kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1986 жылғы алматыдағы желтоқсан оқиғасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызы білдіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1986 жылғы алматыдағы желтоқсан оқиғасы»



«БАИШЕВ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС

сабақ жоспары

1986 ЖЫЛҒЫ АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

(сабақ тақырыбы)

Модуль/пән атауы Қазақстан тарихы

Дайындаған педагог Истлеуова Ажанат Жаксыбаевна

Мерзімі 2021 жылғы "07" желтоқсан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызы білдіру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Білім алушылардың тарихи танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Желтоқсан оқиғасының ашылмаған жағын көрсете білуге, студенттерді ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, сызба, видео материалдар, интерактивті тақта, слайд, тірек схемалары.

Сабақ типі: Конференциялық зерттеу сабағы.

Сабақ түрі: Аралас сабағы.

Әдіс – тәсілдер: баяндау, сұрақ – жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс .

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, География, Әдебиет.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин

1.1. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

1.2. Әнұран

1.3. Топқа бөлу.

1.4. Бағалау парақшалары таратып, шарттарын түсіндіру.

II. Үйге берілген тапсырма. 15 мин

1-тапсырма «Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері мен оның сипаттары.

1 топ Қайта құру бағыты, Бірінші кезеңі

2 топ Екінші кезеңі

3 топ Үшінші кезеңі

4 топ Қайта құру нәтижесі


2-тапсырма. Қайта құру жылдарында Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінің рөлін қалай бағалайсыз?

  • PRES-әдісі

IIІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. 20 мин

3.1. Эпиграф: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана – сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.» Н.Ә.Назарбаев

Картадан Алматыны көрсету. 1986ж. Желтоқсанда Алматы қаласында бүкіл КСРО-ны дүр сілкіндірген үлкен тарихи оқиға болды. Бұл оқиға неден бастау алып еді. Осы кезде Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев болатын. Суреті: Д.А. Қонаев - (1912-1993ж) - 1964-1962 ж.ж. - 1964-1984ж.ж.- Республика басшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, үш мәрте - Социалистік Еңбек Ері 1986ж. 16 желтоқсанда Қаз. Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Ол 18 минутке созылды. КОКП ОК хатшысы Г.П. Разумовский ұсынысымен Д.А. Қонаев орнынан алынды. Орнына КОКП-ң Ульяновск облысы комитетінің І хатшысы Г.В. Колбин тағайындалды. Бұл жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызды. 17-18 желтоқсанда жұмысшы жастар мен студенттер Брежнов алаңына бейбіт шеруге шықты.

Себебі:

1. Орталықтың өктемдік әрекеттері.

2. Әкімшілікдік - әміршілдік жүйенің күшеюі. "Қуыршақ" республика.

3. Лениндік ұлт саясатының жүзеге аспауы.

4. 1954 - 1986ж. - 600 қазақ мектебі жабылды.

5. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы.

6. Экономикалық, саяси, әлеуметтік 3 жақты дағдарыстың күшеюі.

7. Экологиялық проблемалар.


3.2. (Бейнебаян көрсетіледі...3 минут

Осы жиында ой саралап, зерделі пікір айтылады деген сеніммен конференцияны ашық деп жариялаймын. Жиынымызға тарихшылар, саясаттанушылар, тәртіп сақшылары, зерттеуші жастар шақырылып отыр. Сонымен қатар, конференциямыздың жұмысына баға беретін сарапшымыз да бар. Ендеше жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Бүгінгі конференцияның жүргізушісі ретінде, тәуелсіздік жолындағы оқиғаға тоқтала кеткенді жөн көрдім.

IV. Жаңа тақырып бойынша жұмыс түрлері. 20 мин

4.1. Сонымен сөз кезегі:

Тарихшылар: Қазақ жастарын шайқасты алаңға қандай күш айдап апарды?

1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс- қимылдары. Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы көтеріліс екенін айта отырып, әсіресе, КОКП – ның V пленумы, Д.Қонаевтың кетуі, Г.Колбиннің билік басына келуі қазақ жастарының алаңға шығып, билік басындағылардың шешіміне қарсы тұруларына әкеліп соқтырғанын айтады.

Саясаттанушылар: 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан жастардың ұрандары мен талаптары қандай еді?

«Әр Республиканы өз көсемі басқарсын», - деген ұрандар қазақ жастарын рухтандырды. Ұлт намысын жақтап, қудаланғаны туралы айтылады.

Тәртіп сақшылары:  Қазақ жастары осы күнде қандай қиянат, қиындықтар көрді?

Желтоқсан оқиғасы желісі бойынша, тергеу барысында адам шығындары мен қудаланғандары аясында сөз етеді.

Зерттеуші жастар: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?

Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, К.Молданазарова т.б бір топ студент жастар тәуелсіздік жолында құрбан болды. Қазіргі кезге дейін жеткендері бар. Олардың бірі Ақышбеав.

4.2. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет. Неден бастаймыз? Немен аяқтаймыз?

І хатшы Д. А. Қонаевтың орнынан алынуы. Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау.
Қудалау, жазалау
Ұлт нышанының аяққа тапталуы
Студенттер талабы
Жастар наразылығы





Сергіту сәті 7 мин

«Сазды әуен» (әуеннің атын, авторын табу)

1. «Өз елім» МУЗАРТ тобы авторлары: Қадыр Мырзалиев, Нұрғиса Тілендиев

2. «Атамекен» авторлары: Ескендір Хасанғалиев, Қадыр Мырзалиев

3. «Желтоқсан желі» авторлары – сөзін жазған: Әбдірахман Асылбек Әні: Әбиірбек Тінәлі

4. «Көк тудың желбірегені» ақын-сазгер Ермұрат Зейіпхан, Алмас Ахметбекұлы

5. «Ақ көгершін» сөзі: Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов

V. Сабақты бекіту. 8 мин

5.1. «Кір жайғыш жіп» әдісі. Білім алушыларға сұрақтар қойылады, жауап алынады және кір жайғыш жіпке парақшалар ілінеді.

1. Желтоқсан оқиғасының сылтауы?

2. 1986 жылы желтоқсан оқиғасының сипаты?

3. Желтоқсан оқиғасының болу себебі?

4. Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күші?

5. Желтоқсан толқуының тарихи маңызы?

6. Қанша адам айыпталды?

7. Қанша адам ұсталды қала сыртына әкетілді?

8. 1991 жылы 12 желтоқсанда қандай оқиға болды?

9. Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы кім болды?

10. Д.А.Қонаев Қазақстан КОКП ОК бірінші хатшысы қызметін қашан атқарды?

11. Желтоқсан құрбандарын атаңыз.


Оқытушы: Назар аударыңыздар, біздің кір жайғыш жібімізде «Тәуелсіздік» сөзі. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының қайсар батырлары, көреген хандарымен дарынды билердің ерең еңбектерінің арқасында жеттік. Жерімізді қорғап қалған бабаларымыздың ерлігінің орны тіптен ерекше. Міне тәуелсіздік мемлекетте өмір сүрудеміз, күні-ертең тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болады. Тәуелсіз елдің жастары еліміздің көркеюі мен өркендеуіне бар күш-жігерімізді саламыз.

VI.Үйге тапсырма беру. 2 мин

«Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?» тақырыбында эссе жазу.

VII. Бағалау. 3 мин

Бағалау парағы арқылы әр топ білім алушылары бағаланады, белсенді топтар анықталып, мадақталады.


Қорытынды:

Сабақ жоспары әдістемелік талаптарға сай тиімді құрылған. Білім алушылар назарын жаңа тақырыпқа аудара білді, сабақ бағдарламаға сәйкес, тапсырмалар білім алушылардың ерекшелігіне сай, оқытушы көшбасшы, білім алушылармен белсенді іс-әрекетті ұйымдастыру шеберлігі жақсы. Білім алушылармен кері байланыс орнатып, қызығушылық, белсенділік таныта білді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1986 жылғы алматыдағы желтоқсан оқиғасы

Автор: Истлеуова Акжанат Жаксыбаевна

Дата: 17.02.2022

Номер свидетельства: 600494

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "?аза?станда?ы 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы –  ?лт-азатты? ?оз?алыс"
    ["seo_title"] => string(59) "kazakstandagy1986zhylgyzhieltoksanokigasyultazattykkozgalys"
    ["file_id"] => string(6) "296935"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456123149"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "10 сынып. Пікір –сайыс та?ырыбы: Жа??ыры?ы ерлікті? – желто?сан!"
    ["seo_title"] => string(55) "10synyppikirsaiystakyrybyzhangyrygyierliktinzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "274319"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452359289"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "1986 жыл?ы  «Желто?сан  о?и?асы» "
    ["seo_title"] => string(37) "1986-zhylg-y-zhieltok-san-ok-ig-asy-1"
    ["file_id"] => string(6) "194378"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427773048"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "?аза?стан ?айта ??ру  кезе?інде. 1986 жыл?ы Алматыда?ы  желто?сан к?терілісі"
    ["seo_title"] => string(72) "kazakstankaitakurukiezienindie1986zhylgyalmatydagyzhieltoksankotierilisi"
    ["file_id"] => string(6) "302387"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457156759"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Желто?сан о?и?асы "
    ["seo_title"] => string(22) "zhieltok-san-ok-ig-asy"
    ["file_id"] => string(6) "195659"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427953100"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства