kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тілім мені? - тірлігімні? ай?а?ы" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Глазунов орта мектебі» ММ

Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы:

«Тілім мені?

тірлігімні? ай?а?ы»

Сынып: 4 «Б»

М??алім: Ар?ынбек ?.С.

2014-2015 о/ж

К?ні: 20.09.2014ж

Сыныбы: 4 «Б»

М??алімі: Ар?ынбек ?.С.

Т?рбие са?ат та?ырыбы: «Тілім мені? тірлігімні? ай?а?ы»

Ма?саты:

  1. О?ушылар?а ана тілін білуді? ма?ызын т?сіндіріп,ана тілі туралы ?ле?дер,на?ыл с?здер,ма?ал-м?телдер,шешендік с?здер айту ар?ылы с?здік ?орын молайту,тіл байлы?ын дамыту.
  2. Ана тілін с?юге,арда?тай білуге т?рбиелеу,?з ойын толы? жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жа?ты рухани бай жеке т?л?а т?рбиелеу.

Т?рі: сайыс саба?

?діс-т?сілдері: т?сіндіру, ??гімелесу, к?рнекілік, жарыс

К?рнекілігі: презентация, тіл туралы ?анатты с?здер, ма?ал-м?телдер

Т?рбие са?ат барысы:

І. Кіріспе б?лім (10 мин)

  • Амандасу. О?ушыларды ?йымдастару (2 мин)
  • Кіріспе с?з (3 мин)
  • О?ушыларды? с?зі (10 мин)

ІІ. Негізгі б?лім (25 мин)

  • Сайыстарды? кезе?дерімен таныстыру (5 кезе?)
  • Сайыс (1-3 кезе?і)

ІІІ. ?орытынды б?лім (10 мин)

  • Сайыс (4,5 кезе?і)
  • ?орытындылау

Кезе?дері

Уа?ы-ты  

?ту барысы

І. Кіріспе б?лім

10 мин

Кіріспе с?з

Армысыздар,осы кешті? ?она?тары,

Хал?ымны? ашы? болсын атар та?ы.

Тілге арнал?ан осы сынып са?атында

Беделін к?терейік тарихта?ы.

Біз ?аза? деген мал ба??ан елміз,біра? ешкімге со?ты?пай жай жат?ан елміз.Елімізден ??т-береке ?ашпасын деп,жерімізді? шетін жау баспасын деп найза?а ?кі та??ан елміз,басымыздан с?з асырма?ан елміз.

Тіл-?лтты? белгісі,халы?ты? м?расы,д?ниетаным ??ралы.Халы?ты? тарихта ?алуы тіліне байланысты. «Тілі жо?ал?ан халы?ты? ?зі де жо?алады» деген с?зді жадымыздан шы?армайы?.

Сол елімізді? тірегіне айнал?ан «Тіл туралы за?ны?» тарихына назар аударайы?. (Интерактивті та?та ар?ылы ?р жыл?а то?талып,мемлекеттік тілімізді? ?алыптасуын о?ушылар таныстырып шы?ады.)

1-о?ушы Айдын:1989 жыл 22-?ырк?йек.?аза?стан Республикасында?ы тілдер туралы за? ?абылданып,?аза? тіліне «?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік тілі» м?ртебесі берілді.

2-о?ушы Н?рлыбек:1993 жыл 28-?а?тар. ?аза?стан Республикасыны? т???ыш Конституциясы ?абылданып,онда ?аза? тілі «?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

3-о?ушы Ма?жан:1995 жыл 30-тамыз.Республикалы? референдумда ?аза?стан Республикасыны? жа?а Конституциясы ?абылданып, Конституцияны? 7-бабында «?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік тілі-?аза? тілі»,-делінген.

4-о?ушы Н?би:1997 жыл 11-шілде. ?аза?стан Республикасында?ы тілдер туралы За? Парламентке ?айтадан тал?ыланып,ол ?аза?стан Республикасыны? Президентіні? Жарлы?ымен бекітілді. ?аза?стан Республикасында?ы тіл туралы За? 6 тарау,27 баптан т?рады.

5-о?ушы Диас: Елбасы Н.Назарбаевты? 1998 жыл?ы 20-?а?тарда?ы Жарлы?ына с?йкес «22 ?ырк?йек-?аза?стан халы?тарыны? тілдері к?ні» ретінде аталып келеді.

6-о?ушы Тал?ат:

Тілім келді,дінім ?айта оралды,

Бас?а т?нген ?ара б?лттар жо?алды.

К?к аспанда к?ндей болып жар?ырап,

?аза? елі егеменді бола алды.

7-о?ушы М?лдір:

Тілім мені?-тірегім,дінім мені?,

Тілсіз ?андай болады к?нім мені??!

?з хал?ы?а жетеді ?з м?нінде

?з тілімде о?ылса жырым мені?.

Тілім мені?-?уатым,к?нім мені?,

К?нім кетсе не болар ісім мені??!

«Тілсіз ?мір бар» десе т?сінбедім,

Тілімменен тірлікті м?сіндедім.

8-о?ушы М?рат?али:

Тілім мені? тірлігім мол м?рамсы?,

Ата рухын жаныма ?ондырасын.

?зі?менен таныдым тарихымды,

Кемелденген ?зі?мен толды жасым.

9-о?ушы ?ли:

Ана тілін жырлап ?ткен талайлар,

Жырлап ?ткен Ыбырай мен Абайлар.

?асиетті мені? ана тілімде

?шпес м??гі алаула?ан арай бар.

10-о?ушыТо?тар:

С?йемін ту?ан тілді-анам тілін,

Бесікте жат?анымда-а? берген білім.

Шыр етіп жерге т?скен минутымнан

??ла?ыма сі?ірген таныс ?нін

ІІ. Негізгі б?лім

25 мин

??рметті ата-аналар, о?ушылар сайысымызды бастамас б?рын топ?а б?лініп алайы?. О?ушылармен ата-аналар  саны к?п бол?анды?тан біз 3 топ?а б?лінеміз.

Мен ?р?айсы?ыз?а мына конверттерді беремін. Конвертте туды? элементтері жасырыл?ан. Туды? т?сі – 1 топ, оюлар – 2 топ, К?н мен ?ыран – 3 топ.

Жігітке а?ыл,білім жарасады

На?ыз ер хал?ыменен санасады

Сайыс?а бар к?шімді саламын деп

Ата-аналар, о?ушылар  таласады. – дей отыра сайысымызды бастаймыз.

Олай болса, сайысымызды? кезе?дерімен таныс болы?ыздар.

Сайыс кезе?дері:

  1. Таныстыру (Ту элементтеріне байланыстыра отырып топты таныстыру)
  2. Ма?ал-м?тел жарысы
  3. К?рініс к?рсету
  4. Шы?армашылы? ж?мыс (сурет салу)
  5. ?орытынды с?ра?тар (Т?рбие са?атында айтыл?ан м?ліметтер бойынша, ма?ал-м?телдер бойынша с?ра?тар ?ойылады.)

 

Келді міне б?гін бізді сынау?а

Сыналып ?лкендерден ?лгі алу?а

Осы ортада к?рсеткен ?нерімізге

Берер деп ?діл?азы ?діл ба?а,- деп ?діл ?азыларды таныстырып ?ту.

1-кезе?. Таныстыру

Б?йге жарыс деген со? жарысайы?

М?реде б?ріміз де табысайы?

Б?л бай?ауды биссмилл? деп бастау ?шін

Алдымен топтарменен танысайы?.

?олдары?ызда?ы туды? элементтеріне байланыстырып топтары?ызды таныстырулары?ыз ?ажет.

1-топ: «Ашы? аспан» тобы

2-топ: «Оюлар» тобы

3-топ: «К?н астында?ы ?ыран» тобы

2-кезе?. Ма?ал-м?телдер

Шебер болса?, тіл байып,

Шешендіктер бір ?айып.

Ма?ал-м?тел ?йреніп,

Тілімізді шы?дайы?,- деп кезекті ма?ал –м?тел айту,я?ни оны жал?астыру,ма?алды? м?нін ашу сайысына кезек берейік.

Б?л кезе?де ?р топ та?тада?ы ?яшы?тарды та?дай отырып, онда?ы тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар:

ма?алдарды жал?астыру

ма?алдарды? м?нін ашу

?яшы?тар саны: 9

1-?яшы?

С?з ?адірін білмеген

?з ?адірін білмейді.

2-?яшы?

Ауыз к?ркі — тіл,

Тілді? к?ркі — с?з.

3-?яшы?

Жылы-жылы с?йлесе?, жылан інінен шы?ады.

4-?яшы?

Тая? еттен ?теді,

С?з с?йектен ?теді.

5-?яшы?

Сойылды? жарасы бітер,

Тіл  жарасы бітпес.

6-?яшы?

Отыз тістен шы??ан с?з,

Отыз рулы елге тарайды.

7-?яшы?

Жылы киім т?н жылытар,

Жылы с?з жан жылытар

8-?яшы?

Ішімдегіні? б?рі тілімде,

Тілімдегіні? б?рі т?рімде.

9-?яшы?

Ауыр істі? салма?ы білекке т?сер,

Ащы с?зді? салма?ы ж?рекке т?сер.

?р топ 3 ма?алдан талдайды. ?пай сандары ма?алды? м?нін толы? аш?аны ?шін ?ойылады.

3-кезе?. К?рініс

?р топ?а бір к?рініс беріледі. Аз уа?ыт ішінде дайындалып, к?ріністі бейнелеу ?ажет. К?рініс мазм?ны орынды, тауып  с?йлеген шешендеріміз туралы болма?.

1-к?рініс. ?она? неше т?рлі болады?   

Есентемір Б?ленді Асау шешен ?она??а ша?ырып отырып:

– Е, Б?ле! Сізден бір-екі ауыз с?з с?райын, р??сат па? — депті.

– Е, шыра?ым, с?ра! — депті Б?лен.

– ??дайды? бергені, ?йден ?она? кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келіні?із к?ріп «мынау та?ы келе жатыр ма?» – дейді. Б?л неткені? – депті Асау.

– Ол келінні? ырысы кеткені,– дейді Б?лен.

– Ауылды? жас балалары к?рі ?она?ты жа?тырмайды, соны к?туден ерінеді. «Осы шалдар?а не жо?, ?ыдырды, жеді, бірсыпыра ?ызы?ты к?рді, енді ?йлерінде жатса ?айтеді?»— дейді. Б?л неткені?

— Ол балалардан ерік кеткені.

— Б?ле! «?она?-?онсы» дейді ?аза?. ?она? деген кім, ?онсы деген кім?

— ?она? деген мына мен, жылына бір рет ша?ыртумен келемін. ?онсы деген мыналар, – деп айналада?ы кісілерді к?рсетеді. П?ленні? ?йіне п?лен келіпті, барып амандасайы? деп келеді олар.

– Ал, Б?ле! ?она? неше т?рлі болады?

– ?она? т?рт т?рлі болады:

Арнайы ?она?,

??дайы ?она?,

?ыдырма ?она?

?ыл?ыма ?она?.

С?ра? ?ою кезегі Б?ленге келеді. Сонда ол Асаудан:

—   Жігітті? неше ж?рты бар? — деп с?райды.

—   Жігітті? ?ш ж?рты бар деп ойлаймын,— дейді Асау:

?айын ж?рты — міншіл,

?з ж?рты — к?ншіл,

На?ашы ж?рты — сыншыл.

Сонда Б?лен:

—   Жігітті? т?рт ж?рты болатын еді, біреуін тастап кетті?із. Ол – еліні? азаматы. Б?рінен де арты? сол еді- ау! – депті.

2-к?рініс. Алыста - не алыс!

Байдалы шешен ?бден ?артайып ?йінде т?сек тартып жатыр дегенді естіп М?са деген жігіт іздеп келіпті. С?йтсе Байдалы шешен ?араша ?йіні? ішінде б?стекке оранып жатыр екен. М?саны? ?олын алып, ж?н с?рап амандасыпты да, к?рілікті? жайын айта беріпті.

—    Ой, к?рілік-ай, с?зді? ?зі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым ?тті ?ой!,  — дей беріпті.

М?са ?онып, ?она?асын жеп, та?ерте? ж?рмек болады.

—    Е, шыра?ым, елі?е не айтып барасы?? — депті Байдалы.

—    Мен не айтайын, ел а?асы бол?ан Байдалы еді, енді к?рілікпен алысып жатыр екен деймін да?ы, — депті М?са.

—    Шыра?ым, оны? рас. ?ш ауыз с?з с?райын, соны шешіп беріп кетші! — дейді ?арт. М?са «айты?ыз» деп ты?дайды. Байдалы ?арт сонда:

—    Алыста не алыс?

        Жа?ында не жа?ын?

        Т?тті де не т?тті? — дейді.

М?са ойланып отырып:

—    Жер мен к?кті? арасы алыс,

        Кісіге туыс жа?ын,

        Бала т?тті, депті.

Сонда Байдалы ?арт басын к?теріп:

—    Балам, а?ылы? ?лі ал?ымы?нан ас?ан жо? екен. Білімді мен білімсізді? арасынан алыс жо?, жаннан т?тті н?рсе жо?. Бала ?анша жа?сы болса да, жан шы?арда адамны? ?з жанынан т?тті н?рсе жо?. Жа?ында — ажал жа?ын, — депті.

3-к?рініс. Асусыз тау?а кез болдым

Кезінде ?ар?аралыда билік ж?ргізген Мерке деген адам бол?ан. Ол туралы к?п ??гіме естіген Байдалы шешен бірде Меркеге с?лем айтып, бір кісі жіберіпті. С?лемінде: «Аты атал?ан адамды білерлік адам деп естимін. Мен т?рт т?рлі дертке ?шырап ?алдым, б??ан ем тауып берері бар ма екен, біліп келші», — депті. Жіберген адам барса, Мерке ал?а-?отан жинал?ан топты? ортасында отыр екен, Тапсыр?ан ж?мысын айт?аннан кейін, Мерке аз уа?ыт ойланып: «Есіл, Байдекем-ай! ?лшеуден ас?ан жасы ??р?ырды? керегі жо? екен-ау, б?л кісі де м?ндай к?йге ?шырап ?ал?ан екен!» — деп ренжиді. Отыр?ан к?п: «Б?л ?алай, Байдеке? т?рт ауыз ж?мба? айт?ан сия?ты, біз т?сінгеніміз жо?. ?зі?із т?сініп ренжіген боларсыз. К?пшілікті? естуі лайы? емес пе!» — депті. Сонда Мерке отырып:

—    Байдеке?ні? айтып отыр?аны аса ?иын с?з емес, жай ?ана ?зіні? басында?ы халі екен. Айтып жіберген с?здері мынау: «Асусыз тау?а кез болдым, ?ткелсіз су?а кез болдым, жо?ты жаяу к?п ?арай беретін болдым, аяусыз жауды? ?олына кез болдым», — дейді. М?ны? ?шеуі — асусыз тау?а кез бол?аны — тізесі сарбуын болып, ая?ы ж?руге келмейді екен. ?ткелсіз су?а кез бол?аны к?зін жас алды дегені — т?рбиелеп, ?асында отыратын б?йбішесі жо?, ша?шасын ?арбала?тап к?п іздеп, зор?а тауып алып отырады екен. Аяусыз жауды? ?олына кез болдым дегені — келін баланы? ?олында отыр екен.— Мен дертіні? біреуіне ?ана дауа айтам. Бас?асын ?лшеуден ас?ан жасынан к?рсін. ?алта істетіп алса, жо?ты жаяу ?арай беруден ??тылады, — депті

ІІІ. ?орытынды б?лім

10 мин

4-кезе?. Шы?армашылы? ж?мыс.Сурет салу

Тіл мерекесіне арнап ?р топ газет ж?мысын орындау керек. Я?ни, газетте тіл мерекесіне байланысты сурет,  тіл туралы 1 на?ыл с?з ж?не ??тты?тау тілек болуы ?ажет.

Б?гінгі т?рбие са?атымызды? со?ын а?ын

М?зафар ?лімбаевты? жыр жолдарымен ая?таймын

Тілі?-хал?ы?,хал?ы?-тілі?,?ос егіз!

Екеуіні? саясында ?семіз,

Халы? пен тіл-жасай берер ?ос емен,

Саясында к?гереді к?сеге?.

Сіз бен біз де б? д?ниеден к?шеміз.

Жасай бермек,жасайды сол ?ос – егіз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тілім мені? - тірлігімні? ай?а?ы" ашы? т?рбие са?аты »


«Глазунов орта мектебі» ММ













Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:


«Тілім менің

тірлігімнің айғағы»






Сынып: 4 «Б»


Мұғалім: Арғынбек Ә.С.









2014-2015 о/ж


Күні: 20.09.2014ж

Сыныбы: 4 «Б»

Мұғалімі: Арғынбек Ә.С.

Тәрбие сағат тақырыбы: «Тілім менің тірлігімнің айғағы»

Мақсаты:

  1. Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.

  2. Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, көрнекілік, жарыс

Көрнекілігі: презентация, тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер



Тәрбие сағат барысы:


І. Кіріспе бөлім (10 мин)

  • Амандасу. Оқушыларды ұйымдастару (2 мин)

  • Кіріспе сөз (3 мин)

  • Оқушылардың сөзі (10 мин)


ІІ. Негізгі бөлім (25 мин)

  • Сайыстардың кезеңдерімен таныстыру (5 кезең)

  • Сайыс (1-3 кезеңі)


ІІІ. Қорытынды бөлім (10 мин)

  • Сайыс (4,5 кезеңі)

  • Қорытындылау

















Кезеңдері

Уақы-ты

Өту барысы

І. Кіріспе бөлім




10 мин

Кіріспе сөз

Армысыздар,осы кештің қонақтары,

Халқымның ашық болсын атар таңы.

Тілге арналған осы сынып сағатында

Беделін көтерейік тарихтағы.


Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.

Тіл-ұлттың белгісі,халықтың мұрасы,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан шығармайық.

Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)


1-оқушы Айдын:1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.

2-оқушы Нұрлыбек:1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

3-оқушы Мағжан:1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі»,-делінген.

4-оқушы Нәби:1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады.

5-оқушы Диас: Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.

6-оқушы Талғат:

Тілім келді,дінім қайта оралды,

Басқа төнген қара бұлттар жоғалды.

Көк аспанда күндей болып жарқырап,

Қазақ елі егеменді бола алды.


7-оқушы Мөлдір:

Тілім менің-тірегім,дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыңа жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.


Тілім менің-қуатым,күнім менің,

Күнім кетсе не болар ісім менің?!

«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.


8-оқушы Мұратқали:

Тілім менің тірлігім мол мұрамсың,

Ата рухын жаныма қондырасын.

Өзіңменен таныдым тарихымды,

Кемелденген өзіңмен толды жасым.


9-оқушы Әли:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


10-оқушыТоқтар:

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін

ІІ. Негізгі бөлім


25 мин

Құрметті ата-аналар, оқушылар сайысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Оқушылармен ата-аналар саны көп болғандықтан біз 3 топқа бөлінеміз.

Мен әрқайсыңызға мына конверттерді беремін. Конвертте тудың элементтері жасырылған. Тудың түсі – 1 топ, оюлар – 2 топ, Күн мен Қыран – 3 топ.

Жігітке ақыл,білім жарасады

Нағыз ер халқыменен санасады

Сайысқа бар күшімді саламын деп

Ата-аналар, оқушылар таласады. – дей отыра сайысымызды бастаймыз.

Олай болса, сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру (Ту элементтеріне байланыстыра отырып топты таныстыру)

  2. Мақал-мәтел жарысы

  3. Көрініс көрсету

  4. Шығармашылық жұмыс (сурет салу)

  5. Қорытынды сұрақтар (Тәрбие сағатында айтылған мәліметтер бойынша, мақал-мәтелдер бойынша сұрақтар қойылады.)


Келді міне бүгін бізді сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Осы ортада көрсеткен өнерімізге

Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.


1-кезең. Таныстыру

Бәйге жарыс деген соң жарысайық

Мәреде бәріміз де табысайық

Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін

Алдымен топтарменен танысайық.


Қолдарыңыздағы тудың элементтеріне байланыстырып топтарыңызды таныстыруларыңыз қажет.

1-топ: «Ашық аспан» тобы

2-топ: «Оюлар» тобы

3-топ: «Күн астындағы қыран» тобы


2-кезең. Мақал-мәтелдер

Шебер болсақ, тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал-мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық,- деп кезекті мақал –мәтел айту,яғни оны жалғастыру,мақалдың мәнін ашу сайысына кезек берейік.


Бұл кезеңде әр топ тақтадағы ұяшықтарды таңдай отырып, ондағы тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар:

мақалдарды жалғастыру

мақалдардың мәнін ашу


Ұяшықтар саны: 9

1-ұяшық

Сөз қадірін білмеген

Өз қадірін білмейді.


2-ұяшық

Ауыз көркі — тіл,

Тілдің көркі — сөз .


3-ұяшық

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады .


4-ұяшық

Таяқ еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.


5-ұяшық

Сойылдың жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес.


6-ұяшық

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды .


7-ұяшық


Жылы киім тән жылытар,

Жылы сөз жан жылытар


8-ұяшық

Ішімдегінің бәрі тілімде,

Тілімдегінің бәрі түрімде .


9-ұяшық

Ауыр істің салмағы білекке түсер,

Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.


Әр топ 3 мақалдан талдайды. Ұпай сандары мақалдың мәнін толық ашқаны үшін қойылады.


3-кезең. Көрініс

Әр топқа бір көрініс беріледі. Аз уақыт ішінде дайындалып, көріністі бейнелеу қажет. Көрініс мазмұны орынды, тауып сөйлеген шешендеріміз туралы болмақ.


1-көрініс. Қонақ неше түрлі болады?

Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып:

– Е, Бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? — депті.

– Е, шырағым, сұра! — депті Бөлен.

– Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп «мынау тағы келе жатыр ма?» – дейді. Бұл неткені? – депті Асау.

– Ол келіннің ырысы кеткені,– дейді Бөлен.

– Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. «Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?»— дейді. Бұл неткені?

— Ол балалардан ерік кеткені.

— Бөле! «Қонақ-қонсы» дейді қазақ. Қонақ деген кім, қонсы деген кім?

— Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақыртумен келемін. Қонсы деген мыналар, – деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне пәлен келіпті, барып амандасайық деп келеді олар.

– Ал, Бөле! Қонақ неше түрлі болады?

– Қонақ төрт түрлі болады:

Арнайы қонақ,

Құдайы қонақ,

Қыдырма қонақ

Қылғыма қонақ.

Сұрақ қою кезегі Бөленге келеді. Сонда ол Асаудан:

— Жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды.

— Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын,— дейді Асау:

Қайын жұрты — міншіл,

Өз жұрты — күншіл,

Нағашы жұрты — сыншыл.

Сонда Бөлен:

— Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол – елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді- ау! – депті.


2-көрініс. Алыста - не алыс!

Байдалы шешен әбден қартайып үйінде төсек тартып жатыр дегенді естіп Мұса деген жігіт іздеп келіпті. Сөйтсе Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөн сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.

— Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!, — дей беріпті.

Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.

— Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? — депті Байдалы.

— Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін дағы, — депті Мұса.

— Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! — дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:

— Алыста не алыс?

Жақында не жақын?

Тәтті де не тәтті? — дейді.

Мұса ойланып отырып:

— Жер мен көктің арасы алыс,

Кісіге туыс жақын,

Бала тәтті, депті.

Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:

— Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті нәрсе жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті нәрсе жоқ. Жақында — ажал жақын, — депті.


3-көрініс. Асусыз тауға кез болдым

Кезінде Қарқаралыда билік жүргізген Мерке деген адам болған. Ол туралы көп әңгіме естіген Байдалы шешен бірде Меркеге сәлем айтып, бір кісі жіберіпті. Сәлемінде: «Аты аталған адамды білерлік адам деп естимін. Мен төрт түрлі дертке ұшырап қалдым, бұған ем тауып берері бар ма екен, біліп келші», — депті. Жіберген адам барса, Мерке алқа-қотан жиналған топтың ортасында отыр екен, Тапсырған жұмысын айтқаннан кейін, Мерке аз уақыт ойланып: «Есіл, Байдекем-ай! Өлшеуден асқан жасы құрғырдың керегі жоқ екен-ау, бұл кісі де мұндай күйге ұшырап қалған екен!» — деп ренжиді. Отырған көп: «Бұл қалай, Байдекең төрт ауыз жұмбақ айтқан сияқты, біз түсінгеніміз жоқ. Өзіңіз түсініп ренжіген боларсыз. Көпшіліктің естуі лайық емес пе!» — депті. Сонда Мерке отырып:

— Байдекеңнің айтып отырғаны аса қиын сөз емес, жай ғана өзінің басындағы халі екен. Айтып жіберген сөздері мынау: «Асусыз тауға кез болдым, өткелсіз суға кез болдым, жоқты жаяу көп қарай беретін болдым, аяусыз жаудың қолына кез болдым», — дейді. Мұның үшеуі — асусыз тауға кез болғаны — тізесі сарбуын болып, аяғы жүруге келмейді екен. Өткелсіз суға кез болғаны көзін жас алды дегені — тәрбиелеп, қасында отыратын бәйбішесі жоқ, шақшасын қарбалақтап көп іздеп, зорға тауып алып отырады екен. Аяусыз жаудың қолына кез болдым дегені — келін баланың қолында отыр екен.— Мен дертінің біреуіне ғана дауа айтам. Басқасын өлшеуден асқан жасынан көрсін. Қалта істетіп алса, жоқты жаяу қарай беруден құтылады, — депті



ІІІ. Қорытынды бөлім


10 мин

4-кезең. Шығармашылық жұмыс.Сурет салу

Тіл мерекесіне арнап әр топ газет жұмысын орындау керек. Яғни, газетте тіл мерекесіне байланысты сурет, тіл туралы 1 нақыл сөз және құттықтау тілек болуы қажет.


Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын ақын

Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын

Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!

Екеуінің саясында өсеміз,

Халық пен тіл-жасай берер қос емен,

Саясында көгереді көсегең.

Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.

Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тілім мені? - тірлігімні? ай?а?ы" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Ар?ынбек ?сем Сабыржан?ызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245338


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства