· Білімділік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы және өнері туралы деректермен таныстыру.
· Дамытушылық: Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен танысу, картамен жүмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.
· Тәрбиелік. Сактарды ержүрек халык ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке коскан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы " Сақтар"»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы және өнері туралы деректермен таныстыру.
Дамытушылық: Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен танысу, картамен жүмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Сактарды ержүрек халык ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке коскан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. «Сақ дәуірі» картасы.
2.. Сактардың өмірі мен тұрмысы бейнеленген суреттер.
3. Сақтар өнер туындыларының суреті.
Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үйге берілген тапсырманы сұрақ- жауап ретінде беремін,
Сұрақ. Қола дәуірінің кезеңдері, кола қалай алынды? Мыстан артықшылығы қандай?
2-сұрақ. Қола дәуірінің негізгі үш ерекшелігін атап жазып шығыңдар.
3-сұрақ. «Андрон мәдениеті» деп неге аталады? Ол кезеңде Қазакстан аумағын кандай тайпалар мекендеген?
4-сұрақ. Қола дәуірінің ең ірі ескерткіштерін тізіп шығыңдар.
Окушылардың жауабын тыңдап , олардың есте сактау кабілетін, тарихи дәуірлердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін таба білу дағдыларын дамыту үшін төмендегі диаграмманы сынып болып бірлесе толтырып шығады. Тақтада ілінген диаграмманы толтыруға койылатын талап: оқушылар «Тас дәуірі» және «Қола дәуірі» деген екі шеңбердің ішіне өзіндік ерекшеліктерін барынша көбірек тауып толтырып шығуы тиіс, ал ортадағы төрт бұрыштың ішіне екі дәуірге тән ортақ белгілерін жазып шығады.
ТАС ҚОЛА ДӘУІРІ
Осылайша өткен сабақтарды бір-бірімен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексеріп шығып, жаңа тақырыпқа көшемін
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларның қоныстануы
3. Сақ қоғамы
4. Шаруашылығы
5. Қол өнері
Сақтардың тарихын оқыту барысында мына міндеттерді басшылыққа аламын.
Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.
Кесте№1
Деректерде
Қалай атады?
Ирандықтарда
Сақтар
Еуропада
Скифтер
Грек деректерінде
даилар, массагеттер, исседондар т.б.
Парсы деректерінде
Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа
Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен. Оны нақты мысал ретінде қосымша әдебиеттерден кызықты мәліметтер келтіре отырып, оқушылар жаксы есте сактау үшін төмендегі сызбаны пайдаланады.
Одан әрі «Сақтардың өмір салты, шаруашылығы және тұрмысы» мен «Көшпелі мал шаруашытылығы» туралы айтып беремін. Мұнда сақтардың мал шаруашылығының түрлері мен табиғи-географиялық ортаның оған әсері ашып көрсетемін. «Суреттер сөйлейді» кітаппен жұмыс жасатқызамын. Әр балаға суреттер беріп, сол бойынша кітаппен жұмыс жасайды. Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан соң, олардың жаңа тақырыпты қалай түсінгенін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтарды беріп тақырыпты бекітемін.
Бекіту сұрақтары:
1. Сақ заманының тұрмыстық заттары, ыдыстары мен бүйымдары қандай стильмен өрнектелді?
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды?
3. Көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында тарады?
4. Отырықшы шаруашылық Қазақстанның қай аймағында тарады?
5. Қазақстанның оңтүстік аймағында отырықшы мал шаруашылығының дамуы неліктен мүмкін болды?
Қорытынды:Скиф-сақтар Шығыс Еуропа, Батыс және Орталық Азия кеңістігіне тараған жаркын мәдениетті туғызды. Сонымен катар сақтар заманыңда әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қоса білген жауынгер де батыр халық болғанын біз сендермен келесі сабақтарда оқып білетін боламыз.