kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жазалау дұрыс па,бұрыс па?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жазалау дұрыс па,бұрыс па?"»

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.
Бала тәрбиесі, баланы жазалау, баланы ұру, Бала тәрбиесі фото, баланы жазалау сурет, баланы ұру суреті

Кейде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбіне істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау — өте қиын нәрсе: ол тәрбилеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз.
Балаға дұрыс, бұрысты үйретіп, жазалау керек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.

Мысалы, бала бірдеңені бүлдірген кезде, мойындамай, өзгеге жала жауып алдай бастайды. Алдап жатқанын біліп, оларды ұрып, немесе ұрысу керек пе? Әрине, ол мүлдем дұрыс емес. Мұндай ойдан аулақ болыңыз! Себебі, шындығына келгенде, бала өте қатты ұялып немесе қорқып тұрады. Сондықтан да ештеңе болмағандай, енді мұндай қайталанбауын өтініп, жай сөздермен түсіндіру қажет.

Ал 3 жастан 5 жасқа дейін бала қоршаған ортаны танып, жаман-жақсыны тереңінен ажырататын кезеңі. Бұл уақытта балаға жаман сөздер айтып, ұрып, ішкі дүниесін, психологиясын бұзбау керек. Бұл жас аралығында балаға тек қана жақсы, жылы сөздер айтып, оны ойлап уайымдағаныңызды, оның өсіп, ақылды болғаны, жасаған жаман қылықтарын екінші қайталамауын өтініп, түсіндіріңіз. Сонда бала құлағына сіңген жылы, жақсы сөздерді бірден ұғынып өзгермесе де уақыт өте келе өзін жақсы жаққа өзгертеді.

5 жастан 6 жасқа дейін бала көп нәрсені үйреніп, өзін үлкен адамша көрсеткісі келіп, жұмыстарыңызға араласқысы келеді. Бірақ бұл әрқашан қолынан келмейді. Мұндай кезде баланың ой-өрісін ары қарай дамыту үшін, жасаған істері мен қылықтарына бірден ашуланып немесе күлместен керісінше оның үлкен, ересек болғанын қайталап, жасаған қатесін түзетіп отырыңыз. Сонда бала тек алға талпынады.

Егер жазалайтын болсаңыз...

3 жастан 6 жасқа дейін баланың психологиясы қалыптасады. Оны былай жазалау керек:

1. Қабырғаға немесе бұрышқа қаратып сөйлетпей орындыққа отырғызып қою;

2. Теледидар көрсетпеу;

3. Ойын ойнатпау;

4. Ұйықтар алдында ертегі – әңгіме айтпау, т.б. Өзінің қылықтарын жай сөзбен айтып түсіндіру керек.































«Ақбота» бөбектер бақшасы







Жазалау дұрыс па, бұрыс па?

(Ата-аналарға арналған кеңес)

Педагог-психолог:

Сауатбек Нұрдана Бүркітбайқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жазалау дұрыс па,бұрыс па?"

Автор: Сауатбек Нұрдана Бүркітбайқызы

Дата: 04.12.2019

Номер свидетельства: 530134


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства