Мақсаты:Желтоқсан көтерлісінің құрбандары болған азаматтардың ерлігі мен қайғыға толы тағдыры туралы мәлімет беру.Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу.
Білімділік:1986 жылғы Алматы оқиғасының себеп-салдарлары,сипаты,қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз құқықтарын қорғау қажеттілігін түсінуге жәрдемдесу.
Көрнекі құралдар: Тест сұрақтары, ВЕНН диаграма, хронологиялық кесте.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:Ізденіс сабағы
Әдіс -тәсілдер: Өзара белсенділігін және шығармашылық ізденісін арттыру әдісі, топпен жұмыс. Тірек-сызба арқылы түсіндіру, тестік жұмыс.
Сабақтың жаңа техналогиясы: Интерактивтік оқыту.
Базалық білім:1986жылғы Желтоқсан оқиғалары, жеделдету реформасы, жазалау шаралары
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарының толықтығын, сабаққа дайындығын қадағалау.
II.Білімді қабылдауға даярлау.
Дәйек сөз:"Бүгінгі күнді түсініп түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек"
Н.Ә.Назарбаев
Тақырыптың өзін пайдаланбастан бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін түсіндіру
К.У.Черненко
М.С.Горбачев
Д.А.Қонаев
Г.В.Колбин
(Қайта құру ұғымына анықтама беріліп, жаңа сабақтың жоспарымен таныстырылады)
Оқушыларды топқа бөлу.Оқушыларға әр түрлі тарихи ұйым аттары жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар осы парақшаларда жасырылған тарихи ұйым аттарының тарихи мәніне қысқаша мәлімет беріп, өз топ аты етіп алады.
I топ «Жас тұлпар».
II топ «Жас ұлан».
III топ «Сары Арқа».
IV топ «Қазақ халқын қорғаушылар одағы».
Топ аттарына анықтама:
I топ- «Жас тұлпар» 1963-1966 жж. Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқитын бір топ қазақ студент жастары «Жас тұлпар» атты ұйым құрған. Ол ұйым кеңестік отаршылдық пен тоталитаризмге қарсы күрес идеяларын басшылыққа алған.
1966 жылы «Жас тұлпар» төрағасы ММУ аспиранты Мұрат Әуезов болған. «Жас тұлпардың» міндеті – жастардың жүрегінде ұлттық мәдениетке деген махаббатын ояту, арманға жетелеу.
II топ - «Жас ұлан» Павлодарда 1968 – 69 жылдары мектеп оқушыларының «Жас ұлан» партия іс – қимыл жасап, қазақтың тілін, мәдениетін дамыту, отаршылдыққа қарсы көтеріліс ұйымдастыру мәселелерін көтерген. Ұйымның өз жарғысы, сөз сөйлеу үшін сауалнамалары болған. Мүшелік жарнапұл жинаған, адалдық антын берген, хаттамалар жүргізіліп, өздерінің парольдары да болған.
Осы оқушылар тобының жекелеген қатысушылары «ұлтшылдық сипаттағы» ой пікірлерді айтып, өлеңдер шығарып, қазақтарға арналған «ата – баба туын көтеруге» шақырған үндеу хаттар құрастырып, Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының Кеңес ауылында таратқан.
III топ– «Сары–Арқа» ұйымы 1972 жылы ҚазМУ – дың тарих факультетінің I – курс студенттерінің бастамасымен құрылған болатын. Ұйымның бағдарламасы мен жарғысы қазақ жастары арасындағы мәдени ағартушылық жұмыс жүргізу, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау, ең соңында КСРО – дан бөлініп шығуын көздеді, осындай топтарды республиканың басқа да қалаларында құру қажеттілігі көрсетілді.
IV топ – «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» 1941 жылы Орал қаласында құрылған ұйымның атымен аталған. Сол Сталиндік тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде Орал қаласында оқитын 14 балғын жас КСРО-дан бөлініп, өз алдына дербес Қазақстан социалистік ұлттық мемлекетін құруды мақсат еткен.Олар өздерінің ұйымын «Қазақ халқын қорғаушылар одағы » деп атаған.
(Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар желтоқсан көтерілісінің себеп- салдарына тоқталады)
I топ- Желтоқсан қозғалысының себептерін саралаңыз. ( тірек сызба арқылы).
Себептері
Сылтауы
Салдары
Тарихи маңызы
Ақталу
II топ- 1986жылғы Желтоқсан көтерілісі қарсаңындағы саяси жағдайды 1925-1933жж. Голощекиннің тұсындағы қазақ даласындағы бұрын-соңды болмаған қаралы күндермен салыстыру. (ВЕНН диаграммасы арқылы).
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Айырмашылығы
III топ -1986 жылдың 17-18желтоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп , үзінділер келтіру арқылы суреттеу. «Дауыл 86» операциясы (суретпен жұмыс).
IV топ -1986 жылғы желтоқсанды бүгінмен байланыстыр ( кластер әдісі арқылы).
I."Мезгіл орындығы" тренинг (қатысушылардың ойлау қабілетін, өзара әрекет дағдысын дамыту)
Кешегі күн ---------------------------------- КСРО
Бүгінгі күн ---------------------------------- Тәуелсіздік
Ертеңгі күн ---------------------------------- Қазақстан -2050
2.Детальдарды қосу
1.1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан КОКП-ның V пленумы болды...............
2.1985 жылы науырызда КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы К.У.Черненко қайтыс болды...............
3.Алматы архитектура- құрылыс институтының студенті .......................
4.17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.......................
3.Дүйсенбі Аяулым өзінің шығармашылығынан "Желтоқсан ызғары"
1. Дүйсенбі Аяулым - Алтынай Асанованың рөлінде
2.Әлімақын Гүлназ - Ләззат Асанованың рөлінде.
1. Ләззатты анасының жоқтауы (көрініс)
Алтынай Асанова
Оу, көздің жасын бұлайын
Жүректі жеді- ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді- ау,
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман
Жүректегі тар заман,
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін Алладан.
Басшыларға ұнамай,
Ел көзінше жыламай
Анашыңның сені іздеп,
Боздағанын білдің бе ?
Тар құрсақты кеңіткен
Тай құлындай тебіскен,
Бота көзің боталап
Қиянаттан қаталап,
Дәл он алты жасыңда,
Жан адам жоқ қасыңда.
Қыршыныңнан қиылдың,
Қара жерге бұйырдың.
Құлыным менің қор болды- ау,
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды -ау,
Қысқа күндей қызарып
Баттың- ау сен Ләззатым.
Елің үшін азапты
Тарттың- ау сен Ләззатым ....
Айдай аппақ қызымды
Аямаған қанішер,
Туды екен білмеймін
Қай анадан қанішер .....
Ләззат Асанова
29 жыл болды мен жатырмын, ақ жазықтың түбінде
Мені өлтірген танкист жігіт, тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді еске алғанның несі бар,
Желтоқсанда құрбан болған Ләззат қызды есіңе ал.
Бұйрық берді саған бастық, сенімімді ақта деп
Он алтыға толған қызды танкыменен тапта деп.
Жас өмірдің қыршын гүлін қиып түскен қанішер,
Сақ болмасаң қазақ қанын, Желтоқсанда тағы ішер.
Он алтыда қиылдым мен табанында танкының,
Ләззат атты құрбаныңмын, Қазақ деген халқымның.
Шағалалар қалықтаған көк теңізді жағала,
Ләззат дейтін мен боламын аспандағы шағала.
Туған халқым қазағым, өзің үшін жанамын,
Енді қайтып көрмейік желтоқсанның азабын. }2
2.Қазанбаева Айман
Желтоқсан алаңы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көкпен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысын қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі- бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен қос тұлпары, нары жоқ?!
Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаңаяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегіңде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуіріңнің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырың заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.
....Дүниені дүр сілкінткен жас толқының саналы
Данқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады
Желтоқсанның бос алаңы, қайсар рух алаңы.
IV.Жаңа білімді меңгеруін тексеру.
"Тарихи тұлғаны таны". Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
1."Алматы оқиғасын" басты ұйымдастырушыларының бірі деп нысанға алынған, КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовскийдің ұсынысымен қызметінен босатылған саясаткер ?
2.1985 жылы науырызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне сайланған, "Дауыл" операциясын Алматыдағы көтеріліске сынақ ретінде қолданып көруге ауызша рұқсат берген тұлға кім?
3.1986жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бюро мүшелерінің бірі болған, 1991жылы желтоқсанда " 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде " жарлық шығарған басшы?
4.1986жылғы желтоқсанның 18 жұлдызында Сәтпаев атындағы көшедегі №6 үйдің ауласынан басынан қатты жарақаттанған күйде табылып, 2-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде желтоқсанның 23-жұлдызында көз жұмған көтеріліс құрбаны?
5.1989ж. мамыр айындағы КСРО халық депутаттарының I съезінде кімнің бастамасымен Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды ?
6.1986 жылғы көтерілістің себепкері, қазақ халқының 62 жыл бойына көз жазып қалған 22 наурыз төл мейрамының қайтадан жаңғыруына келісім берген саясаткер ?
V.Сабақты бекіту
Тест сұрақтарымен жұмыс:
I топ –Сәйкестендіру тест.
II топ -Толықтыру тесті.
III топ -Баламалы тесті.
IV топ-Дұрыс жауапты таңдау тесті.
I.Сәйкестендіру тесті.
1."1986 ж 17-18 күні Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде"
жарлық қашан шықты?
2.Қ.Рысқұлбековтың тұтқындалып, қайтыс болған жылы?
3."Дауыл" жоспары бойынша арандатқыш топ қай жылы құрылды?
4.Г.В.Колбин қайтыс болған жыл
5. Г.В.Колбиннің Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші Хатшысы қызметінде болған жылдары?
6.Қай жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен
Қ.Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді?
7.Д.А.Қонаев Қазақстан КОКП ОК бірінші хатшысы қызметінде болған жылдары ?
8.Қай жылы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына
орай Алматыда "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші
орнатылды?
2006 жыл
1998 жыл.
1987-1988жж.
1985 жыл.
1996 жылы
9 желтоқсан
1964-1986жж.
1986-1989жж.
1991 жылы
желтоқсан
II.Толықтыру тест.
1.Қайта оянған ұлт намысын қанға бөккен жер,
есейген ару қызды шаштан сүйреп тепкен жер.
Жатты мұнда естен танып, айналған көктемдер
Алаң шетін қоршап тұрған ала- көк
Жас сезіміңді жанар етіп, қарап өт
Сол арадан сатқындықта елестейді бет
Қара беттің көбі бүгін тұлға, бет.
Мұхтар Шаханов
2. _______ таза басым бар,
Жиырма _______ жасым бар,
қаным бар,
Бозторғайдай жаным ________,
Алам ______ алыңдар!
_______ деген атым бар,
_________ затым бар
«_______ тоқты құрбандық»
Атам _______, атыңдар!
Қайрат Рысқұлбеков.
3. «Өсер ______ қай кезде де ______ қалауы,
Лаула,лаула ______ мұзға жаққан ________
Өздеріңдей __________________ бар елдің,
Ешқашанда ________ тиісті емес ________»
Мұхтар Шаханов
III.Баламалы тесті.
Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жоқ» сөздері арқылы белгілеу.
1.Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма?
«Иә»немесе» «Жоқ»
2.Д.А.Қонаевқа «ұлтшылдық»деген айып тағылды ма?
«Иә» немесе «Жоқ»
3.КСРО халық депудаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындады ма?
«Иә»немесе «Жоқ»
4.Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма?
«Иә»немесе «Жоқ»
5. «Менің уақытым туралы »атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев
«Иә»немесе «Жоқ»
6.Г.П.Разумовскийдің ұсынысымен Д.А.Қонаев КОКП Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
«Иә»немесе «Жоқ»
7. 17-18 желтоқсандағы көтеріліс нәтижесінде 1720 адам жарақат алды.
«Иә» немесе «Жоқ»
8.Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекелеген басшылар деп жариялады: Қазақстанда М.Шаханов.
«Иә» немесе «Жоқ»
9.КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. (1985-1991)
«Иә» немесе «Жоқ»
10.Желтоқсан толқуының тарихи маңызы:Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.
«Иә» немесе «Жоқ»
IV.Дұрыс жауапты таңдау тесті.
1.Д.А.Қонаевтан кейін Қазақстан Компартиясының 1- ші хатшы қызметін атқарушы:
а) Л.И.Миразин ә) Г.В.Колбин б) Н.Ә.Назарбаев
2.Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны:
а)1500 ә) 4500 б) 8500
3.1954-1986 жылдар аралығында нешеге жуық қазақ тілінде оқытатан мектептер жабылды?
а) 800 ә) 600 б) 450
4.1986ж. 17-18 желтоқсандағы оқиғаның сипаты:
а) Ұлт-азаттық көтеріліс б)Демократиялық қозғалыс ә)Бейбіт және саяси
5. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар: