Ақын туралы видео,слайд көрсетіледі.)

Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі

Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби

шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
II. Абай – ақын.
1-жүргізуші: Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
«Қыс»
«Жүректе қайрат болмаса»
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
«Жүрегім менің қырық жамау»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Заман ақыр жастары»

«Ем таба алмай»

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
III. Абай – сазгер.
1-жүргізуші: Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
Әнің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі.

Тыңдағанда көңілдің айдың нөсері бар.

2-Жүргізуші: -Абай атамыздың ,әсем әндерін айта отырайық.

«Желсіз түнде жарық -ай» әні –Абайдың махаббат лирикасы тақырыбында байсалды,бірқалыпты, мәнерлі әні.Махабат мұңы табиғат үнімен шебер жымдастырылған әсем әннің қоңыржай әуені айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын тау жаңғырығы мен сыбырласқан ғашықтар үнін тыңдатады.
Ендігі кезекте «Желсіз түнде жарық- ай» тыңдайық.
1-жүргізуші: Абай сүйген ,Абай қадірлеген сұлулардың бірі –әсем Тоғжан еді. Барлық имандылық пен инабаттылық,ғашықтық белгісіндей.Тоғжан есімі ұлы Абай жүрегінен көптеген әндер туғызды.

Ән «Көзімнің қарасы»

2-жүргізуші: Ғашықтық азабын бір кісідей көріп,сезе білген Абай тағы да бірнеше өлең шығарып,ән жазған жүрек толқынысын нәзік үнмен шығара білген. Міне,осындай сағынышқа толы әуендерінің бірі- «Айтым сәлем Қаламқас» әні.
IY. Абай – ойшыл.

1-жүргізуші: Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жолын бөлмек.

Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
Әдемі киінген қыз бала. Кеуде тұсында қызыл түстен жүрек бейнесін ілген.

Жүрек:

-Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп,еритұғын –мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кете тұғын –мен. Әділет,нысап,ұят,рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.

(Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарап сөз сөйлейді.)

-Ей, ақыл! ... Амал да, айла да –бәрі сенен шығады.Жақсының, жаманның да екеуінің де сүйгені –сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің- соның жаман.

-Ей,Қайрат! Кейде жақсылықты берік ұстап,кейде жамандыұты берік ұстап кетесің –соның жаман.

Ортаға бой таластырған үшеуге әділ төрелік «Білім» -ата келеді.

Білім:

-Сенің үшеуіңнің басыңдықоспақ- менің ісім.Бірақта сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінңнің басыңды қос,соның ішінде жүрекке билет.

2-жүргізуші: Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық!
-Осымен «Абайды оқы таңырқа! » атты тәрбие сағатымызды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар !     


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
" Абайды оқы-таңырқа"

Автор: Адилханова Жанар Капиятовна

Дата: 26.12.2016

Номер свидетельства: 373536

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Абайды о?ы-та?ыр?а "
    ["seo_title"] => string(23) "abaidy-ok-y-tan-yrk-a-1"
    ["file_id"] => string(6) "217169"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433259796"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Абай ??нанбай?лы «?ыс», «Жаз?ыт?ры» ?ле?дер. "
    ["seo_title"] => string(48) "abai-k-u-nanbaiu-ly-k-ys-zhazg-ytu-ry-olien-dier"
    ["file_id"] => string(6) "189354"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426872015"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Та?ырыбы: Абайды? «Отыз бірінші ?ара с?зі»"
    ["seo_title"] => string(35) "takyrybyabaidynotyzbirinshikarasozi"
    ["file_id"] => string(6) "268354"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450619918"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Абайды о?ы, та?ыр?а "
    ["seo_title"] => string(21) "abaidy-ok-y-tan-yrk-a"
    ["file_id"] => string(6) "158852"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421823583"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "АБАЙ ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫНДА?Ы К?РДЕЛІ С?ЗДЕР"
    ["seo_title"] => string(39) "abaishygarmashylygyndagykurdielisozdier"
    ["file_id"] => string(6) "283499"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453832527"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства