kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ою-өрнек және оның түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ою-өрнек жәе оның түрлері туралы мағлұмат алып, оюдың бейнесін бейнелеуге машықтанады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ою-өрнек және оның түрлері»

30 Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Бекітемін»

Мектеп директоры:

___ Ә. Мелдебек

25.04.2018 ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп: І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 25.04.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Абдикова М.Т.

Сынып: 3 «А», «Ә»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ою-өрнек және оның түрлері.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Оюдың күнделікті өмірде қолданылуын түсінеді, оюдың бейнесін жобалап бейнелей алды.

Оқушылардың көпшілігі: Ою-өрнек туралы білді, оюдың күнделікті өмірде қолданылуын түсінеді, оюдың бейнесін нақышына келтіріп бейнелеуге машықтанады.

Кейбір оқушылар: Ою-өрнек туралы білді, оюдың күнделікті өмірде қолданылуын түсінеді, ою-өрнектерлің түрлерін ажырата аладыоюдың бейнесін нақышына келтіріп бейнелеуге машықтанады.

Бағалау критерийлері

  • Ою-өрнек туралы білді;

  • Оюдың күнделікті өмірде қолданылуын түсінеді;

  • Ою-өрнектерлің түрлерін ажырата алады;

  • Оюдың бейнесін нақышына келтіріп бейнелей алды;


Тілдік мақсаттар


Ою-өрнек, орнамент

Оқушылар орындай алады:

Түрлі шығармалардың ішінен оригамиді ажырата алады.

Пәндік тіл және терминология:

Оригами. Мозаика, аппликация

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

Ұсынылған суреттерді зерделеңдер.

Ойыншық қандай қызмет атақарады ?

Олар қандай материалдан жасалған ?

Құндылықтарды дарыту

Өзгенің пікірін тыңдап, сөзін бөлмей, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану, тарих, математика

АКТ қолдану дағдылары

Проектор, ноудбук пен слайдтар, бейнетаспа көрсетіледі.

Бастапқы білім

Қазақ халқының қолөнері.

С а б а қ б а р ы с ы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут



6 минут

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесіп, құралдарын дайындату.

Түрлі-түсті гүлдер арқылы топқа бөлінеді.

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында мошақ тізу әдісін орындауға нұсқау жасайды. Орындалу ережесімен таныстырып, әр топқа конверттерді таратады.


Моншақ тізу







Әр топқа таратылған түрлі-түсті конверттердің ішіндегі араласып жатқан түрлі-түсті бейнелеу өнері туындыларының суреттерін біртіндеп жіпке іліп, араласып жатқан кеспе қағаздардың ішінен суреттердің анықтамасын тауып суретті іліп, сосын анықтамасын қасына ілу арқылы бес суреттің анықтамаларын қасына тізіп балалар кезек-кезек қорғады.


Дескриптор:

-сұрақты мұқият тыңдайды;

-Сұраққа дұрыс жауап береді;



Түрлі-түсті суреттер

Жіп

акциалар

Жаңа сабақ

4 минут



















































Шығармашылық

жұмыс

24 минут

Мозаика құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

-Құрастырылған суретте ненің бейнесі бейнеленген?

-Бұл бұйымдарды немен безендірген?

-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз қалай аталады екен?

-Ою-өрнек және оның түрлері.

Балалар сурет қиынды-ларын құрастырып бүгінгі жаңа тақырыпты анықтады.

-Кілемнің, әшекей бұйым, қоржын, торсықтың суретін құрастырады.

-Бұл бұйымдарды оюмен безендірген.

-Ою-өрнек.

Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
(Ә. Қастеев).

Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің сала - саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою - өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.
Қазақтың ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады. 

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім - кешек, құрал - саймандарын, қару - жарақтарын ою - өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт - дәстүрді, ою - өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.
Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп - біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.
- Кімде - кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармай.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі - дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:
- Жойылсын, Жою хан! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң - құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.
- Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр.
Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады. - Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
- О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел - жұрты қайта хан көтереді.
Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған.

Бұл аңыздан ою - өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.
Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс - дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – ол қолданбалы өрнек өнері.
Қазірде ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою - өрнекті төрт топқа бөледі: 1. Зооморфты 2. Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

«Құс», «түйе табан», «итқұйрық» ою - өрнектері кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ», «қырмызы гүл», т. б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай - ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.
Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық. Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.
Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз - шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер.

Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек. Симметрия дегеніміз - ою өрнектің екі жағының тең болуы. Ою - өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны - ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою - өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады.

Бүгінгі жаңа тақырып бойынша тапсырманы сиқырлы сандықшадан әр топтың топ басшылары алады. Сиқырлы сандықша төрт топқа төрт түрлі тапсырма кеспе қағаздарға жазылған. 1-топ өсімдік тектес ою, 2-топ ғарыш тектес ою, 3-топ жануар тектес ою бейнесін нақышына келтіріп бейнелеу тапсырылады.

Жеке жұмыс барысында сақталуы тиіс критериймен таныстырады.

-дұрыс үйлестіру

-композициялық шешімін анықтау

-тепе-теңдікті сақтау

-түстік үйлесімділігін табу

Сарамандық жұмыс бойынша тапсырманы әр топ басшысы сиқырлы сандықшадан кеспе қағазды алып оқып, топ болып, өздеріне түскен ою түрінің бейнесін нақышына келтіріп орындайды.

Критерийлер:

-тепе-теңдікті сақтау

-дұрыс үйлестіреді

-композициялық шешімі анықтайды

-түстік үйлесімділігін ескереді

Дескриптор:

  • Ою-өрнек туралы білді;

  • Оюдың күнделікті өмірде қолданылуын түсінеді;

  • Ою-өрнектерлің түрлерін ажырата алады;

  • Оюдың бейнесін нақышына келтіріп бейнелей алды;






http://bilimdiler.kz/suret_sizu/21731-buyymdarga-koldanylatyn-oyu-ornek-turleri.html




https://yandex.kz/images/search?text=ою-өрнек%20және%20оның%20түрлері%203-сынып%20бейнелеу%20өнері&img_url=https%3A%2F%2Fds04.infourok.ru%2Fuploads%2Fex%2F09f0%2F00026767-22ffa6c6%2Fhello_html_1d64184e.jpg&pos=21&rpt=simage&lr=162







Сабақты пысықтау

  1. минут














Үйге тапсырма


Жұмыстарынан галереяға көрме жасауға нұсқау жасайды.

Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында «жауапқа сұрақ» әдісі қолданылады.

Балалар кеспе қағаз алып ондағы жауапты оқып, сол жауапқа сәйке сұрақтар қойып орындайды.












Ою-өрнектерді көркем бейнелеу.

Шығармашылық жұмыстары.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қабілетіне қарай таңдай алады. Берілген картиналар бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап беру барысында қалыптастырушы бағалауда күлекештер қолданылады. Жеке жұмыстарының орындау реті бойынша бағаланады.

Құралдар және материялдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Жеткізбесе, неліктен?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ою-өрнек және оның түрлері

Автор: Абдикова Махфуза Темирхановна

Дата: 10.05.2018

Номер свидетельства: 469060

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Компьютерлік графика ж?не оны? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(44) "komp-iutierlik-ghrafika-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "295764"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455873662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Саба?ты? та?ырыбы: «Компьютерлік графика ж?не оны? т?рлері»"
    ["seo_title"] => string(64) "sabak-tyn-tak-yryby-komp-iutierlik-ghrafika-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "316760"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460173571"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ашы? саба?  "Жер т?семі ж?не оны? т?рлері""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakzhiertosiemizhnieonynturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "295035"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455775813"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Конспект урока по казахскому языку на тему: "М?тін ж?не оны? т?рлері". "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-na-tiemu-m-tin-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "127961"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415390159"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Буын ж?не оны? т?рлері.Ашы? саба?."
    ["seo_title"] => string(31) "buynzhnieonynturlieriashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "304041"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457634340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства