Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз сабақта әлемнің жеті кереметтерінің бірін, яғни Хеопс пирамидасын көреміз. Біз пирамидалардың салыну тарихы мен өткен заман құпияларын анықтап, ғалымдардың соңғы ойларымен танысамыз. Бірақ бұл кәдімгі таныстық емес, өткенге шын саяхат болмақ , бізге тарихтың ұлы құпияларының бірі – Египет пирамидалары қалай тұрғызылғанын біліп келу болып табылады. Біріншіден өз зерттеуімізді Хеопс пирамидасынан бастап көрейік. Біздің сұраққа жауап табуымыз үшін талай дәлелдер табу керек. Дәлел дегеніміз не? Неліктен тарихта олар маңызды болып табылады?Сіз дәлелдің қандай түрлерін көрсете аласыз? Ары қарай пирамиданың ішкі және сырты фотосын көрейік. Презентацияны көру барысында келесі сұрақтар бойынша ойланып отырыңыз: Бұл жерді қандай жер деп көрдің? Қатты айғайласаңыз, бұл жерді даусы қалай болады? Жарықты өшіріп қойып, сіз қаншалықты жақсы көре аласыз? Осындай жерде жалғыз қалып қалсаңыз өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Қалай ойлайсыз, бұл бөлме қаншалықты ыстық немесе суық? Осы дәліздердің қабырғалары қолмен ұстағанға қалай болар еді? Фотосуреттерді көріп болғасын оқушылар жұппен осыған дейін берілген сұрақтарға жауаптарын береді. Осыдан кейін мұғалім балалармен бірге жауаптарын талқылауға салады? Күтілетін жауаптар: Пирамидалар қазіргі Каир қаласының шетіндегі құмды шөлде орналасқан. Ғимарат қатты тастан қаланып, іші сырттағы шөлдің температурасынан анағұрлым төмен болған. Дәліздер мен қабырғалар жаңғырық пен дауысты басып тастайтын тастан қаланған болатын. Жалғыз жарықсыз қалудың өзі бұл ғимараттың ішкі бөлігі перғауын қабірі болғанын білмеген адамға да қорқыныш үйіреді. Пирамиданың іші тастай қараңғы болғанымен, адам көзі біраз уақыттан кейін өздері қараңғыға үйреніп кетеді. Бізге Хеопс пирамидасы туралы не белгілі? Дәптерлеріңе Хеопс пирамидасы туралы білетіндерің жайлы жазыңдар? Оқушылар мен мұғалімнің ортақ талқылауы. Талқылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырып отырады? Жақсы, балалар Ежелгі Египетте пирамидаларды қалай салды деп ойлайсыңдар? Топтармен ойланайық? Зерттеу (Г) Сыныпты топтарға бөліңіз және пирамиданың тұрғызылу әдістерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын дайындау керек. Әр топқа өз нұсқасын басқа топтар алдында дәлелді етіп көрсету үшін 1 минут уақыт берілетінін атап өтіңіз. Бағалау критерийі | Дескрипторлар | Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғанын анықтайды және түсіндіреді | Хеопс пирамидасының қалай тұрғызылғаны туралы айқын позициясы ұсынылған | Хеопс пирамидасының қалай тұрғызылғаны туралы айқын түсініктемесі ұсынылған | Хеопс пирамидасының қалай тұрғызылғанын растайтын дәлелдер келтірілген | Хеопс пирамидасының қалай тұрғызылғаны туралы тұжырым, жалпылау жасаңыз | Жіктеу: Жіктеу мұғалімнің алдын ала дайындаған материалының көмегімен оқушылармен/қосымша қолдау тобымен қамтамасыз етіледі. Жоғары деңгейлі оқушылар Ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеуді өздігінен жүзеге асырады (мұғалімнің қамтамасыз еткен ноутбуктары немесе планшеттері арқылы). (К) Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын береді. Мұнда жекелеген оқушылар немесе өзге топтар басқа топтарының айтқанын даулай алады. Өзара бағалау және кері байланыс: (К/Г) Оқушылар бұрын айтылған пікірлері бойынша топ жұмысын бағалайды, ол үшін мұғалім кім-кімді бағалайтынын анықтап беру керек. Өзара бағалау кезінде мұғалімнің міндеті –топтардың пікірлерінен кейін өзінің кері байланысын қамтамасыз ету, сонымен қатар сындарлы пікірлерді қалай беру керектігіне балаларды үйрете отырып, оқушылардың кері байланыс сапасына кері байланыс беру. (К) Ежелгі мысырлықтар Хеопс пирамидасының құрылысына түсінік беретін бейне жазбаны қараңыз. Пирамидалардың қалай тұрғызылғаны туралы бұл әңгіме нұсқасы кейбір археологтардың заманауи теориясы болып табылатынын түсіндіріңіз. Талқылаңыз: Оқушылар археологтардың теориясына қаншалықты жақындады? Пирамидалар бізге ежелгі мысырлықтар туралы не айтып бере алады? Мысыр пирамидалары қандай мақсатта салынды? Пирамидаларда мысырлықтардың діни сенімдері қалай көрініс тапқан? |