kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

  ?лтты? киімдерге байланысты салт-д?ст?рлер мен ырымдар

Абдуллаева Ж.Д.– Рес. Казахстан г.Шымкент ЧГПИ магистр-преподаватель кафедры «Педагогика»

Баскиімдер бойынша

   Тыма?. Ол ?асиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, ая? тигізбейді. ?аза?та шала ту?ан баланы тыма??а салып асырайтын д?ст?р бар. Біреуге бас ?р?анда да ая?ына тыма?ын тастайды. Тыма? тастап кешірім с?рау бітімге ша?ыруды? е? ?лкен белгісі.

Баскиімге ?ауырсын та?у

 «Алтын Адамны?» баскиіміне де т?рт алтын ?ауырсын ілінген. Там?алы таста?ы суреттерде де ?ауырсынды баскиім киіп, малдас ??рып отыр?ан адам бейнеленген. Баскиімге ?ауырсын та?у к?п халы?та бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамны? рухты? болмысыны? аспан ?лемімен байланыста екендігін танытады. Жаулы?. О?ан ?атысты арнайы за? жолы, салт бар. «Жеті жар?ы» бойынша ?ылмысты?, б?за?ылы? істе ол ?шін кімге, кімні? ??н т?ленетініні? орнына «сары жаулы?» ж?рген. Б?л жаулы? ??н т?леуге келіскендікті білдіреді. К?йеуі ?лген ?йел ?зіні? ?аралы екендігін таныту ?шін бір жыл бойы сары жаулы?ты та?ып ж?ретін бол?ан.

    Баскиімге ?атысты тыйымдар

    Баскиімді іліп ?ояды, кез – келген жерге тастай салмайды, асты?а басып отырмайды. Олай жасаса, бастан ба? таяды. Ер адам ?йелді? жаулы?ын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. ?ыз бала басына а?, ?ара орамал тартпау?а тиісті. А? – жаулы?ты?, ?ара – ?ай?ыны? белгісі. Жала?бас отырып бала емізбейді, ас – су ?зірлемейді. Баскиімні? т?бесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлы??а киілмеген, жа?а баскиім алып беруге болады.

Сырт киімдер бойынша

Ішік. ?аза? салты бойынша, ?ас?ыр ішікті жиырма беске толма?ан жастар кимеуге тиіс. ?йткені ?ас?ыр ішік жас адамны? жалыны мен тері ?ызуын т?мшалап, оны ауру?а ?шыратуы м?мкін. Екі адам боранда адасып кетіп, ?ас?ыр ішікті аман ?алып, ?асында?ы адам ?сіп ?лсе, оны? ту?ан – туыстары аман ?ал?ан адамнан ??н даулау?а ???ылы. Себебі, бір ?ас?ыр ішік екі адмды суы?тан ?ор?ап ?ала алады. М?ны? б?рі дала за?ында бекітілген т?ртіп. Ішік ?аза?та сый – сияпат, киіт орнына ж?рген.

     Шапан. ?аза?тар оны «жа?алы киім» ретінде ба?алайды. Адам?а «шапан кигізу», «иы?ына шапан жабу» – ?лкен ??рмет. Б?рындары хандар батыр, би, жа?сы – жайса?дарына д?реже бергенде соны? белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды оларды? иы?ына жап?ан, т?рлі мемлекеттік ?атынас-тарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін бол?ан. ?аза?та ат мінгізіп, шапан жабу д?ст?рі ?азірде бар. Ханны? ?зі киген шапанын сый?а алу – ?аза? хал?ында ?лкен м?ртебе.

      Жейде. ?за? жаса?ан, хал?ына ?те ?адірлі бол?ан, ба?ытты т?рмыс ??р?ан ?арияларды? жолын берсін деп, оларды? жейде – к?йлегін с?рап алып, ырымдап киген. М?ндай киім ?те тозы??ы болса, оны ал?ысы келгендер к?бейіп кетсе, ?лгі киімді б?зып, кішкентай беторамал к?лемінде т?б?рік деп б?ліп ал?ан. ?ариялар б?рындары к?п бала тап?ан ?йелдерді? б?ткиімін бала к?термеген ?йелдерді? с?рап, ?алап ал?анын да айтады. ?йел босанарда тол?а?ы же?іл болсын деп к?йлегіні? шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын к?рінеді. Шалбар. ?аза?тар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды со?ыс кезінде ?ана т?рып киген. ?л тап?ысы келген ?йелді? еркектерді? ?ару – жара?тарын, шалбарын басына жастап жататын, ?ыз тап?ысы келген ?йелді? ?ызыл ала шыт, ?йелді? ж?зігін, сыр?а, ал?а т?різді ?шекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жат?ан наным – сенім.

                   Сырт киімдерге ?атысты ырымдар мен тыйымдар

Баланы бесікке сал?анда бесікті? ?стіне жеті т?рлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімні? жа?асын баспайды. Ол жаманды? ша?ыру. Киімді бисмилла деп о? ?олдан, о? ая?тан бастап киеді, сол ая?тан, сол ?олдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылу?а болмайды. ?йткені аруа?тар ?ана (м?рделер) же?сіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып ?йге кіреді, екі ?олы жо? адам да киімді желбегей жамылады. Тозба?ан киімді тастау да – жаман ырым.

Неке киімдеріне ?атысты салт – д?ст?р

С?укеле. Оны ?ыз ?затыларда ?кесіні? ?йінде, о? жа?та?ы ?кілі та?иясыны? орнына кигізеді. Келін болып т?скеннен кейін с?укелені шешіп алып ?ояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып ж?реді.
         Орамал. ?затыл?ан ?ыз ?зіне таяу сі?ілісіне басына тартатын орамалын береді. Б?л «ендігі кезек сенікі, ба?ыты?ды тап» деген тілек. М?ны «шар?ы салу» деп атайды.

                            Той киіміне ?атысты ырымдар мен тыйымдар.

Жа?а т?скен келінні? бетін тобыл?ы сапты ?амшыны? басына ?ызыл тор?ын орамал байлап ашатын д?ст?р бар. Б?л – «келінні? беті айдай жары? болсын, жемісті а?аштай ?рпа?ы к?п болсын» деген ырым. К?йеу жігіт ?алы?ды?ын алып бара жат?анда оны? етегінен басып, шапанын алып ?а-лады. Б?л к?йеу бала киімін жа?аласын, ?мірі ажарлансын деген ??рып. Жа?а т?скен келін киімін тектен-текке ?ыс?арта беруге тиісті емес. Олай жасаса, н?рестесіні? кем болып тууы м?мкін.

        С?билер киімдеріне ?атысты ырымдар мен тыйымдар

  Бойына бала бітпеген ?йел баланы? итк?йлегін ?алап алады. Итк?йлекті ая? асты, дала?а тастамай, ?астерлеп са?тайды, кім к?рінгенге бермейді. Оны? сыры, ?аза?тар итк?йлек баланы? ба?ытын са?тайды, с?биді? ба?ыты итк?йлек киген к?ннен басталады деп сенеді.

    Ая? киім бойынша Кебіс. Ол «табанды? киім». Даладан ?йге кірген адам ?алыптас?ан ??рып бойынша кебісін шешіп, о? жа? боса?а?а ?атарластырып, т?мсы?ын от?а, сірі ?кшесін іргеге ?аратып ?ою?а тиісті.

Ая? киімге ?атысты ырымдар мен тыйымдар

Ая? киімді т??керіп ?оймайды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамны? жолы болмайды. ?аза? ая? киімні? табанына ?арамайды, егер табанына к?зі т?ссе ?ш м?рте т?кіргені ж?н. Себебі ая? киімні? баспайтын заты жо?. Ая? киімні? табанына ?ара?ан адамны? к?зіні? ?шынуы м?мкін. Жоры?та бас?а жастанатын ешн?рсе болма?анда етігін жастанып жатады. ?йткені, «Етік жол?а бастайды, шалбар (жастанса?) сор?а бастайды». С?? тиген баланы ?лтара?пен ?ш м?рте ?рып, ?шы?тайды. Жа?а ?лтара?ты ая? киімге сал?анда алды??ы жа?ыны? басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды.

Теріден жасалатын киімдер

Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жар?а?; Тайжа?ы; Та?ыр шалбар; Тон.
     Бас киімдер: Б?рік; ??ла?шын; Мала?ай; Та?ия; Тыма?.
     Ая? киімдер: Кебіс; М?сі; Мы?шима; Саптама етік; Шары? (Шо?ай); Шо??айма.

Ж?ннен жасалатын киімдер

Жаба?ы к?пі; Жада?ай шапан; Ж?н ?ол?ап; Ж?н ш?лы?; Мойынша; Т?йеж?н далба?ай; Т?йе ж?н кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.

                                        Киімге байланысты ырымдар

Жас ?ызды? басына а?, ?ара орамал тартпайды. А? – жаулы?ты?, ?ара – ?ай?ыны? белгісі.

     Жа?а т?скен келін киім-кешегін ?ыс?артса, н?рестесі кем туады немесе ол т?сік тастайды.

     Н?рестені? итк?йлегін дала?а тастамайды. Олай жасаса, с?биге сыр?ат ж??ады. С?биді? ба?ыты итк?йлегін кигеннен басталады.  Сы?ар ая? киім киген баланы? ?йелі ?ры болады.Киімні? т?ймесін ай?астырып салса, ?уанышты хабар келеді. Ілулі т?р?ан киімні? т?ймесін салмайды. Ая? киімді о? ая?тан бастап киеді, сол ая?тан шешеді. ?она??а келген с?биге к?гендік береді немесе киім алып береді.Шалбарды отырып, о? ая?тан киеді, сол ая?тан шешеді.Киім сатып ал?ан?а: «Киімі? к?йрек, жаны? берік болсын!» деген тілек айтады.

     Ая?киімді т??керіп ?ою?а, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамны? жолы болмайды.

    ?аза? ая?киімні? табанына ?арамайды. Оны? баспайтын жері жо?. Сонды?тан да был?аныштан к?з ?шынады.Жоры?та, алыс сапарда бас?а жастанатын еш н?рсе болмаса, етігін жастан?ан. Халы? нанымында: «Етік жол?а бастайды, шалбар (жастанса?) сор?а бастайды», ?лтара?ты етікке салмай т?рып, алды??ы, жол ба?ытына ?ара?ан басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.

      Екі?абат ?йел «?л табамын» десе, еркекті? ?ару-жара?ын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. ?ыз тап?ысы келсе – ?ызыл ала шыт, ?йелді? к?йлегін, ж?зік, сыр?а, ал?а т?різді ?шекейлерді жастан?ан.Шалбар мен етікті т?рып киюге болмайды. Со?ыс кезінде ?ана солай жасау?а болады.
?йел босанып жат?анда же?іл болсын деп, ?ызды? к?йлегіні? шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ?лды? шалбарыны? бала?ын тіліп ?ояды.Баскиімді кез келген жерге тастамайды, ая??а баспайды, асты?а басып отырмайды, ая??а кимейді. Олай жасаса, бастан ба? таяды, бас ауруына тап болады.Ер адам ?йелді? киімін кимейді, жаулы?ын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.

     Емшектегі баласы бар ?йел жала?бас бала емізбейді. Жала?бас отырса, шайтан ?айыз?а?ын с?биді? аузына салып жібереді.Баскиімді айырбаста-майды. Олай жасаса, басында?ы ба?ы кетеді. Бас киімін сату?а да болмайды.
     Б?тен адам?а баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлау?а да болмайды.?лтты? киімдерді? т?рлері Бас киімдерXIX ?асыр мен XX ?асырды? бас кезіндегі ?аза?ты? ?лтты? киімдеріне зерттеу ж?ргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдарды? бас киімдерін 6 топ?а б?леді. Олар мынандай:

1. Д??гелек, же?іл, ?зін сырып, кестелеп матадан тіккен ж?не ?алпа?, тыма? астынан киетін кішігірім баскиім – та?ия.

2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен к?мкерілген баскиім – т?бетей.
3. Киізден тігілген баскиім – ?алпа?.

4. ?алы? матадан тігілген башлы? (к?л?пара).

5. Тері ?аптал?ан жылы баскиім – б?рік.

6. А? терісінен жасалып, суы?та киетін баскиім – тыма?.

Пайдалан?ан ?дебиеттер

1.  З.Айдарова  ?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері, Алматы 2000 ж.

2.  ?. Болатбаев  Бейнелеу ?нері, Алматы 2001 ж.

3. Сабыр??л Асанова  « Сымбат»  ?аза?ты? ?лтты? киімдері, Алматы 1995 ж.

4. Жолдасова Б. Белдікті б?йымдарды конструкциялау мен моделдеу, Шымкент 2009ж.

5.  www.google.kz.

6. www.topreferat.kz.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні »

Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар


Абдуллаева Ж.Д.– Рес. Казахстан г.Шымкент ЧГПИ магистр-преподаватель кафедры «Педагогика»



Баскиімдер бойынша

Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Баскиімге қауырсын тағу

«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

Баскиімге қатысты тыйымдар

Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.

Сырт киімдер бойынша

Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.

Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынас-тарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.

Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.

Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым.

Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр

Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.
Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды.

Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қа-лады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін.

Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар

Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.

Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.

Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Аяқ киімді төңкеріп қоймайды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жорықта басқа жастанатын ешнәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды.

Теріден жасалатын киімдер

Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шоқай); Шоңқайма.

Жүннен жасалатын киімдер

Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.

Киімге байланысты ырымдар

Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.

Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.

Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады. Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.

Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.

Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.

Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.

Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.Баскиімді айырбаста-майды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім баскиім – тақия.

2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қалпақ.

4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).

5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.

6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.




Пайдаланған әдебиеттер


1. З.Айдарова Қазақ халқының ұлттық киімдері, Алматы 2000 ж.


2. Қ. Болатбаев Бейнелеу өнері, Алматы 2001 ж.


3. Сабырқұл Асанова « Сымбат» қазақтың ұлттық киімдері, Алматы 1995 ж.


4. Жолдасова Б. Белдікті бұйымдарды конструкциялау мен моделдеу, Шымкент 2009ж.


5. www.google.kz.


6. www.topreferat.kz.







4




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні

Автор: Абдуллаева Жазира Дайрабаевна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198412


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства