kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған

Нажмите, чтобы узнать подробности

Полтава негізгі  білім беретін мектеп-балабақшасы

«Психология

әлеміне саяхат»

(8-9 cыныптарға)

Өткізген:Ескалиев

 Темирлан Манасович

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, жігерлендіріп, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ. (Топтық жұмыс)

Көрнекілігі: Сауалнамалар, суреттер, музыка, қызықты тапсырмалар.

Барысы: Құрметті оқушылар біз сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеріп, білімге деген қызығушылықтарыңызды арттыру мақсатында «Психология әлеміне саяхат» жасағалы отырмыз. Саяхатымызды бастамас бұрын, ыңғайлы отырып алайық.

    Дайын болсақ саяхатымызды бастайық.

Саяхатқа аттанбас бұрын танысып, сәттілік тілеп аттанайық. «Танысу» тренингі.

Барысы: Аты-жөндеріңізді айтып, есімдеріңнің бірінші әріпінен басталатын тілек тілейсің, соны жүрекшелерге жазып, бір-біріңе сыйлайсыңдар.

Танысып болсақ саяхатқа аттанайық.

Саяхатқа шығу үшін ұшаққа мінеміз. Ұшақпен келесі аялдамаға жеткенше екі тренинг орындап тастайық.

  1. «Сен қандай адамсың» тренингі.

Барысы: Бүгінгі таңдағы адамдардың бес мінез-құлқын жазасыздар.

Қорытынды: Өзге адамды қалай ойласаңдар, сол қасиеттің барлығы сендердің бойларыңыздан табылады.

   2. «Геометриялық фигуралар» И. Панарин тесті.

Шаршы – Лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

Үшбұрыш - Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.

Шеңбер – Бес фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.

Ирек – Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.

Ұшақтан түсіп автобусқа мініп саяхатымызды жалғастырамыз. Келесі аялдамаға жеткенше тағы екі тапсырма орындап тастайық.

  1. Сенімді сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» тренингі.

Мақсаты: Сенімді мінез құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту.

Жүру барысы: Әр қатысушыға әртүрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатынасушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі қажет. Мыс: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.

Агрессиялық әрекетте: Мен біліп едім. Саған сенуге болмайды. Ақшамды қайтарып бер, ақшамды алмай кетпеймін.

Сенімсіз әрекет: Кешір достым, мен сенімен ренжіскім келмейді, мүмкін ақша таба алмай жүрген боларсың, ақшамды көп кешіктірмей берсең болғаны.

Сенімді әрекет: Сен ақшаны маған бүгін беруің керек, маған қажет болып тұр. Бүгін тауып берсең, мен саған шексіз риза боламын.

Тапсырма:

  1. Сені дәлізде өзіңнен кіші оқушы байқамай түйіп кетті, бірақ кешірім сұраған жоқ. Сенің әрекетің?
  2. Сенің досың алған кітабын қайтарып берді, бірақ сен ол кітаптың сыртының жыртылғанын байқадың. Сенің әрекетің?
  3. Сыныптасың сенің ұялы телефоныңды көруге сұрады, байқаусызда қолынан түсіріп алды. Телефон істен шығып, жасамай қалды. Сенің әрекетің?
  1. «Өз көзіңді алдау мүмкін бе?» тренингі.

Автобустан түсіп жаяу саяхатымызды жалғастырамыз. Онда бізтоғайға серуенге (паход) шығамыз. Тоғайға жеткенше бір тапсырма орындап тастайық.

  1. «Қиындықты жеңе білу» тренингі (музыка қосылады).

Барысы: Олимпияда кезінде қиналған, жабырқаған сәттеріңді естеріңе түсіріп көріңдерші. Елестете алсақ көзімізді жұма отырып менің айтқан сөздеріме құлақ салып, айтқан тапсырмаларды орындайық.

  • Олимпияда кезі, сен жабырқаулысың, жаутаң-жаутаң айналаңа қарайсың, саған қарайтын бір адам жоқ.
  • Сен ойлана отырып тапсырмаңды орындауға кірістің.
  • Білмейтін тапсырмаларды көргенде жүрегің қынжылап, екі бетің қызып, бүртүрлі күйге түстің.
  • Өзіңе сыймай тапсырманың қиын жерлерін тапқанша тағатсыздана отырсың.
  •  Уақыт бітті, тапсырманы тапсырып жатырсыздар. Көзімізді ашамыз.

Сол қиналған сәттеріңізді бойларыңыздан шығарайық. Терең дем алып екі секунд деміңді ішіңе ұста, содан кейін сыртқа шығар.

  1. «Жасыл орманға саяхат». Тренингі.

Көздерін жұмады, Музыка қосылады.

  • Барлығымыз жасыл орманға саяхатқа шықтық.
  • Айналаның барлығы жап-жасыл.
  • Таза ауа, айналадағы гүлдердің, шөптердің хош иісі тамаша!.
  • Бәріміз тереңірек жұтып иіскеп көрейікші.
  • Күн жайма шуақ, күннің көзі шақырайып жарқырап, жылылық беріп денені қыздырып барады.
  • Орманның ішінде әр түрлі құстардың, шыбын-шіркейдің ызылдаған дыбысының өзі керемет.
  • Денемізді маса, шыбын-шіркей шақсада біз сезіп жатырған жоқпыз.
  • Күркеше құра бастадық.
  • Жанболат пен Қайрат өзеннен су әкеліп, қыздарға тағам дайындайтын ошақ жасап берді.
  • Аслан мен Самат өзеннен балық аулап, қармаққа түскен балықтарын, қыздарға ашуға, пісіруге беріп жатыр.
  • Қыздар балық сорпасын дайындап, дастархан әзірлей бастады.
  • Барлығың дастырханға отырып ас іше бастадыңдар.
  • Таза ауада ішкен ас өте дәмді, тіл үйіреді.
  • Қарынымыз тойды, ән салып, қызықты оқтғаларды еске түсіріп отырмыз.
  • Асымыз басылған соң футбол ойнауға кірістік
  • Рахаттана тер шығарып ойнадық.
  • Бүгінгі паходтағы өткізген күніміз өте тамаша, қызықты болды.
  • Көзімізді ашамыз.

Енді саяхатымызды велосипедке отырып жалғастырамыз. Келесі аялдамаға жеткенше тағы екі тапсырма орындаймыз.

  1. «Суретті аяқта» тренингі.

Бірінші адам суретті салып бастайды, келесі адам суретті жалғастырады, солай ойын жалғаса береді. Суретті бастаған адамға келгенде тренинг аяқталады.

Талдау: 1. Туынды ұнады ме?

  1. Біреудің салған суретін жалғастыру қиын болды ма?

     3. Туындыны қалай атар едіңдер?

2. «Қызықты тапсырмалар».

1. Ақ қайыңда бес қияр ал еменде екі есе көп. Еменде неше қияр бар? (Еменде қияр өспейді.)

2. Егер жол жол жиегінен ұзын болса, олардың қайсысы қысқа? (Бірдей)

3. Асан Әсемнен үлкен, ал Әсем Үсеннен үлкен. Кімнің жасы ең кіші? (Үсен)

4. Дүкенде кезекте бір адам тұр. Ол адам басынан санағанда да бесінші, соңынан санағанда да бесінші. Кезекте қанша адам тұр? (Тоғыз)

5. Тортты төрт бірдей бөлікке бөлген, содан кейін әр бөлікті екі бірдей бөлікке бөлген. Егер әркімге бір бөліктен берсе, торт неше адамға жетеді? (Сегіз)

6. Күздің алдында қандай жыл мезгілі? (Жаз)

7. Ал қыстан кейін қандай жыл мезгілі болады? (Көктем)

8. Дүйсенбіден екі бұрын аптаның қай күні? (Сенбі)

9. Ал сәрсенбіден бес күннен кейін аптаның қай күні? (Дүйсенбі)

10. Ағашта төрт торғай отырды, оның біреуін атсақ неше торғай қалды? (Ешқандай)

11. Екі әкесі және екі баласы тамақ ішуде. Оларға төрт жұмыртқа берілді. Әркім бір жұмыртқадан жеді және бір жұмыртқа қалды. Бұл қалай болды? (Ата, әке, бала)

12. Бұл айдың соңы «а» әріпімен аяқталады. Жылдың нешінші айы және қандай ай? (Қараша он бірінші айы)

13. Тамақ пісірер алдында қазанға не саласың? (Көз)

14. Көктемнің екінші айында «у» әрпі неше әріптен кейін жазылады? (Сәуір екінші әріп)

15. Қыстың бір күні ағаштың басында қарға мен сауысқан отырады. Аңшы ағаш басындағы сауысқанды атқанда, қарға құлап түседі, Бұл қалай? (Аппақ жердегі қарға құлап түседі)

16. Аяулым Саматтан үлкен, ал Самат Айданадан кіші? Кім кіші? (Самат)

Велосипедпен теңізге де келіп жеттік, енді кемеге мініп ауылымызға қайтайық.

