Просмотр содержимого документа
«Орман халық байлығы»
Орманы, тауы, сулары, табиғат – біздің анамыз, Қандай әсем нұр таңы, оны аялап бағамыз Алуан түрлі аңдары бар, байлығын игерген, Мезгіл сайын өзеріп, өркендейміз, жанамыз Далаға тұрар оң беріп ,мәпелейміз анадай Қыс та, көктем, жазы да, гүл егеміз аялай Күздері қандай жазира, шуағын төгіп әрқашан Табиғат – Ана, жер – Ана, күліп тұрсын әрқашан.
«Табиғат байлығы – ел қазынасы»
Орман бар жерде сəн бар, салтанат пен серуен бар, тынығуға да қолайлымүмкіндігі мол.
Орманның адамдарды таңқалдыратын ғажайып жұмбаққа толы сұлулығы
өз алдына ұзақ əңгіме. Соңдықтан болар, бүгінде орман демалыс немесе
мереке уақытын көңілді өткізуге ұмтылған сан мыңдаған адамдардың əртүрлі
көліктермен барып, демалатын жері болып отыр.
Орманның айдаладағы қоршаған ортаға да үлкен əсері бар десек, əсем
тауларымыз бен ормандарымыз арнайы тынығу орнына айналған.
Табиғат байлығымызға тоқталсақ - мың бұралған ақ қайыңы мен тал-теректері, дәмі таңдайдан кетпейтін қарақат, бүлдірген, мойыл, доланасы, сыңғырлап аққан мөлдір бұлақтарымен де тамсандырып, ғажайып табиғатының ерекшеліктерімен тәнті етер еді. Биік шыңдарды мекен еткен арқары, елігі, қияда қалықтаған қыраны мен орман-тоғайдың сәні – сайраған құстары, құла дүзде жортқан қасқыр, түлкі, қарсақ пен басқа да жабайы аң-құстары даланың көркіне айналған.
Ежелден бұл табиғи байлықтарымыз сол өңірді мекен еткен елдің құнды қазынасы, көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан ен байлығы екені әмбеге аян. Солай болғанмен, бүгінде елге, жерге көрік беріп тұрған орман-тоғай, аң-құстардың қорғалуы, мемлекеттің қарамағына алынып, табиғатқа қастандық жасаушылармен күресу біздің міндетіміз.
Адамның табиғатқа əсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, соңдай-ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне əкеліп соқты, көп жағдайда орны толмас зардаптар қалдырды. Бүгінгі таңда шұғыл шешуді қажет ететін көкейкесті мəселелердің бірі – қоршаған ортаны аялап-сактау, дұрыс пайдалану болып отыр.
Табиғаттың қазынасы өте көп. Адамдарға да пайдасы жетерліктей. Орманның әр бұтағы, ағашы, шөптесін өсімдігі шипалы болып келеді. Адамның денсаулығына да пайдасы айтарлықтай жоғары. Ғасырлар бойы өсіп – өніп келе жатқан ормандарымыз, жан- жануарларымыз, құстарымыз көркейе берсін.
Бабаларымыз бізге аманаттап кеткен ұлан-ғайыр даламыздың әр тал, әр тасы, бауырында өріп жүрген аң-құстары – болашағымыздың кепілі. Біз үшін қоршаған ортамыздың тазалығы, сұлу табиғатымыздың адамзатқа берері әлі көп. Ендеше, оны көздің қарашығындай сақтап, қорғау – әрқайсымыздың қастерлі борышымыз.