kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты аялай да ,ба?алай да білейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Таби?атты ба?алай да, аялай да білейік.

Ма?саты: Білімділік: О?ушыларды? ?орша?ан орта?а деген махаббат  ??ндылы?тары жайлы т?сініктерін ке?ейту, ?лемдегі ерекше а?аш т?рлерімен таныстыру.

Т?рбиелілік: Таби?атты ?ор?ау?а, елін, жерін с?юге, мейірімдлікке, ізгілікке т?рбиелеу, экологиялы? т?рбие беру, Таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арау?а жетелеу.

Дамытушылы?: шы?армашылы? ?абілеттерін, жа?сылы? жасай білу іскерліктерін, ойлау ?абілетін дамыту, ?з ойын еркін жеткізе білу ?абілеттерін одан ?рі дамыту.

К?рнекі ??ралдар: та?ырып?а сай слайдтар, таби?ат туралы на?ыл с?здер, ?ле? шума?тары, ж?мба?тар, мазм?нды сурет, СТО ?дістері, г?лдер,суреттер, сергіту тренингтері, таби?атта?ы ?сімдіктер мен жануарлар туралы жина? кітаптар, т.б.

Т?рбие са?атыны? т?рі: д?ст?рлі емес, саяхат т?ріндегі ой-тол?ау саба?ы.

Т?рбие са?атыны? ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, т?сіндіру, ??гімелеу, пікірлесу, тілек айту шы?армашылы? ж?мыстар.

Т?рбие са?атыны? барысы:І. ?йымдастыру б?лімі.

?Р мемлекеттік ?н?раны орындалсын (хормен орындату)

-Рахмет балалар. Б?гін кезекті т?рбие са?атымыз.

-Жа?а саба?ымызды бастамас б?рын ?й тапсырмасын пысы?тап кетейік.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру.

- Т?тенше жа?дайлар туралы не айта аламыз?

-К?нделікті т?рмысты? жа?дайларда кездесетін т?тенше жа?дайлар ?андай?

-?андай жара?ат т?рлерінде ал?аш?ы к?мек к?рсетуді білесі?дер?

-?осымша  ізденген, тап?ан а?параттары? бар ма? (О?ып ты?дау)

-Сурет салып келгендері? бар ма? (тексеріп ?арау)

Психологиялы? дайынды?

-?айырлы к?н Балалар! Сендер к?нде та?ерте? ояна салысымен терезені ашып Таби?ат Ана?а к?з салып ?арайсы?дар. Д?л б?гінгі к?ні Таби?ат Ана бізді несімен ?уантады, бізге не айтады?- Олай болса, мен сендерді Таби?ат Ана?а саяхат?а бірге шы?у?а ша?ырамын. Келісесі?дер ме? ?те керемет! Б??гінгі саяхатымызды? та?ырыбы:" Таби?атты ба?алай да, аялай да білейік!" деп аталады.Ма?сатымыз: Біз б?гін, сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді, ?ор?ауды, Таби?ат Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. Біз б?гін таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін Таби?ат Анадан мейірімділікті ?йренеміз.

Таби?ат адамзатты?, жалпы тіршілік атаулыны? ежелден ?мір с?ріп келе жат?ан ортасы, алтын бесігі. Таби?ат-с?лулы?ты? таусылмас к?зі. -Ендеше, біз б?гінгі саба?ымызды таби?атпен амандасудан бастаймыз. Барлы?ымыз орнымыздан т?рып, мына ?ле? шума?тарын бірге айтайы?:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты аялай да ,ба?алай да білейік»

Тақырыбы: Табиғатты бағалай да, аялай да білейік.

Мақсаты: Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат

құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, әлемдегі ерекше ағаш

түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерлік-

терін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге

дағдыландыру.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке

тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспенші-

лікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең

шумақтары, мазмұнды сурет, гүлдер, суреттер, табиғаттағы өсімдік –

тер мен жануарлар туралы жинақ кітаптар, сергіту тренингтері, СТО

әдістері
Тәрбие сағаттың түрі: дәстүрлі емес, саяхат түріндегі ой-толғау сабағы.
Тәрбие сағаттың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тілек айту, пікірлесу,

шығармашылық жұмыстар.
Тәрбие сағаттың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

-ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын (Хормен әнұранды орындау)

-Рахмет, балалар.Бүгін кезекті тәрбие сағатымыз.

-Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын пысықтап өтейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Төтенше жағдайлар туралы не айта аламыз?

-Табиғи төтенше жағдай түрлерін атаңдар?

-Күнделікті тұрмыстық жағдайларда кездесетін төтенше жағдайлар қандай?

-Қандай жарақат түрелерінде алғашқы көмек беруді білесіңдер?

-Қосымша ізденген, тапқан ақпараттарың бар ма?(Оқып тыңдау)

-Сурет салып келгендер бар ма? (Тексеру)

П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ.
-Қайырлы күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантады, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты бағалай да, аялай да білейік!» деп аталады. Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше, біз, бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Хормен:Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

-Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар...
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі. Табиғат байлықтарының ішіндегі бізге ең керегі – ауа.
Нұрай:Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
- Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут қана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді.Ей, адамдар, Табиғат – ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Жангүлім: Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Балақайлар, біз ауасыз өмір сүре аламыз ба? (жоқ) Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
-
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі – су» деп аталады. Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?
Ақсу, Көксу, Сарысу, Бұл – сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз, Сай-саланың бәрі су.
Есіліп Есіл ағады, Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу, Шу шулап атой салады.
Бұқтырма нұр боп шұлғиды, Каналға Ертіс су құйды.
Қос теңізге қол артып, Иіріліп Іле жылжиды.
Салатын еске еркені, Судың да бар Тентегі.
Ойыл, Тобыл, Жем, Сағыз, Өрнектеп жатыр өлкені.
Сонымен су – табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Бізге тақпақтар арқылы Қазақстандағы барлық өзен, көлдерді айтып берді. Ал, осы біздің облысымызда қандай көлдер, өзендер бар? Жайық, Шаған, Қараөзен, Сарыөзен өзендері бар. Тағы да біздің Қазақстанда шипалы су бар. Ол қандай су білесіңдер ме? Балалар, ол Қошқар ата өзені. Оның суы өте мұздай. Оның емдік қасиеті бар. Ол өзенге түссеңдер, бүкіл аурулардан емделесіңдер. Ол су – өте шипалы. Сол себепті біз суды ластамауымыз керек. Көлге не болмаса өзендерге шомылуға барғанда суға және оның жағасына қоқыстарды тастамаңдар! Себебі судың бізге берер пайдасы мол!

Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол – өсімдіктер.
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы – өсімдіктер» деп аталады. Табиғат байлығының бір тобы – жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.
Айбек: Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: -Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды.

Мұғалім:-Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін

былайша толғаған:

Елжан: Жаның сая табатын, орман болған бұл-ағаш.

Қорыққанда жалғызға, қорған болған бұл-ағаш.

Найзасына батырдың, сап та болған бұл-ағаш.

Кәріп пенен қастерге, қуат болған бұл-ағаш.

Мұғалім: Халық табиғаттың ғажап көркі саналатын орман-тоғайды осылайша суреттеген. Қазір сіздерді «Әлемдегі» және «Қазақстандағы » ерекше ағаштардың қызықты суреттерімен таныстырғым келіп тұр. (Слайд бойынша жұмыс)

- Балалар, айтыңдаршы сендер гүл өсіресіңдер ме? Ал көктем шыққанда бақшаға көкөніс егесіңдер ме? Баққа ағаштардың көшетін отырғызасыңдар ма?

-Қыздардың орындауында С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйіне қойылған «Гүлдер» биін тамашалаңыздар.
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Балалар, өсімдіктер ауаны тазартады. Олар табиғатты әдемілендіре түседі. Сол себепті өсімдіктер өсіріп, оларды күте білейік!

-Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар? (Құстар)
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Мерлан: Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Мұғалім: Қазақтар аққуды киелі құс деген:
• Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
• Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
• Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Оны ақын сазгерлеріміз әнге қосқан. Олай болса «Ақ көгершін» әнін айтып жіберейік.

Хор: Ақ көгершін.

Бүркіт – киелі, қастерлі құс. Қыран құстың жадағайын қазақ төріне іліп қоятын. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. ҚР рәміздерінің бірі туымызға қалықтаған қыран бейнесін орналастыруымыздың да өз жөні бар.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. «Қарлығаштай өртіме қанатымен су сепкен» деген теңеудің айтылуы да бекер емес. Қарлығаш әдеміліктің де символы.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.(Оқушылар оқып береді)

• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

-Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсы-мыздың парызымыз.

Көрініс: «Аңшы мен бала».

-Құс аулауға шығамысың?- Шығамын.

-Атқаныңды жығамысың?- Жығамын.

-Мә, мылтығым,атамысың?-Атамын.

-Сен атып қайт, ал мен барып жатамын.


-Құсың қайда қарағым?-Атпадым.

-Таппадың батоғайдан құс?-Таппадым.

-Көп еді ғой құс.-Көп екен.

-Иә, неге атпадың?-Атпадым.

-Түк дәлелің жоқ екен.

-Атуға мен қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.

-Бәрекелді, жарайсың!

Мұғалім:-Табиғатты қорғау туралы айтқан аналарымыздың қандай өсиет сөздерін білеміз?

Жайнақ: «Ұя бұзба! Балапанға тиме» деп,

Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек.

«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын,

Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп.

«Ұя бұзба! Бұзба» деймін балама,

Өсиетің қандай ғажап , жан ана!
-Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
-Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні - хайуанаттар» деп аталады.
«Ымды түсінбеген, дымды түсінбес» деген ойын ойнаймыз. Балалар, қазір мен бірнеше баланың құлағына жануарлардың атын сыбырлаймын. Сол балалар мен айтқан жануарды ыммен, қимылмен көрсетеді. Ал сендер болсаңдар сол жануардың не екенін табуларың керек. Түсінікті ме? Ойнаймыз ба?
- Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
Балалар жылқы, түйе, қой, сиыр бұлардың бәрін төрт түлік деп атайды. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан.
Және де жабайы жануарлар бар. Оларға нелер жатады? ( аю, түлкі, қасқыр, жолбарыс, кірпі, елік, арқар, бұғы, піл, жираф, т.б.)
Мұғалім: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат - Анадан алады екенбіз.

-Бірақта өмірде бәрі бірдей жақсы болмайды адамдар кей жағдайларда осы табиғат сыйларының азайып немесе тіпті жойылып құрып кетуіне себепші де боламыз. Оған мынадай 3 түрлі себеп бар:

1. Адамдар олардың тіршілік ету орнын жойып жібереді.

2. Жөнсіз аулау мен аңшылық кәсіп жануарларды құртып жібереді, жөнсіз

ағаштарды кесу, жұлу, өртеу өсімдік түрлерін құртады.

3. У мен химиялық заттарды дұрыс қолданбау барлық жәндіктердің жойылуына

әкеп соқтырады.

-Сондықтан ондай жағдайды ескере отырып ерекше қорғауға алып,арнайы қорықтарда ұстап, өсіріп, өндіріп, көбейгенше жағдай жасайды. Жойылу қарсаңында тұрған түрлерін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізеді. Түрлері мүлде жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктер Қара кітапқа жазылады.

-Балалар, олай болса табиғатпен дос болайық, қолдан келгенше қорғап, оған мейірімділік көрсетейік.
Ол қандай мейірімді, өзі қандай дархан кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.

«Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе «Мейірімді жүрек» ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!.. т.б.
Есқайыр: Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.
Гүлназ: Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі
Есбатыр: Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
Гүлжауһар: Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Қортындылау кезеңі.

Ой түйін.

-Бүгінгі тәрбие сағатымызда не білдік, не үйрендік? (Тақтадан оқыту)

1. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

2.Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі, құтты қонысы,өсіп өнетін мекені.

3.Адам-табиғат перзенті.Олай болса табиғат анаға аялы алақан, жүрек жылуын арнау-әрбір саналы азаматтың парасатты адамгершілік борышы.

4. Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық.

5.Табиғат-халық қазынасы.

«Жүректен жүрекке» тренингі бойынша жүргізіледі. Оқушылар табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған суретке кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
 Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!

Ауамыз ластанбасын !т.б.

Азамат: Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың,

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

Аружан: Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат! Әр жүректің тамылжыған жырысың.

Ей, адамзат! Ақылға сал, қатігездік жасама,

Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.

Алихан: Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,

Досың-жер, су, мөлдір ауа,өсімдік,

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Ал оларды қорлау деген не сұмдық!?

Ақбота: Жасыл баққа бөле туған жеріңді,

Көк түтіннен қорға аспан, көгіңді.

Тәлімімен ұшта жігер, көшіңді,

Табиғатқа дос болайық сенімді.
Хормен :

Табиғат сені сүйеміз, Басымызды иеміз!
Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға табынып, басын иеді!

Қарақат:Шат көңіл адамдар, ақ көңіл адамдар!

Денсаулық-зор байлық, жан саулық-мол байлық.

Амандық үшін де, адамдық ісінде

Қолданып ел сынар, табиғи емші бар.

Егер денім сау болсын десең....

Егер көңілім жай болсын десең...

Табиғатқа табын адам!... –деген сөздерімен тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

IV. Мадақтау.
V. Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б) «Егер мен суретші болсам...»
в) «Егер мен ақын болсам...» деген тақырыптарда әңгіме,эссе немесе 5 жолды өлең құрастыру, мақал-мәтелдер тауып жазу, сөзжұмбақ құрастыру, жалпы еркін тақырыптағы шығармашылық жұмыс тапсырылады.











Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі


2013-2014 оқу жылы




Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы:









Түрі: дәстүрлі емес, саяхат түріндегі ой-толғау сабағы.


Сыныбы: 3.







Өткізген:Г.А.Садикова.

Ой түйін.

1. «Табиғатсыз адамзат-тың күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»



2.Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі, құтты қо-нысы,өсіп өнетін мекені.

3.Адам-табиғат перзен-ті.Олай болса табиғат анаға аялы алақан, жү-рек жылуын арнау-әрбір саналы азаматтың пара-сатты адамгершілік бо-рышы.

4. Жер-қазына,

су алтын,мал-байлық.

5.Табиғат-халық қазынасы.











Үй тапсырмасы:

а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»

ә)«Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б)«Егер мен суретші болсам...»
в)«Егер мен ақын болсам...»



тақырыптарына әңгіме,эссе,5 жолды өлең құрастыру, мақал-мәтел жазу, сөзжұмбақ құрастыру, жалпы еркін тақырыптағы шығармашылық жұмыстар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Таби?атты аялай да ,ба?алай да білейік

Автор: Садикова Гулайман Асылбековна

Дата: 04.12.2015

Номер свидетельства: 262062


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства