Класы
6 № 25 сабақ Күні: 03.12.2016ж
Пәні
Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырыбы
Қола дәуірін қайталау.
Оқу мақсаты
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық тапсырмаларды орындайды,, тарихи оқиғаларды есте сақтау қабілеттері арттады.
Оқушылар достарын тыңдайды, өз пікірін дұрыс жеткізуге үйренеді, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Сабақ кезеңдері, уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқушыларды топқа бөлу.
Топқа бөлінеді.
Топ басшыларын сайлайды.
Бағалау парағын толтырады.
Бірін бірі қолпаштайды
Оқулық.
Карта.
Қызығушылықты ояту
( 4 мин )
Қола дәуірі туралы Ұлан Үмітқалиевтың дәрісінен үзінді көрсету.
Интер тақта
Мағынаны тану
( 20 мин )
( 10 мин )
« КУБИЗМ » әдісі
Тапсырманы орындаудың
1-қадамы: кубиктің көмегімен темендегі тапсырмаларды бөлу:
1.Суреттеңіз:
Қоланы қалай және қайда қорытқан?
2.Салыстырыңыз:
Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырыңыз.
3.Сипаттаңыз:
Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипаттаңыз.
4.Талдаңыз:
Андронов мәдениеті.
5.Дәлелдеңіз:
Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
2-қадамы: әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес
мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортак жауап дайындайды және презентация қорғайды.
« Академиялық дау-дамай» әдісі
Әр топқа тақырып төңірегінде тапсырмалар таратылады.
1-топ: « Ішіне- сыртына»
2- топ: «Картамен жұмыс»
3-топ: «Тарихи диктант»
4-топ: « Сөзжұмбақ»
5-топ: «Сөздер сөйлейді »
Тақырыпты жан-жақты қарайды,
тақырыппен терең танысьш, әртүрлі ойлау дағдыларын жүзеге асырады,
тақырып бойынша рефлексия жасайды,
ұсынылған проблема бойынша өз кезқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізеді,
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
Тақырып бойынша тапсырманы өздері талқылап, топпен жұмыс жасайды.
Бас бармақ
Бас бармақ
Кубик
Карточка
Оқулық
Постер
Стикер
Маркер
Сұрақтар жазылған ватман
Маркер
Ой толғаныс
( 6 мин )
« Ротация (ауыстыру) » әдісі
1-кадам:Әр топқа түс бөліп беру(қызыл,көк,жасыл,сары,қара), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді.
2-кадам: Мұгалімнің белгі беруімен окушылар сағат тілі бойынша ватмандағы сұрақтарды ауыстырып отырады. Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше жалғасады.
3-кадам: Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір түйінделеді.
1-сұрақ: Қазіргі уақытта қоладан не жасалынады?
2-сұрақ: Қазақстанның қай жерінен көне кен орындары табылды?
3-сұрақ: Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері болды?
4-сұрақ: Қола дәуірінде климатта қандай өзгеріс орын алды?
5-сұрақ: металды пайдалану адамдар өміріне қандай өзгеріс әкелді?
Өз білімдерін ұсынылған тақырыпқа актуалдандырады,
проблемалық сұрактар талдауға қатысады,
бір сұрақ және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады;,
дәлелдемелер келтіреді.
Бас бармақ
Сұрақтар жазылған ватман
Маркер
Рефлексия
( 3 мин )
« Кері байланыс бутерброды » әдісі.
Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру.
Үйге тапсырма
Бағалау
( 2 мин )
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап күнделіктерін қойып беру
Бағалау парағы