kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың мамандық таңдау, олардың типтері мен кластары туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту;
ә) Оқушыларға мамандықтың еңбек қызметінің негізгі бөлігі екенін түсіндіру;
б) Мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу.
Сабақтың түрі: Пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың өту жоспары:
1. Кіріспе
2. Мамандықтың психологиялық типтері
3. Мамандық құндылықтары
4. Сауалнама «Мамандыққа бейімдеу»
5. Ең танымал мамандықтар рейтингі
6. Қорытынды
Сабақтың барысы:
Жастықта еңбек ету қандай қызық,
Қуаныш билемей ме бойды кернеп?.
Қызықты тұрмысымды етем десең,
Аянбай маңдай термен істе қызмет
Нұрпейіс Байғанин

Кіріспе.
Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы – Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез - құлығына, дүниетанымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат - мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным - түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды.

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс, ол шын мәнінде адам деген атқа ие болу»,- дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой - пікірі: кез - келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекте қабілетті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы жемісті болып, өмірде жарқын із қалдыра алады.
Ал енді, «Мамандық – дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп көрелік. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі.

Адам екі нәрсені таңдауда жаңылыспауы керек. Соның алғашқысы мамандық таңдау екен. Өйткені мамандық әрбірімізге өмір бойына азық боларлық, тұрмыстық, рухани тұрғыда жанға жайлылық берер кәсіп. Психологтар кез келген адам өзінің мамандығына риза болуы керек, егер риза болмаса эмоционалдық тұрғыда күйреуге ұшырайды дейді. Мамандықты таңдау барысында оның болашақтағы қажеттілігін де нысанаға алған дұрыс.

МАМАНДЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ
Барлық мамандықтар еңбек затына (қызметкердің ісі немен байланысты) және еңбек құралдарына (ол машиналарды ма, әлде қол құралдарын пайдалана ма) және т. б. байланысты белгілі бір типтерге жатқызылады. Ұсынылып отырған типологияны есепке ала отырып, әр мамандыққа оның қандай критерий бойынша қандай типке жататындығын білуге болады. Содан кейін өзіңіз үшін қалаулы еңбек құралын таңдай отырып, «мамандықтың мінсіз формуласын» жасай аласыз. Осыған байланысты, өзіңізге қай мамандық жақын, ал қайсысы келмейтінін түсінуге болады.

Еңбек құралына байланысты барлық мамандықтар 5 - ке бөлінеді.
Шындығында, бұл - өте долбарлы бөлініс. Мамандықты осы бес типтің біреуіне ғана жатқызуға болмайды (мұндай әдіс, тек кейбір бес еңбек құралының біреуіне ғана нақты сәйкес келетін, кейбір мамандықтарға ғана сай келеді) Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау, берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішіндегі мамандықтарды да айыруға мүмкіндік береді. 
«Адам - табиғат»
Кәсіптер: Тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химикобактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебері және т. б.
«Адам - табиғат» типтегі кәсіптердің арасынан еңбек құралына байланысты келесі мамандықтарды бөлуге болады: өсімдік ағзалары, жануарлар ағзасы, микроағзалар.
Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми (биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар. Сонымен қатар табиғатқа деген қызығушылық психологтың, туризм менеджері және қонақ үй бизнесі менеджерінің бойларынан да табылуы керек.

Мұндай бөлу адам еңбегі тек жоғарыда айтылған пәндерге ғана бағытталғанын білдірмейді. Мысалы өсімдік өсірушілер ұжымда әр түрлі техникаларды қолданады, өз еңбегінің экономикалық тұрғыда бағалану мәселелерімен де айналысады. Бірақ өсімдік өсірушінің негізгі зейіні мен еңбегі - өсімдік пен оның өмір сүру ортасына бағытталған.
Ал бір жағынан, бұл мамандықтарды таңдау барысында сіздің табиғатқа қандай қарым – қатынаста екендігіңіз маңызды: демалыс орны немесе өндіріске өзіңіздің барлық күшіңізді сарп ететін шеберхана ретінде қарайсыз ба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде»

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың мамандық таңдау, олардың типтері мен кластары туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту;
ә) Оқушыларға мамандықтың еңбек қызметінің негізгі бөлігі екенін түсіндіру;
б) Мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу.
Сабақтың түрі: Пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың өту жоспары:
1. Кіріспе
2. Мамандықтың психологиялық типтері
3. Мамандық құндылықтары
4. Сауалнама «Мамандыққа бейімдеу»
5. Ең танымал мамандықтар рейтингі
6. Қорытынды
Сабақтың барысы:
Жастықта еңбек ету қандай қызық,
Қуаныш билемей ме бойды кернеп?..
Қызықты тұрмысымды етем десең,
Аянбай маңдай термен істе қызмет
Нұрпейіс Байғанин

Кіріспе.
Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы – Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез - құлығына, дүниетанымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат - мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным - түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды.

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс, ол шын мәнінде адам деген атқа ие болу»,- дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой - пікірі: кез - келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекте қабілетті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы жемісті болып, өмірде жарқын із қалдыра алады.
Ал енді, «Мамандық – дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп көрелік. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі.

Адам екі нәрсені таңдауда жаңылыспауы керек. Соның алғашқысы мамандық таңдау екен. Өйткені мамандық әрбірімізге өмір бойына азық боларлық, тұрмыстық, рухани тұрғыда жанға жайлылық берер кәсіп. Психологтар кез келген адам өзінің мамандығына риза болуы керек, егер риза болмаса эмоционалдық тұрғыда күйреуге ұшырайды дейді. Мамандықты таңдау барысында оның болашақтағы қажеттілігін де нысанаға алған дұрыс.

МАМАНДЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ
Барлық мамандықтар еңбек затына (қызметкердің ісі немен байланысты) және еңбек құралдарына (ол машиналарды ма, әлде қол құралдарын пайдалана ма) және т. б. байланысты белгілі бір типтерге жатқызылады. Ұсынылып отырған типологияны есепке ала отырып, әр мамандыққа оның қандай критерий бойынша қандай типке жататындығын білуге болады. Содан кейін өзіңіз үшін қалаулы еңбек құралын таңдай отырып, «мамандықтың мінсіз формуласын» жасай аласыз. Осыған байланысты, өзіңізге қай мамандық жақын, ал қайсысы келмейтінін түсінуге болады.

Еңбек құралына байланысты барлық мамандықтар 5 - ке бөлінеді.
Шындығында, бұл - өте долбарлы бөлініс. Мамандықты осы бес типтің біреуіне ғана жатқызуға болмайды (мұндай әдіс, тек кейбір бес еңбек құралының біреуіне ғана нақты сәйкес келетін, кейбір мамандықтарға ғана сай келеді) Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау, берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішіндегі мамандықтарды да айыруға мүмкіндік береді. 
«Адам - табиғат»
Кәсіптер: Тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химикобактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебері және т. б.
«Адам - табиғат» типтегі кәсіптердің арасынан еңбек құралына байланысты келесі мамандықтарды бөлуге болады: өсімдік ағзалары, жануарлар ағзасы, микроағзалар.
Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми (биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар. Сонымен қатар табиғатқа деген қызығушылық психологтың, туризм менеджері және қонақ үй бизнесі менеджерінің бойларынан да табылуы керек.

Мұндай бөлу адам еңбегі тек жоғарыда айтылған пәндерге ғана бағытталғанын білдірмейді. Мысалы өсімдік өсірушілер ұжымда әр түрлі техникаларды қолданады, өз еңбегінің экономикалық тұрғыда бағалану мәселелерімен де айналысады. Бірақ өсімдік өсірушінің негізгі зейіні мен еңбегі - өсімдік пен оның өмір сүру ортасына бағытталған.
Ал бір жағынан, бұл мамандықтарды таңдау барысында сіздің табиғатқа қандай қарым – қатынаста екендігіңіз маңызды: демалыс орны немесе өндіріске өзіңіздің барлық күшіңізді сарп ететін шеберхана ретінде қарайсыз ба?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде

Автор: Билисбекова Роза Базарбаевна

Дата: 05.11.2016

Номер свидетельства: 355483

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Саба?ты? та?ырыбы: «?ш?ыш  а?алар» 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(45) "sabak-tyn-tak-yryby-u-shk-ysh-ag-alar-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "207195"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430371710"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Саба? "Маманды?тар" "
    ["seo_title"] => string(18) "sabak-mamandyk-tar"
    ["file_id"] => string(6) "142182"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418231971"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сабақтың тақырыбы :Әбілхан Қастеев"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak_tyn_tak_yryby_bilkhan_k_astieiev"
    ["file_id"] => string(6) "372731"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482492797"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Саба?ты? та?ырыбы: "Электртехникалы? материалдар""
    ["seo_title"] => string(52) "sabak-tyn-tak-yryby-eliektrtiekhnikalyk-matierialdar"
    ["file_id"] => string(6) "316223"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460036445"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Саба?ты? та?ырыбы:  «Абайды? ?ара с?здері»"
    ["seo_title"] => string(35) "sabaktyntakyrybyabaidynkarasozdieri"
    ["file_id"] => string(6) "283487"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453831178"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства