kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лкенге ??рмет, кішіге ізет.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час в казахской школе на тему "Почет и уважение к старшим"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лкенге ??рмет, кішіге ізет.»

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Мақсаты:

  1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.

  2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

  3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Барысы: (Слайд)

I. Өмірге риза болып, алғыс айт.

- Қайырлы күн, балалар!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен. (Слайд).

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан С. Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. (Слайд).

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.

Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".

Міне балалар біз бүгін сендермен осы бір - бірімізге деген ризашылығымызды, алғысымызды, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуді, жанұядағы үйлесімді қарым - қатынас жасауды пікір алмасу арқылы, ортаға салып әңгімелесетін боламыз. Ол үшін бүгінгі күніміз сәтті, қуанышты болу үшін, ортаға шығып, шаттық шеңберіне тұрып бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Шаттық шеңбері.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Басымызды иеміз.

Қайырымды жүрекпен,

Мейірімді тілекпен

Ізгілікті ниетпен

Алғыс айтып жүреміз.

Ризамын бүгінге

Ризамын қазірге,

Ризамыз, ризамыз, ризамыз!

Балалар бір - бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...

Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.

- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.

Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.

- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?

- Осы шаңырақта кімдер тұрады?

- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.

Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!

-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?

Атам-ақыл бағбаным, Ағам-қамқор,асқарым,

Әжем-асыл ардағым. Інім-мөлдір аспаным.

Әкем- өмір тірегім, Қарындасым-қанатым

Анам-күнім,жүрегім. Биіктерге қонатын!

- Ата - әже, әке - ана, бала, немере. (балалардың жауабы).

- Өте дұрыс.

- Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата -ананың қадірін ерекше дәріптеген. Қазақ отбасында әуелі әке, одан кейін шеше - бұлар жанұя мектебінің ұстазы. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйытқысы, берекесі. Ана - балалардың бақыты!

- Бала - ата - ананың басты қуанышы.

- Бала - ата - ананың перзенті, ұрпағы.

- Бала - ата - ана өмірінің жалғасы.

"Балалы үй базар".

- Үйдегі балалар өздерінің жақсы қылықтарымен , бал тілімен, сүйкімділіктерімен, сыңғырлаған күлкісімен айналасындағыларды баурап алады. "Балалы үй базар"- деген мақал осындайдан шыққан.

Балалар, Әке - асқар тау

Ана - бауырындағы бұлақ

Бала - жағасындағы құрақ - деген мақалдың мағынасын осыған қарап түсінуге болады екен.

- Қазақ халқы, "төріңнен қарт кетпесін" - деп тілеген халық. Өйткені біздің ата- бабадан қалған тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер, салт - дәстүрлеріміз бар. Осыларды кейінгі ұрпаққа жеткізетін осы ата - әжелеріміз, үлкендеріміз, қарияларымыз.

  1. "Көп жасаған қария,

Ақылы - теңіз дария!"

  1. Ата - салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

"Қарттарым - қазынам" - деген сияқты мақал - мәтелдер тегін айтылмаған. Сондықтан үлкендерді әсіресе ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді құрметтеу, сыйлау әрбір баланың міндеті.

Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.

Ата - әжелеріміз кезінде өздерінің қалаған мамандықтары бойынша еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосқан құрметті еңбек ардагерлері. Бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған іс - шарамызға еңбек ардагері, зейнеткер, ұлағатты ұстаз - Нұрғаным Исмагуловна да қонаққа келіп отыр екен. Келесі кезекте келіп отырған қонағымызға сөз берейік.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.(Слайд).

(Балалардың ойларын ортаға салу.)

  1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.

  2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.

  3. Тілін алып, кішінің де кәрінің

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің

Үлкендердің айтқан сөзін тыңдауды

Әдептілік белгісі деп таныдым.

  1. Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге сіз деген

Алдын үлкен кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Әдеппенен үлкенге

Сәлемдесіп жол берем.

  1. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.

Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.( Слайд).

III. Бірлігіміз жарасқан -

Таусылмайтын жыр дастан.

- Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?

- Мемлекетіміз қалай аталады?

- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?

- Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет.

- Сендер ел, халық арасындағы, ұлт арасындағы достық, татулық жайлы естігендерің бар ма?

- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазіргі кезде Отанымызда 130 - дан аса ұлт өкілдері тұрып жатыр. Олар бір - бірімен тату, дос - бауырлардай ынтымақта, бірлікте, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.

Сонымен қатар олардың әр қайсысының қайталанбас мәдениеті, салт - дәстүрі, тарихы бар. Олар Қазақстанды өз еліміз, өз жеріміз деп мақтан тұтады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2015 жылды Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай отырып, бір - біріміздің тарихымызды, мәдениетімізді, салт - дәстүріміз бен дүниетанымызды тануға мүмкіншілік алдық. Әрбір ұлт өкілін үлкен отбасының бір мүшесіндей сыйлауға үйрендік.

(Бейне материал көрсету). Слайд

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт - дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір - түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалықжәне аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды. Алғаг рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, анда олардың мәдени күндері белгіленген.

- Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н. Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!

Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.

- Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір!

- Жүзіміз басқа болса да, жүрегіміз бір!

- Ұлтымыз өзге болса да, ұранымыз бір!

Құрметті, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз.

(Тілек слайд арқылы көрсетіліп тұрады).

"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - аналарыңа, айналадағы адамдарға мейірімді болыңдар. Оларды сыйлай біліңдер. Сонда сендердің бойларыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүректеріңде өмірге, ата - аналарыңа, ең жақын адамдарыңа, Отанға, елге деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Бір - бірлеріңе риза болып, алғыс айтып жүріңдер." - С.А. Назарбаева.

Жүректен жүрекке. (Данышпан атаның алғыс батасы)

  1. Жасың ұзақ болсын! 7. Еліңе қорған бол!

  2. Таудай биік бол! 8. Өнерің өрге жүзссін!

  3. Өркенің өссін! 9. Үлкен азамат бол!

  4. Бақытты бол! 10. Рахмет!

  5. Білімді бол! 11. Әлемде бейбітшілік болсын!

  6. Өнерлі бол! 12. Аспанымыз ашық болсын!

Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, "Рахмет" деген жақсы сөзді жиі айтыңдар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар! Әлемде бейбітшілік болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?лкенге ??рмет, кішіге ізет.

Автор: Тажикеева Бакытжамал Несипбаевна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328106

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?лкенге –??рмет, кішіге-ізет"
    ["seo_title"] => string(31) "ulkienghiekurmietkishighieiziet"
    ["file_id"] => string(6) "280205"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453348435"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) ""Үлкенге құрмет - кішіге ізет" тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған тәрбие сағатын жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "ulkienghie_k_u_rmiet_kishighie_iziet_tak_yrybyndag_y_9_synypk_a_arnalg_an_t_rbii"
    ["file_id"] => string(6) "458402"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1519044346"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет""
    ["seo_title"] => string(38) "ulkienghie_k_u_rmiet_kishighie_iziet_2"
    ["file_id"] => string(6) "447147"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514446782"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?лкенге - ??рмет, кішіге - ізет"."
    ["seo_title"] => string(38) "ulkienghie-k-u-rmiet-kishighie-iziet-6"
    ["file_id"] => string(6) "261619"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449160070"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?лкенге - ??рмет, кішіге - ізет "
    ["seo_title"] => string(38) "ulkienghie-k-u-rmiet-kishighie-iziet-2"
    ["file_id"] => string(6) "170968"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423618191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства