kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағат "табиғатты аялай білейік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты  аялай білейік!» 
Ма
қсаты:

1.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.

 2.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 3.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .


Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау, ой шақыру, топтық жұмыс т.б 
 

Көрнекілігі: "Табиғатты аялай біл!",табиғат туралы даналық сөздер, нақыл сөздер т.б. 
 

Сабақтың барысы : Қ Р Мемлекеттік Гимнін орындау.


І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. 
Қол ұстасып бәріміз, 
Жылылықты сезейік. 
Шуақ шашқан күндей боп, 
Күлімсіреп жүрейік.   (Оқушылар көздерімізді жұмамыз)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағат "табиғатты аялай білейік"»

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік!» 
Мақсаты:

1.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.

2.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .


Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау, ой шақыру, топтық жұмыс т.б 


Көрнекілігі: "Табиғатты аялай біл!",табиғат туралы даналық сөздер, нақыл сөздер т.б. 


Сабақтың барысы : Қ Р Мемлекеттік Гимнін орындау.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. 
Қол ұстасып бәріміз, 
Жылылықты сезейік. 
Шуақ шашқан күндей боп, 
Күлімсіреп жүрейік.  (Оқушылар көздерімізді жұмамыз)

Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік» деп аталады. 
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз көздерімізді ашып, орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтайық! 
(барлығы хормен түгел оқушылар айтады)
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
ІІ Кіріспе сөз: Сынып жетекшісі : Баймурзаев Бахадыр
«Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.

 
--Балалар, күнделікті киіп жүрген киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз,мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз--осылардың бәрі табиғаттың бізге тартқан сыйы. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз табиғатты қорғау жөнінде болмақ. 
Табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті,денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды. 
"Адамның екі анасы бар: бірі-туған анасы, екіншісі-табиғат. 
Егер маған біреу" Дүние дидарындағы ең сұлуды,ең қымбатты, адам баласына ең жақынды,ең қаталды, ең дананы, қара қылды қақ жарған ең әділді аташы" десе,мен соның бәріне де "Табиғат" деп бір ғана сөзбен жауап берер едім деген екен ұлы жазушы А.Сейдімбек. 
Түсіне білгенге табиғат жаюлы кітап сияқты.Керек десеңіз жұмыр жердің бетіндегі тіршілік атаулыны бір ғана өз заңдылығына бағындырып, ұлы тұтастыққа қозғалысқа келтіруші де Табиғат. 
Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың сан жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, өрең жетпес шексіздігімен, ал кейде мизамдай нәзіктігімен қайран қалдырады. Тек қайран қалдырып қана қоймайды, өз бауырындағы тіршілік атаулыға жайылып төсек, иіліп жастық болып, ең асылын солардың аузына тосады. 
Мұндайда табиғат жаны нәзік,мейірімі мол, ерекше төзімді де бейнетқор анаң сияқты болып көрінеді.Сөйте тұра, қажет болса орнымен қатал да бола алады. Оның әділдігінің теңдесі жоқ. Тірі жан атаулының бәріне бірдей қарайды,ешқайсысын алалауды білмейді.Ал болмашы қателіктеріңді елеусіз қалдырмастан, лайықты жазасын көлденең тартып отыратын қасиет те тек қана табиғатқа тән. Бұл ретте ол--тіршілік атаулының реттеушісі, ұлы сұрыптаушысы. 
Адамзат баласы үшін табиғат--кең сарай, мәңгі тозбас баспана. Демек, өз төріңнің басындағы тәртіп пен тазалықты қалар болсаң түптеп келгенде табиғатпен санасу, оған қамқор болу-адамзат баласының асыл парызы. "Балыққа-су,құсқа ауа,аңға-орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет. 
Ал табиғатты сүю--Отаныңа қамқор болу деген сөз



ІІІ. Негізгі бөлім. 

Табиғат ана 

Табиғат-ананың Жер,Су,Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып: 
--Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,--деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: 
--Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?--дегенде Табиғат-ана: 
--Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен. 

--Енді балалар осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша үш топқа бөлінеміз. 

"Жер" тобы: "Күте білсең жер жомарт" 
"Су" тобы: "Су бар жерде, ырыс бар" 
"Ауа" тобы:"Ауа-өмір тынысы" 

"Табиғатты қорғау--перзенттік борышымыз" (Жоба қорғау) 

"Жер" тобы:Жер-барша байлықтың анасы.Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр.Жердің қойнауында дәнді дақылдар, жеміс-жидектер өсіп шығады. Тұрмысқа қажетті пайдалы қазбаларды да жерден алады.Жерді баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер-Ананы түлетіп гүлдендіре білу-біздің борышымыз. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жері үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені өткен тарихтан аян.Жердің қасиетін сақтау,жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге зор көңіл бөлген. Сондықтан бүкіл халық болып туған жеріміз бен мекенімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. 

"Су" тобы:Су жер шарында көгілдір түспен боялған, су сұйық,қатты, газ түрінде болады.Су-тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, "Сулы жер-нулы жер", Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген. Су-адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат. Сонымен бірге су барлық адамға, тірі жанға, табиғатқа тазалық сыйлайды. Су гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береді. Сондықтан судың қадірін бағалай білу керек. 
Сусын да, әрі дем 
Су емші бәрінен. 
Суынан берді жер, жуынсаң сергітер, 
Су-өмір жүрегі, денсаулық тірегі. 


"Ауа" тобы: Ауа-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. "Ауа- өмір тынысы" деп бекер айтпаған.Адамның жақсы дем алып, дұрыс тынығуына таза ауаның пайдасы мол.Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. Адамдардың денсаулығына таза ауа өте қажет. Сондықтан ауаны ластанудан сақтауымыз қажет. Лас ауа адамдарға,жануарларға түрлі аурулар жұқтырады. Ауа екі жолмен--табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ал адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс орындары яғни зауыттардан шыққан тутіндер, көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер, тұрмыс қалдықтары жатады. 

"Табиғат--бізді қоршаған орта" (Сұрақтарға жауап беру) 

1. Табиғат нешеге бөлінеді?(Табиғат екіге бөлінеді: тірі,өлі) 
2.Табиғаттағы өлі денелерге нелер жатады?(тау, тас, өзен, ай, т.б.) 
3. Тірі табиғатты ата.(жануарлар, өсімдіктер, адам) 
4.Қазақстанда неше қорық бар?(тоғыз) 
5.Қызыл кітап дегеніміз не?(Сиреп бара жатқан,жер бетінде құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер тізімі тіркелген арнаулы кітап) 
6.Қызыл кітап қай жылы шықты?(1978ж) 
7.Табиғат құбылыстары дегеніміз не?(жел,жауын-шашын,судың тасуы,) 
8.Құстардың қандай пайдасы бар?(табиғатқа зиян келтіретін құрт-құмырсқаларды аз-ды) 


"Табиғат--халық қазынасы" ( Мақал-мәтелдердің жалғасын табу) 

"Жер" тобы: 1.Жер тағдыры- ... ... (ел тағдыры) 
2.Барша байлықтың анасы- ... (Жер) 
3. Гүл жердің көркі,.. .. ..(қыз жердің көркі) 
4. Туған жердей жер болмас,.. .. ...(туған елдей ел болмас) 
5. Су бар жерде... ... ( ну бар) 
6. Табиғат тазалығы- ... ....(адамзат амандығы) 
7. Жер байлықтың анасы болса,... ... (әкесі еңбек) 
8. Жер қазына, ... ... (су алтын) 

"Су" тобы: 1.Бір тал кессең, ... ... ...(он тал ек) 
2.Көлдің көркі құрақ,.. ... ...(таудың көркі бұлақ) 
3.Атаңнан мал қалғанша .. ..( тал қалсын) 
4. Сөз сағасы-құлақ,... ... ...(су сағасы бұлақ) 
5. Жер қазына, ... ....(су гауһар) 
6. Жер байлығы, ... ... (ел байлығы) 
7.Таулы жер бұлақсыз болмас,... ... (сулы жер құрақсыз болмас) 
8.Орман тоғай-жер сыны,... ...(Көкорай шалғын көл сыны) 


"Ауа" тобы: 1.Дала көркі мал,.. ... ...( қала көркі тал) 
2.Жер тойынбай-- ... ....(ел тойынбайды) 
3.Жаңбыр жауса жер ырысы,... ... (батыр туса ел ырысы) 
4.Ағаш жапырағымен,... ... (жер топырағымен) 
5.Су бар жерде ырыс бар,.. 
(ұстап алып балық жейсің. ақ бидай егіп нанын жейсің) 
6.Мал баққандікі,... ...(жер жыртқандікі) 
7.Су-табиғаттың... ...(айнасы) 
8.Ағаш көркі -жапырақ,... ...(адам көркі шүберек) 





ІV Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.


IV. Қорытынды. 

Елбасының "Қазақстан -2030" жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтып өткен ,сондықтан осы аулымызды гүлдендіруге, көркейтуге ,табиғатты көркейтуге ,табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. 
Иә, балалар, табиғат Отанымыздың байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен,ендеше жердің ,табиғаттың иесі мына сендер,біз оны қорғауымыз керек. Демек , табиғатты қорғау - өз Отанымызды сақтау деген сөз. 


































Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық тәрбие сағат



Тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік!» 











Сыныбы: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Б.Баймурзаев.



2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тәрбие сағат "табиғатты аялай білейік"

Автор: Баймурзаев Бахадыр Баратович

Дата: 22.11.2018

Номер свидетельства: 487054

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Таби?атты аялай білейік"
    ["seo_title"] => string(26) "tabig_atty_aialai_bilieiik"
    ["file_id"] => string(6) "346318"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1474998641"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "''Полигонны? ?ні м??гі ?шсін'' та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(50) "polighonnynunimnghioshsintakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "326539"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463221179"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Таби?атты аялай да ,ба?алай да білейік"
    ["seo_title"] => string(43) "tabig-atty-aialai-da-bag-alai-da-bilieiik-1"
    ["file_id"] => string(6) "262062"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449248598"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Жан?я-т?рбие мектебі" атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(47) "zhanu-ia-t-rbiie-miektiebi-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "191292"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427290339"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Классный час на тему: "Таби?атым - тал бесігім""
    ["seo_title"] => string(47) "klassnyi-chas-na-tiemu-tabig-atym-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "287069"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454428560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства