kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін - өзі тану пәні.Жанында жүр жақсы адам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пәні.Жанында жүр жақсы адам»

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Оқжетпес орта мектебі Мерзім 07 .04.2017 жыл 24 сабақ

Тақырып Жанында жүр жақсы адам.

Құндылық: жан тыныштығы Қасиеттер: ұстамдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық

Мұғалім: Баяубаева Жансия Ауельбековна Сынып: 6 Оқушылар саны 12



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына адам туралы, оның табиғи мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

  1. Кішіпейілділік, қарапайымдылық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;

  2. Мақтаныш пен мақтаншақтықты ажырата білуді дамыту;

  3. Кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу:

Ресурстар: үнтаспа, дәптер, оқулық, Абай Құнанбаев портреті



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

Тыныштық сәті.№2 Демалу жаттығулары

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (4 мин)

Маңдай тер Б.Досымов

105-106 бет оқу.

  • Хамит атасын не үшін ұнатады?

  • Балабек қарияның сүйікті ісі қандай?

  • Хамит ағашы жеміс беруі үшін қалай еңбектенді?

  • Өз еңбектерінің жемісін көрген кездерің болды ма?

  • «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Сабақ барысын талқылау

Балалармен сәлемдесу. Құрал жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың пікірін тыңдау

Дәйексөз (3 мин)

«Мақтаншақ кісі - менмен кісі»

(Дәйексөзді 6 балаға айтқызу, содан қалған алты балаға айтқызу, ал содан кейін балаларға топпен айтқызу)

  • Мақтаншақ адам қандай болады деп ойлайсындар?

  • «Мақтаншақтық» жақсы қасиетке жата ма?


Ж. Аймауытов туралы мәлімет беру;

Дәйексөздің мағынасын ашу;


Әнгімелесу (15 мин)

« Алтын мүйіз» ертегісі. Авторы: И. Хасенұлы.

Ертеде бір кедей болыпты. Оның жалғыз сиыры бар екен. Бір күні сиыры бұзаулайды. Оның бұзауы ерекше, кіп – кішкентай алтын мүйізді болып туады.Оны Алтынмүйіз деп атайды.

Кедей сорлының қуаныштан есі шығады. Оған жаңа қора салады. Сүтке тойғызып, көк шөп береді.

Ауыл арасында: «Бұл тегін емес, қасиетті бұзау» деген сөз тарай бастайды. Кейбіреулер киелі жануар ретінде бұзауды пір тұта бастайды.

Бір күні Алтынмүйіз енесімен еріп су ішуге көлге барады. Содан алғаш рет өзінің көлдегі бейнесін көреді. Мүйізі жарқырап, түгі жалт – жұлт етіп тұр. Маңында кілең бір ап – арық, сұрықсыз сиыр.

Содан Алтынмүйіз: «Сиырлар менің теңім емес. Бұлар менің сұлулығымды бұзады. Одан да жылқыларға барайын. Олар әлдеқайда сұлу ғой» деп ойлайды.

Сөйтіп ол өз табынын тастап, жылқыға келеді. Жылжып жаз өтеді. Қыс түспес бұрын Алтынмүйізді иесі қыстауға айдап келеді. Алайда мақтаншақ ол жылқыға қайта қашып кетеді.

Қақаған қыс түседі. Қатып қалған қардың астынан шөп тауып жей алмай Алтын мүйіз әбден қиналады. Байғұс торпақ қурайдың басы мен ебелекті қорек етеді. Ашығады, әбден арықтайды. Жылқы өмір бойы жату дегеннің не екенің білмейді. Ал сиырға жату күйіс қайыру екен. Аш Алтын мүйіз қар үстінде жатып, жылы қорасын аңсайды. Таң атысымен өз табынына қайтуды ойлайды.

Алайда сол түні жылқыға қасқыр шабады. Жылқы топталып қасқырлардан қашып кетеді. Жалғыз Алтынмүйіз артта қалады. Оған қараңғыда шоқтай жанған көп от көріне бастайды. Ол аш қасқырлардың көзі еді. Алтынмүйіз қасқырларға мүйізін төсеп өзі артымен бір биік жартасқа қарай шегіне бастайды. Қасқыр жан-жақтан қамағанда ол жартастың ұшар басында тұрған болатын. Ол өмірінде бірінші рет «м-ө-ө» деп ышқына мөңіреп төмен ұшады.

Оның мөңірегенін жылқышылар естіп, қасқырдан айырып алады. Алтын мүйіздің орнында қан қатқан екі нүкте ғана болған болатын.

Алтынмүйіз ақыры өз қорасына оралады. Ол енесін көргенде мұңын шаға мөңірейді. Енесі торпағының жанына келіп, маңдайынан жалап сүйеді.

Міне осылайша мақтаншақ бұзау өз түбіне өзі жете жаздайды. Оның алтын мүйізі жұрттың есінен мүлде шығып та кетеді. Ал торпақ өсіп, өз иесіне адал қызмет етеді.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Бұзау неліктен жылқылардың үйіріне кетіп қалды?

  • Алтынмүйіз қандай қиыншылықтарға тап болды?

  • Құтқарылған бұзауды енесі қалай қарсы алады?

  • Мақтаншақ бұзау өз қатесін қалай түсінеді?

  • Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?


Мәтінді мұғалім баяндайды;

Оқушыларға тізбектей оқыту;

Рөлге бөліп оқыту:

Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру;





























Сұрақтарға жауап беру;

Шығармашылық жұмыс (8 мин)

Оқушылардың мақтану мен мақтаншақтықты ажырата білу дағдыларын байқау мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Алдында дайындаған мәтінді 3 топқа бөліп береді. Әр топ өздеріне тиісті мәтіндегі оқиғаны сахналап оның мақтануға не мақтаншақтыққа жататынын дәлелдеуі тиіс

1-топ тапсырмасының мәтіні:

«Үстелде қалың көк қағазбен қапталып, тысына әдемілеп жазылған сынып журналын көрген мұғалім: «Енді журнал тозбайтын, кірлемейтін болды. Мұны жасаған адамға көп – көп рахмет!»- дегені сол еді. Орнынан ұшып тұрған Алмас: «Оны қаптаған мен»,- деп мақтанды. Шын мәнісінде журналды қаптау керектігі ескертілген соң, қалың қағазды Нұртас деген бала тауып әкеліп, жазын Әкім жазған еді. Ал Алмастың қаптағаны рас. Үш баланың тындырған ісін Алмас бір өзі иемденіп тұр.

Мұғалім қалған оқушылардың қатысы барын білетін. Ал олар: «Біз де көмектестік» деп қабаттасқан жоқ.

Мұғалім: «Менің естуімше, Нұртас, Әкім үшеуің жаңалаған сиякты едіңдер. Әлде мен жаңалыс естідім бе?» - деп оқушыларға барлай қарады.

Өз қылығына ұялған Алмас «Иә, біз нұртас Әкім үшеуіміз жасағанбыз», - деп кешірім өтінгендей мойындай сөйледі.


2-топ тапсырмасының мәтіні

«Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды. Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», - деп айғай салды. Сыныптастары Жадыраның жетістігіне қуанды.

3- топ тапсырмасының мәтіні

«Шаңғы тебумен айналысқанына 3 күн болған Айдос достарына: «Мен ертең биік таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйреніп жүрсем де, жаттықтырушым маған рұқсат етті», - деді. Балалар оған таңырқап, күмәнмен қарады»...

Әр топ сахналап көрсетіп, ол туралы өз пікірлерін айтады.


Сыныпты топқа бөлу; (Ол үшін ұстамдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық

сөздерін буынға бөлу арқылы үш топ құру;

Әр топтағы балалар сахналау арқылы өздерінің ситуациялық жағдайларын қорғайды;

Үй тапсырмасы (3 мин)

  1. Дәптерге № 24 сабаққа берілген тапсырманы орындау.

  2. Алтынмүйіздің суретін салып келу

Оқулық

Жұмыс дәптері

Топпен ән айту (6 мин)

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІ


Сөзі мен әні Х. Кәкімжанованікі


Біздің балғын балалар,

Ән салады, қараңдар.

Тәртіпті, үлгілі,

Ұқыпты ол әр күні.


Қайырмасы:

Аһа-һа, Аһа-һа,

Ән саламыз шырқата.

Аһа-һа, Аһа-һа,

Би билейміз шаттана.


Қол қусырып көңілсіз,

Әсте жалғыз тұрмаймыз.

Бақытты, шаттықты

Әнге қосып жырлаймыз.

Анам тамақ пісірсе,

Біз де үлкен кісіше,

Көмекке барамыз,

Еңбек сүйгіш баламыз.


Қайырмасы.


Отан-біздің күніміз,

Біз Отанның гүліміз.

Бағында бақыттың

Шырқа әнін шаттықтың.



Әнді музыка әуеніне байланысты айту;

Соңғы тыныштық сәті (3 мин)

(Баяу музыуа ойнап тұрады)

Мұғалім: - Балалар бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет!

Бүгінгі сабақты қорытындылау;


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өзін - өзі тану пәні.Жанында жүр жақсы адам

Автор: Баяубаева Жансия Ауельбековна

Дата: 18.10.2017

Номер свидетельства: 433026

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""?зін - ?зі тану?а апаратын жол""
    ["seo_title"] => string(30) "ozin-ozi-tanug-a-aparatyn-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "295904"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455887625"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(37) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "357890"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478884588"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "?зін-?зі тану п?нінен "Шатты??а толы ж?рекпен" та?ырыбына саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(78) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-shattyk-k-a-toly-zhuriekpien-tak-yrybyna-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "245365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446121666"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты " ?дептілік – т?рбие бастауы""
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-dieptilik-t-rbiie-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "290866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455030061"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(62) "mieiirimgie_toly_zhuriek_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "395157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487922835"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства