«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ахмет Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия» ММ
«Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары» факультативтік курсының бағдарламасы
2015
ӘОЖ 371.214
КБЖ 74.202
Б-22 « Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары» факультативтік курсының бағдарламасы. – Арқалық 2015
Құрастырғандар
бастауыш сынып мұғалімдері:- Балова Б..У.,Курманкулова Н.С.
Пікір жазған :Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рахметова Базар Анасқызы
«Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары» әдістемелік көмекші құралы бастауыш 3- 4 сынып оқушыларына арналған.
Торғай өңірі тектілер мен тарландардың мекені. Осы жинақ арқылы елдік пен ерліктің нышанына қаяу түсірмеген алдыңғы толқынның тауқыметке толы тағдырын, елі үшін жасаған еңбектерін , өмірін, өнерін, өнегесін зерттеп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында жинақталды. Әдістемелік көмекші құралды жинақтаудың негізгі нысаны өлкетану саласы болып табылады.
ISBN 978-601-305-528-4 © Балова Б.У. 2015
Түсінік хат
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухы мен өрлігі, тірлігі мен тынысы сіңген қасиетті де, қастерлі Торғай даласының өзінің дархандығындай шоқтығы биік тума тұлғаларымыз қаншама...
Торғай... Торғай топырағы. Торғай тарихы. Торғай таңы. Торғай тарланы. Торғай тарханы.Торғай өзені. Торғай өлкесі. Торғай аңғары. Торғай үстірті. Торғай дуаны. Торғай көтерілісі. Торғай толғауы бірінен-бірі оза шапқан қандай сұлу тіркестер десеңізші! «Теңдессіз Торғай» десең тіпті, сардаланың ажары ашыла түскендей. Бұған «Торғай тылсымын» тағы қосыңыз. Қойнауына талай құпияны бүгіп жатқан қарт Торғайды сөйлетсең қалай сайрар еді?! Әлбетте, оны тыңдайтын құлақ, елтитін ес, сезінетін жүрек керек .Осы жердің тумасы, ақын атамыз Ғафу Қайырбеков: «...Торғайдың өзінен - өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даңқы озып кеткен дала» деп бекер айтпаған. Шындығында, Торғайдан шыққан тарихи тұлғаларды тізе бастасаң, санынан жаңыласың, әлбетте қатары көбейер ұрпағымыз өсіп- өнсін дейміз. Дара да дана тұлғаларымыз ұрпақтар сабақтастығы жалғасқан сайын, ұмыт болып қалмас үшін, білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ғылым мен тәжірибие негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған өздігінен білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау керек екендігін ескере отырып, өнер, білім, тағы басқа салаларда өзіндік қолтаңбасын мөрлеп, еңбектері сіңген тұлғалардың шығармашылық жолына тереңірек үңіліп, даналығы мен даралығынан өнеге беруі жөн.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Қазақстан- 2030 жолдауында былай деп жазылған. «Толық өркениетті ел болу үшін, алдымен өз еліміздің мәдениетін,өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн. Олай болса, жас ұрпақты ұлттық ізгіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу- басты мақсат» болып табылады делінген. Ендеше алдымен өскелең ұрпақ өз туған елінің тарихына бойлап, ел үшін адал еңбек еткен тұлғалар өміріне үлгі алуы осы жинақта қарастырылып, бастауыш сынып оқушыларына факультативтік сабақтарда, үйірмелерде, ашық сынып сағаттарында, зияткерлік ойын- сайыстарда, қосымша білім беруде қолдану үшін арналған. Торғай өңірі тектілер мен тарландардың мекені. Елдік пен ерліктің нышанына қаяу түсірмеген алдыңғы толқынның тауқыметке толы тағдырын, елі үшін жасаған еңбектерін , өмірін, өнерін, өнегесін зерттеп, танып білу,есте сақтау, үлгі ету кейінгі ұрпақтың міндеті. Алдыңғы толқын бабаларымыздың ерен істерін еңбектің түрлі саласында адал атқарып, еліміздің абыройын асырып жүрген әкелеріміз бен аналарымыздың еңбегі де ұрпақ есінде сақталсын деген мақсатпен осы жинаққа кірістіруді жөн көрдік. «Қағазға түспеген ой табылмаған қазына» деп дана халқымыз айтқан нақыл сөзді жадымызда ұстап, қаламыздың мақтаныштарына осы жинақтың бір бөлімін арнадық.
«Ұлт намысын қорғау ұрпақ ісі, ата даңқын әспеттеу перзент парызы, әке атын өшірмеу ұлдың міндеті» деп жазушы Қоғабай Сәрсекеев айтқандай тұлғаға бағытталған ізденіс пен тәжірибие алмасу осы жұмыстың өзектілік парызы деп есептейміз.
«Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары» факультативік курсының мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы Торғай өңірінің ұлы тұлғалары, тума таланттары, қаламыздың мақтаныштары, мектебіміздің ұстаздарының өнер-білім саласына сіңірген өмірі мен шығармашылық жолдарын зерттеу арқылы, ой-зерделерін, танымдық қызығушылықтарын, сыни көзқарастарын, бейімділіктерін ояту.
Міндеттері:
тақырыпты танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
шығарма желісі бойынша еркін тақырыпта түрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мазмұны бойынша сурет салу, үзіндіге сценарий жазу) орындауға машықтандыру;
Зерттеу нысаны: Өлкетану бағыты
Нені білу керек:
Жеке тұлғаға бағытталған мәліметтерді білу керек..
Жиналған мәліметтер бойынша талдау жасай алуы қажет.
Ізденіс жұмыстары арқылы ой-түйіндеуі тиіс.
Нені үйрену керек:
Тыңдалым, айтылым, оқылым әдістерін толық үйренуі керек.
Қосымша ақпараттарды іздеу, іріктеу, жинақтау, ой елегінен өткізіп, сараптау.
Танымдық, зертттеушілік, шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасай білу.
Зерттеу әдістері:
Зерттеуді баяндау, түсіндіру, жинақтау, саралау, пікіралмасу, тәжірибе,сауалнама, бақылау ,әдеби-ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынады.
Күтілетін нәтиже:
Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармалары жайында біледі, өнеге алады.
Сыни тұрғыда мәліметтер жинап, саралай алады.
Өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыс жасайды.
Ойларын еркін айтып, әртүрлі шешімдер қабылдайды.
Өзінің жеткен нәтижесін бағалай біледі.
.
«Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары» факультативтік бағдарламасы мектептің бастауыш сатысының 3-4 сыныбына арналған.
Бұл факультативтік курстың мақсаты: - өлкетану бағыты бойынша
«Ұлт ұлылары мен өңіріміздің мақтаныштары»
факультативтік курсының тақырыптық үлгі жоспары.
Оқу жылы бойы барлығы 34 сағат, аптасына 2 рет
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
І.Ұлт ұлылары 11 сағат |
1 | Ұлы ұстаз -Ыбырай Алтынсарин | 1 |
2 | Әліппенің атасы -Ахмет Байтұрсынұлы | 1 |
3 | Алаш қозғалысының көсемі -Міржақып Дулатұлы | 1 |
4 | Көкірегі алтын көмбе - Файзолла Сатыбалдыұлы | 1 |
5 | Зер қадірін зергер білер ұста- Жармақ Жұмабайұлы | 1 |
6 | Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз- Нәзипа Құлжанова | |
7 | Торғай жеріндегі алғашқы имам- Ғазиз Әмірханов | 1 |
8 | Зерттеуші,аудармашы- Қайнекей Жармағамбетов | 1 |
9 | Қазақ жырының тұлпары – сыр сұңқары Сырбай Мәуленов | 1 |
10 | Жазушы ,сатирик,этнограф- Сейіт Кенжеахметұлы | 1 |
11 | Торғайдан шыққан тарланбоз - Қоғабай Сәрсекеев | 1 |
ІІ. Өмірі ұрпаққа өнеге 16 сағат |
1 | Жергілікті сазгер- Бақытжан Байқадамов | 1 |
2 | Домбырашы, ұстаз - Төкен Елтебаев | 1 |
3 | Ақын, аудармашы- Серік Тұрғынбеков | 1 |
4 | Мүсінші, суретші - Әлібек Ұзақұлы | 1 |
5 | Қарт журналист - ӘмірханАбдуллин | 1 |
6 | Құмарал тарланы - академик Кенжеғали Сағадиев | 1 |
7 | Тарихшы – Қойшығара Салғарин. | 1 |
8 | Актер жерлесіміз - Әнуар Боранбаев | 1 |
9 | Мұз адамы, кәсіпкер жерлесіміз - Сапар Ысқақов | 1 |
10 | Ахметтанушы -Ибраһим Ағытайұлы | 1 |
11 | Күйші Айтбай Мұздаханов қызы Анар Мұздахановамен | 1 |
12 | Шебер оюшы -Шөптібай Байділдин | 1 |
13 | Журналист -Серікбай Оспанов | 1 |
14 | Әнші, сазгер - Қалибек Деріпсалдин. | 1 |
15 | Қазақстанның халық ақыны –Қонысбай Әбілов, ақын - Айбек Қалиев | 1 |
16 | Спорт шебері -Рамазан Сыздықов | 1 |
| ІІІ. Ұстаз – ұлы есім 7 сағат | |
1 | Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері -Уалихан Мәжитов | 1 |
2 | Ардагер ұстаз, жантанушы - Акопян Александра Васильевна | 1 |
3 | Атамекен бағдарламасын дамытушы ұстаз - Орал Дәулетова | 1 |
4 | «Ақбота» халық би ансамблінің жетекшісі - Ерсін Жүсіпов | 1 |
5 | Бастауыш гимназияны көп жылдар басқарған басшы- Бабир Светлана Леонидовна | 1 |
6 | «Інжу - маржан» әншілер тобының жетекшісі Қарлығаш Жақыпбекова | |
7 | Гимназияның үздік мұғалімдері : Ә.С.Сайбулова, К.Д.Қасымбекова, Ғ.Ж.Әбдіқасымова, Г.С.Әбдібекова, Г.С.Әубәкір. | 1 |
Пайдаланған әдебиеттер:
Таңатқан Рсаев Торғай елі энциклопедия Алматы, Арыс, 2013 жыл.
Жақып Әбдік «Торғай тарландары» Астана, 2009 ж.
Торғай таңы газеті «Өлең – сөздің пайғамбары С. Мәуленов» 1993ж.
Отбасы және денсаулық журналы №11-12 (131-132) 2012 жыл.
Қайсар Әлім Сейілмейтін мұң Фолиант баспасы 2003 жыл
Қайсар Әлім Актер тағдыры Фолиант баспасы 2006 жыл
Сейілғазы Әбдікірімов Өнер өзектері
Ұлт болмысы журналы № 6( 20) 2013 жыл
Мазмұны
Түсінік хат .........................................................................................................................1
І. Ұлт ұлылары
Ұлы ұстаз -Ыбырай Алтынсарин ..................................................................................3
Әліппенің атасы -Ахмет Байтұрсынұлы .......................................................................5
Алаш қозғалысының көсемі -Міржақып Дулатұлы......................................................7
Көкірегі алтын көмбе – Файзолла Сатыбалдыұлы........................................................8
Зер қадірін зергер білер ұста- Жармақ Жұмабайұлы...............................................9
Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз – Нәзипа Құлжанова........................... ..10
Торғай жеріндегі алғашқы имам – Ғазиз Әмірханов...................................................11
Зерттеуші, аудармашы – Қайнекей Жармағамбетов....................................................13
Қазақ жырының тұлпары сыр сұңқары Сырбай Мәуленов....................................... 14
Жазушы, сатирик, этнограф-Сейіт Кенжеахметұлы...................................................15
Торғайдан шыққан тарланбоз- Қоғабай Сәрсекеев.....................................................16
ІІ. Өмірі ұрпаққа өнеге 16 сағат
Жергілікті сазгер- Бақытжан Байқадамов...................................................................17
Домбырашы, ұстаз –Төкен Елтебаев.............................................................................18
Ақын, аудармашы- Серік Тұрғынбеков........................................................................19
Мүсінші, суретші – Ұзақұлы Әлібек............................................................................ 20
Қарт журналист – Абдуллин Әмірхан...........................................................................21
Құмарал тарланы - академик Кенжеғали Сағадиев.....................................................23
Тарихшы – Қойшығара Салғарин.............................................................................. . .24
Актер жерлесіміз – Әнуар Боранбаев......................................................................... 25
Мұз адамы, кәсіпкер жерлесіміз –Сапар Ысқақов................................................... ...26
Ахметтанушы –Ибраһим Ағытайұлы........................................................................ . 27
Күйші Айтбай Мұздаханов қызы Анар Мұздахановамен...................................... . 28
Шебер оюшы –Шөптібай Байділдин............................................................................ 29
Журналист –Серікбай Оспанов......................................................................................30
Әнші, сазгер – Қалибек Деріпсалдин.............................................................................31
Қазақстанның халық ақыны –Қонысбай Әбілов, ақын –А.Қалиев.............................32
Спорт шебері –Рамазан Сыздықов.................................................................................34
ІІІ. Ұстаз – ұлы есім 7 сағат
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері –У.Мәжитов..................................36
Ардагер ұстаз, жантанушы –А.С.Акопян.....................................................................37
Атамекен бағдарламасын дамытушы ұстаз – Орал Дәулетова..................................38
«Ақбота» халық би ансамблінің жетекшісі – Ерсін Жүсіпов ..................................39
Бастауыш гимназияны көп жылдар басқарған басшы- Бабир С.Л.........................40
«Інжу - маржан» әншілер тобының жетекшісі Қ.Жақыпбекова..............................41
Гимназияның үздік мұғалімдері;Комисариенко А.Н. Клементьева С.Ф. Ә.С.Сайбулова, К.Д.Қасымбекова, Ғ.Ж.Әбдіқасымова, Г.С.Әбдібекова, Г.С.Әубәкір...................................................................................................................42