kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тарихы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге жайлы жазылған. Теңгенің шығу тарихы мен қолданысқа енуі жайлы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тарихы"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ
ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ ТАРИХЫ.

Кульмаганбетов Е.Е.
тарих пәнінің оқытушысы

Азаматтық қорғаныс жоғарғы көпсалалы колледжі

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің
тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық
негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан
алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды
бір бөлігі, өз заманының нысаны». Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасына өзінің ұлттық валютасын айналымға енгізу аса маңызды және қажетті іс болды. КСРО валютасы «сом» өз құнын, маңыздылығын жоғалтып инфляцияға ұшырады. Осындай кезеңде 1992 жылы 27 тамызда Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен еді. Тамыз айының соңында қазақ валютасының авторлары суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англия мемлекетіне аттанды. 1992 жылы теңге дизайны мен портреттер бекітілді. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге алғаш рет Ұлыбританияда басылып шығарылды. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
1993 жылы теңгенің бірінші шығарылған қатары 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған) номиналдардан тұрды. Бір теңгеде жүз тиын болып бекітілді. КСРО мемлекетінен қалған ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталды және 20 қараша күні сағат 20.00-де аяқталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге айналымға енген уақытта 1 теңгені сол кездегі мың сомға бағалаған еді. Дегенмен мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелері мен мемлекетаралық қатынастар ескеріле отырып 1 теңге 500 сомға тең болып бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4 теңге 75 тиын болып бекітілді. Әрине уақыт өте келе теңгенің доллорға шаққандағы құны өзгерді.
Бастапқы теңге банкноттарында қазақ халқының ұлы даналары бейнеленген, олар: бір теңгелік банкнотта әлемге танымал философ, Ұлы ғұлама, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Отырар (арабша Фараб) қаласының тумасы Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелік банкнотта қазақтың танымал жырауы, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлы,
бес теңгелік банкнотта қазақтың ұлы күйші композиторы, қазақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі, артында көп күйлер қалдырған Құрманғазы Сағырбайұлы, он теңгелік банкнотта қазақ ағартушылығының негізін салушы, демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі, энциклопедист ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов, жиырма теңгелік банкнотта қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл демократ Абай Құнанбайұлы, елу теңгелік банкнотта хан, қолбасшы 1718-1748 жылдары билік құрған кіші жүз ханы, 1708-1709 жж башқұрттар өздеріне хан сайлаған Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан, жүз теңгелік банкнотта 1771-1781 жылдары билік құрған қазақ хандығының 18-ханы Абылай хан болатын.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресей Федерациясының Орталық банкі атқарып келді. Теңге енгенге дейін Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарылған рубльдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1992 жылы 26 шілдеде Ресей мемлекеті өзінің төл валютасын енгізген уақыттан бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігі жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар ақша шығарып беруді ұсынған болатын. Ресей Федерациясының осыған қоса Қазақстанға қоятын мынадай талаптары болды: біріншіден, егер Ресей Федерациясының рубілін пайдаланатын болса Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі қажет делінді; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қиындықпен жинаған 700 миллионнан астам АҚШ долларындағы алтын-валюта қорын Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, Ресей Федерациясы өз рублін пайдалануға беру үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақкыттан бастап Қазақстанда КСРО мемлекетінің сомдары ғана айналыста қалды және өзге сомнан бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция 2900 пайыздан асып түсті. Осындай біздің ел үшін келеңсіз оқиғалар төл валютасын шығаруға бізге еріксіз жол сілтеді.
Осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі эмиссиялық (Ақша белгілерін шығаруға құқығы бар несие ұйымдары) банк болып табылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асты. Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес қазіргі таңда да ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірнеше мемлекеттер банкноталар мен монеталарды жақсы технологиялары бар компанияларға шығаруға, түрлі себептерден берді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы, қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарақталған, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып қоймайды, мемлекеттік тапсырыстар бойынша және жеке тапсырыстар бойынша өнімдерін шығарады.
Қазіргі таңда Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін өздерінде ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар мен басқа да тапсырушылар үшін шығарылған наградалар және басқа да өнімдер ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заман талабына сай зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеге қатысты Ұлттық Банк Қазақстан Республикасындағы валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа, елдерге, халыққа сақтап қалу үшін 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Қазіргі таңда теңге мұражайының қоры бес мыңға жуық материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Теңге музейінде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орыс-поляк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар. Жәдігерлер арасында ерекше болып саналатындар, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар» деп аталатындар де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады. Мұражай жәдігерлерінің ішінде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын, күміс монеталар бар.
Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналып отыр. Айналымға енгізілген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына көп кері әсер етпей қойған жоқ. Теңге Тәуелсіз мемлекетіміздің эконо­ми­касының темірқазығы төл валютасы. Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда. Ерен еңбек пен болашаққа ұмтылыс жасаушы ел ретінде танытуда! Теңге ұлттық валюта ретінде біздің егеменді еліміздің тарихында тәуелсіздіктің тек экономикалық негізі ретінде маңызды роль атқарып қана қоймайды. Теңге біздің тарихымыздың толық қанды бөлігі, Өз заманының белгісі болып есептеледі.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. «Қазақстан тарихы» төртінші том

  2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011ж

  3. «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.

  4. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13.12.1993.

  5. Ақша, несие, банктер Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. Алматы: Экономика, 3,001.

  6. Қазақстан Ұлттык энциклопедиясы. Алматы, 1998ж

  7. «Қазақ энциклопедиясы» Алматы 2007ж





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тарихы"

Автор: Кульмаганбетов Елеусиз Елтаевич

Дата: 22.01.2019

Номер свидетельства: 496605

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "«?лтты? те?ге -т?уелсіздігімізді? белгісі» "
    ["seo_title"] => string(48) "u-lttyk-tien-ghie-t-uielsizdighimizdin-bielghisi"
    ["file_id"] => string(6) "235930"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1443890253"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Конспект урока основой правы на тему "?Р ?лтты? валютасы" "
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-osnovoi-pravy-na-tiemu-k-r-u-lttyk-valiutasy"
    ["file_id"] => string(6) "234325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443423695"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "?аза?стан тарихы п?нінен  "Т?уелсіз ?аза?стан" тарауы бойынша   ОМЖ 5-сынып "
    ["seo_title"] => string(79) "k-azak-stan-tarikhy-p-ninien-t-uielsiz-k-azak-stan-tarauy-boiynsha-omzh-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "197073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428167568"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "урок "Казакстан валютасы" "
    ["seo_title"] => string(24) "urok-kazakstan-valiutasy"
    ["file_id"] => string(6) "174005"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424078323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Брейн-ринг "Атаж?рт""
    ["seo_title"] => string(19) "brieinringhatazhurt"
    ["file_id"] => string(6) "321171"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461234290"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства