kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп:  Мәриям Хакімжанова атындағы  Щербаков орта мектебі     

Мерзiмі: 12.09.2016

Мұғалiм: Кәріпбекова Жанагүл Бақытбекқызы

Сынып   7

Оқушылар саны  10

Тақырып:  Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер:  кешірімді болу, шынайылық, жанашырлық.

Сабақ мақсаты:

Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлау, құрметтеу, қадірлеу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-  оқушыларға адам өмірінде  үнемі кешірімді болу керектігі туралы мағлұмат беру.

-  оқушылардың бойындағы  шынайылық қасиетін дамыту.

-  бүкіл адамзатқа кешірімді болу, шынайылық,жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру    кезеңi.

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау.

5 Т – ережесі «Тәртіп, талап , тыныштық, тазалық, татулық».

 20 ұпай сыйлау

  1. Тыныштық сәтi.               Нұрға бөлену                 Әуен 

 

Рахмет.  Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

65- бет.  Р.Ақдемірдің   «Ана махаббаты» атты мәтінді оқу.

Сұрақтар:

- Әңгіме не туралы айтылған?

- Осы мәтінде балаларының ісінен біз нені көріп тұрмыз?

- Сендер аналарыңа осындай қамқорлық,сүйіспеншілік танытасыңдар ма?

Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.                                     

                   Міржақып Дулатов

 

Дәйексөзді мұғалім бір рет,ұлдар бір рет, қыздар бір рет оқып, сосын барлығы бірге айту.  Оқушыларға дәйексөзді  дәптерге көшіріп жазғызу.

  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

                «Мұғалім сыйы»

     Бала және алма ағашы жайлы аңыз

Бір замандарда әдемі алма құлпырып өсіп тұрыпты. Оның жанында кішкентай бүлдіршін бала өмір сүріпті. Бала күн сайын алма ағашының жанында секіріп, аунап-қунап ойнайды екен. Біресе бұтақтарына өрмелейді, біресе алма үзіп жейді немесе көлеңкесінде демалып ұйықтайды. Ол алма ағашын жақсы көреді екен, алма да баламен ойнағанды ұнатыпты. Арада біраз жылдар өтеді, бала өсіп, ағаштың жанында сирек ойнай бастайды. Сондай бір жайлы күндердің бірінде бала ағаштың түбіне келді, бірақ қабағы жабырқаулы. «Қане, ойнайық» деп алма көңілін аулағысы келіп еді:

 «Мен ағашпен ойнайтындай кішкентай бала емеспін» деді ол. – Мен ойыншықпен ойнағым келеді. Бірақ сатып алуға ақшам жоқ»

«Ренжіме, менде ақша жоқ. Бірақ менің алмаларымды жинап, сатып, ақша қылсаң болады».

Бұл ұсыныс балаға ұнады. Ол бүкіл жемісті жинап, қуанғанынан асығып кетіп қалды. Сол кеткеннен мол кетті, оралмады. Ағаш өте көңілсіз күйде қалды. Алайда бір күні бала қайта оралды. Ағаш оны зорға таныды, бала жігіт боп есейіпті. Алма қандай қуанды десеңші.

«Келгенің қандай жақсы болды! – деп есі кете қуанды – Қане, онда ойнайық».

«Менің ойын ойнауға уақытым жоқ. Отбасымды асырау үшін көп ақша табуым керек. Үй тұрғызуым керек боп тұр. Сен маған көмектесе алмайсың ба?»

«Ренжімеші, бірақ менде үй жоқ. Бірақ менің үлкен бұтақтарымды шауып, үй салсаң болады».

Жігіт бұл мүмкіндікке қуанып, ештеңе ойламастан, алманың ірі бұтақтарын кесіп алды да кетіп қалды. Алма жігіттің қуанғанын көріп өзін бақытты сезінді. Бірақ ол сол кеткеннен ұзақ уақыт оралмады. Алма оны сағынып, көңілі қатты жабырқады, бірақ қайғысын бөлісетін жанында ешкім жоқ еді.

Тағы да жаздың бір ғажап кешінде ол қайта келді. Алма қуаныштан тербеліп кетті.

«Қане, келші, ойнайық!» - деді.

«Жоқ, мен енді қартайдым. Ойнай да алмаймын. Мен бір қайық жасап, айдалаға жүзіп, мына өмірдің проблемаларынан аулаққа кеткім келеді. Сен қандай да бір көмек бере алмайсың ба?» - деп сұрады адам.

«Менің діңімнен өзіңе қайық жасап ал. Сен онымен алыстарға саяхат жасай аласың және қайтадан өзіңді бақытты сезінесің».

Содан еркек бір кездері жайқалып өскен алманың діңінен қайық жасап, теңізге жүзіп кетті де ұзақ уақытқа жоқ болды.

Ақыр соңында көп жылдардан соң, адам қайта оралды.

Жақындап келе жатқан ескі досын көріп, алма ағашы: «Ренжіме, балам. Менде саған керек болар ештеңе қалған жоқ. Сүйсініп жейтін бұрынғы алмалар да жоқ» деді.

«Қазір алмаға қарайтын тәбетім жоқ. Оны жейтін тістерім де қалмады».

«Сен бұрын өрмелеп шығатын бұтақтарым да жоқ».

«Бұдан кейін де шыға алмаспын, кәрілік жеңіп барады».

«Менің суалып бара жатқан тамырларымнан басқа ештеңе қалмады» - деді алма ағашы жыламсырап.

«Маған ештеңе де керек емес. Бір демалатын тыныш жер болса, шіркін. Осынша ұзақ жылдардан кейін қатты шаршадым» - деді бір кездері бүлдіршін бала аппақ қудай сиреген шаштарын сипап.

«Онда менің тамырларыма отырып, жатып, демалып ал. Шаршағаныңды бас».

Шал тамырға сүйеніп отырып демалды, ал алма ағашы күлімсіреп, көз жасына ие бола алмай, тарам-тарам боп тамырларынан ақты.

Сұрақтар:

1.Әңгіме не туралы айтылған?

2.Неліктен шал алма ағашына қайта оралып келді?

3. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайларды естіген кездерің болды ма?

  1. Шығармашылық  іс-әрекет,топтық жұмыс.

1-тапсырма.  «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналап көрсету.

2-тапсырма. Оқушылар 2-топқа бөлінеді.

1-топ «Ана» тақырыбына арналған өлеңді толықтыру керек.

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

………………… таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ……………,

……………. бір-бірінен көмекті.

 

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті.

 

2-топ 

Ауырмашы мәңгі соқсын ……….,

…………. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп …………….,

Қалайша сен барда мен қартаямын?

 

Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?

 

3-тапсырма.Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып

«Ана - өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.

Тірек сөздер:

Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кеңпейіл, қамқор, күн шуағы, нұр шашады.

  1. Топпен ән айту.

АНАШЫМ

                                   Сөзі   Қ. Жұмағалиевтікі

                                    Әні    М. Омаровтікі

Шет жүрсем - сағынарым,

Жабықсам - шағынарым

Анашым, бір өзіңсің

Табынарым

 

Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды

 

Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмың

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын

Қайырмасы:

Қорғаным - өзің деймін

Жан дауа - сөзің деймін

Анашым, сені ойласам

Көз ілмеймін.

Қайырмасы.

  1. Үй тапсырмасы.

92 бет, 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс.  С. Байжановтың  «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.

Дәптермен жұмыс.  «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?»  ойтолғау жазып келу.

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.  (баяу әуен қосылады)
  • Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі

Мерзiмі: 12.09.2016

Мұғалiм: Кәріпбекова Жанагүл Бақытбекқызы

Сынып 7

Оқушылар саны 10

Тақырып: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, жанашырлық.


Сабақ мақсаты:

Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлау, құрметтеу, қадірлеу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

- оқушыларға адам өмірінде үнемі кешірімді болу керектігі туралы мағлұмат беру.

- оқушылардың бойындағы шынайылық қасиетін дамыту.

- бүкіл адамзатқа кешірімді болу, шынайылық,жанашырлық танытуға тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау.

5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық».

20 ұпай сыйлау


  1. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену  Әуен 



Рахмет.  Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

65- бет.  Р.Ақдемірдің   «Ана махаббаты» атты мәтінді оқу.

Сұрақтар:

- Әңгіме не туралы айтылған?

- Осы мәтінде балаларының ісінен біз нені көріп тұрмыз?

- Сендер аналарыңа осындай қамқорлық,сүйіспеншілік танытасыңдар ма?

Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.                                     

                   Міржақып Дулатов



Дәйексөзді мұғалім бір рет,ұлдар бір рет, қыздар бір рет оқып, сосын барлығы бірге айту. Оқушыларға дәйексөзді дәптерге көшіріп жазғызу.


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

«Мұғалім сыйы»

Бала және алма ағашы жайлы аңыз

Бір замандарда әдемі алма құлпырып өсіп тұрыпты. Оның жанында кішкентай бүлдіршін бала өмір сүріпті. Бала күн сайын алма ағашының жанында секіріп, аунап-қунап ойнайды екен. Біресе бұтақтарына өрмелейді, біресе алма үзіп жейді немесе көлеңкесінде демалып ұйықтайды. Ол алма ағашын жақсы көреді екен, алма да баламен ойнағанды ұнатыпты. Арада біраз жылдар өтеді, бала өсіп, ағаштың жанында сирек ойнай бастайды. Сондай бір жайлы күндердің бірінде бала ағаштың түбіне келді, бірақ қабағы жабырқаулы. «Қане, ойнайық» деп алма көңілін аулағысы келіп еді:

«Мен ағашпен ойнайтындай кішкентай бала емеспін» деді ол. – Мен ойыншықпен ойнағым келеді. Бірақ сатып алуға ақшам жоқ»

«Ренжіме, менде ақша жоқ. Бірақ менің алмаларымды жинап, сатып, ақша қылсаң болады».

Бұл ұсыныс балаға ұнады. Ол бүкіл жемісті жинап, қуанғанынан асығып кетіп қалды. Сол кеткеннен мол кетті, оралмады. Ағаш өте көңілсіз күйде қалды. Алайда бір күні бала қайта оралды. Ағаш оны зорға таныды, бала жігіт боп есейіпті. Алма қандай қуанды десеңші.

«Келгенің қандай жақсы болды! – деп есі кете қуанды – Қане, онда ойнайық».

«Менің ойын ойнауға уақытым жоқ. Отбасымды асырау үшін көп ақша табуым керек. Үй тұрғызуым керек боп тұр. Сен маған көмектесе алмайсың ба?»

«Ренжімеші, бірақ менде үй жоқ. Бірақ менің үлкен бұтақтарымды шауып, үй салсаң болады».

Жігіт бұл мүмкіндікке қуанып, ештеңе ойламастан, алманың ірі бұтақтарын кесіп алды да кетіп қалды. Алма жігіттің қуанғанын көріп өзін бақытты сезінді. Бірақ ол сол кеткеннен ұзақ уақыт оралмады. Алма оны сағынып, көңілі қатты жабырқады, бірақ қайғысын бөлісетін жанында ешкім жоқ еді.

Тағы да жаздың бір ғажап кешінде ол қайта келді. Алма қуаныштан тербеліп кетті.

«Қане, келші, ойнайық!» - деді.

«Жоқ, мен енді қартайдым. Ойнай да алмаймын. Мен бір қайық жасап, айдалаға жүзіп, мына өмірдің проблемаларынан аулаққа кеткім келеді. Сен қандай да бір көмек бере алмайсың ба?» - деп сұрады адам.

«Менің діңімнен өзіңе қайық жасап ал. Сен онымен алыстарға саяхат жасай аласың және қайтадан өзіңді бақытты сезінесің».

Содан еркек бір кездері жайқалып өскен алманың діңінен қайық жасап, теңізге жүзіп кетті де ұзақ уақытқа жоқ болды.

Ақыр соңында көп жылдардан соң, адам қайта оралды.

Жақындап келе жатқан ескі досын көріп, алма ағашы: «Ренжіме, балам. Менде саған керек болар ештеңе қалған жоқ. Сүйсініп жейтін бұрынғы алмалар да жоқ» деді.

«Қазір алмаға қарайтын тәбетім жоқ. Оны жейтін тістерім де қалмады».

«Сен бұрын өрмелеп шығатын бұтақтарым да жоқ».

«Бұдан кейін де шыға алмаспын, кәрілік жеңіп барады».

«Менің суалып бара жатқан тамырларымнан басқа ештеңе қалмады» - деді алма ағашы жыламсырап.

«Маған ештеңе де керек емес. Бір демалатын тыныш жер болса, шіркін. Осынша ұзақ жылдардан кейін қатты шаршадым» - деді бір кездері бүлдіршін бала аппақ қудай сиреген шаштарын сипап.

«Онда менің тамырларыма отырып, жатып, демалып ал. Шаршағаныңды бас».

Шал тамырға сүйеніп отырып демалды, ал алма ағашы күлімсіреп, көз жасына ие бола алмай, тарам-тарам боп тамырларынан ақты.



Сұрақтар:

1.Әңгіме не туралы айтылған?

2.Неліктен шал алма ағашына қайта оралып келді?

3. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайларды естіген кездерің болды ма?


  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

1-тапсырма.  «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналап көрсету.

2-тапсырма. Оқушылар 2-топқа бөлінеді.

1-топ «Ана» тақырыбына арналған өлеңді толықтыру керек.

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

………………… таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ……………,

…………….. бір-бірінен көмекті.



Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті.



2-топ 

Ауырмашы мәңгі соқсын ………..,

………….. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп …………….,

Қалайша сен барда мен қартаямын?



Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?


3-тапсырма.Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып

«Ана - өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.

Тірек сөздер:

Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кеңпейіл, қамқор, күн шуағы, нұр шашады.


  1. Топпен ән айту.

АНАШЫМ

Сөзі Қ. Жұмағалиевтікі

Әні М. Омаровтікі

Шет жүрсем - сағынарым,

Жабықсам - шағынарым

Анашым, бір өзіңсің

Табынарым


Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды


Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмың

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын

Қайырмасы:

Қорғаным - өзің деймін

Жан дауа - сөзің деймін

Анашым, сені ойласам

Көз ілмеймін...

Қайырмасы.


  1. Үй тапсырмасы.

92 бет, 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс.  С. Байжановтың  «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.

Дәптермен жұмыс.  «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?»  ойтолғау жазып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (баяу әуен қосылады)

  • Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау.



2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Автор: Кәріпбекова Жанагүл Бақытбекқызы

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357890

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_1"
    ["file_id"] => string(6) "395287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487947619"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) ""Әдептен озбайық!" тақырыбындағы өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары (9-сынып)"
    ["seo_title"] => string(73) "depten_ozbaiyk_takyrybyndagy_ozin_ozi_tanu_p_ninen_sabak_zhospary_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "486060"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542389891"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "1-11 сыныптар?а арнал?ан зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(51) "111synyptargaarnalganzinozitanupniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "332288"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464885029"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Менің достарым"
    ["seo_title"] => string(63) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_tak_yryby_mienin_dostarym"
    ["file_id"] => string(6) "388830"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486447764"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Шаттыққа толы жүрекпен" өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(66) "shattyk_k_a_toly_zhuriekpien_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "440567"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511536338"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства