kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?ты? ?лтты? киімдері
Рухы?ды к?теріп, ізгілікке т?рбиелейді

Киізден жасалатын киімдер
1. Байпа?. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз ?алпа?. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жар?а?; Тайжа?ы; Та?ыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Б?рік; ??ла?шын; Мала?ай; Та?ия; Тыма?.
Ая? киімдер: Кебіс; М?сі; Мы?шима; Саптама етік; Шары? (Шо-?ай); Шо??айма.
Ж?ннен жасалатын киімдер
Жаба?ы к?пі; Жада?ай шапан; Ж?н ?ол?ап; Ж?н ш?лы?; Мойынша; Т?йеж?н далба?ай; Т?йе ж?н кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас ?ызды? басына а?, ?ара орамал тартпайды. А? – жаулы?ты?, ?ара – ?ай?ыны? белгісі.
Жа?а т?скен келін киім-кешегін ?ыс?артса, н?рестесі кем туады немесе ол т?сік тастайды.
Н?рестені? итк?йлегін дала?а тастамайды. Олай жасаса, с?биге сыр?ат ж??ады. С?биді? ба?ыты итк?йлегін кигеннен басталады.
Сы?ар ая? киім киген баланы? ?йелі ?ры болады.
Киімні? т?ймесін ай?астырып салса, ?уанышты хабар келеді. Ілулі т?р?ан киімні? т?ймесін салмайды.
Ая? киімді о? ая?тан бастап киеді, сол ая?тан шешеді.
?она??а келген с?биге к?гендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, о? ая?тан киеді, сол ая?тан шешеді.
Киім сатып ал?ан?а: «Киімі? к?й-рек, жаны? берік болсын!» деген тілек айтады.
Ая?киімді т??керіп ?ою?а, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамны? жолы болмайды.
?аза? ая?киімні? табанына ?ара-майды. Оны? баспайтын жері жо?. Сонды?тан да был?аныштан к?з ?шынады.
Жоры?та, алыс сапарда бас?а жастанатын еш н?рсе болмаса, етігін жастан?ан. Халы? нанымында: «Етік жол?а бастайды, шалбар (жастанса?) сор?а бастайды», ?лтара?ты етікке салмай т?рып, алды??ы, жол ба?ытына ?ара?ан басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екі?абат ?йел «?л табамын» десе, еркекті? ?ару-жара?ын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. ?ыз тап?ысы келсе – ?ызыл ала шыт, ?йелді? к?йлегін, ж?зік, сыр?а, ал?а т?різді ?шекейлерді жастан?ан.
Шалбар мен етікті т?рып киюге болмайды. Со?ыс кезінде ?ана солай жасау?а болады.
?йел босанып жат?анда же?іл болсын деп, ?ызды? к?йлегіні? шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ?лды? шалбарыны? бала?ын тіліп ?ояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, ая??а баспайды, асты?а басып отырмайды, ая??а кимейді. Олай жасаса, бастан ба? таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам ?йелді? киімін кимейді, жаулы?ын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар ?йел жа-ла?бас бала емізбейді. Жала?бас отырса, шайтан ?айыз?а?ын с?биді? аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басында?ы ба?ы кетеді. Бас киімін сату?а да болмайды.
Б?тен адам?а баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлау?а да болмайды.
?лтты? киімдерді? т?рлері Бас киімдерXIX ?асыр мен XX ?асырды? бас кезіндегі ?аза?ты? ?лтты? киімдеріне зерттеу ж?ргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдарды? бас киімдерін 6 топ?а б?леді. Олар мынандай:
1. Д??гелек, же?іл, ?зін сырып, кестелеп матадан тіккен ж?не ?алпа?, тыма? астынан киетін кішігірім бас- киім – та?ия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен к?мкерілген баскиім – т?бетей.
3. Киізден тігілген баскиім – ?ал-па?.
4. ?алы? матадан тігілген башлы? (к?л?пара).
5. Тері ?аптал?ан жылы баскиім – б?рік.
6. А? терісінен жасалып, суы?та киетін баскиім – тыма?.
Ерлерді? бас киімдері
Та?ия – ша?ын с?тен, ш??а, бар?ыт т?різді маталардан тігіледі. Ол зерлі, ?кілі, о?алы, сырма, шоша? т?бе, тікше, ?атипа т?різді бірнеше т?рге б?лінеді. ?ытайда?ы Шы?жан ?аза?тарыны? найман тайпасында?ы ?ызай руында «?ызай та?ия» бар.
?алпа? – а? киізден, ?алы? матадан жасалады. Ол биік т?белі болып келеді. ?ойды? а? ж?нінен, ?озыны? а? к?зем ж?нінен, ешкіні? а? т?бітін ?осып бас?ан шымыр киізден тігеді.
М?ра? – екі жа?ы ?ош?ар м?йізді, лауазымды адамдар киетін ?алпа?. Оны с?н – салтанат?а киеді.
Тыма? – а?ны?, малды? терісінен тігілген ?ыс?ы баскиімдерді? жылысы. Биік т?белі, ма?дайы, екі ??ла?ы бар, арт?ы етегі желке, жотаны жауып т?рады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тыма?ты? 15 т?рі туралы жаз?ан. Оларды? бізге жеткен кейбір т?рлері мынандай: жаба салма тыма?; ?айыр-ма тыма?; д??гелек т?белі тыма?; шоша? т?бе тыма?; жекей тыма?.
??ла?шын – ба?алы а? терілері мен б?зау, ??лын, ?озы – ла?ты? б?йра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. ?ыс?ы баскиім.
Мала?ай – а? терісі мен елтіріден арасына ж?н, ма?та салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде ?ыздар да суы??а киіп ж?р.
Б?рік. Оны ерлер мен бірге ?ыздар да киеді. Сырты ма?пал, п?ліш, бар-?ыт т?різді ?ымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне ?ымбат ба?алы а?, мал терісі ?сталатын б?рік-ті? жаз?ы, ?ыс?ы т?рлері бар. Т?бесі к?бінесе, т?рт сай немесе алты сай болады. ?ыздар киетін б?рік д??ге-лек т?белі конус т?різді биіктеу. Сал-серілер б?ріктеріне ?кі та??ан.
Жалба?ай, башлы?, далбай, к?л?пара. Б?лар ?азіргі кезде ?шы-распайды. Оларды тыма? т?різді етіп ?алы? не ж??а а? киізден тіккен. Бір-біріне ??сас баскиімдер. «К?л?» парсы тілінен аудар?анда баскиім деген ма?ына?а ие. Матадан астар салынып тігілетіні – к?л?пара, ?ыс?а киетін т?рі – жалба?ай. Жалба?айды тыма? сыртынан да киген. Т?йе ж?н далба?айды ертеде т?ріктер «башлы?» деп ата?ан.
?йелдерді? бас киімдері
?аза? ?йелдері жасы мен отбасы жа?дайына байланысты ?зіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-ды? жаз?ы, ?ыс?ы т?рлері болады. ?йелдерді? негізгі баскиімдері: бергек, б?рік, жаулы?, желек, жыр?а, кимешек, к?ндік, орамал, ?ар?ара, с?укеле, та?ия, ш?лі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Та?ия. Оны ?ымбат матадан тіккен. Б?л ерлер та?иясынан басты ерекшелігі. ?ыздарды? та?иясы міндетті т?рде ?стіндегі ?амзол?а, бешпентке с?йкес келуге тиісті. Етегі, жо?ары б?лігі алтын немесе к?міс паршамен оюланып, с?нді жіптермен та?ия?а зер т?гіледі. ?аза?ты? «?кі-дей ?лбіреген», «тотыдай таран?ан» деп ?ыздарды ?спеттеуі содан шы?-?ан т?різді.
?ыздар кепеші. ?абыр?асы биік, т?бесі д??гелек, ою-?рнектермен, мон-ша?, асыл тастармен безендірілген с?нді баскиім.
Сораба. Та?ия т?різдес. Артында салпынша?ы бар. ?ыздар тіл-к?зден аман болсын деп, олар?а ырымдап кигізеді.
Жыр?а. Асыл тастармен, а?ы? монша?пен к?мкерілген с?нді баскиім.
Б?рік. А? терісінен тігіледі, жиегіне ж?рын ж?ргізіледі. Ж?рындал?ан терісіне с?йкес б?рікті? мынандай т?рлері бар: алтай ?ызыл б?рік, ?ам-?а б?рік, ?аза?ы б?рік, ?ар?аралы б?рік, ??лын б?рік, ??ндыз б?рік, ??-райыш б?рік, ??с б?рік, мари б?рік, нар ?ркеш б?рік, но?ай б?рік, о?алы б?рік, с?укеле б?рік, шеркеш б?рік, шо?ты б?рік, шоппаш б?рік т.б.
?ар?ара. Биік т?белі, милы?ына айнала ??ндыз т?тады. Ма?дай т?сын жо?арыдан т?мен ?арай ?ш-кілдеп жыр?а тігеді. О?ан ??тан?а, тырна?а ??сас с???а?, сымбатты ??с – ?ар?араны? ?ауырсыны ?адалады. Б?л ?ыз баланы п?ле-жаладан са?тап ж?рсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде ?йелдерге дейін киетін д?ст?рлі ?лтты? баскиім. А? матадан, жібек матадан тігіп, ?рт?рлі ?шекеймен безендіріледі. ?аза?ты? салт-д?т?ріне с?йкес жас келіншек балалы бол?аннан кейін кимешек киюге тиіс. Т?менгі б?лігі – кимешек, жо?ар?ы б?лігіне жаулы? оралады. Кимешек кеудені, иы?ты, жонды жауып т?рады, бет-?лпеті к?рінетін жері ойы? келеді.
Шылауыш немесе жаулы?. А? т?сті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулы?ты егде ?йелдер басына орап киеді. Жаулы? ?р ру?а байланысты ?р?илы аталады. Шы?ыс ?аза?станда матаны? к?леміне ?арай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай ??ірінде шылауыш деп атап, аналарды
«а? жаулы?ты аналар» деп арда?-тайды.
Орамал. Ол пішіміне с?йкес шаршы, ?иы?ша болып б?лінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулы? деп те ата?ан. Арзан?ол матадан да, ?ымбат матадан да жасайды.
Жібектен шаша?тап то?ыл?аны – «б?ртпе».
Жібектен, матадан шаша?талмай, ?алы?дау келген т?рі – салы.
Тор?ын тектес, ?лпілдек, ж?мса? матадан немесе ешкі т?бітінен жа-сал?ан т?рі –ш?лі.
Т?йе, ешкі т?бітінен то?ыл?аны – б?кебай.
А? матадан тігілгені – шаршы шыт.
?асаба. Ол ?ыз та?иясыны? бір т?рі. ?шкірлеу т?бесіне бір шо? ?ау-ырсын ?адайды, ма?дай т?сына т?гелдей алтын, к?міс ?шекейлер та?ады. ?ыздар ?йлену тойында ?асабаны с?укеле орнына да киген. К?-ре?, к?гілдір т?сті жібек, ши бар?ыт, п?ліш, д?рия, ш??а, парша сия?ты маталардан тігеді.
С?укеле. ?алы?ды?ты? ?затылу тойында киетін с?нді баскиімі.
Зере. ?зі ?зын, іші ?уыс, с?укеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір ?абат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп ата?ан.
Баскиім ?шекейлері
Жы?а – т?ріктерге парсы тілінен енген с?з. Ол «Баскиімге ?адайтын ??с ?ауырсыны немесе ?шекей» деген ма?ынаны білдіреді. Дулы?аны? артынан (мойынды ?ылыш кеспес ?шін) ?аптап ?оятын зат, баскиімні? арт?ы жа?ы.
?аза?та жы?а мынандай ?ш т?рлі ма?ынада:
1. ??с ?ауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім ?шекейі. 3. Бас киімні? ?зі.
Жыр?а – 1. Асылтас, монша?тар тізіп, к?з салпынша?ты етіп жасал-?ан ?йелдерді? баскиімі. 2. Ертедегі ?аза? ?йелдеріні? баскиім ?шекейі.
К?з ота?а – ер адамны? бас киіміне ?адайтын меруерт асыл тас. Оны б?рындары лауазымды адамдар ?ана та??ан.
?олазы – сал-серілерді? б?ркіне ?адайтын ?кі ?ауырсынын ора?ан ?шкей. Оны ?озалы ?кі деп те атайды.
Ма?дайша – с?укелені? ма?дайы-на та?атын асыл тасты к?міс ?шекей.
С?укелені? сыр?асы – салпын-ша?ы мол, ?зі ?зын да ауыр, салтанатты кездерде ?ана байлайтын ?ше-кей (сыр?а).
Талмонша? – та?ия?а, сырт киімге бірнеше ?атар етіп та?ылатын монша?.
Тана – д??гелек пішінді асыл тасты к?містен не таза к?місті? ?зінен жасал?ан т?йме т?різді зат. Оны танак?з деп те атайды. ?ыздар та?иясына, б?ркіне, омырауына, жа?асына та?ады.
Т?белдірік – с?укелені? т?бесін-дегі т?ж т?різді ?шекей бергек.
Был?ылда? – ?лкен монша?, маржан. Оны ?йелдерді? баскиіміне та-?ады.
Есектас – к?з тимесін деп жас ба-лаларды? б?ркіне та?атын жонынан ?ырлан?ан к?к тас, ?шекей.
Шеттік – кимешек жа?ына ?адай-тын к?міс.
Шо? – алтын ?шекей, асыл тас. Оны баскиімге та?ады.
Шырмауы? – ілгекті о?а, ?ше-кей, металл ілгекті баскиім ?шекейі.
Шытыра – асыл тасты не тассыз к?міс ?шекей.
Оны баскиімге, омырау?а, ая? киімге ?адайды.
К?ркіне ?арай киімі
?ай ?йелге ?андай киім ?ажет?
Денесі тым толы? ?йелге белі-не белдік, етегі мен жа?асына желбіршек салып тігілген же?сіз к?йлек, т?рлі – т?сті матадан тігілген костюм – юбка жараспайды.
Ірі г?лді матадан тігілген к?й-лек толы? ?йелді одан ?рі жуан етіп к?рсетеді.
Толы? ?йелдерге ?са? г?лді немесе тігінен жола?ты матадан бел т?сын с?л ?ана ?ына??ырап, ?зынды-?ы тізесін жауып т?ратындай етіп тіктірген к?йлек жарасады.
К?йлекті? же?і тар ж?не жа-?асы ке? ойылмаса, ол ?йелді? то-лы?ты?ын жасырып т?рады.
Бойы тым ?зын ?рі ары? ?йел-дерге мынандай ?лгіде тігілген киім жараспайды: белін ?ынап, омырауын ке? ойып тіккен же?сіз к?йлек, тігінен жола?ты матадан тігілген к?йлек.
Бойы тым ?зын ?рі ары? ?йел-дерге ы??айлы к?йлек: же?іні? аузы мен етегін б?рмелеп, жалпа? белдік, ойма жа?а етіп немесе тік жа?а салып тігілген, клеткалы немесе біртегіс ?са? г?лді матадан тігілген.
Белі т?мен, ая?ы ?ыс?а ?йелдерге мынандай к?йлектер ?оным-сыз: белі ?ынал?ан немесе белдік салын?ан, к?лдене? жола?ты матадан тігілген. Олар?а блузканы? етегін юбкасыны? ішіне жіберіп кию де жараспайды.
Белі т?мен, ая?ы ?ыс?а ?йел-дер ?шін к?йлекті де, пальтоны да бел т?сын жо?арыра? алып тік-кен ж?н. Ж?не к?йлекті? алды??ы к?кірек т?сынан ?иып, етек жа?ын ке?ірек етіп тіксе, м?ндай к?йлек жараса кетеді.
Кеудесі ?ыс?а ?рі белі жуан ?йелдерге белін ?ынап, етегін б?рмелеп, жалпа? белдік салып тіккен к?йлекті? жараспайтыны есте-рі?ізде болсын.
Кеудесі ?ыс?а, белі жуан ?йелдер ?шін кеуде жа?ы онша-лы?ты ?ыналма?ан, етек жа?ы с?л – с?л ке?ейтіліп тігілген тік к?йлек, алдынан немесе артынан бір ?атарма салып тігілген юбка ?ажет.
Б?ксесі толы?, белі тым жі-?ішке ?йелдерге ?йлеспейтін киімдер: белін ?ынап т?ратын немесе беліне белдік салын?ан к?йлек пен пальто, етегін б?рмелеп немесе ?а-тармалап тіккен юбка.
Б?ксесі толы?, белі тым жі?іш-ке ?йелдер ?шін белін оншалы?-ты ?ынамай, етек жа?ын с?л ке?ейті?кіреп тіккен к?йлек жарасады. М?ндайда матаны? жиегінде каймосы болса, оны к?лдене?інен келтірмей, к?йлекті? алды??ы жа-?ынан, тігінен жібере тігеді.
Балтыры ?те жуан ?йелге жараспайтын к?йлек: тар ж?не ?ыс?а к?йлек.
Балтыры ?те жуан ?йелдер ?шін к?йлегіні? етек жа?ыны? ке?деу, ?зынды?ы тізеден т?мен етіп к?йлек киген о?ды. Егерде к?йлек-ті? матасы жола?ты болса, оны? жола?ын к?лдене?інен келтіріп тігеді.
Толы? ?йелдерге тар, ?ыс?а к?йлек киген жараспайды. Олар?а матаны? каймосын етегіне келтіріп тігу де ?намсыз.
Толы? ?йелдер к?йлекті? белін ?ынамай, етек жа?ын ке?деу етіп тігіп, киеді.
Беті жалпа?, мойны ?ыс?а ?йелдерге мынандай киімдер жараспайды: тік немесе орама жа-?алы к?йлек кию, мойнына г?лді шарф салу, свитер кию, к?лдене? жола?ты матадан а? к?йлек тіктіру.
Беті жалпа?, мойны ?ыс?а ?йелдерді? омырауы ашы?, ?айыр-ма жа?алы к?йлек кигені д?рыс.
Мойны тым ?зын ?йелдерге ?йлеспейтін киімдер: омырауын ке? ойып тіккен к?йлек, тік жола?ты матадан тігілген к?йлек, блузка (ол оны? мойнын одан ?рі ?зарта т?-седі).
Мойны тым ?зын ?йелдерді? мынандай к?йлек кигені д?рыс: тік жа?алы немесе ?лкен ?айырма жа?алы, свитер. К?йлек пен блузкасы жола?ты матадан тігілсе, оны? жола?ын к?лдене?інен келтіріп тігеді.
Иы?ы с?мпек ?йелге матаны? каймосын к?йлекті? етегіне к?лде-не?інен келтіріп тіккен жараспайды.
Иы?ы с?мпек ?йелге матаны? каймосын к?лдене?інен к?йлекті? кеудесіне салып тіккен жарасымды келеді. Ж?не де жаз?ы к?йлегіні? иы?ына желбіршек салып, ал беш-пентіні? иы?ына ішкі жа?ынан ж?-?алап ?атырма салса, ол иы?ын біраз к?теріп, с?нін келтіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері»

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақтың ұлттық киімдері
Рухыңды көтеріп, ізгілікке тәрбиелейді

Киізден жасалатын киімдер
1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.
Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.
Жүннен жасалатын киімдер
Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қара-майды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.
Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.
Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.
Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады.
Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды
«ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды.
Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды.
Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.
Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі.
Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.
Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.
Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қау-ырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады. Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү-рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты маталардан тігеді.
Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі.
Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған.
Баскиім әшекейлері
Жыға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы.
Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:
1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.
Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал-ған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.
Көз отаға – ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.
Қолазы – сал-серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.
Маңдайша – сәукеленің маңдайы-на тағатын асыл тасты күміс әшекей.
Сәукеленің сырғасы – салпын-шағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әше-кей (сырға).
Талмоншақ – тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ.
Тана – дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына, бөркіне, омырауына, жағасына тағады.
Төбелдірік – сәукеленің төбесін-дегі тәж тәрізді әшекей бергек.
Былқылдақ – үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та-ғады.
Есектас – көз тимесін деп жас ба-лалардың бөркіне тағатын жонынан қырланған көк тас, әшекей.
Шеттік – кимешек жағына қадай-тын күміс.
Шоқ – алтын әшекей, асыл тас. Оны баскиімге тағады.
Шырмауық – ілгекті оқа, әше-кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.
Шытыра – асыл тасты не тассыз күміс әшекей.
Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.
Көркіне қарай киімі
Қай әйелге қандай киім қажет?
Денесі тым толық әйелге белі-не белдік, етегі мен жағасына желбіршек салып тігілген жеңсіз көйлек, түрлі – түсті матадан тігілген костюм – юбка жараспайды.
Ірі гүлді матадан тігілген көй-лек толық әйелді одан әрі жуан етіп көрсетеді.
Толық әйелдерге ұсақ гүлді немесе тігінен жолақты матадан бел тұсын сәл ғана қынаңқырап, ұзынды-ғы тізесін жауып тұратындай етіп тіктірген көйлек жарасады.
Көйлектің жеңі тар және жа-ғасы кең ойылмаса, ол әйелдің то-лықтығын жасырып тұрады.
Бойы тым ұзын әрі арық әйел-дерге мынандай үлгіде тігілген киім жараспайды: белін қынап, омырауын кең ойып тіккен жеңсіз көйлек, тігінен жолақты матадан тігілген көйлек.
Бойы тым ұзын әрі арық әйел-дерге ыңғайлы көйлек: жеңінің аузы мен етегін бүрмелеп, жалпақ белдік, ойма жаға етіп немесе тік жаға салып тігілген, клеткалы немесе біртегіс ұсақ гүлді матадан тігілген.
Белі төмен, аяғы қысқа әйелдерге мынандай көйлектер қоным-сыз: белі қыналған немесе белдік салынған, көлденең жолақты матадан тігілген. Оларға блузканың етегін юбкасының ішіне жіберіп кию де жараспайды.
Белі төмен, аяғы қысқа әйел-дер үшін көйлекті де, пальтоны да бел тұсын жоғарырақ алып тік-кен жөн. Және көйлектің алдыңғы көкірек тұсынан қиып, етек жағын кеңірек етіп тіксе, мұндай көйлек жараса кетеді.
Кеудесі қысқа әрі белі жуан әйелдерге белін қынап, етегін бүрмелеп, жалпақ белдік салып тіккен көйлектің жараспайтыны есте-ріңізде болсын.
Кеудесі қысқа, белі жуан әйелдер үшін кеуде жағы онша-лықты қыналмаған, етек жағы сәл – сәл кеңейтіліп тігілген тік көйлек, алдынан немесе артынан бір қатарма салып тігілген юбка қажет.
Бөксесі толық, белі тым жі-ңішке әйелдерге үйлеспейтін киімдер: белін қынап тұратын немесе беліне белдік салынған көйлек пен пальто, етегін бүрмелеп немесе қа-тармалап тіккен юбка.
Бөксесі толық, белі тым жіңіш-ке әйелдер үшін белін оншалық-ты қынамай, етек жағын сәл кеңейтіңкіреп тіккен көйлек жарасады. Мұндайда матаның жиегінде каймосы болса, оны көлденеңінен келтірмей, көйлектің алдыңғы жа-ғынан, тігінен жібере тігеді.
Балтыры өте жуан әйелге жараспайтын көйлек: тар және қысқа көйлек.
Балтыры өте жуан әйелдер үшін көйлегінің етек жағының кеңдеу, ұзындығы тізеден төмен етіп көйлек киген оңды. Егерде көйлек-тің матасы жолақты болса, оның жолағын көлденеңінен келтіріп тігеді.
Толық әйелдерге тар, қысқа көйлек киген жараспайды. Оларға матаның каймосын етегіне келтіріп тігу де ұнамсыз.
Толық әйелдер көйлектің белін қынамай, етек жағын кеңдеу етіп тігіп, киеді.
Беті жалпақ, мойны қысқа әйелдерге мынандай киімдер жараспайды: тік немесе орама жа-ғалы көйлек кию, мойнына гүлді шарф салу, свитер кию, көлденең жолақты матадан ақ көйлек тіктіру.
Беті жалпақ, мойны қысқа әйелдердің омырауы ашық, қайыр-ма жағалы көйлек кигені дұрыс.
Мойны тым ұзын әйелдерге үйлеспейтін киімдер: омырауын кең ойып тіккен көйлек, тік жолақты матадан тігілген көйлек, блузка (ол оның мойнын одан әрі ұзарта тү-седі).
Мойны тым ұзын әйелдердің мынандай көйлек кигені дұрыс: тік жағалы немесе үлкен қайырма жағалы, свитер. Көйлек пен блузкасы жолақты матадан тігілсе, оның жолағын көлденеңінен келтіріп тігеді.
Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көйлектің етегіне көлде-неңінен келтіріп тіккен жараспайды.
Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көлденеңінен көйлектің кеудесіне салып тіккен жарасымды келеді. Және де жазғы көйлегінің иығына желбіршек салып, ал беш-пентінің иығына ішкі жағынан жұ-қалап қатырма салса, ол иығын біраз көтеріп, сәнін келтіреді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері

Автор: Копесова Айсулу Кабдылгазиновна

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277480

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Бірлігі жарас?ан ?аза? елі»  7 сынып. "
    ["seo_title"] => string(39) "birlighi-zharask-an-k-azak-ieli-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "212257"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431792222"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства