Тақырыбы : Ұлы Жібек жолының тармақтары, оның Қазақстандағы сілемі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы Жібек жолы,оның халықаралық мәдниетті дамытудағы зор үлесі, оңтүстік Қазақстаннан бағытындағы жол торабының маңызы жөніндегі білімдерін тиянақтау тексеру .
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Ұлы Жібек жолының тармақтары"»
Күні ________Қазақстан тарихы Сыныптар :7 «а» .7 «г».7 «м»
Тақырыбы : Ұлы Жібек жолының тармақтары ,
оның Қазақстандағы сілемі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы Жібек жолы ,оның халықаралық мәдниетті дамытудағы зор үлесі , оңтүстік Қазақстаннан бағытындағы жол торабының маңызы жөніндегі білімдерін тиянақтау тексеру .
Тәрбиелігі: Оқушыларға «Халықтар тұтастығы мен ұлтық тарихи жылын » насихаттау арқылы ұлтық мұра-жайға деген ыстық ықлас,құрмет, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылығы : Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін , жігерін, тілін, ынтасы, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі : Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: Репродуктивті, «Ойталқы» іздену.
Таным қызметі : Топтық
Көрнекіліктері: Техникалық құрал : Интерактивті тақта. Электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс : География.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын, қойылатын талаптаптармен таныстыру.Топтарды танымдылық бағыттары бойынша бөлу . Әр топқа бағалау парақтары таратылады .
А тобы :Топанимиктер.
В тобы : Этнографтар.
С тобы : Археологтар.
Д тобы : Сараптаушылар.
II.Электронды оқулықтан 1. «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының сілемдері» 2. Қазіргі туризм. 3.«Ортағасырдағы Қазақстан қалалары»т.б бейне таспадан көрсету арқылы ойларын жинақтау.
1 карта Қазақстан арқылы өткен 4 бағытын көрсеттеді.
1-бағыт : Оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді ,ол Тараз қаласы арқылыАлматыға
жетіп оданШелек , Сүмбе , Жаркент арқылы шығысқа бет алады.
2 бағыт : Солтүстік-шығыс бағытАлматы, Қапшағайдан өтіп, Шеңгелді ,Алтынемел,
Дүнгене , Қойлық қалаларын басып өтеді ,Алакөл жаныменЖоңғар қақпасы арқылы шығысқа қарай өтеді.
3 бағыт : Тараздан шығып,Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанды басып
өтеді. Бұл бағыт Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін басып
өткен.
Жетісу жеріндегі негізгі қақпа болған қандай қала одан шығатын бағыттар қалай бөлінді?
Испиджаб қаласына келгенде екі тармаққа бөлінді.
Оңтүстік-батыс бағыт, ол Испиджабтан Шаш қаласына келіп,Орта Азиядағы Самарқан, Бұхара қалалары арқылыБатысқа қарай шығады.
Испиджабтан шығып,Шымкент, Отырар, Түркістан,Сауран, Сығанақ қалаларын басып өтіп ,Баршыкент қаласында екіге бөлінеді.(әр оқушы интерактивті тақтаға сызып ,негізгі сауда саттық орындарын қызыл түспен дөңгелектейді)
2 карта бойынша Ұлы Жібек жолының Қытай мемлекетінен шығып Шығыс,ОртаАзия,Еуропа мемлекеттеріне таралу жолдарын көрсетеді.
3 тапсырма: Интерактивты тақтадан әр топқа берілетін деңгейлік сұрақтар.
(І деңгей)
Топонимиктер тобы :
Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа екендігін карта арқылы дәлелдеп беріңдер .
Этнографтар тобы:
Қытай мемлекетінің жібек өндіруді құпия ұстауының себебі неде?
Археологтар тобы:
Ұлы Жібек жолы арқылы түрлі діндердің таралуы жөнінде не білесіңдер ?
Сараптаушылар тобы:
Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы не білесіңдер?
І-деңгей тапсырмалары бойынша басқа топтар толықтыру жасап , ұпай жинақтай алады.
(ІІ деңгей )
Топонимиктер тобы:
Ұлы Жібек жолындағы қалалар туралы не білесіңдер ?
Этнографтар тобы :
Ұлы жібек жолының түркі кезеңіндегі сауда- саттықтың дамуына әсері қандай болды?
Археологтар тобы:
Ұлы жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болдыма?
Сараптаушылар тобы:
Ұлы жібек жолының тоқтау себептері және тарихи маңызы қандай?
Бекіту сұрақтары : (интерактивті тақтаға дұрыс жауабын тапқан оқушы белгілейді )
Тест сұрақтары.
1.Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған ?
А) б.з.б. ІІІ-ІІ ғ.ғ.
В) б.з.б ІІІ-І ғ.ғ.
С) б.з.б. ІІ ғ.- б.з І ғ.
Д) б.з. ІІІ- ІV ғ.
2. Нефрит жолы :
А) Бадахшан тауы –Иран –Қытай .
В) Мысыр –Сирия- Месопатамия.
С) Жаркентдария -Шығыс Түркістан .
Д) Орал –Қаратеңіз- Дон бойы .
3. 1253 ж Екіоғыз қаласында болған саяхатшы кім?
А) Марко Полла .
В) Вилгельм Рубрук .
С) Сюань-Цзянь .
Д) Үлкен Плени .
4. VІІІ ғ. деректер бойынша «Хан жолы» деп аталған соқпақ Қазақстанның қай аймағында болған?
А) Солтүстік-батыс.
В) Оңтүстік –шығыс.
С) Орталық- батыс .
Д) Орталық –шығыс.
5.Ортағасырлық Азияда сәйгүліктер патшалығын атаңыз .
А)Иран мен Византия .
В) Түрік қағанаты .
С) Үндістан .
Д) Қытай.
6.Буддизді таратуда қандай тайпалар басты рөл атқарды ?
А) Найман
В) Үйсін
С) Соғды
Д) Қидан
7. Жібек жолымен соғдылықтар қандай дін таратты ?
А) Ислам
В) манихейлік
С) Христиан
Д) Тотемизм
8 . б.зб. ІІ ғ . Қытайдан батысқа аттанып 13 жыл болған император .
А) У Ди
В) Ли Чжи
С) Кан Чи
Д) Ян Цзянь
9. Жібек жолының Жапониядағы сілемі қандай қалаға барған ?
А) Киото
В) Нарга
С) Токио
Д) Харима
10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты ?
А) Құлжа
В) Тараз
С) Алмалық
Д) Құлжа
Қортындылау :
«Ұлы жібек жолы»туралы деректер қазіргі таңда түкпір- түкпірден келетін туристердің назарын өзіне аударуда. БҰҰ шешімімен мәдениетті дамытудың Халықаралық онжылдығы болып жарияланған 1987-1997 ж.ж аралығында Жібек жолын жаңғыртуға қатысты жобалар жасалып,жүзеге асты. 2000 жылыҚазақстан бойынша Мәдениетті қолдау жылында көне тарихи мәдени ескерткіштер қамтылып,халықаралық дәрежеде керуен жолдарының бағыттарын жандандыру жөніннде шешім қабылданды. Сондықтан осы бағытта жүргізіліп жатқан ғылыми -зерттеу жұмыстары мәдени мұраға үлкен жаңалықтар енгізетіндігне сеніміміз зор.
Үйге тапсырмасы : «Көшпенділер өркениетіне Ұлы жібек жолының ықпалы» шығарма жазу, сурет салу.
Бағалау : Бағалау парағы және бағалау текшелері бойынша бағалау.