«Теңіз» тренингі.

Барлығымыз назар аударып тақтадағы  суретке қарайық. Қарап алсақ көзімізді жұмып суретте көрген кемені көздеріңізге елесте те отырып, менің айтқан сөздерімді орындап отырайық.

  • Үлкен кеменің есігі ашылды.
  • Бір-бірімізге қолымызды беріп кемеге мінейік.
  • Мініп болсақ жақсылап орналасып алайық.
  • Ашық аспан астында, сылдырлаған судың үстінде теңселіп келеміз.
  • Көк аспан, жарқырап күн сәулесі шығып тұр.
  • Аспанда түрлі құстар шиқылдап ән салуда.
  • Салқын таза ауа, теңіздің иісі мұрныңды жарып бара жатыр.
  • Бәріміз иіскеп көрейікші.
  • Терең дем алып, денемізді еркін ұстаймыз.
  • Айналамызға қарасақ жап-жасыл.
  • Қандай табиғат, қарай бергің келеді, көз тоятын емес.
  • Табиғатты тамашалап отырғанда, жағалауға да жетіп қалыппыз.
  • Осы жерден саяхатымызды аяқтап үйге тарқаймыз.

Көзімізді ашамыз.

Қорытындылау: Алған әсерлерін бөліседі. Бір-біріне көзбен, сөзбен немесе қимылмен тілек тілейді.

Сені дәлізде өзіңнен кіші оқушы байқамай түйіп кетті, бірақ кешірім сұраған жоқ. Сенің әрекетің?

Сенің досың алған кітабын қайтарып берді, бірақ сен ол кітаптың сыртының жыртылғанын байқадың. Сенің әрекетің?

Сыныптасың сенің ұялы телефоныңды көруге сұрады, байқаусызда қолынан түсіріп алды. Телефон істен шығып, жасамай қалды. Сенің әрекетің?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған»

Полтава негізгі білім беретін мектеп-балабақшасы

«Психология

әлеміне саяхат»

(8-9 cыныптарға)

Өткізген:Ескалиев

Темирлан Манасович

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, жігерлендіріп, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ. (Топтық жұмыс)

Көрнекілігі: Сауалнамалар, суреттер, музыка, қызықты тапсырмалар.

Барысы: Құрметті оқушылар біз сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеріп, білімге деген қызығушылықтарыңызды арттыру мақсатында «Психология әлеміне саяхат» жасағалы отырмыз. Саяхатымызды бастамас бұрын, ыңғайлы отырып алайық.

Дайын болсақ саяхатымызды бастайық.

Саяхатқа аттанбас бұрын танысып, сәттілік тілеп аттанайық. «Танысу» тренингі.

Барысы: Аты-жөндеріңізді айтып, есімдеріңнің бірінші әріпінен басталатын тілек тілейсің, соны жүрекшелерге жазып, бір-біріңе сыйлайсыңдар.

Танысып болсақ саяхатқа аттанайық.

Саяхатқа шығу үшін ұшаққа мінеміз. Ұшақпен келесі аялдамаға жеткенше екі тренинг орындап тастайық..

  1. «Сен қандай адамсың» тренингі.

Барысы: Бүгінгі таңдағы адамдардың бес мінез-құлқын жазасыздар.

Қорытынды: Өзге адамды қалай ойласаңдар, сол қасиеттің барлығы сендердің бойларыңыздан табылады.

2. «Геометриялық фигуралар» И. Панарин тесті.

Шаршы – Лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

Үшбұрыш - Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.

Шеңбер – Бес фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.

Ирек – Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.

Ұшақтан түсіп автобусқа мініп саяхатымызды жалғастырамыз. Келесі аялдамаға жеткенше тағы екі тапсырма орындап тастайық.

  1. Сенімді сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» тренингі.

Мақсаты: Сенімді мінез құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту.

Жүру барысы: Әр қатысушыға әртүрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатынасушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі қажет. Мыс: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.

Агрессиялық әрекетте: Мен біліп едім. Саған сенуге болмайды. Ақшамды қайтарып бер, ақшамды алмай кетпеймін.

Сенімсіз әрекет: Кешір достым, мен сенімен ренжіскім келмейді, мүмкін ақша таба алмай жүрген боларсың, ақшамды көп кешіктірмей берсең болғаны.

Сенімді әрекет: Сен ақшаны маған бүгін беруің керек, маған қажет болып тұр. Бүгін тауып берсең, мен саған шексіз риза боламын.

Тапсырма:

  1. Сені дәлізде өзіңнен кіші оқушы байқамай түйіп кетті, бірақ кешірім сұраған жоқ. Сенің әрекетің?

  2. Сенің досың алған кітабын қайтарып берді, бірақ сен ол кітаптың сыртының жыртылғанын байқадың. Сенің әрекетің?

  3. Сыныптасың сенің ұялы телефоныңды көруге сұрады, байқаусызда қолынан түсіріп алды. Телефон істен шығып, жасамай қалды. Сенің әрекетің?

  1. «Өз көзіңді алдау мүмкін бе?» тренингі.

Автобустан түсіп жаяу саяхатымызды жалғастырамыз. Онда бізтоғайға серуенге (паход) шығамыз. Тоғайға жеткенше бір тапсырма орындап тастайық.

  1. «Қиындықты жеңе білу» тренингі (музыка қосылады).

Барысы: Олимпияда кезінде қиналған, жабырқаған сәттеріңді естеріңе түсіріп көріңдерші. Елестете алсақ көзімізді жұма отырып менің айтқан сөздеріме құлақ салып, айтқан тапсырмаларды орындайық.

  • Олимпияда кезі, сен жабырқаулысың, жаутаң-жаутаң айналаңа қарайсың, саған қарайтын бір адам жоқ.

  • Сен ойлана отырып тапсырмаңды орындауға кірістің.

  • Білмейтін тапсырмаларды көргенде жүрегің қынжылап, екі бетің қызып, бүртүрлі күйге түстің.

  • Өзіңе сыймай тапсырманың қиын жерлерін тапқанша тағатсыздана отырсың.

  • Уақыт бітті, тапсырманы тапсырып жатырсыздар. Көзімізді ашамыз.

Сол қиналған сәттеріңізді бойларыңыздан шығарайық. Терең дем алып екі секунд деміңді ішіңе ұста, содан кейін сыртқа шығар.

  1. «Жасыл орманға саяхат». Тренингі.

Көздерін жұмады, Музыка қосылады.

  • Барлығымыз жасыл орманға саяхатқа шықтық...

  • Айналаның барлығы жап-жасыл...

  • Таза ауа, айналадағы гүлдердің, шөптердің хош иісі тамаша!...

  • Бәріміз тереңірек жұтып иіскеп көрейікші...

  • Күн жайма шуақ, күннің көзі шақырайып жарқырап, жылылық беріп денені қыздырып барады...

  • Орманның ішінде әр түрлі құстардың, шыбын-шіркейдің ызылдаған дыбысының өзі керемет...

  • Денемізді маса, шыбын-шіркей шақсада біз сезіп жатырған жоқпыз...

  • Күркеше құра бастадық.

  • Жанболат пен Қайрат өзеннен су әкеліп, қыздарға тағам дайындайтын ошақ жасап берді...

  • Аслан мен Самат өзеннен балық аулап, қармаққа түскен балықтарын, қыздарға ашуға, пісіруге беріп жатыр...

  • Қыздар балық сорпасын дайындап, дастархан әзірлей бастады...

  • Барлығың дастырханға отырып ас іше бастадыңдар...

  • Таза ауада ішкен ас өте дәмді, тіл үйіреді...

  • Қарынымыз тойды, ән салып, қызықты оқтғаларды еске түсіріп отырмыз...

  • Асымыз басылған соң футбол ойнауға кірістік

  • Рахаттана тер шығарып ойнадық...

  • Бүгінгі паходтағы өткізген күніміз өте тамаша, қызықты болды...

  • Көзімізді ашамыз.

Енді саяхатымызды велосипедке отырып жалғастырамыз. Келесі аялдамаға жеткенше тағы екі тапсырма орындаймыз.

  1. «Суретті аяқта» тренингі.

Бірінші адам суретті салып бастайды, келесі адам суретті жалғастырады, солай ойын жалғаса береді. Суретті бастаған адамға келгенде тренинг аяқталады.

Талдау: 1. Туынды ұнады ме?

  1. Біреудің салған суретін жалғастыру қиын болды ма?

3. Туындыны қалай атар едіңдер?

2. «Қызықты тапсырмалар».

1. Ақ қайыңда бес қияр ал еменде екі есе көп. Еменде неше қияр бар? (Еменде қияр өспейді.)

2. Егер жол жол жиегінен ұзын болса, олардың қайсысы қысқа? (Бірдей)

3. Асан Әсемнен үлкен, ал Әсем Үсеннен үлкен. Кімнің жасы ең кіші? (Үсен)

4. Дүкенде кезекте бір адам тұр. Ол адам басынан санағанда да бесінші, соңынан санағанда да бесінші. Кезекте қанша адам тұр? (Тоғыз)

5. Тортты төрт бірдей бөлікке бөлген, содан кейін әр бөлікті екі бірдей бөлікке бөлген. Егер әркімге бір бөліктен берсе, торт неше адамға жетеді? (Сегіз)

6. Күздің алдында қандай жыл мезгілі? (Жаз)

7. Ал қыстан кейін қандай жыл мезгілі болады? (Көктем)

8. Дүйсенбіден екі бұрын аптаның қай күні? (Сенбі)

9. Ал сәрсенбіден бес күннен кейін аптаның қай күні? (Дүйсенбі)

10. Ағашта төрт торғай отырды, оның біреуін атсақ неше торғай қалды? (Ешқандай)

11. Екі әкесі және екі баласы тамақ ішуде. Оларға төрт жұмыртқа берілді. Әркім бір жұмыртқадан жеді және бір жұмыртқа қалды. Бұл қалай болды? (Ата, әке, бала)

12. Бұл айдың соңы «а» әріпімен аяқталады. Жылдың нешінші айы және қандай ай? (Қараша он бірінші айы)

13. Тамақ пісірер алдында қазанға не саласың? (Көз)

14. Көктемнің екінші айында «у» әрпі неше әріптен кейін жазылады? (Сәуір екінші әріп)

15. Қыстың бір күні ағаштың басында қарға мен сауысқан отырады. Аңшы ағаш басындағы сауысқанды атқанда, қарға құлап түседі, Бұл қалай? (Аппақ жердегі қарға құлап түседі)

16. Аяулым Саматтан үлкен, ал Самат Айданадан кіші? Кім кіші? (Самат)

Велосипедпен теңізге де келіп жеттік, енді кемеге мініп ауылымызға қайтайық.

«Теңіз» тренингі.

Барлығымыз назар аударып тақтадағы суретке қарайық. Қарап алсақ көзімізді жұмып суретте көрген кемені көздеріңізге елесте те отырып, менің айтқан сөздерімді орындап отырайық.

  • Үлкен кеменің есігі ашылды...

  • Бір-бірімізге қолымызды беріп кемеге мінейік...

  • Мініп болсақ жақсылап орналасып алайық...

  • Ашық аспан астында, сылдырлаған судың үстінде теңселіп келеміз...

  • Көк аспан, жарқырап күн сәулесі шығып тұр...

  • Аспанда түрлі құстар шиқылдап ән салуда...

  • Салқын таза ауа, теңіздің иісі мұрныңды жарып бара жатыр...

  • Бәріміз иіскеп көрейікші...

  • Терең дем алып, денемізді еркін ұстаймыз...

  • Айналамызға қарасақ жап-жасыл...

  • Қандай табиғат, қарай бергің келеді, көз тоятын емес...

  • Табиғатты тамашалап отырғанда, жағалауға да жетіп қалыппыз...

  • Осы жерден саяхатымызды аяқтап үйге тарқаймыз...

Көзімізді ашамыз.

Қорытындылау: Алған әсерлерін бөліседі. Бір-біріне көзбен, сөзбен немесе қимылмен тілек тілейді.

Сені дәлізде өзіңнен кіші оқушы байқамай түйіп кетті, бірақ кешірім сұраған жоқ. Сенің әрекетің?

Сенің досың алған кітабын қайтарып берді, бірақ сен ол кітаптың сыртының жыртылғанын байқадың. Сенің әрекетің?

Сыныптасың сенің ұялы телефоныңды көруге сұрады, байқаусызда қолынан түсіріп алды. Телефон істен шығып, жасамай қалды. Сенің әрекетің?

Сені дәлізде өзіңнен кіші оқушы байқамай түйіп кетті, бірақ кешірім сұраған жоқ. Сенің әрекетің?

Сенің досың алған кітабын қайтарып берді, бірақ сен ол кітаптың сыртының жыртылғанын байқадың. Сенің әрекетің?

Сыныптасың сенің ұялы телефоныңды көруге сұрады, байқаусызда қолынан түсіріп алды. Телефон істен шығып, жасамай қалды. Сенің әрекетің?

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған

Автор: Ескалиев Темирлан Манасович

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506826

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства