kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты аялай білейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Таби?атты аялай білейік» ашы? т?рбие са?аты
Ма?саты:
1. О?ушылар?а экологиялы? білім беру. Адам ?міріндегі жануарлар мен ?сімдіктер ма?ызын ??ындыру.
2. Экология м?селелеріне, ?орша?ан ортаны? та?дырына нем??райлы ?арамау?а баулып, таби?ат?а с?йіспеншіліктерін одан ?рі дамыту.
3. ?орша?ан орта мен оны? таби?и ресурстарын тиімді пайдалану барысында таби?атты ?ор?ай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялы? білімі мен м?дениеті жо?ары жа?а ?рпа?ты т?рбиелеу.
К?рнекіліктер: Таби?ат ж?не экология туралы ?анатты с?здер, суреттер
Барысы: ?йымдастыру кезе?і.
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Таби?ат?а саяхат
3. Мейірімділік ?лемінде.
4. О?ушы шы?армашылы?ы (Эссе, ?ле?дер).
Кіріспе с?з: Сынып жетекшісі : Аймаханов Ержан
«?аза?стан -2030» Ба?дарламасында Елбасы Н.?. Назарбаев «2030 жылы ?аза?стан м?лдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза айма??а айналады. ?ндіріс ?алды?тары мен радиация б?дан былай бізді? ?йіміз бен ба?тарымыз?а енбейтін болады. Бізді? балалар кінаратсыз толы??анды ?мір с?ретін болады», -деп атап к?рсеткен еді. ?азіргі та?да экология ?зекті м?селеге айналып отыр. Сонды?тан, ?орша?ан ортаны ?ор?ау-?рбір адамны? т?л міндеті.
Н?рай :
?айырлы, к?н, балалар! К?нде та?ерте? сендер ояна салысымен, терезені ашып Таби?ат-Ана?а к?з салып ?арайсы?дар.Д?л б?гінгі к?ні таби?ат-Ана бізді несімен ?уанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Таби?ат -Ана?а саяхат?а бірге шы?у?а ша?ырамын. Келісесі?дер ме? ?те керемет! 
Б?гінгі саяхатымызды? та?ырыбы: «Таби?атты аялай білейік» деп аталады. 
Ма?сатымыз: Біз б?гін, сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді,?ор?ауды, таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. Біз б?гін, таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін, Таби?ат-Анадан мейірімділікті ?йренеміз! 
Таби?ат адамзатты?, жалпы тіршілік атаулыны? ежелден ?мір с?ріп келе жат?ан ортасы, алтын бесігі. Таби?ат-с?лулы?ты? таусылмас к?зі.Ендеше біз б?гінгі саба?ымызды таби?атпен амандасудан бастаймыз.Барлы?ымыз орнымыздан т?рып мына ?ле? жолдарын бірге айтайы?! 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты аялай білейік»

«Табиғатты аялай білейік» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.
2. Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.
3. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Табиғат және экология туралы қанатты сөздер, суреттер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Табиғатқа саяхат
3. Мейірімділік әлемінде.
4. Оқушы шығармашылығы (Эссе, өлеңдер).
Кіріспе сөз: Сынып жетекшісі : Аймаханов Ержан
«Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.
Нұрай :
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік» деп аталады. 
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 
барлығы хормен түгел оқушылар айтады
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 

Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? 
Оқушылар хормен : Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... 
Әділет : 
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. 
Ақниет: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Семей қаласын алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! 
Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, 
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. 
Ойлашы кімге керек боламыз біз, 
Жұтудан таза ауаны қалған күні. 
Әділет: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? 
Нұрай Т : Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? 
Гүлжайна : Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 
Әділет : Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
Нұрай С : Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, 
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , 
Бөленіп күннің нұрлы шуағына. 
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?
ӘН : Н. Тілендиевтің әні : «Құстар әні» 
Нұрай Т : 
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? 
Аружан Ә . Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. 
Лашын : Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. 
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) 
Әділет : 
Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады. 
Нұрсұлтан : Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. 
Нұрай Т: 
Өте жақсы, біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.
Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады. 

Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Әділет -Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б. 
IV. Ой-толғау . Оқушылардың Табиғат туралы эссе жұмысы. 
Аружан Әбшеева : «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім де. Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!» 
Әділет : сендер табиғаттың әдемілігін осылай жырласаңдар, Нұрай оны өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші. 
Нұрай С (интерактивті тақтамен әзірленген табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады) 
Күн сәулесі төгілгені әдемі, 
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі. 
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі. 
Биік –биік шыңдарым да әдемі. 
Айдын көлде аққу қандай әдемі 
Сұңқар құстың самғағаны әдемі 
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі 
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі 
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. 
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі 
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. 
Сары түске боялған күзім қандай әдемі. 
Осылайша табиғатқа бір қарап 
Табиғатпен сырласуда әдемі. 
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен 
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі! 
Нұрай Т: « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: 
Мереке : Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат. 
Бақберген : «Егер табиғатқа тіл бітсе, Семей табиғаты, оның бүгінгі хал-жағдайы туралы былай дер еді: Семей, өңірінің тұрғындары! Жайқалған орманым қайда? Оның ағаштарын есепсіз кестің. Соның салдарынан қалаңда азынаған жел соғатын болды. Аспанға құм ұшып жатыр. Ал оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесің бе? Егер ұрпағыңның болашағын ойласаң , орманыңды қалпына келтір, адамзат!» 
Аружан Т: «Егер табиғатқа тіл бітсе, ол Семей полигоны туралы былай деп айтар еді: Адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен менің ауамды ғана улаған жоқсың, ұрпағыңды мүгедек еттің. Осы жарылыстың салдарынан қаншама адам бүкіл өмірін жылаумен өткізіп келеді. «Кім кінәлі?» деген сұраққа олар, «маңдайыма жазылғаны осы» дейді». Бірақ бұған тек адамдар кінәлі, полигон –адам қолымен жасалған қастандық. Менің ауам тазарар, бірақ ұрпағыңның денсаулығын қайтадан қалпына келтіре алар ма екенсің?- деп айтар еді Табиғат» 
Нұрай Т: ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр.
Арал теңізі мен Балхаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығы мен табиғатына үлкен зиян келтіруде.Бүгінде Арал теңізі мен Балхаш көлінің тағдыры-бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр.
Әділет : Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жырылып,одан тараған әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа,су,тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп,адам өміріне әлі де қауіп төндіруде.
Ірі қалаларда ауаға әр түрлі улы ғаздар бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі.
Атмосфераға зиянды улы ғаздар мен олардың қоспаларын бөліп шығатын жеңіл машиналар мен көліктер санының көбеюі.
Аружан Әбшеева :
Табиғаттан оқшау сырт қалам қайтіп,
Анасындай арнасын тастап қашып,
Арал қайтып барады,Арал қайтып
Тебіренші,қарашы таң нұрына,
Шақырамын,құлақ сал,жан-жырыма,
Арал сенің тағдырың әлемдегі-
Ұласып тұр адамзат тағдырына
Нұрай С:
Анаға бар адамның жаны ашыған,
Кім безер табиғаттай анасынан?
Аралым,күннен-күнге,жылдан-жылға
Алыстап бара жатыр жағасынан.
Балқаш та жалғызсырап аңыраған.
Кім келіп көрсетті екен жәбір оған,
Күн қайда сол кербездің бір өзіне
Жеті өзен жеті туыстай жамыраған.
Бақберген - Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап,дамыған тұсында ауаның шектен тыс ластануы-жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулығы қауіп төнді,адам өлімі жылдан-жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп,ауа-райы бұзыла бастады.
Баубек : -Бүгінде табиғатты болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір бұрышы,бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып,кеш те болса,әлемге жар салынып зерттелуде,алдын алу іс-шаралары арастырылуда.
Наргиз Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ.
Досың-жер,мөлдір ауа,өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас,әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні-қарызға
Әділбек Жақсыбеков : Тіршілікті қорғауға біз жарасақ
Қорық жасап,егін егіп,қала сап
О,азамат,космостық дәуірің
Талап етер сенен биік парасат.
Мереке : – Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Табиғаттың тырылтпайық,мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей,адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың. Ол –анаң ғой,ал,сен-кенже ұлысын. 
Нұрай:
Табиғаттан табар адам керекті
Отын етіп,кесіп емен теректі
Егін егіп,өнімдерін алумен
Малдарына орып жасыл желекті.
Әділет: Қапқан құрып,бүркіт салып аңына,
Өрт шығарып ну орманның маңына,
Неге біздер жол береміз осындай
Суық қолды адамдардың торына!
Нұрай :О табиғат! Тағдырмысың сен менің
Сенің барлық өзен,тау мен көлдердің,
Ауаң,суың,өсімдігің болмаса
Дүниеде қалай өмір сүремін?
Әділет :Құдыретті мол табиғат,мен саған
Әрқашанда алғыспен бас иеміз!
Қорытынды сөз: - «Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Таби?атты аялай білейік

Автор: Айтжанова Клара

Дата: 27.09.2016

Номер свидетельства: 346318


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства