kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Балы?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Балы?тар

Саба?ты? ма?саты:

  1. Білімділік. О?ушылар?а балы?тар туралы м?лімет беру, балы?ты? ??рылысын, т?рлерін атап т?сіндіру.
  2. Дамытушылы?. О?ушыларды? ойлау, логикалы? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту, д?ниетану п?нінен ?ызы?ушылы?ын ояту.
  3. Т?рбиелік. О?ушыларды таби?атты с?йіп, аялау?а, ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а білімді хабарлау

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, ойын, пазл жинау, ВЕНН диаграммасы

К?рнекілігі: презентация Microsoft Power Point, суреттер, лото б?шкелері,   карточкалар, пазлдар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Балы?тар »

Сабақтың тақырыбы: Балықтар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға балықтар туралы мәлімет беру, балықтың құрылысын, түрлерін атап түсіндіру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетану пәнінен қызығушылығын ояту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғатты сүйіп, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, пазл жинау, ВЕНН диаграммасы

Көрнекілігі: презентация Microsoft Power Point, суреттер, лото бөшкелері, карточкалар, пазлдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Психологиялық дайындық өлеңі:

Мұғалім:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендермен бүгін кездескеніне шуақты күн де қуанып тұрғандай, ендеше бір-бірімізге күлімсіреп қарап, алақан жылуын берейік.

Қуанамын мен де / өзін көрсетеді /,

Қуанасың сен де / жанындағы доысн көрсетеді /.

Қуанайық достарым / бір-бірінің қолдарынан ұстайды /,

Арайлап атқан күнге / қолдарын жоғары көтереді /.









Ал, енді балалар сабаққа кірісейік! Үй тапсырмасын тексеруден бастайық!

Үй тапсырмасы Сүтқоректілер тақырыбымен жұмыс жасау еді. Олай болса дайындықтарыңды тексерейік. Ол үшін ВЕНН диаграммасын толтырайық! Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер деп қандай жануарларды атаймыз?

  2. Сүтқоректілер тобы қандай екі топқа бөлінеді?

  3. Үй жануарлары деп қандай жануарларды атаймыз?

  4. Жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар?

  5. Олардың ұқсастықтары қандай?

  • Келесі тапсырма берілген суреттер ішінен қандай сүтқоректі үй жануары қайсысы аңдарға жататынын ажыратайық!

  • Балалар, қараңдаршы артық суреттер қалып қойыпты, бұлар нелер екен? Балықтар, дұрыс. Ал балықтар сүтқоректілерге жата ма? Жоқ. Балықтармен біз таныстық па? Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? Балықтар!

Балықтар туралы мәліметтерді келесі презентацияны көру арқылы білейік. Тақтаға назар аударайық.

Бірінші презентациямен жұмыс жасау(ҚОСЫМША 1). Оқушыларға балықтардың тіршілігі туралы әңгімелеу. Өзен, теңіз балықтарының суретін көрсетіп, түрлерін ажыратуды үйрету.

Сергіту сәті

Көжегім тұршы, бетіңді жушы,

Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.

Мектепке баршы.

  • Балалар ары қарай сабағымызды жалғастырайық! Балалар сендер балықтың құрылысы жайлы білесіңдер ме? Қазір мен сендерге балықтың құрылысы жайлы суреттер арқылы әңгімелеп беремін.

Балықтың құрылысы жайлы презентациямен жұмыс жасау(ҚОСЫМША 2).

Пазл құрастыру.

  • Балалар мен сендердің пазлды өте қызығып жинайтындарыңды білемін. Сондықтан осындай пазлдарды дайындадым. Мына бөліктерді келістіру арқылы бір суретті құрастыруларың керек.

Оқушылар пазлдармен жұмыс жасайды(ҚОСЫМША 3).

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар, алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар, үп-үлкен боп өседі.

«Бинго» ойынын ойнау(ҚОСЫМША 4).

  • Ал, қазір балалар біз сендермен кішкене ойын ойнайық! Ойынның аты «Бинго» лото ойыны. Мен сендерге сандар жазылған карточкалар таратамын. Карточканың бірінші бағанына ғана қараңдар. Ойын ережесі бойынша мен мына қапшықтан бөшке аламын, бөшкеде қандай сан келсе, сол санды сендерге айтамын, кімнің карточкасында сондай сан бар болса, сол бала қолын көтеріп, менен сұрақ алады. Сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

Сабақты қорытындылау:

  • Балалар, үй тапсырмасы Балықтар тақырыбын оқып мазмұндауға дайындалу

Рефлексия:

  • Балалар мен сендерге қазір осындай карточкалар таратамын. Берілген дөңгелектер адамның көңіл-күйін білдіреді. Бұл күннің көзі. Күннің көзіне ұқсас болу үшін тағыда не жетпейді? Сәулелер. Олай болса сендердің көңіл-күйлерің қандай болса, сол күнге жалғап сәуле салыңдар.

Смайлдар (ҚОСЫМША 5).

Бағалау.

  • Оқушылар, бүгін сабақта жақсы жұмыс жасадыңдар, енді бағалауға кірісейік.

Оқушыларды бағалау.



  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Әсіресе нені ұнаттыңдар? Сабаққа белсенді қатысқандарыңа рахмет. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Балы?тар

Автор: Камалиденова Раушан Куатовна

Дата: 27.04.2015

Номер свидетельства: 206184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства