kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?арахан мемлекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: ?арахан мемлекеті /942-1212 ж.ж./.

Саба?ты?  ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды  орта  ?асырда?ы  ?аза?стан  жерінде  феодалды?  ?атынастарды?  дамуымен  ж?не  ?аза?  жеріндегі  ал?аш?ы  феодалды?  мемлекет-?арахан  мемлекетіні?  тарихымен  таныстыру.

Дамытушылы?: ?арахан  мемлекетіні?  ?аза?  мемлекетіні?  бастау  б?ла?ы  екенін  т?сіндіру.

Т?рбиелілік: О?ушыларды  ?арахан  мемлекетіні?  ?леуметтік  ??рылысы, шаруашылы?ы, м?дениетімен  таныстыру.

Базалы?  ??ым: Орта  ?асырда?ы  ?аза?стан  жеріндегі  ерте  феодалды?  мемлекеттер  тарихы.

К?рнекі  ??ралдар: Карта, тірек-сызбалар, хронологиялы?  кестелер, термин  с?здер, компьютер, т.б.

П?наралы?  байланыс: география,?дебиет,экономика.

Саба?ты?  т?рі: Аралас  саба?.   

Саба?ты?  ?дісі: т?сіндіру,с?ра?-жауап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?арахан мемлекеті »

Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектеп.











Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Қарахан мемлекеті»

/7 класс/









Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Аякөз Сейтқалиқызы













2014-2015 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті /942-1212 ж.ж./.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет-Қарахан мемлекетінің тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: Қарахан мемлекетінің Қазақ мемлекетінің бастау бұлағы екенін түсіндіру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды Қарахан мемлекетінің әлеуметтік құрылысы, шаруашылығы, мәдениетімен таныстыру.

Базалық ұғым: Орта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ерте феодалдық мемлекеттер тарихы.

Көрнекі құралдар: Карта, тірек-сызбалар, хронологиялық кестелер, термин сөздер, компьютер, т.б.

Пәнаралық байланыс: география,әдебиет,экономика.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабаққа қызыққан адам ғана біліп шығады.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

/Оқушыларды түгелдеп,сыныптың тазалығына көңіл бөлу/.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Көкпар» ойыны.

10

20

30

40

50

50

40

30

20

10

10

20

30

40

50

15

25

35

45

55

10-Мал шаруашылығы нешеге бөлінеді және қандай? /3 түрге.Көшпелі мал шаруашылығы,жартылай көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы мал шаруашылығы/.

20-Орта ғасырларда қала аудандарында Цитадель аймағында кімдер тұрды? /қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан/.

30-Орта ғасырларда қала аудандарында Шахристан аймағында кімдер тұрды? /бай-шонжарлар,дін қызметкерлері,әскер басшылары тұратын орталық аудан/.

40-Орта ғасырларда қала аудандарында Рабад аймағында кімдер тұрды?/қолөнершілер,саудагерлер,егіншілер тұратын шеткі аудан/.

50-Ташнау деген не және оны нешінші ғасырда пайдаланды? /лас суды ағызуға арналған құбыр. ХІІ ғасырда/.

10-Терракота деген не? /ғимараттары өрнектеуге арналған оюланған кірпіш/.

20-Ежелгі түркілердің діни сенімдеріндегі отбасы және балалардың қамқоршысы болып саналатын кім? /Ұмай-Ана/.

30-Х-ХІІ ғ.ғ.Қазақстанның ең ірі қаласы? /Исфиджаб қаласы/.

40-ІХ-ХІІ ғ.ғ.халық көп қоныстанған қала? /Исфиджаб/.

50-Қазақстанда орта ғасырларда «саудагерлер қаласы» деп атанған қала? /Тараз қаласы/.

10-Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді қалдырған кім және нешінші ғасырда? /Менандр Протектор. ҮІ ғ. ІІ жартысы/.

20-1893 жылы 15 желтоқсан күні руна жазуын тұңғыш оқыған кім? /Дат ғалымы В.Томсон/.

30-Руна жазуы нешінші ғасырларда тоқтады? /ХІ-ХІІ ғасырларда/.

40-«Руна» сөзі қандай мағынаны білдіреді? / «ескі», «көне»/.

50- «Оғызнама» эпосының ескі нұсқасын қалдырған кім және нешінші ғасырда? /Тарихшы Рашид ад-Дин. ХІІІ ғасырда/.

15- «Оғызнама» эпосын толық жазған кім және нешінші ғасырда? /Әбілғазы хан. ХҮІІ ғасырда/.

25-Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері? Күлтегін,Тоныкөк.

35- «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады? /12 жырдың/.

45-Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан ескерткіш? /Қорқыт күмбезі/.

55-Жалпы көне түрік тілінде қанша жәдігерлер табылған? /200-ден астам/.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

Жоспары:

1.Қарахан мемлекетінің құрылуы.

2.Қоғамдық құрылысы.

3.Мемлекеттің саяси жағдайы.

4.Шаруашылығы.

5.Мәдениеті.

6.Қорытынды.

Х ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды.Орталығы Баласағұн қаласы болды.Мемлекеттің негізін Білге Күл Қадыр-ханның немересі Сатұқ Боғра-хан /915-955 ж.ж./ қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашғарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылады.Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты батыста Жетісудан Испиджабқа және Шығыста Қашғарға дейінгі аумақ Қарахан мемлекетіне қарады. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл,яғма,қарлұқ,оғыз,қаңлы,үйсін сияқты тағы басқа да түрік тілдес тайпалар кірген. Әсересе, мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған-қарлұқ тайпасы. Одан кейін негізгі билеушілер яғма тайпасының арасынан шығып отырған. Хандардың Арслан хан, Боғра хан атаулары жікіл тайпасының тотемі арыстан, яғма тайпасының тотемі бура болуына байланысты қойылған.

Жоғарғы өкімет билігі қағанның /хан/ қолында болған. Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары-тегіндер,ілік хандар,бектер,нөкерлер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды.Хан кеңесішісі қызметін уәзірлер басқарды. Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Жер иеленудің бір түрі «иқта» , ал иеленушілер «иқтадар» (парсы сөзі) деп аталынған. Арабша ондай жер иеленушілерді «муқта» деп атаған. Алайда иқта заңды түрде, түпкілікті бекітіліп берілмеген. Ал муқталар өздеріне берілген иқтаны түпкілікті иеленуге тырысқан. Иқтаның мәні-оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды.Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлерде болды. Оларды вақфтық жерлер деп атаған. Вақфтық жерлерден салық алынбады. Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі-олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Араб, парсы деректерінде ондай үлескерлерді музари немесе барзигар деп атаған. Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның мәні мынандай еді: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол (күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс.

Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады.Ол өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болады. Алайда Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сүлеймен-ілік Баласағұнда билік жүргізді.Аз уақыттан кейін Мұса қаза болған соң оның орнына Әли Арслан /960-990 ж.ж./хан болады. Хандықтың орталығы Қашғар болады. Әли Арслан Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып саналады. Міне,осы кезден бастап Сатұқ Боғра-ханның екі баласы-Хасан Боғра-хан мен Әли Арсланның ұрпақтары арасында билік алма-кезек ауысып отырады. Дегенмен Қарахан мемлекеті өз ішіндегі саяси билік үшін болып жатқан таласқа қарамастан, көрші жатқан елдердің әлсіздіктерін пайдаланып қалуға тырысып отырды. Орта Азиядағы Самани әулетінің үстемдігі Х ғасырдың екінші жартысында өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардан әлсіреген еді. Бұл жағдайды дер кезінде пайдалана білген Хасан Боғра-хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз –ақ басып алады. Көп кешікпей Самани әулетінің астанасы Бұхараны және Самарқан қалаларын жаулап алады. Бірақ та Жент қаласының аймағында тұрған тайпалардың өзіне шабуыл жасау қаупінен қорыққан Хасан Боғра-хан тез арада Жетісуға оралады. Ол Қошқарбасы деген жерде қазаға ұшырайды. Х ғасырдың аяғында Қарахандардың Орта Азияға жорығы қайта басталады. Хасан Боғра-ханның баласы Жүсіп 992 жылы Хотанды басып алса, Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли 996 жылы Мауараннахрға жорыққа аттанады. Бұл жорықтан қорыққан Самани әулетінің билеушісі өзінің вассалы газнеуилерді кқмекке шақырған. Алайда газнеуилер қарахандармен бітім жасасып қойған. Ол бітім бойынша, газнеуилер қарахандардың бүкіл Сырдария бойына билігін мойындаған болатын. Насыр ибн Әли бұл жетістіктерге қанағаттана қойған жоқ.Ол 999 жылы Бұхара қаласын басып алады. Сөйтіп,Қарахан мемлекеті Мауараннахрды біржолата бағындырады.Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс- екі иеліктен /хандықтан/ тұрды.

1.Шығыс хандық-Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе Күз Орда деп атаған), кейін Қашғар қаласы болды.

2.Батыс хандық-Мауараннахрды биледі.Орталығы Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.

Дәстүр бойынша Шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналды. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді.Басқа хандар оған бағынышты болуға тиіс еді.Бірақ олай болмады.Екі хандық арасында бірлік онша сақталмады. Ибраһим ибн Насыр ХІ ғасырдың 40-жылдарында Әли—тегінің балаларына қарсы күресте жеңіп шығады.Ол 1040 жылы тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға толық өз билігін орнатады. Осы кезден бастап Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынды. Қарахандықтардың мұндай өзара алауыздығын Салжұқ сұлтаны Мәлік шах пайдалана білді.Ол 1089 жылы Батыс хандықтың орталығы Самарқанды,одан соң Бұхараны басып алды. ХІІ ғ. 30-жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді.Бұхара қаласын,Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахандар Самарқан мен Үзкентте өз төл ақшаларын шығарған. Талас бойында қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед Самарқанға оралып, өзіне опасыздық жасағаны үшін Қарахан ханы Оспанды қатаң жазалайды. Батыс иеліктің ханы 1212 жылы қаза болып, Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Кұшілік басып алады.Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.

Шаруашылығы-егін, бау-бақша өсірумен: Тараз,Талхир,Баласағұн.Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы, мал шаруашылығы: Шығыс Түркістан, Оңтүстік Қазақстан.

Мәдениеті-Материалдық Қарахан, Айша Бибі,Бабаджа Қатун,Баба ата кесенелері.Рухани- М.Қашқари- «Түркі тілінің сөздігі», Ж.Баласағұн – «Құтты білік».

Термин сөздерімен жұмыс.

Уәзір

Жоғарғы билеушінің ең жақын кқмекшісі және кеңесшісі.

Ялавашылар

елшілер

Мехтарлар,әкімдер,раистар

Жетісу мен Мауараннахрдағы қоныстар мен қалалардығ басшылары

сахиб-барида

Мәліметшілік қызметтерді қоса атқаратын пошта бастықтары.

мұстауфалар

Қаржы-салық мекемелерінің басшылары

бектер

Көшпенділердің мекендеріндегі тәртіп сақталуын қадағалады,сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады.



Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?



Яс-сұлтан Шейх Абд аль Хасан Қарахани.



Бізде бір жаман дәстүр бар.Тіріні киіміне,өліні моласына қарап бағалаймыз.Тараздағы Қарахан бабаның мазары шағын болған соң көңіліміз толмай,үлкенін іздейміз.



Айша Бибі –бесенеден белгілі хан әйелі-ханша,бек әйелі бегім,бай әйелі бикеш аталса,Пайғамбар әулетінің әйелін бибі дейді.Олар негізінен Хазіреті Әлидің ұрпағы.



Бабаджа Хатун ананың жөні бөлек.Хатун ежелгі тұркіде құрметті лауазым.Бабаджа оның аты болмауы,Баб-діни дәрежесі,аджа-әже жас мөлшері секілді.



Яғни,бұл кісі Айша бибінің қызметшісі емес,ұстазы,тәрбиешісі,ірі діни тұлға.

Шежіре-Амирұл-мумиқ шаһ мардан қара муллах Хазіреті Әли мен оның румдық әйелі Анафиядан туған Мұхаммад ибн аль Анафиадан басталады.Ол хазіреті Оспанның қызы бибі Шамшияны алады. Одан Шаһ Абд аль Фаттах, одан Шаһ Абд аль Жаффар,одан Шаһ Абд аль Қаһар,одан Шаһ Абд аль Рахман және Шаһ Абд аль Рахим.Үлкеннен Шаһ Ысқақпен Шаһ Абдаль Жалил.Шаһ Абд ар Рахимның екінші ұлынан Абд аль Хасан одан Шаһ Мансұр,одан Газиз Мұсахан,одан Махрам Али хан,одан Насыролла хан,одан Ильяс хан туады.Бұлар дерлік ұлы хан болғандар.Ильяс тамғаш ханның екі ұлы болған.Саид Хасан және Саид Хусайн хан.Кішісінен Мұсахан туады.Мұсаханның бір ұлы мен бір қызы болады.Ұлы-Арслан хан.Қызы Қарашаш ана.Қызын Ысқақ бап ұрпағы Ибрагим әзизге береді.Одан Қожа Ахмет Яссауи туады.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

«Әріптер сөйлейді».

Қ

С

Т

В

И

М

И

Ә

Б

Қ

О

Ү

С

К

М

О

Т

Б

Х

Ә

Қ-942-1212 ж.ж. қандай мемлекет өмір сүрді?-Қарахан

С-Қарахан мемлекетін негізін салушы кім?-Сатұқ Боғра хан.

Т-Қарахан кесенесі Қазақстанның қай қаласында орналасқан?-Тараз қаласы.

В-дінбасылардың жер иеліктері қалай аталды?-вақф.

И-Қарахан мемлекеттік діні?-Ислам діні.

М-шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық.?-музари.

И-жер иеленудің бір түрі?-иқта.

Ә-Мұса хан қаза болған соң,таққа кім отырды?-Әли Арслан хан.

Б-Қарахан мемлекетінің орталығы?-Баласағұн.

Қ-Мұса хан кезінде,Қарахан мемлекетінің орталығы?-Қашғар қаласы.

О-Шығыс хандықтың астанасы?-Орда.

Ү-Батыс хандықтың алғашқы орталығы?-Үзкент

С-Батыс хандықтың екінші астанасы?-Самарқан қаласы.

К-Шығыс хандықты басып алған хан?-найман ханы Күшілік хан.

М-Батыс хандықты басып алған хан кім?-Мұхаммед хан.

О-Батыс хандықтың соңғы ханы?-Оспан хан.

Т-Айша бибі кесенесі қай қалада?-Тараз қаласында.

Б-Айша бибінің ұстазы кім?-Бабаджа Хатун.

Х-Әулеата Қарахан атанған қай хан?-Хасан.

Ә-Қарахандық хандар қай хазіреттін ұрпақтары?-Хазіретті Әлидің.

Ү.Үйге. «Қарахан мемлекеті» оқу,қосымша материалдар қарап келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?арахан мемлекеті

Автор: Ермаганбетова Аякоз Сейткалиевна

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Кембридж ?дісі бойынша ?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы: ?арахан мемлекеті"
    ["seo_title"] => string(83) "kiembridzh-disi-boiynsha-k-ysk-a-mierzimdi-zhospar-tak-yryby-k-arakhan-miemliekieti"
    ["file_id"] => string(6) "320712"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461136743"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?арахан мемлекеті (942-1212 жж.) "
    ["seo_title"] => string(36) "k-arakhan-miemliekieti-942-1212-zhzh"
    ["file_id"] => string(6) "244690"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445972950"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?арахан  мемлекеті "
    ["seo_title"] => string(22) "k-arakhan-miemliekieti"
    ["file_id"] => string(6) "171538"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423677180"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?арахан мемлекеті" ашы? саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(38) "karakhanmiemliekietiashyksabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "259898"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448863049"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Қарахан мемлекеті"
    ["seo_title"] => string(22) "k_arakhan_miemliekieti"
    ["file_id"] => string(6) "401795"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490006575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства