Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ " Индустрияландыру "»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы индустрияландыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХХ ғсырдың 20 – 30 жылдары Қазақстанда жүргізілген индусрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарының түсіндіру, Қазақстанда индустрияландыру барысын сипаттау, ұлт қайраткерлерінің саяси көзқарасын айқындау.
Дамытушылық : Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сұрақтар қоя отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пікірталас барысынд өз көзқарасын пайымдап, дәлелдей алуға үйрету. Өткен тақырыптар мен жаңа тақырыпты байланыстырып ойын жинақтап, қорытынды жасай білуге бейімдеу,іздемпаздыққа бейімдеу. Алған білімдерін пысықтап, түрлі технологиялық – педагогикалық әдістермен бекіту. Тәрбиелік: Ел тарихын біліп,ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.Ұлт зиялыларының білімін , көзқарасын зерделеп мақтан тұту.Мамандық таңдауға бейімдеу.
Көрнекілік, қосымша материалдар: Интерактивті тақта, «Қазақстан-2050»стратегиясы, «Қазақстан индустриясы» кинохроника, Қазақстан картасы, 30 жылдардағы «Қазақстан өнеркәсібі» суреттер, Ә. Қастеев « Түрксіб» суреттері, Тұрар Рсқұлов, Ф.И. Голощекин, С. Садуақасова, Н. Нұрмақов, Қ. Сатбаев, И. М. Губкин портреттері , кестелер, анаграмма, «Түрксіб құрылысы», « Қазақстан металлургиясы» суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Түрлі түсті қағаздармен топтарға бөлу.
2.Топтың көшбасшысын тағайындау.
3. Топтарға бағалау парақтарын тарату.
ІІ. Өткен тарихи кезеңдерді қайталап, жаңа тақырыпқа ой – толғау арқылы көшу.
Кеңес үкіметінің алғашқы шараларын еске түсіріңдер.
Елдегі ауыр экономикалық шараларды жою үшін қандай реформалар жүргізілді.
Жаңа экономикалық саясаттың жетістіктерін қалай түсіндіресіңдер?
Кеңес үкіметі 1925 жылы елді индустрияландыруға бағыт алды.
ІІІ. Жаңа тақырып: « Қазақстандағы индустрияландыру»
«Қазақстан индустриясы» кинохрониканы көру, оқушылар қызығушылығын ояту.
Ойға шабуыл. Кесте №1
1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алумен қатар, мемлекетіміздің алдында көптеген күрделі экономикалық мәселелер тұрды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп проблемалары.
Ауыл шаруашылығының экономикадағы басымдығы
Өндірістік дамудың төмен деңгейі
Республиканың жер қойнауы толық зерттелмеді.
Көлік және байланыс салалары баяу дамыды.
Экономикалық артта қалушылық халық пен өнеркәсіп арасындағы байланыс нашар
Техникалық –экономикалық артта қалушылықты жою
Ауыр өнеркәсіп, машина жасау т.б. өнеркәсіп салаларын дамыту.
Жергілікті ресурстарға негіздеп өнеркәсіптің барлық салаларын дамыту.
Темір жол байланыс салаларын дамыту.эк-ономикан-ың жаңа инфрақұр-ылымын жасақтау
Өнеркәсіп үшін ұлттық кадр даярлау. Индустриялды-техникалық оқу орындарын ашу.
Жаңа сабақтың барысы.
Қазақстандағы индустрияландыруға бағыт алу.
БКП (б) XIVсъезінде КСРО ны индустрияландыруға бағыт алды.
Индустрияландыруға бағытының мақсаты.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір таластар.
Топтық тапсырмалар
1 топ тапсырмасы: «Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір таластар»
Кестені толтыру
I бағытты жақтаушылар
II бағытты жақтаушылар
III бағытты жақтаушылар
IV бағытты жақтаушылар
Қазақстан экономикасының шикізат көзі ретінде дамуын одақ көлеміндегі еңбек бөлісімен байланыстырып, бұндай даму Қазақстан үшін тиімді деп дәлелденген (Голокщекин, Сталин)
Қазақстанның тек шикізат базасы ретінде дамуы дұрыс емес, индустрияландыруды жоғары жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілігін секере отырып өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керек делінген (Т.Рысқұлов, С.Садуақасов)
Қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Ұлттық дәстүрлі шаруашылықты дамыту керек деген
Жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын”, “өңдірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” сияқты тұжырымдарды келтіреді. (Андреев)
2 топ тапсырмасы : «Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты»
3.Таныстырылым
Табиғи қорды зерттеу.
И.М. Губкин портреттері.
Ф. Голощекин портреті
Т. Рсқұлов, Н. Нұрмақов, С. Садуақасов ,Қ. Сатбаев портреті
Картамен жұмыс. Ескі кәсіпорындар
Қарсақбай, Риддер, Ембі, Степняк.
Семей кірпіш, Петропавл ет комбинаты т.с.с
4.Түрксіб темір жолын салу.
(сурет – слайд)
Хабарлама (Оқушы )
5.І бесжылдық қорытындылары « Қазақстан индустриясының негізгі нысандары»
- Джигсо әдісі бойынша мәтінмен жұмыс (1-2 топ оқушылары өзара білімдерін ортаға салады)
Фото- слайд
IV. Жаңа сабақты пысықтап бекіту.
«Индустрияландыру» анаграмма.
Дебат. Пікірталас
Резолюция: «Қазақстан экономиксына индустрияландыру саясаты маңызды үлес қосты (қосқан жоқ)
«Даттау»
«Жақтау» позициялары
Қорытынды: Қазақстанда индустрияландыру ерекшелігі мынада.
Ауыл шаруашылығы яғни дәстүрлі шаруашылық артта қалды.
Халықтың әл – аухаты жақсарған жоқ.
Индустрияландыруғ қажетті қор шаруалр еңбегін қанау есебінен жүргізілді.
Қазақстан одақтың шикізат өндіретін аймағы болып қала берді. Ол отар елге пара – пар.
V. Тест тапсырмалары. Сабақтың нәтижесі.
V. Бағалау. Сабақтың барысында әр тапсырма бойынша оқушылар топ мүшелерінің білімдерін бағалап , бағалау парағына қойылады.
VII. Үйге тапсырма: Қазақстандағы индустрияландыру.
Кестені толтыру.
Индустрияландырудың маңызы мен зардабы.
Жетістігі
Зардаптары
АНАГРАММА
Индустрияландыру
И
Н
Д
У
С
Т
Р
И
Я
Л
А
Н
Д
Ы
Р
У
Ақтөбе майданына қару – жарақ жеткізген кім?
Донбасстың жаңашыл забойшысы?
Халықты жаппай қырып – жою саясатын не деп атады? Жаппай ұйымдастыру саясатына қарсы көтеріліс болған аудан?
Голощекинге хат жазған бесеудің бірі?
Қазақстандағы ең алғашқы бесжылдық құрылыс?
Түркістандағы жастар Комсомол ұйымын ұйымдастырушы?
«Кіші қазан» теоретигі?
1920 жылы Қазақстан мемлекеті қандай сипатта құрылды?
« Жер туралы декретке» кім қол қойды?
Қазақстанның жас инженер – геологы, мыс металын зерттеуші ғалым?
Голощекин қандай идеяны ұстанды (Кіші қазан)
Тұңғыш Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы?
1930 – 1932 ж аштық тарихта қандай атаумен қалды?
«Түркісіб» темір жолында шатов қандай басшылықты атқарды?
«Кіші қазан» саясатына қарсы шыққан қоғам қайраткері?