М. « Жүгіртпе диктант» әдісін қолдана отырып оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында әр топқа алдын ала жазылған 7 сөйлемнен тұратын тарихи диктант оқу аудиториясының қабырғасына іледі, әдісті қолдануға 5 минут уақыт береді. Бірінші топ: Шығыс Қазақстан мыс, қалайы рудаларын және алтын өндіретін орталықтардың бірі болды.Үй кәсіптері, қыш ыдыстарды жасау ісі дамыды.Әдетте ыдыстар шырша,тырнақ ою-өрнек ретінде өрнектелді.Қанай,Малокрасноярка қоныстарынан ежелгі металл құятын шеберхана орындары табылған. Екінші топ: Қоныстардан табылған мал сүйектері арқылы жайылымның алыс орналаспағанын білуге болады.Қоныс маңында мал бағу біртіндеп жайлауға көшуге ұласты.Мал санының көбеюі жайылым жерлердің кең болуын қажет етті.Бақташылар бір жайылымнан екінші жайылымға жылжып көшіп жүретін болды. Үшінші топ: Қола дәуірінде қоныстар өзен-көлдерге жақын орналасқан.Қола дәуірі адамдары егіншілікпен де айналысты.Олар бидай, қара бидай,тары екті. Өзен жағалауындағы жұмсақ топырақ тесемен қопсытылды. О. Оқушылар өз араларынан спикерді таңдап алады және сол спикер қабырғада берілген диктанттың әр сөйлемін оқып еске сақтап топқа айтады.Топ мүшелері сөйлемдерді жазып отырады және тез әрі нақты жазған топ бағаланады. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» М. Қола және тас дәуіріндегі адамдардың өмірін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау мақсатында әр оқушыға жеке «Венн диаграммасына» салуға береді.Кем дегенде 5 айырмашылығы және 5 ұқсастығын табуға нұсқау береді. Дескриптор Білім алушы Қола және тас дәуіріндегі адамдардың өмірін салыстырып,кем дегенде бес айырмашылығын және бес ұқсастығын жазады
Бағалау критерийлері: Қола және тас дәуіріндегі адамдардың өмірін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу
О. Оқушы алдымен ұқсастықтарын іздеп айқындап,содан кейін айырмашылықтарын айқындайды және өзара оқу дәптерлерімен алмасып тексеріп өзара бағалайды. Тапсырма: Кескін картада Қазақстан территориясында Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан металл кеніштерін географиялық орналасуын белгілеңіз. |