kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Заң және заман» (тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.  Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,   шығармашылық қабілеттерін шындау

Сабақтың міндеті : сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен  шешуге үйрету.

Сабақтың түрі : дөңгелек үстел

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

  1. ІІ. Қонақтармен таныстыру
  2. Мектеп инспекторы-Ембергенов А.Ж.
  3. Заңгер –Айымбетов Ж.М.
  4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Нурмашева Ж.К.
  5. Сынып жетекшісі-Шеховцова Н.
  6. Ата-аналар: Диярова А, Ещанова Э, Дауылбаева Б, Өтегенов Ж, Досмурзаева Р,Айымбетов Ж

ІІІ. Кіріспе

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - ана мен оқушылар арасында өтілгелі отырған «Заң және мен» дөңгелек үстел.

Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар:

 - Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Заң және заман» (тәрбие сағаты)»

Сабақтың тақырыбы: «Заң және заман» (тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау

Сабақтың міндеті : сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Сабақтың түрі : дөңгелек үстел

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

  1. ІІ. Қонақтармен таныстыру

  2. Мектеп инспекторы-Ембергенов А.Ж.

  3. Заңгер –Айымбетов Ж.М.

  4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Нурмашева Ж.К.

  5. Сынып жетекшісі-Шеховцова Н.

  6. Ата-аналар: Диярова А, Ещанова Э, Дауылбаева Б, Өтегенов Ж, Досмурзаева Р,Айымбетов Ж

ІІІ. Кіріспе

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - ана мен оқушылар арасында өтілгелі отырған «Заң және мен» дөңгелек үстел.

Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар:

- Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.
2 . «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?

Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

3. Ешқандай заңы жоқ арал.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

4.«Қызыл, сары, көк ауыл»

Әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның керегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.

5 . Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.

Видеоролик
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын».

Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі:

Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.

Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.

Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сізден балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.

Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)
Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.

1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

2.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

3.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

4.Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

5.Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында ақпарат құралдарымен жұмыс істеу.


Қорытынды.

Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден - бір жауапты ата - ана, өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.

Құрметті Ата-аналар

Егерде сіз қазіргі уақытпенен ғана емес, болашаққада мән беріп өмір сүрсеңіз бұл – ескертпе сізбен балаңыздың араларыңыздағы жылулық пен қарым –қатынасты сақтауға көмектеседі.

Баламен жанды сөйлесу оның столындағы фотографиямен алмастырмаңыз. Есіңізде болсын сіздің жанұяңыз және балаңыз сіздің өміріңіздегі үлкен баға жетпес құндылық.

«Жанұя ешқайда кетпейді» деп ойламаңыз және екіші орынға қалдырмаңыз. Кешкі уақытта телевизорға, маңызды емес телефон қоңырауларға уй тіршіліктеріне жібермеңіз, оның орнына біраз уақыт балаңызды құшақтап , оғанда сізге де маңызды тақырыпта әңгімелесіңіз.

Өз балаңызды танып біліңіз, қадағалаңыз, оның ішкі жан-дүниесіне мән беріп, кеш қалудан қорқыңыз!




5 мектеп-лицей








«Заң және заман"

(тәрбие сағаты)



Өткізген: 8 «в» сынып жетекшісі Сальменова Г.Т


























2018-2019 оқу жылы

«Сақ болыңыз! Заңды бұзу қаупі бар» онкүндігі аясында өткізілген дөңгелек үстелдің

ХАТТАМАСЫ

Күні: 7.02.19 ж

8 « В» сынып жетекшісі:Сальменова Г.Т.

Қатысушылар саны: 40 оқушы (барлық 8-сынып ер балалары)

Қатысушылар:директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Нурмашева Ж.К,заңгер-Айымбетов Ж.М, мектеп инспекторы – Ембергенов А.Ж, сынып жетекшілер Шеховцова Н.С,ата – аналар: Диярова А, Ещанова Э, Дауылбаева Б, Өтегенов Ж, Досмурзаева Р,Айымбетов Ж

Тақырыбы: «Заң және заман »

Мақсат - міндеттері: Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу алу, ата-аналардың құқықтық сауаттылығы тәрбиесін арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты өз елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру

Түрі: дөңгелек үстел

Жағымды сәттер: «Мен заңды қаншалықты білемін? (ситуациялық жағдайды шешу), «Қызыл, сары, көк ауыл», көшедегі көрініс, құқықбұзушылыққа байланысты бейне – роликтер.


Жағымды сәттер: дөңгелек үстел «Сақ болыңыз! Заңды бұзу қаупі бар» онкүндігі аясында өткізілді.

Тақтада презентация, құқықбұзушылыққа байланысты бейне – роликтер.


Қолданылған әдіс – тәсілдер құқық тақырыбына оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған. Сабақ тақырыбы тақтада ілінген. Мақсат – міндеттері толық қамтылған.

Мұғалім жалпы құқықтық сауаттылық жөнінде толық мәлімет беріп өтті. Үш ер бала «Тығырықтан шығар жол қайсы» атты көшедегі көріністен үзінді көрсетіп, оқушылар мен ата – аналар өз ойларын ортаға салды. Заңгер Ж.Айымбетов және мектеп инспекторы А.Ембергенов барлық пікірлерді тыңдап, заң тұрғысында қорытынды жасады.

Тәртіп сақшысының айтуынша, кәмелет жасына толмағандарға көшеде тек ата-анасымен бірге жүруге ғана рұқсат берілген. Тіпті, бауыры не туысының өзіне (арнайы рұқсаты болмайынша) оларды ертіп жүруіне құқы жоқ. Маман түнгі «серуенге» жол бергендердің ата-анасы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылатынын атап өтті. Мәселен: 
– Кәмелет жасқа толмағандарға сағат 22:00-ден 06:00-ғадейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынады. Заң бұзылған жағдайда ата-анасына 7215 теңге (3 АЕК) айыппұл салынады. 

Жалпы дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенді қатысып, құқықттық сауаттылық туралы толық мәлімет алды.Дөңгелек үстелдің әр бөлімі бойынша алдымен оқушы, одан соң ата-ана пікірлері тыңдалып, заң қызметкерлері қорытындылап отырды.



Ескертулер: Қазақстан Республикасы Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның нормативтік-құқықтық құжаттары жұмысқа пайдаланылмады.

Ұсыныстар:

- оқушылардың құқықтық білімі мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жалғастыру.

- балаларды тәрбиелеу мен сынып пен мектептің өміріне қатысудағы тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

- Құқық қорғау органдарының өкілдері құқық бұзушылықты, оқушшыларды және құқықтық тәрбие беруді болдырмауға нақты көмек көрсету мақсатында құқықтық сабақтарға шақыру.






Төраға:

Хатшы:














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 20.02.2019

Номер свидетельства: 500698

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Тілім мені? - тірлігімні? ай?а?ы" ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "tilim-mienin-tirlighimnin-aig-ag-y-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "245338"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446118772"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "???ы?ты?  жігер-???ы?ты?  т?рбие  т?рбие  са?аты."
    ["seo_title"] => string(42) "kukyktykzhighierkukyktyktrbiietrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "294434"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455642689"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Денсаулы?-зор байлы?» (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(39) "diensaulyk-zor-bailyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "254088"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447694635"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?лтты тану – ?рпа? борышы» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(47) "u-ltty-tanu-u-rpak-boryshy-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "180799"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425234596"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Т?уелсіздік-тірегім» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "t-uielsizdik-tirieghim-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "178873"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424887006"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства