Енді санаулы уақыттан кейін мектеп бітіруші түлектердің біріңғай ұлттық тестілеу сынағынан өтіп, өздерінің болашақ мамандығын таңдайтын уақыт та таяп қалды. Осыған байланысты қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтардың бірі психология мамандығы жайлы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.
Жылдан жылға адам жанын түсінетін, оларға тығырыққа тіреліп, шырмалаңға түскен жағдайда қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны көбеюде. Ал бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтіндер қатарында еді. Ал қазір басқаша. Мамандықтың беделінің артуы мен жоғары сұранысқа ие болуы неліктен? Жас өркендердің жоғарғы оқу орындарының психология мамандығында білім алуға көптеп талпынуында қандай заңдылық бар?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқушының жан дүниесі»
Оқушы психологиясы
Жылдан жылға адам жанын түсінетін, оларға тығырыққа тіреліп, шырмалаңға түскен жағдайда қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны көбеюде. Ал бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтіндер қатарында еді. Ал қазір басқаша. Мамандықтың беделінің артуы мен жоғары сұранысқа ие болуы неліктен? Жас өркендердің жоғарғы оқу орындарының психология мамандығында білім алуға көптеп талпынуында қандай заңдылық бар?
Психология мамандығына деген сұраныстың артуы неде?
Енді санаулы уақыттан кейін мектеп бітіруші түлектердің біріңғай ұлттық тестілеу сынағынан өтіп, өздерінің болашақ мамандығын таңдайтын уақыт та таяп қалды. Осыған байланысты қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтардың бірі психология мамандығы жайлы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.
Жылдан жылға адам жанын түсінетін, оларға тығырыққа тіреліп, шырмалаңға түскен жағдайда қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны көбеюде. Ал бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтіндер қатарында еді. Ал қазір басқаша. Мамандықтың беделінің артуы мен жоғары сұранысқа ие болуы неліктен? Жас өркендердің жоғарғы оқу орындарының психология мамандығында білім алуға көптеп талпынуында қандай заңдылық бар?
Біріншіден, мұның ең басты себептерінің бірі - соңғы он жылдың ішінде Қазақстандағы өмірдің айтарлықтай өзгеруі. Адамдарда өз қабілеттері мен біліктіліктерін қолдануда, жоспарларын жүзеге асыруда еркіндіктері артты. Сонымен бірге көптеген жаңа мәселелер туындады: тұрақтылықтың, ертеңгі күнге деген сенімнің болмауы, нарық қыспағы, әлеуметтік жағдай адамдарды есеңгірете бастады. «Стресс» деген түсінік баршаға таныс сөзге айналды. Тығырыққа тірелу, шырғалаңға түсу жағдайлары бұл күнде көптеп кездеседі, олардан өз бетімен шығу оңай емес. Мұндай кездерде білікті маманнның көмегі аса қажет-ақ, бірақ, мұндай білікті мамандар әлі де жеткіліксіз, оларға деген сұраныс күннен күнге арта түсуде. Сол себепті де психология мамандығын таңдаған талапкерлер жұмыссыз қалмайтындарын жақсы біледі.
Сонымен қатар, психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етті деп ойлаймыз. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда: балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр.
Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек. Ал енді қазіргі заманда сұранысқа ие психология мамандығының уақыты да келді. Қалай болғанда да психолог маман «зиян келтірме!» деген басты қағиданы ұстануы керек. Шындығында, адамдарға пайда келтіріп, сапалы қызмет көрсету үшін сапалы кәсіби білім алу да қажет.
Менің ойымша, бұл жерде психология мамандығын таңдайтын талапкерлердің мотивациясы жайлы айта кеткен жөн болар. Басқа ғылымдарға қарағанда психология өте қызықты және тартымды болып көрінеді. «Адамдарды білгім келеді», «Адамдарға әсер етуді үйренгім келеді», «Өзімді жақсы түсінгім келеді» т.т. осындай сөздерді өз таңдауының дәлелі ретінде естуге болады.
Көпшілікке арналған психологиялық әдебиеттер кейде психологияны адамды табысты және жемісті ететін құпия-сырлар мен тәсілдердің өзіндік топтамасы ретінде көрсетеді. Осыған байланысты бірінші курс студенттерінің көңілінің қалу жағдайлары кездесіп отырады. Мысалы, «Жалпы психология» және «Зоопсихология» курстары айтарлықтай күрделі және қиын пәндер болып, кейбір студенттердің жете мән беруі кездеседі. Тек үшінші, төртінші курстарда ғана тәжірибеге бағытталған, мазмұны жағынан көпшілікке арналған әдебиеттерге азды-көпті жақынырақ пәндер: «Психологиялық кеңес беру», «Жеке және топтық психотерапия», «Жанұялық психология» және т.с.с. Бұдан психология – байыпты, мазмұнды-мағыналы ғылым деп түйіндеуге болады, сондықтан да, егер сіздер психологияны қиналмай, күш салмай оқуға болатын мамандық деп ойлап таңдасаңыздар, онда түбегейлі қателесесіздер. Ол үшін оны түсініп оқып, терең меңгеруді қажет етеді.
Мамандық таңдауда ең бастысы білім алатын жоғарғы оқу орнын таңдап алу- болашаққа нық қадам жасауға жол ашады. Сондықтан өзіңіздің болашағыңыз қай оқу орнын таңдағаныңызға тікелей байланысты. Ол үшін еліміздегі ең білікті мамандық дайындайтын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық психология кафедрасында психология саласы бойынша тамаша кәсіби дайындықтан өтіп, психология мамандығын бітіру қашанда арманыңыз орындалары анық. Мұнда жақсы маман иесі болып шығуға жағдай жасалумен қатар сапалы білім алуға жағдай жасалған. Психолог маманы болу шығу адам жанын түсініп, ғана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді.
Сөзімізді қорытындылай келе, оқу мен білім алу инемен құдық қазғандай болса, жақсы, жаман маман болу әркімнің өз қолында. Қай мамандық болсын өзінің қиындығы, ізденісі бар.Жақсы мамандық қашанда жас талапкердің өзі таңдап, білім алған оқу орнында. Демек мамандық таңдау талапкер үшін маңызды нәрсе.