kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Буын ж?не оны? т?рлері.Ашы? саба?.

Нажмите, чтобы узнать подробности


Буын ж?не оны? т?рлері
Саба?ты? та?ырыбы: Буын ж?не оны? т?рлері
Саба?ты? ма?саты: Білімділік – о?ушылар?а жа?а саба? жайлы т?сінік беру, с?зді? буынын таба білуге, ?з беттерімен ж?мыс істеуге ?йрету.
Дамытушылы? – теориялы? білімді практика ж?зінде пайдалану?а да?дыландыру, тап?ырлы??а, шебер с?йлеуге, тілдік ?орларын дамыту?а баулу.
Т?рбиелік – бір - біріне к?мектесуге, ?жымды??а т?рбиелеу ж?не тілін с?юге ?йрету.
Саба?ты? т?рі: аралас
Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра? - жауап, тапсырмалар, баяндау
Саба?ты? к?рнекілігі: кесте, сызбалар, ?лестірме ?ималар, ребустар
Саба?ты? барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і
А) о?ушылармен амандасу
?) о?ушыларды т?гендеу
Б) о?ушыларды психологиялы? дайындау
2. ?й тапсырмасын тексеру
А) о?ушыларды? жазба ж?мыстарын тексеру
?) ауызша ?ткен саба?тар бойынша ережелерді с?рау
3. Жа?а саба?ты т?сіндіру
Буын
Буын дегеніміз – с?з ??рамында?ы бір немесе бірнеше дыбыстарды? тобынан жасал?ан фонетикалы? б?лшек.
Мысалы: ба - ла - лар мек - теп - ке кел - ді
Т?рлері
Ашы? буын – жал?ыз дауыстыдан ??рал?ан немесе дауыссыздан басталып, дауысты?а ая?тал?ан буынды.
Т?йы? буын – дауыстыдан дауыссыз?а ая?тал?ан буынды атаймыз.
Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссыз?а ая?тал?ан (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды атаймыз.
Балалар, енді кестеден т?сінгендері?ді та?тада?ы мысалдар ар?ылы дамытып к?рейік.
1. А - ?а, а - дам, а - та, ?а - ла, ба - ла т. б
2. Ат, аз, а?, ?рт, ?л, ант, ас, т. б.
3. Тал, т?рт, бар, жаз, кел, ?арт, т. б.
Енді, о?ушылар ?ш топ болып, бірнеше жатты?улар мен тапсырмаларды орындап к?рейік.
4. Ма?ынаны ажырату. (кітаппен ж?мыс)
1 - топ
298 - жатты?у. 1. ?ле?ді о?ып, неше жетім т?рі айтыл?анын ж?не оларды? себептерін айты?дар.
2. ?рбір с?з неше буыннан т?ратынын аны?тап, оларды буын т?рлеріне б?ліп жазы?дар.
3. С?зді? т?бірі, буынны? ?ай т?ріне жататынын айты?дар.
2 - топ
299 - жатты?у. 1. М?тінні? та?ырыбы ?нер жайлы ??гімеле?дер.
2. М?тінні? кейіпкері – ?л - Фараби туралы не білетіндері?ді, ?аза?станда ?л - Фараби ?алай ??рметтелетіні ж?не оны? себептері туралы айтып к?рі?дер.
3. М?тіннен буын жігі ауыс?ан с?здерді табы?дар.
3 - топ.
300 - жатты?у. 1. М?тіндегі ?ла?атты с?здерді? м?нін т?сініп о?ы?дар.
2. ?р с?зді? ??рамында?ы буындарды? т?рлерін ажыраты?дар.
3. Осы ?ла?атты с?здерді? біреуін эпиграф етіп алып, сол м?селе туралы ?з ойлары?ды жазы?дар.
5. Ой сергіту с?ті
Б?л тапсырма ?ш топ?а да арналады.
Т?мендегі ?ріптерге бірнеше с?здер ??рап, сол с?здердегі буын санын ж?не т?рлерін аны?та?дар.
1 - топ
А
С
Т
2 - топ
Ш
?
Н
3 - топ
?
М
Е
6. Ойлан, тап!
Б?л тапсырмада ?р топ ?здері ма?ал - м?тел, ж?мба?, на?ыл с?з ойлап тауып, буын?а б?ліп жазу керек.
Мысалы: Бі - лім - ді - лік - ті? е? бас - ты фак - то - ры ту - ?ан ті - лін - де с?й - леу мен о - ны сый - лау - дан бас - та - ла - ды. (Г. Гегель)
7. Жатты?у талдау
1 – топ
301 - жатты?у. 1. Т?сініп о?ы?дар
2. ?алым - жазушы М. ?уезовті? пікірін ?алай т?сінгендері?ді ??гімеле?дер
3. М?тіннен бас?а тілден енген с?здерді табы?дар.
2 - топ
302 - жатты?у. 1. М?тінді м?нерлеп о?ып, мазм?нын т?сіндірі?дер.
2. м?тіндегі ?здері? ?ала?ан 3 с?зді буын?а б?ліп жазы?дар ж?не оларды буын т?рлеріне ажыратып айты?дар.
3. к?белекті?, тиінні?, ??мырс?аларды? ?андай ерекшеліктерін бай?ады?дар.
3 - топ
303 - жатты?у. 1. М?тінді о?ып, т?сінгендері?ді ??гімеле?дер.
2. м?тіннен аралас буынды с?здерді тауып, жазып, буын т?рлеріне ажыраты?дар.
3. М?тіндегі барлы? с?зді? тек т?бірін жазы?дар, негізгі т?бір мен туынды т?бірлерді? айырмашылы?ын ата?дар.
Саба?ты бекіту.
Мы?ты болса?, шешіп к?р.
?р топ?а жеке ребустар беріледі, сол ребустарда с?з жасырыл?ан. Сол с?зді тауып, буын саны мен т?ріне ?арай ажыратып берулері? тиіс.
Саба?ты ?орытындылау. ?р о?ушы?а ?лестірмелі ?има ?а?аздары таратылып, сол тапсырмаларды орындау барысында о?ушыларды? жа?а саба?тан т?йгендерін ?орыту.

?йге тапсырма:
1. 304, 305 - жатты?уларды орындау
2. Буын т?рлеріне мысал с?здерден криптограмма ??рып келу
Ба?алау. О?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?тарын, белсенділіктерін ескере отырып, ба?алаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Буын ж?не оны? т?рлері.Ашы? саба?.»


Буын және оның түрлері


Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларға жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық – теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға дағдыландыру, тапқырлыққа, шебер сөйлеуге, тілдік қорларын дамытуға баулу.
Тәрбиелік – бір - біріне көмектесуге, ұжымдыққа тәрбиелеу және тілін сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тапсырмалар, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірме қималар, ребустар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқушыларды психологиялық дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру
А) оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру
Ә) ауызша өткен сабақтар бойынша ережелерді сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Буын
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Мысалы: ба - ла - лар мек - теп - ке кел - ді
Түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды.
Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз.
Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды атаймыз.
Балалар, енді кестеден түсінгендеріңді тақтадағы мысалдар арқылы дамытып көрейік.
1. А - ға, а - дам, а - та, қа - ла, ба - ла т. б
2. Ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, ас, т. б.
3. Тал, төрт, бар, жаз, кел, қарт, т. б.
Енді, оқушылар үш топ болып, бірнеше жаттығулар мен тапсырмаларды орындап көрейік.

4. Мағынаны ажырату. (кітаппен жұмыс)
1 - топ
298 - жаттығу. 1. Өлеңді оқып, неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.
2. Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түрлеріне бөліп жазыңдар.
3. Сөздің түбірі, буынның қай түріне жататынын айтыңдар.
2 - топ
299 - жаттығу. 1. Мәтіннің тақырыбы өнер жайлы әңгімелеңдер.
2. Мәтіннің кейіпкері – Әл - Фараби туралы не білетіндеріңді, Қазақстанда Әл - Фараби қалай құрметтелетіні және оның себептері туралы айтып көріңдер.
3. Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табыңдар.
3 - топ.
300 - жаттығу. 1. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
2. Әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.
3. Осы ұлағатты сөздердің біреуін эпиграф етіп алып, сол мәселе туралы өз ойларыңды жазыңдар.

5. Ой сергіту сәті
Бұл тапсырма үш топқа да арналады.
Төмендегі әріптерге бірнеше сөздер құрап, сол сөздердегі буын санын және түрлерін анықтаңдар.
1 - топ
А
С
Т
2 - топ
Ш
Ә
Н
3 - топ
Қ
М
Е

6. Ойлан, тап!
Бұл тапсырмада әр топ өздері мақал - мәтел, жұмбақ, нақыл сөз ойлап тауып, буынға бөліп жазу керек.
Мысалы: Бі - лім - ді - лік - тің ең бас - ты фак - то - ры ту - ған ті - лін - де сөй - леу мен о - ны сый - лау - дан бас - та - ла - ды. (Г. Гегель)

7. Жаттығу талдау
1 – топ
301 - жаттығу. 1. Түсініп оқыңдар
2. Ғалым - жазушы М. Әуезовтің пікірін қалай түсінгендеріңді әңгімелеңдер
3. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табыңдар.
2 - топ
302 - жаттығу. 1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
2. мәтіндегі өздерің қалаған 3 сөзді буынға бөліп жазыңдар және оларды буын түрлеріне ажыратып айтыңдар.
3. көбелектің, тиіннің, құмырсқалардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар.
3 - топ
303 - жаттығу. 1. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді әңгімелеңдер.
2. мәтіннен аралас буынды сөздерді тауып, жазып, буын түрлеріне ажыратыңдар.
3. Мәтіндегі барлық сөздің тек түбірін жазыңдар, негізгі түбір мен туынды түбірлердің айырмашылығын атаңдар.

Сабақты бекіту.
Мықты болсаң, шешіп көр.
Әр топқа жеке ребустар беріледі, сол ребустарда сөз жасырылған. Сол сөзді тауып, буын саны мен түріне қарай ажыратып берулерің тиіс.
Сабақты қорытындылау. Әр оқушыға үлестірмелі қима қағаздары таратылып, сол тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жаңа сабақтан түйгендерін қорыту.

Үйге тапсырма:
1. 304, 305 - жаттығуларды орындау
2. Буын түрлеріне мысал сөздерден криптограмма құрып келу
Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін ескере отырып, бағалаймын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Буын ж?не оны? т?рлері.Ашы? саба?.

Автор: Жоламанова Гулниса Жоламановна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 304041


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства