Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаңлы мемлекетінің тұрмысы мен шаруашылығы жайлы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді стратегияларын пайдалану арқылы меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік: Қаңлылардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, патриотизмге, швншылдыққа, адалдыққа, әсемдікке, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өздігінен жауап іздеу, топпен бірлесе жұмыс істеу, оқулықпен жеке жұмыс жасау, ойын жүйелеп жазу, дағдыларын қалыптастыру.
«Білемін» деген бағанға оқушылар өздерінің қаңлылар туралы осы уақытқа дейін алған мәліметтерін жазады. 3 мин уақыт беріледі.
«Түсінгім келеді» деген бағанға шаруашылықтың қандай түрімен айналысты, металл өндірісінің орталықтары, қай елдермен сауда қатынастарын орнатты, мәдениеті мен діні қандай болды деген сұрақтарды жаздырамын.
«Іздеймін» бағанын кестені толтырып болған соң жазады.
«Мен үшін жаңа ақпарат» бағанына топтарға бөлініп берілген тақырыпшалардағы мәліметтерді жазады.
Топтарға тақырыпшалар жазылған парақшаларды таратамын.
«Бағдаршам» стратегиясын түсіндіремін.
Әр топ өздеріне алған тақырыпшаларын оқулықтан іздеп табады.
Жаппай оқуға 4 мин уақыт беремін. Оқып болған соң жұппен талқылауға 2 мин., топпен талқылауға 2 мин. уақыт беремін. А3 парақшаларын таратамын. Постер құрастырады. 3 мин. Әр топ постерлерін қорғайды. 3 минуттан. Осы кезде оқушылар «Мен үшін жаңа ақпарат» бағанын толтырады.
«Полиглот» бөлімі. Әр топқа тақырыпқа қатысты 5 сөз беремін.
1. Бау-бақша – сад – grounds
2. егіс алқабы-поле-field
3. арық – канал – lade/canal
4.алма-яблоко- apple
5.сиыр-корова-cow
6.қолөнерші –ремесленник-craftsman
7.балық- рыба- fish
8. тау- горы- mountain
9. Ұлы жібек жолы – Великий шелковый путь – The great silk way
10. Ғасыр – век – century
11.сырға-серьги-earring
12.қабырға-стена-wall
13.мәдениет- культура-culture
14. айна- зеркало- mirror
15. биші бикеш – танцующая девушка – the dancer girl
Орысша, ағылшынша мағынасын ашады. 3 минутта.
Қаңлылардың басқа өзімен қатар өмір сүрген көрші мемлекеттеріне қарағанда оларда ән-күй, би өнері өте жақсы дамыған.Той жасағанда жоғары мәртебелі қонақтардың алдында өнер көрсеткен. Осының бір белгісі ретінде көрініс тамашалайық.
«Биші бикеш» көрінісі. 5 мин.
Бекіту:
«Соңғы 5 минут» стратегиясы. Өзім қалаған бір оқушыны тақтаға шығарамын. Барлық оқушылар бір сұрақтан қояды. Сұрақтар қайталанбауы керек.
Бағалау:12 балдық жүйе бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: Қаңлылар туралы қосымша мәлімет жинау,12 сұрақтық жабық тест құрастыру.
Топтарға бағалау парақтарын тапсырамын. Топ басшылары бағалайды.