kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала ???ы?ы" атты тренинг саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Та?ырыбы:  «Бала ???ы?ы».

    Ма?саты:

    1.О?ушыны? ???ы?тары мен міндеттері туралы білімдерін  толы?тыру.

    2.О?ушыларды адам ???ы?тарына о?ыта отырып, т?рлі ?мірлік жа?дайларда ?з м?мкіндіктерін жеке ж?не ?о?ам пайдасына с?йкес шешім ?абылдай алу ?рекеттерін дамыту.

    3.?аза?станны? болаша?ына ?лесін ?оса білетін білімді де,   ізденімпаз ?рпа? етіп т?рбиелеу.

    Т?рбие са?атыны? т?рі: тренинг

    К?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? Конституциясы, «Бала ???ы?тары туралы» Конвенция, Туу туралы ку?лік,  интерактивті та?та, слайдтар.

    Саба? барысы:

    І. ?йымдастыру.

    ІІ. Психологиялы? дайынды?

    Ма?сатымыз, білім алу

    Міндетіміз, е?бектену

    ?р о?ушы ?з ???ы?ын білу,

    Оны ?мірде пайдалану. О?ушыларды 3 топ?а б?лу.

    І топ ???ы?. ІІ топ Конвенция.  ІІІ топ Конституция.

    Тренинг барысы:

     

    «?ол со?ы?ыздар, егерде …» ойыны
    — сіздер б?гін жа?сы к??іл-к?ймен ж?не жа?а білім алу?а келсе?іздер;
    — кімді адам ???ы?ы, оны? ішінде баланы? ???ы?тары ойландырады;
    — кім адам ???ы?тарын ж?не бала ???ы?тарын са?тап ж?не ??рметтей отырып ж?мыс істеуге дайын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала ???ы?ы" атты тренинг саба? »

Тақырыбы: «Бала құқығы».

Мақсаты:

1.Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

2.Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3.Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: тренинг

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

І топ Құқық. ІІ топ Конвенция. ІІІ топ Конституция.

Тренинг барысы:


«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.

Мұғалім сөзі: : Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата заңының 1- бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықты мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп , еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. «Бала құқығы» атты тренинг сабағымызды бастаймыз.

Тренинг ережелерін сақтай отырамыз және бөлімдерімен таныстырып өтейін.

І. «Ассоциация» «Бала құқығы» , «Оқушы міндеттері» постер жасау.

ІІ «Түсініктеме» .

ІІІ. « Ертегілер еліне саяхат»

ІV. «Жағдаят шешу»

V. « Жылдар сөйлейді».

VI. «Әрекет қабілеттілік пирамидасы»

VII. « Сұрақты ұстап ал».

Кіріспе

Миға шабуыл


Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?

Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)

Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?

Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.

Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.

Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).

Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).

Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқықтарын атап өтейікші.

Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

І. «Ассоциация» «Бала құқығы» , «Оқушы міндеттері» постер жасау.

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

ІІ. «Түсініктеме» .

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

ІІІ. . « Ертегілер еліне саяхат» . Енді, сендерге түсінікті болу үшін өздеріңе белгілі ертегілерді мысалға келтіре отырып, осы құқықтарды қарастыруға тырысамыз.

  1. «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.

  2. «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығына/.

  3. «Тазша бала» ертегісі /сөз бостандығына/.

  4. «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкіне/.

  5. «Кір, қоймас» ертегісі /денсаулыққа/.

Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.

«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.

«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.

  • «Тоты құс» - /адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау-бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған/.

  • Ер Төстік +

  • Мыстан кемпір –

  • Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –

  • Шық бермес Шығанбай –

Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы


Жарайсыңдар, тамаша!


VІ. «Жағдаят шешу»


  1. Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.

Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?

  1. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?

  1. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?


V. «Жылдар сөйлейді». Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.

 Сергіту сәті.

«Оның есесіне мен...» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. 

VI. «Әрекет қабілеттілік пирамидасы»

40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу


«Сұрақты ұстап ал» ойыны.


1.Конституция сөзінің аудармасы қалай? 
(Құрылым,өкілім) 
2.ҚРМемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (халық) 
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды? (2 рет: 1993 жылы 28 қаңтар, 1995 жылы 30 тамыз) 
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент) 
6. «Қасым ханның қасқа жолы »қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) 
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) 
9. ҚР конституциясы неше бөліменен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім 98 бап) 
10. 17 желтоқсан қандай күн? (демократиялық жаңару күні)



1. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі) 
2. ҚР «Баланың құқықтары туралы заң»қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8 тамыз) 
3. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15 қараша) 
4. Дүние жүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы) 
5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10 жклтоқсан) 
6. ҚР-ның «Мемелекеттік нышандары»туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4 маусым) 
7. ҚР-дағы «Бала құқықтары »туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап) 
8. «7 жарғыны»қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан) 
9. «Бала құқықтары»туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қабылдады) 
10. ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтар)

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер ме?


Рефлексия. Де Бонның алты қалпағы.

Қорытынды

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыздың соңында сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың


Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қыз болып өсейік.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бала ???ы?ы" атты тренинг саба?

Автор: Махмут Алия Есимбаевна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 173973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тренинг-саба?  "Мен ж?не мені? жан?ям" "
    ["seo_title"] => string(44) "trieningh-sabak-mien-zh-nie-mienin-zhanu-iam"
    ["file_id"] => string(6) "193851"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427704504"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас"
    ["seo_title"] => string(47) "ata_ana_mien_bala_arasyndag_y_k_arym_k_atynas_1"
    ["file_id"] => string(6) "383208"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485256446"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Бала тәрбиесі баршаға ортақ"
    ["seo_title"] => string(30) "bala_t_rbiiesi_barshag_a_ortak"
    ["file_id"] => string(6) "436438"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509689754"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған"
    ["seo_title"] => string(66) "psikhologiia_lemine_saiakhat_trening_sabak_8_9_cynyptarga_arnalgan"
    ["file_id"] => string(6) "506826"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555003633"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бала т?рбиесі-орта? міндет "
    ["seo_title"] => string(28) "bala-t-rbiiesi-ortak-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "209766"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431284219"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства