“Баланы жазалаған дұрыс па?” атты бейнетаныстырылымды ата-ана жиналысында пайдалануға болады.
Жазалау — өтеқиыннәрсе: олтәрбилеушіденүлкенәдептілікпенсақтықтыталапетеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз. Балағадұрыс, бұрыстыүйретіп, жазалаукерек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.
Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде, ең әуелі, мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып, жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі немесе құшақтап, арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Баланы жазалау дұрыс па?"»
“Баланы жазалаған
дұрыс па?”
Жазалау— өтеқиыннәрсе:олтәрбилеушіденүлкенәдептілікпенсақтықтыталапетеді. Сондықтан біз ата - аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып , дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз . Балағадұрыс,бұрыстыүйретіп,жазалаукерек десек , бір жағынан , ол баланы қорлау , кемсіту сияқты көрінеді . Жазалауда бала өз қателігін түсініп , жасаған жаман қылығы үшін ата - анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс . Бірақ , бала қалай жазаланса да , ол не істесе де , сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс .
Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде , ең әуелі , мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн . Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді . Мұндай жағдайда балаларға ұрсып , жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін . Үлкендердің баланың басынан сипауы , маңдайынан сүйіп , иіскеуі немесе құшақтап , арқасынан қағуы , көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді . Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді .
Баланың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен салыстырмаңыз
Баланы қателескені үшін кемсітіп,бетінен алмаңыз
Балаңызды бар қалпында жақсы көретініңізді сездіріңіз
Ешқашан шешім шығаруға, әсіресе жаза қолдануға асықпаңыз
Әрқашанда балаңыздың қылығын сезуге тырысыңыз
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘЙЕГІ НЕ?
ТӘРБИЕБЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘЙЕГІ НЕ- МЕЙІРІМ МЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Бала тәрбиесі-болашақ тәрбиесі
Жүрек жылуына бөлеу
Еркелетіп, әлпештеу
Баланы жалғызсыратпау
. Этнограф Жағда Бабалықұлының айтуынша , дүниеде адамды ұрып-соғу тәрізді жазалардың жүз жиырма түрі бар. Ал баланы жазалау дегеніміз оны міндетті түрде таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан бір нәрсеге рұқсат бермеу, шектеу қою, өкпелеу, сөйлеспей қою да жаза түрлеріне жатады. Негізінде, жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатын да жақтары баршылық.
Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең әуелі балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мәселелерін ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді. Еңбекке баулу балалардың жас шағынан басталатын болғандықтан, оларға берілетін тапсырмалар: қоқысты шығару, дүкеннен нан әкелу тәрізді бірсарынды болмасын. Жасөспірім үйдегі бір жұмыста көмектесуге ниет танытса, қолынан қақпаңыз, тиым салмаңыз. Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс әртүрлі, қызықты болса, оның еңбекке баулуда пайдасы. зор. Әсіресе, әрбір оқушының күн тәртібінің кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді, жақсы тынығуына жәрдемдеседі
ЖАПОНИЯДА:
сәбиге 5-6 жасқа дейін барынша ерік беріледі. Олардың сындырғанына,бүлдіргеніне артық сөз айтып,көңіл аудармайды.Сол сағатта жөнге саламыз деп жүйке жұқартпайды екен.Тек 5-6 жастан асқанда басқа талап қояды.Себебі, ақыл –есі бар бала ол талаптың керектігін, мән-маңызын түсіне алады.
ҚЫТАЙ ДАНАГӨЙЛЕРІНЕН:
“бір жылдық ғұмырың қалса,дәнді дақыл ек, он жылдық ғұмырың қалса ,жеміс ағаштарын отырғыз, ал егер бір ғасырлық өмірің болса,онда оны бала мен жастарды тәрбиелеуге арна”
“Баланың болашақтағы қызмет мансабы 2-3 жасынан қалыптасады”
Яғни,дүние есігін ашқан сәттен бастап сәбиге еркіндікті, мейірім мен махабатты мейлінше көп берген отбасының балалары қызметтік өсу жолында кедергілерге аз кезігеді.Өзіне деген сенімділігі мықты бала кез-келген кедергіге мойымай,алға қарай ұмтыла түседі.Керісінше,қатал тәрбие мен шектеуді отбасында көп көрген баланың өмір жолы ауыр болады,тіпті олар кейін ішімдікке салынып,қаңғыбас болады. Рим психологтары осы жерде әр балаға сенім арту -оның болашағына деген үлкен үлес екенін ескертеді.
Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.
Жақсы отбасында жазалау деген болмайды.Бұл отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
Бала-біздің бақытты болашағымыз,бауыр етіміз.
Халқымыз:”Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің”-,демекші, өмірдегі ең басты құндылығымыз-баланың өмірін дұрыс қалыптастырайық.