Білімділік мақсаты: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой – өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық салт – дәстүрімізді сүюге, құрметтеуге баулу. Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.
ΙΙ. Өткен сабақты пысықтау. «Ой қозғау» стратегиясы.
Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақтарға жауап беру.
1. Сәндік - қолданбалы өнер дегеніміз не?
(Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды әрі көркем түрде өндірісте немесе қолмен бұйымдар жасау.)
2. Сәндік – қолданбалы өнердің қандай түрлері бар?
(керамика (терракота, майолика, фаянс, фарфор); шыны (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозаикалар); көркем оймыш (ағаш, тас, сүйек, пластмасса); металдан жасалған көркем бұйымдар (зергерлік бұйымдар, жарық беретін құралдар, жиһаздар); тоқыма материалдары (сәндік металдар, кілемдер); ойыншықтар;)
3. Сәндік - қолданбалы өнерді әзірлеу үшін қандай материалды қолданады?
(Ағаш, сүйек, тас, шыны, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн, мақта, балшық, т.б)
а) Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды топқа бөлу.
- Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызды топқа бөлініп өткіземіз.
І – топ: «Ақ ала орда» ІІ – топ: «Ақ үй»
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
ΙV Оқулықпен жұмыс. 77 бет. «Киіз үй»
ә) Киіз үй – қазақ халқының өткені мен бүгінін бір – біріне жалғап тұратын асыл мұраларымыздың бірі екеніне тоқтала әңгімелеу. Слайд арқылы түсіндіру, көрсету.
б) Ал енді балалар киіз үйдің сыртқы көрінісін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз. Киіз үйдің пішіні шеңбер тәріздес, төбесі күмбез тәріздес екеніне назар аударамыз. Киіз үйді сипаттай отырып, суретін салу тапсырылады.
Керегең кең болсын: Босағаң берік болсын: Ән көңілдің ажары:
Шаңырағың биік болсын: Уығың қисаймасын: Киіз үйдің суретін салу:
V. Шығармашылық жұмыс.
Жұмыс дәптеріне ережелерді сақтай отырып, суретті ретімен орындату.
VІ.Сергіту кезеңі:«Шіркін сурет сабағы» өлең.
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймыз,
Туып өскен даланы,
Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу сарғалдақ,
Жасыл бояу жайлауым,
Іздеп барар арманым.
VІΙ. Оқушы жұмыстарына жеке шолу жасап, жіберілген қателіктеріне ескерту жасаймын.
VΙІΙ. Қорыту:
«Ой толғау» стратегиясы
Білімді бағалау сұрақтары.
1.Киіз үйді кімдер пайдаланған?
(Киіз үй –көшпелілердің баспанасы)
2. Киіз үйдің қаңқасын ата?
(Кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық)
3. Шаңырақ дегеніміз не?
(Шаңырақ– киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.)
4. Шаңырақ мемлекеттік қай рәмізде бейнеленген?
(Елтаңба)
5. Киіз үйдің есігі қалай аталған?
(Сықырлауық)
ΙХ. Оқушы жұмыстарын бағалау.
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалардың суретін тақтаға іліп «Киіз үйлер» атты көрмені ұйымдастырып, бағалау.
X. Үйге тапсырма.Киіз үйді және оның ішкі көріністерін бейнеле