kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен "Шатты??а толы ж?рекпен" та?ырыбына саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-саба?

ШАТТЫ??А ТОЛЫ Ж?РЕКПЕН

?мірді тану – ?зі?ді танудан басталады.

Халы? даналы?ы

Ма?саты: Балаларды? ?зін-?зі тануына, адамгершілік ??ндылы?тарын ?йренуіне ы?пал ету.

Міндеттері:

- ?зін-?зі тану п?ні туралы т?сінік беру;

- ?зіне деген сенімділігін арттыру;

- ?зін ж?не бірін-бірі сыйлау?а т?рбиелеу.

К?рнекі ??ралдар: ?нтаспа, «?зін-?зі тану еліні?» суреті, сюжетті суреттер, домбыра, «алтын са?а» (асы?), санды?ты? с?лбасы.

Шатты? ше?бері

М??алім балалармен с?лемдесіп, оларды шатты? ше?берін ??ру ар?ылы  «?зін-?зі тану»  п?німен танысу?а ша?ырады.

– ?ош келді?дер, балалар! Мен сендерді к?ргеніме ?уаныштымын. «Шатты? ше?бері» аясында бір-бірімізбен танысайы?.

Танысу ойын т?рінде ?йымдастырылуы м?мкін.

Ал?аш?ы айналымда са?ат тіліні? ?оз?алысы бойынша м??алімні? ?зінен бастап ?р о?ушы кезегімен ?зін к?рсетіп т?рып, ?з есімін «Мен Болатпын, Мен Аружанмын» деп атап шы?ады. Екінші айналымда ?р бала бірінші ?зіні? есімін ?айта атап, содан кейін о? жа?ында?ы ж?не сол жа?ында?ы к?ршілеріні? аттарын атап, «?сел, Мирас, мен сендермен таныс?аныма ?уаныштымын» деп айтып шы?ады. Осылайша танысу ая?талады.

М??алім шатты? ше?беріні? м?нін т?сіндіру ?шін балалар?а т?мендегі ?ле? жолдарын бірге ?айталап, ?имылмен к?рсетуді ?сынады ж?не ол бойынша ой т?йіндейді:

?уанамын мен де,    (?зін к?рсетеді.)

?уанасы? сен де,     (Жанында?ы досын к?рсетеді.)

  ?уанайы?, достарым,   (Бір-біріні? ?олдарынан ?стайды.)

Арайлап ат?ан к?нге!   (?олдарын жо?ары к?тереді.)

– Балалар, «Шатты? ше?берінде» бір-бірімізге ?зімізді? жылы, жа?сы с?здерімізді шын к??ілмен, мейіріммен жеткізейік. ?имылдарды к?тері?кі к??іл к?ймен, ?з еркімізбен жасайы?.

??гімелесу

М??алім балаларды «?зін-?зі тану» п?німен таныстыру ма?сатында «?зін-?зі тану» п?ні та?ырыбында ??гімелесуге ша?ырады. Балалар?а «?зін-?зі тану» дегенді ?алай т?сінесі?дер? деген с?ра? ?ойылып, оларды? жауаптары ты?дал?ан со? м??алім ?орытынды жасауына болады:

– «?зі» деген – Мен, я?ни ол – Бекзат, Аяулым. «Тану» дегеніміз адам туралы, оны ?орша?ан айнала мен адамдар, ??былыстар туралы а?параттарды білу. «?зін-?зі тану» – ?зі?ді, ?згені, айнала?ды адамгершілік ??ндылы?тар ар?ылы тану. Ал «Адамгершілік ??ндылы?тар» дегеніміз не екенін «?зін-?зі тану» п?нін о?у барысында білетін боласы?дар. Б?л п?н бізге жа?сылы? жасауды, к?мектесуді, кешірімді, мейірімді болуды, достасуды ?йретеді. ?зі?ді, ?лкендерді, жасы кішілерді, жа?ын, туыс, бас?а да адамдарды с?юді, сыйлауды, ??рметтеуді т?сіндіреді. Досты?, Махаббат, Шынды?, Денсаулы? туралы т?сінік береді. Жа?сы мен жаманды айыра білуге жетелейді. Е? бастысы, ?зі?ді-?зі? т?рбиелеуге к?мектеседі.

Тапсырма

О?ушылар?а о?улы?та берілген суретке ?арай отырып, «С?лем са?ан, мектебім» та?ырыбына ??гіме ??растыру тапсырылады. М??алім алдымен балаларды? назарын суретке аударып, онда нелерді к?ріп, т?р?анын с?райды. М??алім балаларды? мектеп туралы білетіндерін білу ма?сатында олар?а с?ра?тар ?ойып, ??гімеге тартады. ??гімелесу барысында м??алім балалар?а мектепке келуді, о?уды ?натты ма, олар мектепке келуге ?алай даярланды, мектептен ?андай жа?сылы?тар, ?ызы?тар к?тті, оларды мектепе кімдер ертіп ?келді деген т?різді с?ра?тар ?ояды. Осылайша балалар м??алімні? к?мегімен дайынды? жасап, ?з ойларынан атал?ан та?ырыпта ??гіме ??растырады. ?рине, балалардан к?лемді ??гіме ??растырып беруді талап ете алмаймыз, олар ?з жас шамаларына ?арай ??гімесін ?з ойымен еркін айтып жеткізулері  жеткілікті болады.

Назар аудары?дар

М??алім балалар?а ?зін-?зі тану саба?тарында ?здерімен бірге болатын Данышпан ата, Алпамыс, А? бота, Махаббат атты  к?мекшілерімен таныстырады. Оларды? ?здеріне арна?ан т?рлі с?ра?тары, тапсырмалары, ж?мба?тары, тіпті сыйлы?тары болатынын айтады.

?зіммен-?зім

Балалар?а к?мекшілерді жа?ыныра? таныстыру ?шін «?зіммен ?зім» т?сілі ?йымдастырылуы м?мкін. ?нтаспада баяу музыка ?ойылады. М??алімні? айт?ан с?здерін балалар к?з алдарына елестетеді ж?не ??гіме барысын сезінуге тырысады.

– Балалар, барлы?ымыз ы??айланып отырайы?. К?здері?ді ж?мса?дар да болады. ?здері?ді «?зін-?зі тану» елінде ж?рміз деп елестеті?дер. Б?л Елді ?лкендерді ??рметтеп, кішілерге ?ам?ор бола білетін, Отанын с?йетін, ж?ректері мейірім мен с?йіспеншілікке толы, денсаулы?ы мы?ты, ерж?рек адамдар мекен етеді. Соларды? ішіндегі е? данасы, е? жомарты, е? а?ылг?йі – Данышпан ата. Оны сол Елді? т?р?ындарыны? б?рі сыйлайды. ?инал?ан с?ттерінде а?ыл-ке?ес с?райды. Данышпан ата айналасында?ылардан к?мегін ая?ан емес. Ол ?зін, ?зіні? айналасын танып, білгісі келетін адамдарды? барлы?ына сыйлы? береді екен. Ендеше, сендерді? «?зін-?зі тану» елімен танысу?а деген ??штарлы?тары?ды бай?ап, сендерге де арнайы сыйлы? беріп жіберіпті. К?з алдары?а Данышпан ата сендерге сыйлы? ?келе жатыр деп елестеті?дер. Ол сыйлы?ты? сендер ?шін е? ?ымбат, ?мытылмас сыйлы? екенін сезіні?дер.

Енді б?рын?ы ?алыптары?а т?сіп, к?здері?ді ашып ?ара?дар. Данышпан атаны? сыйлы?ы – «?зін-?зі тану» д?птері. Осы д?птерге сендер ?здері? ?нататын суреттерді саласы?дар, ?ызы?ты тапсырмаларды орындайсы?дар.

М??алім «?зін-?зі тану» д?птерін балалар?а ?лестіріп, д?птердегі ?ле? жолдарын о?ып береді:

Д?птерді? беттері а?,

Сендерді? к??ілдері? п?к!

Сыйлы?ым б?рі?е б?гінгі

?келсін ?уаныш, ба?!

– Балалар, енді сол д?птерді? ал?аш?ы бетін ашайы?. Осы беттегі суреттерге назар аударайы?. Суретте берілген а?ылды, ?демі ?л мен ?ыз – Алпамыс пен Махаббат, т?йені? ботасы – с?йкімді А? бота. Олар – сендерді? к?мекшілері?.

Жа?а а?парат

О?улы?та?ы жа?а а?парат «?зін-?зі тану еліне саяхат» атты та?ырыпта ?сыныл?ан суреттер берілген.

Та?та?а «?зін-?зі тану еліне саяхатты?» ?лкейтілген суретін іліп ?ою?а болады.

Балалар, б?гінгі саба?та «?зін-?зі тану еліне» саяхат жасаймыз. Ол елде орман-тау, ?зен-к?л, патшалы?тар, елді мекендер мен сарайлар бар. «?зін-?зі тану елі» «Тіл табысу», «Білім», «Таби?ат пен денсаулы?», «Адамгершілік» атты ?лкелерден т?рады.

М??алім суреттен к?рсете отырып, балаларды осы ?лкелермен таныстырады.

– Балалар, б?л «Тіл табысу» ?лкесі. Б?л ?лкеде сыпайы, бір-біріне ?ам?ор, мейірімді адамдар ?мір с?реді. Біз де ?з бойымызда?ы жа?сы ?асиеттерді к?рсете білейік. Ол ?шін адамдармен ?арым-?атынас жасауда айтылатын жа?сы с?здерді айтайы?.

О?ушылар ?арым-?атынаста ?олданылатын жа?сы с?здерді айтады: с?леметсіз бе, ?ош келді?із, сізге ?уаныштымыз. т.с.с.

– Балалар, адам ?зін тану ?шін, елін таныта алу ?шін бойында білім, адамгершілік, таби?ат пен денсаулы? туралы ??ндылы?тар болуы ?ажет. Сонды?тан біз «?зін-?зі тану» еліні? «Білім», «Таби?ат пен денсаулы?», «Адамгершілік» ?лкелеріне саяхатымызды жал?астырамыз.

О?ушылар?а ?нтаспадан Асылбек Е?сеповті? орындауында Б.Будашкинні? «?уаныш» к?йін  ты?дау ?сынылады.

  • Балалар, осы к?йді ты?да?ан с?тте ?андай к??іл к?йде болды?дар, к?з алдары?а нелер елестеді?

Балалар ?з ойларын айтады.

  •  
  •  Д?рыс айтасы?дар, балалар! К?й ты?да?ан с?тте к?з алдымыз?а а??у, к?л, тамылжы?ан таби?ат, ?ш?ан ??стар елестеді. Таби?ат ? бізді? досымыз, денсаулы? мекені. Саяхат-сапарымызды ?рі ?арай жал?астырайы?. Алдымызда?ы ?алы? а?аштар арасынан алыстан жар?ырап, ?демі де биік а? к?містен, саф алтыннан, асыл тастардан со?ыл?ан к?мбезді сарай к?рінді. Сарай айналасы аппа? н?р?а б?ленген. Сарайдан т?гілген жылылы? шуа?ы к??ілімізді, ойымызды жары? н?рымен толтыр?андай. Осы сарай?а кіру – ?рбір адамны? арманы. ?йткені б?л «Білім сарайы». Осы жылылы? шуа?ын сезінген адам білімді болады. Ал білімді адам ?з арманына жете алады. Біз де ?з білімімізді  бай?атайы?, балалар. Ол ?шін Данышпан атаны? бізге жіберген тапсырмасын орындап, сыйлы?ын алайы?.

Данышпан атаны? бірінші тапсырмасы: Ж?мба?ты? шешуін табы?дар.

?абат-?абат  ?аттама,

А?ылы? болса аттама. (Кітап.)

Данышпан атаны? екінші тапсырмасы: Ма?ал-м?телдерді? жал?асын тауып айты?дар.

1. О?усыз білім жо?,. (білімсіз к?ні? жо?).

2. К?ш – білімде, білім –. (кітапта).

– Балалар, жарайсы?дар! Білім алу ?шін кітап, мектеп, о?у – біз ?шін аса ?ажет. Данышпан ата сендерді? жауаптары?а риза болып «?кілі домбыраны» (к?рсетеді) сый?а тартады. Данышпан ата сый?а тарт?ан «?кілі домбыра» к?тері?кі к??іл к?й, шатты?, ?уаныш ?келеді.

– Енді бізді «?зін-?зі тану» еліні? е? т?рінен орын ал?ан «Адамгершілік» ?лкесі к?тіп т?р. Басын ?ар мен м?з бас?ан осы шы??а кез келген бала шы?а алмайды. Шы??а ?лкенді ??рметтейтін, кішіге ?ам?ор болатын, шынды?ты айтатын, достарына к?мектесетін, е?бек?ор балалар ?ана шы?а алады. Ал шы?ны? басында «Алтын санды?» бар. Санды? ішінде Данышпан атаны? екінші сыйлы?ы жатыр. Ол ?шін мына жа?даяттарды д?рыс талдай алса?, біз сол шы??а шы?ып, санды?ты аламыз.

1-жа?даят:

С?уле ауырып ?алды. ?лия саба?тан кейін ауыр?ан ??рбысына барып, ?й тапсырмасын орындау?а к?мектесті.

  • Осы жа?даяттан ?лияны? ?андай ?асиетін к?ріп отырсы?дар?

2-жа?даят:

Асан ж?гіріп келе жатып, абайсызда Дамирді ?а?ып кетті. Дамир жерге ??лап, ?олын ауыртып алды. Асан о?ан ?арамастан, асы?ып ж?гірген к?йі ?те шы?ты.

  • Сендер Асанны? орнында болса?дар не істер еді?дер?

?рбір жа?даят?а ?ойыл?ан с?ра?тан со? балаларды? жауаптары ты?далады.

– Балалар, жарайсы?дар! Тапсырманы с?рінбей орындап шы?ты?дар. «Адамгершілік шы?ына» шы?у?а бізге бойымызда?ы жа?сы ?асиеттер к?мектесті. Данышпан атаны? ?шінші сыйлы?ын ал?ылары? келе ме?

М??алім санды?ты? ішінен «алтын са?аны» (асы?ты) алып к?рсетеді.

– Балалар, біз саяхатымызда «?зін-?зі тану» еліні? «Тіл табысу», «Білім», «Таби?ат пен денсаулы?», «Адамгершілік» атты ?лкелерінде болды?. Осы ?лкелерде біз бір-бірімізге, ?лкендерге жылы с?здер, жа?сы тілектер айтуды ?йрендік. Досты?, к?мек, махаббат, сыйласты?, шыншылды?, денсаулы?, таби?ат?а ?ам?орлы?, Отан?а с?йіспеншілік ??ндылы?тарымен танысты?. Адам болып ?алыптасуымыз ?шін о?у мен білімні? ?ажеттілігін т?сіндік.

Тынышты? с?ті

Баланы? ?зіні? ішкі к?йіне ??ілуге, оларды? саяхаттан ал?ан ?серлерін сезінуге м?мкіндік беретін тынышты? с?ті т?мендегідей ?йымдастырылады.

– Балалар, денелерінді т?зу ?стап, бастары?ды жо?ары к?теріп, ы??айланып отыры?дар. К?здері?ді ж?мса?дар да болады. Ауаны тере? ж?тып, еркін тыныс алы?дар. ?здері?ні? тыныс алулары?ды ба?ылап, ба?ыт?а, махаббат пен тынышты??а толы таза, шипалы ауаны? т?ла бойлары?а тол?анын сезіні?дер. Ал енді к?здері?ді ашса?дар да болады.

Д?птермен ж?мыс

Д?птерде  т?мендегідей тапсырма беріледі.

  • Таби?ат аясын ?здері?е ?найтын т?спен боя?дар.

?орытындылау

Саба?ты ?орытындылау кезінде м??алім мынандай с?ра? ?оюы м?мкін:

– Балалар, б?гінгі ?зін-?зі тану саба?ында кімдермен танысты??

Балалар ?здері ?орытындылайды. Мысалы:

Бізді? к?мекшілеріміз – Данышпан Ата, Алпамыс, Махаббат ж?не А?ботамен танысты?.

Ж?ректен ж?рекке

М??алім балаларды ж?ректен ж?рекке ше?беріне жинап, б?рі ?осылып, мына ?ле?ді айтады.

К?к аспанда К?н к?лсін!

Бірге к?лсін б?лдіршін.

К?к аспанда К?н к?лсін,

Жерге ?дайы н?р ??йсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен "Шатты??а толы ж?рекпен" та?ырыбына саба? жоспары »

1-сабақ

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН


Өмірді тану – өзіңді танудан басталады.

Халық даналығы



Мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.

Міндеттері:

- өзін-өзі тану пәні туралы түсінік беру;

- өзіне деген сенімділігін арттыру;

- өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, «Өзін-өзі тану елінің» суреті, сюжетті суреттер, домбыра, «алтын сақа» (асық), сандықтың сұлбасы.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құру арқылы «Өзін-өзі тану» пәнімен танысуға шақырады.

– Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. «Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен танысайық.

Танысу ойын түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Алғашқы айналымда сағат тілінің қозғалысы бойынша мұғалімнің өзінен бастап әр оқушы кезегімен өзін көрсетіп тұрып, өз есімін «Мен Болатпын, Мен Аружанмын» деп атап шығады. Екінші айналымда әр бала бірінші өзінің есімін қайта атап, содан кейін оң жағындағы және сол жағындағы көршілерінің аттарын атап, «Әсел, Мирас, мен сендермен танысқаныма қуаныштымын» деп айтып шығады. Осылайша танысу аяқталады.

Мұғалім шаттық шеңберінің мәнін түсіндіру үшін балаларға төмендегі өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетуді ұсынады және ол бойынша ой түйіндейді:

Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)

Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді.)

Қуанайық, достарым , (Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.)

Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді.)

– Балалар, «Шаттық шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің жылы, жақсы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік. Қимылдарды көтеріңкі көңіл күймен, өз еркімізбен жасайық.

Әңгімелесу

Мұғалім балаларды «Өзін-өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақырады. Балаларға «Өзін-өзі тану» дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қойылып, олардың жауаптары тыңдалған соң мұғалім қорытынды жасауына болады:

– «Өзі» деген – Мен, яғни ол – Бекзат, Аяулым. «Тану» дегеніміз адам туралы, оны қоршаған айнала мен адамдар, құбылыстар туралы ақпараттарды білу. «Өзін-өзі тану» – өзіңді, өзгені, айналаңды адамгершілік құндылықтар арқылы тану. Ал «Адамгершілік құндылықтар» дегеніміз не екенін «Өзін-өзі тану» пәнін оқу барысында білетін боласыңдар. Бұл пән бізге жақсылық жасауды, көмектесуді, кешірімді, мейірімді болуды, достасуды үйретеді. Өзіңді, үлкендерді, жасы кішілерді, жақын, туыс, басқа да адамдарды сүюді, сыйлауды, құрметтеуді түсіндіреді. Достық, Махаббат, Шындық, Денсаулық туралы түсінік береді. Жақсы мен жаманды айыра білуге жетелейді. Ең бастысы, өзіңді-өзің тәрбиелеуге көмектеседі.


Тапсырма

Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарай отырып, «Сәлем саған, мектебім» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. Мұғалім алдымен балалардың назарын суретке аударып, онда нелерді көріп, тұрғанын сұрайды. Мұғалім балалардың мектеп туралы білетіндерін білу мақсатында оларға сұрақтар қойып, әңгімеге тартады. Әңгімелесу барысында мұғалім балаларға мектепке келуді, оқуды ұнатты ма, олар мектепке келуге қалай даярланды, мектептен қандай жақсылықтар, қызықтар күтті, оларды мектепе кімдер ертіп әкелді деген тәрізді сұрақтар қояды. Осылайша балалар мұғалімнің көмегімен дайындық жасап, өз ойларынан аталған тақырыпта әңгіме құрастырады. Әрине, балалардан көлемді әңгіме құрастырып беруді талап ете алмаймыз, олар өз жас шамаларына қарай әңгімесін өз ойымен еркін айтып жеткізулері жеткілікті болады.


Назар аударыңдар

Мұғалім балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын Данышпан ата, Алпамыс, Ақ бота, Махаббат атты көмекшілерімен таныстырады. Олардың өздеріне арнаған түрлі сұрақтары, тапсырмалары, жұмбақтары, тіпті сыйлықтары болатынын айтады.

Өзіммен-өзім

Балаларға көмекшілерді жақынырақ таныстыру үшін «Өзіммен өзім» тәсілі ұйымдастырылуы мүмкін. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін балалар көз алдарына елестетеді және әңгіме барысын сезінуге тырысады.

– Балалар, барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді «Өзін-өзі тану» елінде жүрміз деп елестетіңдер. Бұл Елді үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқор бола білетін, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ержүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең данасы, ең жомарты, ең ақылгөйі – Данышпан ата. Оны сол Елдің тұрғындарының бәрі сыйлайды. Қиналған сәттерінде ақыл-кеңес сұрайды. Данышпан ата айналасындағылардан көмегін аяған емес. Ол өзін, өзінің айналасын танып, білгісі келетін адамдардың барлығына сыйлық береді екен. Ендеше, сендердің «Өзін-өзі тану» елімен танысуға деген құштарлықтарыңды байқап, сендерге де арнайы сыйлық беріп жіберіпті. Көз алдарыңа Данышпан ата сендерге сыйлық әкеле жатыр деп елестетіңдер. Ол сыйлықтың сендер үшін ең қымбат, ұмытылмас сыйлық екенін сезініңдер.

Енді бұрынғы қалыптарыңа түсіп, көздеріңді ашып қараңдар. Данышпан атаның сыйлығы – «Өзін-өзі тану» дәптері. Осы дәптерге сендер өздерің ұнататын суреттерді саласыңдар, қызықты тапсырмаларды орындайсыңдар.

Мұғалім «Өзін-өзі тану» дәптерін балаларға үлестіріп, дәптердегі өлең жолдарын оқып береді:

Дәптердің беттері ақ,

Сендердің көңілдерің пәк!

Сыйлығым бәріңе бүгінгі

Әкелсін қуаныш, бақ!

– Балалар, енді сол дәптердің алғашқы бетін ашайық. Осы беттегі суреттерге назар аударайық. Суретте берілген ақылды, әдемі ұл мен қыз – Алпамыс пен Махаббат, түйенің ботасы – сүйкімді Ақ бота. Олар – сендердің көмекшілерің.


Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты тақырыпта ұсынылған суреттер берілген.

Тақтаға «Өзін-өзі тану еліне саяхаттың» үлкейтілген суретін іліп қоюға болады.

– Балалар, бүгінгі сабақта «Өзін-өзі тану еліне» саяхат жасаймыз. Ол елде орман-тау, өзен-көл, патшалықтар, елді мекендер мен сарайлар бар. «Өзін-өзі тану елі» «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерден тұрады.

Мұғалім суреттен көрсете отырып, балаларды осы өлкелермен таныстырады.

– Балалар, бұл «Тіл табысу» өлкесі. Бұл өлкеде сыпайы, бір-біріне қамқор, мейірімді адамдар өмір сүреді. Біз де өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасауда айтылатын жақсы сөздерді айтайық.

Оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді айтады: сәлеметсіз бе, қош келдіңіз, сізге қуаныштымыз... т.с.с.

– Балалар, адам өзін тану үшін, елін таныта алу үшін бойында білім, адамгершілік, табиғат пен денсаулық туралы құндылықтар болуы қажет. Сондықтан біз «Өзін-өзі тану» елінің «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» өлкелеріне саяхатымызды жалғастырамыз.

Оқушыларға үнтаспадан Асылбек Еңсеповтің орындауында Б.Будашкиннің «Қуаныш» күйін тыңдау ұсынылады.

  • Балалар, осы күйді тыңдаған сәтте қандай көңіл күйде болдыңдар, көз алдарыңа нелер елестеді?

Балалар өз ойларын айтады.

Мұғалім:

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Күй тыңдаған сәтте көз алдымызға аққу, көл, тамылжыған табиғат, ұшқан құстар елестеді. Табиғат  біздің досымыз, денсаулық мекені. Саяхат-сапарымызды әрі қарай жалғастырайық. Алдымыздағы қалың ағаштар арасынан алыстан жарқырап, әдемі де биік ақ күмістен, саф алтыннан, асыл тастардан соғылған күмбезді сарай көрінді. Сарай айналасы аппақ нұрға бөленген. Сарайдан төгілген жылылық шуағы көңілімізді, ойымызды жарық нұрымен толтырғандай. Осы сарайға кіру – әрбір адамның арманы. Өйткені бұл «Білім сарайы». Осы жылылық шуағын сезінген адам білімді болады. Ал білімді адам өз арманына жете алады. Біз де өз білімімізді байқатайық, балалар. Ол үшін Данышпан атаның бізге жіберген тапсырмасын орындап, сыйлығын алайық.

Данышпан атаның бірінші тапсырмасы: Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап.)

Данышпан атаның екінші тапсырмасы: Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтыңдар.

1. Оқусыз білім жоқ, ............. (білімсіз күнің жоқ).

2. Күш – білімде, білім –........... (кітапта).

– Балалар, жарайсыңдар! Білім алу үшін кітап, мектеп, оқу – біз үшін аса қажет. Данышпан ата сендердің жауаптарыңа риза болып «Үкілі домбыраны» (көрсетеді) сыйға тартады. Данышпан ата сыйға тартқан «Үкілі домбыра» көтеріңкі көңіл күй, шаттық, қуаныш әкеледі.

– Енді бізді «Өзін-өзі тану» елінің ең төрінен орын алған «Адамгершілік» өлкесі күтіп тұр. Басын қар мен мұз басқан осы шыңға кез келген бала шыға алмайды. Шыңға үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор болатын, шындықты айтатын, достарына көмектесетін, еңбекқор балалар ғана шыға алады. Ал шыңның басында «Алтын сандық» бар. Сандық ішінде Данышпан атаның екінші сыйлығы жатыр. Ол үшін мына жағдаяттарды дұрыс талдай алсақ, біз сол шыңға шығып, сандықты аламыз.

1-жағдаят:

Сәуле ауырып қалды. Әлия сабақтан кейін ауырған құрбысына барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесті.

  • Осы жағдаяттан Әлияның қандай қасиетін көріп отырсыңдар?

2-жағдаят:

Асан жүгіріп келе жатып, абайсызда Дамирді қағып кетті. Дамир жерге құлап, қолын ауыртып алды. Асан оған қарамастан, асығып жүгірген күйі өте шықты.

  • Сендер Асанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Әрбір жағдаятқа қойылған сұрақтан соң балалардың жауаптары тыңдалады.

– Балалар, жарайсыңдар! Тапсырманы сүрінбей орындап шықтыңдар. «Адамгершілік шыңына» шығуға бізге бойымыздағы жақсы қасиеттер көмектесті. Данышпан атаның үшінші сыйлығын алғыларың келе ме?

Мұғалім сандықтың ішінен «алтын сақаны» (асықты) алып көрсетеді.

– Балалар, біз саяхатымызда «Өзін-өзі тану» елінің «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерінде болдық. Осы өлкелерде біз бір-бірімізге, үлкендерге жылы сөздер, жақсы тілектер айтуды үйрендік. Достық, көмек, махаббат, сыйластық, шыншылдық, денсаулық, табиғатқа қамқорлық, Отанға сүйіспеншілік құндылықтарымен таныстық. Адам болып қалыптасуымыз үшін оқу мен білімнің қажеттілігін түсіндік.

Тыныштық сәті

Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

– Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде төмендегідей тапсырма беріледі.

  • Табиғат аясын өздеріңе ұнайтын түспен бояңдар.

Қорытындылау

Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім мынандай сұрақ қоюы мүмкін:

– Балалар, бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық?

Балалар өздері қорытындылайды. Мысалы:

Біздің көмекшілеріміз – Данышпан Ата, Алпамыс, Махаббат және Ақботамен таныстық.

Жүректен жүрекке

Мұғалім балаларды жүректен жүрекке шеңберіне жинап, бәрі қосылып, мына өлеңді айтады.

Көк аспанда Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен "Шатты??а толы ж?рекпен" та?ырыбына саба? жоспары

Автор: Ар?ынбек ?сем Сабыржан?ызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245365


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства