Мерзімі24.02.2018 жыл Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 6А Пән мұғалімі: Паттаева Саяра
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша өздігімен оқып талдайды. Ежелгі дәуір тарихының ерекшелігіне сипаттама жасай отырып, өзіндік пікір қалыптастырып, тарихи кезеңге өзіндік баға береді. Сабақ түрі: араласСабақта қолданылатын стратегиялық іс-әрекет : .“Ойлан тап” жұмбақ шешу, тестпен жұмыс, карта мен жұмыс, жылдар мен жұмысРесурстар: Интербелсенді тақта, карта, тест үлестірмелер, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Зейінін шоғырландыру.
1-тапсырма.“Ойлан тап” жұмбақ шешу
1 : Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)
2: Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
3: Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды? (“массагеттер”)
4: Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? («Хаумаварга»)
5- ұяшық: Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? («Парадарайа»)
2тапсырма Тест тапсырмасы
1. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
А. Ғұндар В. Үйсіндер С. Қаңлылар Д. Сақтар Е. Түркілер
2. Мына тайпалардың қайсысы "Азиялық скифтер"атына ие болды?
А. Қаңлылар В. Сақтар С. Монғолдар Д. Түріктер Е. Үйсіндер
3. Иран жазбалары сақтарды қалай атады
А. "Дала скифтері" В. "Азиялық скифтер" С. "Күймелер" Д. "Көшпелілер" Е. "Жүйрік атты турлар"
4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А. Массагеттер В. Хаомоварга С. Тиграхауда Д. Апасиактар Е. Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А. Страбон В. Диоген С. Птоломей Д. Геродот Е. Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А. Патша В. Қаған С. Хан Д. Елтебер Е. Гурхан
7. Сақ қорғанынан "Алтын адамды" археологтар қашан тапты?
А. 1979ж. В. 1950ж. С. 1940ж. Д. 1969ж. Е. 1989ж.
8. Б. з. д VI ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?
А. Ғұндармен В. Славяндармен С. Монғолдармен Д. Парсылармен Е. Аландармен
9. Парсылармен соғыста сақ малшысы ерлік жасады.
А. Рүстем В. Фадлан С. Эсхат Д. Шырақ Е. Камбиз
10. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?
А. Дарий В. Камбис С. Полиэн Д. Ксерк Е. Кир
3-тапсырма Сақтардың мекендеген жерін картаға тусіру.
4-тапсырмасы.Сақ қоғамы Сақ қоғамында өмір сүрген адамдар қанша топқа бөлінді?
Жауынгерлер | Абыздар | Малшылармен егіншілер |
Үнді ирандық тілінде қалай атаған “ратайштар” | Абыздардың танымал белгісі Тостаған мен айрықша бас киім | Малшылармен егіншілерді қалай атаған “сегізаяқты” |
қызыл,сары-қызыл | ақ | сары,көк түсті |
5-Тапсырма :Жылдармен жұмыс
Б.з.б. 530 –
Б.з.б. 570-520 -
Б.з.б. 519-
Б.з.б. 4 ғасыр-
6-Тапсырма:Термин сөздермен жұмыс
Тарих
Археология
Этнография
Антропология
Бекіту сұрақтары
1.Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді кім шешті? Тайпа көсемі
2.Сақтар туралы "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас" деп жазған кім? Геродот
3. Сақтардың негізгі шаруашылығы? Мал шаруашылығы
4. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты б.з.б. 530 ж.
5. Томирис туралы "Әйел болса да қорыққан жоқ" деп жазған Рим тарихшысы; Помпей Трог
6. Дарий бастаған парсы әскерлері жорығының мерзімі: б.з.б.519
7. Сақ малшысы "Шырақ" туралы суреттейтін грек тарихшысы Полиэн
8. Б.з.б. ІУ ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген; Александр Македонский
9. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны; Шірік Рабат
10. Томиристың ұлы? Спаргапис
11. Герадот сақтарды не ішті деп жазды. (сүт)
12. Сақтар киіз үйді ненің үстіне орнатты. (арба)
13.Сақтардың егінді суару каналдары табылған қаласы (Шірік – Рабат)
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Өткен сабақтарды қайталау Бағалау.
Критериалды бағалау.
Оқушы-ның аты-жөні | Ойлан тап” жұмбақ шешу 1 балл | Тест тапсырмасы 1тест-1балл | Картамен жұмыс 1 балл | Сақ қоғамы 1 балл | Термин сөздер | Жылдармен жұмыс | Бекіту сұрағы 1 балл |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 | |||||||
9 | |||||||
10 |
10-15 ұпай – 5 баға 7-10 ұпай – 4 баға 5-7 ұпай – 3 баға