Сабақтың көрнекілігі: Жануарлармен өсімдіктер суреті, оқушылардың дайындаған рефераты, Қазақстан картасы, сызба нұсқалар мен суреттер, үлестірмелі сұрақтар,бейнетаспа.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, экология, ана тілі,қазақ тілі.
Сабықтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Арайланып нұрлы күн,
Салқын самал жел еседі.
Біз өсірген ағаштар
Орман болып өседі.
Оқушыларды жаттығу арқылы топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасы
Ой қозғау
Орман мен тоғайда не тіршілік етеді?
Орман дегеніміз не? Тоғай дегеніміз не?
- Орман дегеніміз - неше түрлі ағаштардан, бұтақтардан, жеміс-жидектерден тұратын, саңырауқұлақтардан, мүктерден т.б тұратын-жасыл мемлекет.
- Ал тоғай дегеніміз- адам жүре алмайтын, ит тұмсығы батпайтын ағаштардан, бұталардан, шөптерден тұратын жасыл ел. Енді онда өсетін өсімдіктер мен жануарларға тоқталайық.
ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау
Суретпен жұмыс
Ауызша баяндап, ойын жеткізе білу.
Венн диаграммасы
Орман
Тоғай
Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеріп бағалау.
IV. Жаңа сабақты меңгерту
- Енді біз орман туралы білімімізді толықтырайық.Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Орманның пайдасы және оны қорғау» орманның шаруашылық және адам өмірі үшін маңызы зор. Ол көмірқышқыл газын сорып, оттегін шығарады.
Орманның пайдасы: дәрі-дәрмектер, үй жиҺазы, музыкалық аспаптар, оқулықтар, құрылыс материалдары, газет –журналдар, үйлер, қоралар, көпірлер, ағаш вагондар, кемелер, қайықтар, табиғи жолмен алынатын маталар.
Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде бір сала жоқ.
Орманның түрлері: Аралас еменді, қайыңды, шыршалы, қарағайлы.Орман жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы,мол байлықтың қаситті қоймасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік.
Орманның маңызы.
Ауаны оттегімен
байытады
Климатты жақсартады
Орман
фитонцид
Егістікті қорғайды
Топырақты қорғайды
Суды қорғайды
Балалар, біздің еліміз алдына қандай мақсат қойып отыр?
50 ел еел
адамдар
ауа
Оларға не қажет?
Өсімдіктер,орман, тоғай
Оларға қамқорлық жасау кімге тиесілі?
Адамдарға,
оқушыларға
Ауа таза болу үшін не
керек?
V. Жаңа материалды түсініп, тексеру
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып түсіндіру
Мәтінмен жұмыс жүргізу
Тізбектетіп оқыту.
Сергіту сәті:Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш, бір, екі, үш
Жоғары қолды созайық
Құс боп ұшып алайық,
Орнымызға қонайық
Дәптермен жұмыс
Балалар, бүгінгі күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазып қояйық.
Экологиялық диктант
Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын-орнына тауып жазу көзделеді.
Сөйлемдер
Қажетті жауаптар
1. Жер бетіндегі ............60 ормандар береді.
2. 1ағаш тәулігіне .........тыныс алуына қажетті оттегін боледі.
3. Жаз айында қайың ағашы 44кг,емен28кг......сіңіреді.
4 .Орман атмосфераны...........байытады.
5.Ормандарды ...........біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас...........отығызады
1. Көмірқышқыл газын
2. жас фитонцидттермен
3. Қорғау, көшеттерді.
4.Оттектің .
5.3 адамның.
Жаңа терминдер ойыны
Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады.
Ф
К
О
Фитонцид дегеніміз не?
Адам тыныс алғанда қандай газды жұтады?
Адам тыныс алғанда қандай газды шығарады?
Балалар ендеше, орман, ағаш туралы кім мақал-мәтелдер біледі?
Ағаш айғайға кұламайды.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
Орманшы отынға жарымас.
Көрікті даламыздың ормандары,
Орман деген-аң, құстың қорғандары.
Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,
Адамдардың дұрыс қой толғанғаны
Ендеше, табиғат байлығымызды үнемі қорғауда болайық!
Есіңе сақта!
Орманға саяхат кезінде табиғатты аялай білген дұрыс.
Жағажайда, бұлақта немесе көл жағасында болсақ, суға ештеңе лақтырма.
Сұлу табиғатта қоқыс қалдырм, өзіңнен кейін жинап кет.
VІ. Сабақты қорыту
«Халық шаруашылығы үшін орманның пайдасы» деген кестені толтыру
Мамандық
Нестейді? Қандай пайда келтіреді?
Ағаш шебері
Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы
Теміржолшы
Дәрігер
Агроном
Эколог
1. Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік?
2. Орманның адам үшін маңызы қандай?
3. Табиғатымызды қорғау кімнің міндеті?
VІI. Үйге тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұндау. Суретін салу және өлең құрастыру.