«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қыпшақ хандығы»
Пән мұғалімі: Ғ.Ж Ауэзова
Сынып: 7 «А»
Тараз қаласы
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні: 24.10.2016 ж
сынып : 7 А
Тақырыбы
Қыпшақ хандығы
Мақсаты
Қыпшақ хандығының тарихымен, Дешті Қыпшақ деп аталатын аймақта өткен оқиғалармен таныстыру. Хандықтың қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау.
Жалпы мақсат
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар Қыпшақ мемлекетінің қоғамдық құрылысы алым-салық жүйесі,саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізеді, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіреді. Топтық жұмыс арқылы бір-бірімен шешімге келіп ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді. Өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады.
7 модульдің қолданылуы
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
«Интервью» әдісі, «Қауырсын» әдісі, постермен жұмыс.
Қолданылатын ресурстар
А4 форматты қағаз, маркерлер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды стикерлердің түсі бойынша топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін. Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. Таңдаған стикердің түсі бойынша 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылықтарын ояту
Үйге берілген тапсырма «Қарақытай » мемлекеті «кезбе тілші» ойыны арқылы сұралады.
Сабаққа селқостық танытып отырған оқушыны кезбе тілші рөліне тағайындау, әр топқа барып интервью жүргізіп, сұрақтар қойғызу, сол арқылы сабаққа қызығушылығы оянып, келесі сабақта белсенділік танытады.
Оқушыны таңдап тілші ретінде әр топқа тақырыпты талдау мақсатында сұрақтар қойғызып, тақырыпты қалай меңгергендіктерін байқау.
Түсіну
Жаңа сабақ. «Қыпшақ хандығы»
Оқушыларға мәтінді бөліп беремін, қалай жұппен, топпен талқылайтындықтарын түсіндіремін. А 1 форматты қағазды таратамын.
- топ. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы.
- топ. Қоғамдық құрылысы.
- топ. Саяси жағдайы.
- топ. Шаруашылығы.
Оқушылар өз ойын суреттер арқылы жеткізеді.
Оқушылар өздіктерінен мәтінді оқып, бір-бірімен талқылайды. Сұрақтар қояды.
Берілген қағазға өз ойларын жазып шығады. Тақтаға шығып қорғайды.
Қолдану Ізденген ақыл ойынын
пайдалану арқылы жаңа тақырыппен жұмыс жасау, рессурстар арқылы ойларын постерге түсіреді.
Ортаға бірнеше тапсырма беремін. Тәжірибенің орындалуын, сапалық нәтижесін айтамын.
Оқушылар суретпен арнайы ресурстармен жұмыс жасайды, түсіндіреді, көзбен көреді. Постермекн айтады.
Талдау
Жеке «тест» жұмысын орындау.
Әр оқушыға жеке тест тапсырмалары таратылады.
Тестке жауап беріп, өз ойларын қорытындылайды.
Жинақтау
«Қауырсын» әдісі арқылы сабақты бекіту.
Оқушыларға «Қауырсын» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа байланысты бір-бір сөйлемнен айтқызу.
Әр оқушы бір-біріне қауырсынды беру арқылы қайталанбайтындай сөйлемнен айтып шығады.
Бағалау
Критерилері:
- Үй тапсырмасы бойынша;
- Мәтінді талдау;
- Сұрақтарға жауап беруі;
- Сурет салу бойынша
Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын.
Өзін -өзі топпен бағалайды.
Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады.
Рефлексия
Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім?
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
Ұсынылған стикерді толтыру