Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Ата –аналармен тренинг сабақ
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу жаттығуы»
2.Топқа бөлу
3. «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» баяндама оқу
4.Пікір алмасу
5.Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы
6. «Ашығын айтсам» анкетасы
7.Қорытынды
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата – аналар 3 түсті жүрекшелерден бір – бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата – аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын
2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер бойынша топ құрып,бөлініп отырады.
3.Баяндама оқу: Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
4. Пікір алмасу
Үш топқа тақырып беріледі
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
5. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. «Ашығын айтсам»
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Тренингтің жүргізілген күні:_________________________________________
Менің тренингтік есімім:____________________________________________
Менің тренинг басында түйгенім:_____________________________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады:_________________________________
Ең жақсы ұнағаны:__________________________________________________
Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді:____________________
Жүргізушіге ұсыныс:________________________________________________
Тренингті қорытындылау:____________________________________________
Қолы:_____________
7.Қорытынды:
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт