Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубетер
Кіріспе сөз:Қазақстанда мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді. «Алаш» қозғалысына қатысқан біраз білімді адамдар қудалауға ұшырады. Орталықтан мәдениет саласына башылық етушілер арасында шовинистік пиғылдары пайда болды. «Бұратаналарды темір құрсауда ұстау керек» деді солардың бірі. Өлкеде мәдениет мекемелернің жұмысын бірден аяғынан тік тұрғызуға қажетті материалдық – техникалық база да нашар болды
Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Барлық ересек адамдарды сауатты болмай бүкіл халықты білімді ету мүмкін емес еді. Сондықтан Кеңес өкіметі ересек адамдарды сауаттандыруға үнемі көңіл бөліп отырды. Тиісті қаржы бөлді, оқытушыларды оқу үйлерімен, оқу – жазу құралдарымен қамтамасыз етті. 1924 жылы ұйымдастырылған «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың аяғында республикада сауаттылар саны 25 пайыз болды. Бұл тым аз еді. Ал қазақтар арасында сауаттылық мұнан да төмен- тін.
Алғашқы жылдары бұл жұмыс баяу жүрді. Мектеп үйлері, оқу сыныптары, сауатты оқытушылар, оқу құрал – жабдықтары жеткіліксіз болды.
Халық ағарту ісінің дамуы Бүкіл елдегі балаларға міндетті төрт сыныптық бастауыш білім беру жаніндегі заң жүзеге аса бастады. Мектеп жасындағы балаларға төртжылдық бастауыш мектепті бітіру міндетті болды. Ынтасы барлар одан әрі жетіжылдық, онжылдық мектепте оқуына болатын еді. Алғашқы жылдары бұл заң қиыншылықпен орындалды. Көп қаржы керек болды, барлық елді мекендер менауылдарда мектеп үйін салып, оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет еді. 20-жылдардың орта кезінде республикада қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектептерді былай қойғанда, 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істейді. Бұлардың бәаіне сол ұлттардың ана тілдерінде оқулықтар жазып, оларды мың-мыңдап басып шығару міндеті тұрды. Жетім, панасыз балалар көбейді. Олардың бәрін тіркеп, мемлекет қамқорлығына алу керек болды. Тек 1932-1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып, балалар үйлеріне орналастырылды.
Қазақ мектептерін дамытуға сол кездегі қазақ ғылымдары, мемлекет қайраткері, ақын-жазушылар белсене араласты. А. Байтұрсынов, Қ. Сәтбаев, С. Асфендияров, Ғ. Мүсірепов, М.Дулатұлы, т.б. оқулықтар меноқу құралдарын жазды.
Жылдан-жылға мектептердегі мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы жақсара түсті. Еңбегі сіңген, озат мұғалімдер мемлекеттік құрметті атақтармен, ордендермен марапатталды. Олардың арасында С. Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В. Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш. Сарыбаев сияқты халық ағарту ісінің көрнекті өкілдері болды.
Кәсіптік білім берудің жайы Республикаға арнаулы орта білімі әр мамандығы бар кадрлар өте қажет болды. Сондықтан да 20-жылдардың басынан бастап- ақ техникумдар ашыла бастады. Алдымен педагогикалық техникумдар ашылды. Осы жылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, дәрігерлік мамандықтар беретін 11 техникум жұмыс істеді. Ал 1940 жылы 30 мың адам білім алды.
1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны – Қазақ педагогика институты ашылды (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті ). Іле-шала жыл сайын жоғарғы оқу орындары; Орал және Қызылорда пединституттары (1931-1932жж.), малдәрігерлік-зоотехъникалық (1929ж.) ауыл шаруашылығы (1930ж.), медицина (1931ж.) институттар ашылды. 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылуы мәдени маңызы зор оқиға болды.
Республикада инженер- техник акдрлар даярлаудың негізін салған Қазақ кен-металургия институты Алматыдағы қазақ университетімен бір мезгілде ашылды. Орал, Семей, Петропавл, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанд және Қостанай қалаларында мұғалімдер институттары ашылып, олар кейінен педгогика институттарына айналды.
Ұлы отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, олрды 40 мыңдай адам білім алды. Қысқа мерзім ішінде жоғарғы білімді 10 мыңдай және орта білімді 20 мыңдай маман даярланды.
Ғылыми-зерттеу жзұмыстарының дамуы. 20-30 –жылдары Қазқстанда ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. С.Асфердияров, А.В.Затаевич, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытов, А.П.Чулошников, А.Байтұрсынұлы, Ә.Диваев, А.Ю.Якубовский, М.Жолдыбаев сияқты белгілі ғалымдар оның жұмысына өз үлестерін қосты. Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қаларында қоғамның бөлімшелері жұмыс істей бастады. Қоғам қазақ жазуын жетілдіру, қазақ тілінде оқулықтар даярлау, орыс тіліндегі оқулықтарды аудару жұмыстарын қолға алды. Қазақ халықының тарихы мен этнографиясын, археологиясын баяндайтын кітаптар басылып шықты. Белгілі тарихи орвындарды қазу мен тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстары басталды. Алғашқылардың бірі болып Ежелгі Тараз қаласының орны қазыла бастады.
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасын құруға (1932ж.) біртіндеп жағдай жасалды, оның құрамында екі сектор- зоология және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді. 1935 жылы геология және тарих секторлары құрылды. 1935 жылы оған құрамында қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылық секторлары бар Қазақ ұлттық өнер институты мен ғылыми- зерттеу институты қосылды.
Әдебиеттің дамуы 20-30 – жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуында танымал қайраткерлер С.Сейфуллин, М.Дулатұлы, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, т.б. көрнекті орын алды. Осы кезеңде қазақтың ақын-жазушыларының тамаша шығармалары жарық көрді. Қазақ поэзиясы ССейфуллиннің «Советстан», «Көкшетау», С.Мұқановтың «Құралай сұлу» сияқты поэмаларымен толықты. Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» және басқа да шығармалары қазақ прозасын жаңа сатыға көтерді.
Тартымды да мазмұңды тамаша драмалық шығармалар жазылып, олар театр сахналарында көремендердің көңілінен шықты. Мұндай шығармаларға М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» мен «Түнгі сарыны», Б.Майлиннің «Жалбыры», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш- Баян сұлуы», Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлары» мен «Ел қорғаны» жатады.
Бұл жылдары қазақ жазушылары әдебиеттерді өзара байыту ісіне де үлкен үлес қосты. А.Байтұрсынұлы- И.А.Крыловтың; Ж.Аймауытов- А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Ф.Шиллердің, Ғ.Тоқайдың; М.Жұмабаев- Гетенің, Гейненің, М.Горькийдің, В.Ивановтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қазақ өнерінің гүлденуі Осы жылдары Алматы, Ақмола (қазіргі Астана), Семей, Петропавл, Орал, Қостанай және басқа да қалаларда клубтар, халық театрлары ұйымдаса бастады. Олардан құрылған үгіт бригадалары, жылжымалы театр топтары ұлттық әскери құрамаларда, халық арасында ойын-сауық көрсетіп отырды.
Қазақ халқының ән-күй өнерін зерттеуге А.В.Затаевич көп еңбек сіңірді. Ол ерінбей-жалықпай ауыл-ауылды аралап, 2300-ден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, нотаға түсірді. Соның негізінде «Қазақ халқының мың әні», «Қазақтың 500 ән мен күйі» деген жинақтар шығарды. Бұлардың қазақ өнерінің қалыптасуына зор маңызы болды. Халық арасынан тамаша жыршылар, әншілер шыға бастады. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Берлинде өткен саз, өнер фестивальдерінде қазақ әншісі Ә.Қашаубаев өзінің орындаушылық шеберлігімен бүкіл Еуропаны таңғалдырды.
1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Оның басы қасында Е.Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Бадыров, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, И. Байзақовтар болды. Театрды талантты драмашы, режиссер және әртіс Ж.Шанин (1891-1937 жж.) басқарды. 1933 жылы Алматыда халық тарихында тұңғыш рет ұйғыр сазды драма театры, ал 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды.
30-жылдары Қазақстан кино өнерінің де негізі салынды. «Восток-киноның » Алматы бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб», «Дала әндері», «Жұт» фильмдерін шығарды. 1938 жылы «Ленфильм» студиясы арқылы «Амангелді» киносы түсірілді.
Сурет өнерінің де іргесі қаланды. Бұған П.Г.Хлудов үлес қосты.Оның шәкірті, кейін Қазақстанның халық суретшісі атанған Ә.Қастеев сурет өнерін дамытуға елеулі еңбек сіңірді.
Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубетер
Қазақстан мәдениетіндамытуда қол жеткен табыстар әлдеқайда көп болды. Бірақ 20-жылдардың ортасынан басталған Кеңес өкіметінің басшылығында қалыптасқан тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттің одан әрі өркендеуіне жол бермеді. Қазақ тілі мен әдебиетін, өнерін дамытамыз, ұлттық дәстүр мен салт-сананы қалпына келтіреміз дегендердің бәрі қуғын –сүргінге ұшырады. Қазақ халқы мәдениетінің жүздеген көрнекті қайраткерлері жазықсыз жапа шекті, атылды. Сондай-ақ 30-жылдардың бас кезіндегі ұжымдастыру, отырықшыландыру барысындағы зорлық-зомбылықтан, аштықтан 1 млн 700 мыңдай адамынан өлідей, 600 мыңдай адамынан тірідей айырылған халық ұлттықмәдениетін көркейтпек түгілі есеңгіреп, ұлт ретінде жойылып кете жаздады. Оншақты жыл ішінде әліпбидің үш рет өзгертілуі, бұған дейін бүкіл тарихи мен мәдениеті ғасырлар бойы араб тілінде жазылып келген Қазақстан менОрталық Азия және Кавказдың мұсылман халықтарына өзінің ұлттық қазынасынан сусындай алмай қалуына себепкер болды.
Топтастыру әдісі бойынша сабақты бекітемін.
1-тапсырма . Мемлекет тарапынан атқарылған мәдени шаралардың
мазмұнын түсіндіріңдер.
30-жылдардағы Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеттері.
1. Сауатсыздықты жою
2. Кадрлар дайындау
3. Еңбекші халықтың мәдени деңгейін арттыру
2-тапсырма "Сауатсыздық жойылсын"қоғамының атқарған жұмыстарын сызба арқылы түсіндіріңдер. Сызбаның формасын өздерің шығармашылықпен ойлап табыңдар.
а) ересек адамдарды сауаттандыру қолға алынды;
ә) олар оқу үйлерімен, оқытушылармен;
б) оқу, жазу құралдарымен қамтамасыз етілді, т.б.
Кәсіби білім беру ісіне қатысты даталарды кесте көмегімен түсіндіру, сәйкестендіру.
• 1928 жыл Медицина институты
• 1929 жыл Мал дәрігерлік-зоотехникалық институты
• 1930 жыл Қазақ кен-металлургия институты
• 1931 жыл Қазақпедагогика институты (қазіргі Абай
атындағы Ұлттық педагогикалық университет)
• 1934 жыл Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)
• 1934 жыл Ауыл шаруашылығы институты
Карточкалық тапсырма
№1
20-30-жылдары аралығында тарих саласы бойынша қандай зерттеулер жүргізілді?
20-30-жылдары аралығында геология саласында қандай зерттеулер жүргізілді? Табиғи байлықтар қай өңірде кешенді түрде зерттелінді? Оларды атаңдар. Геология саласындағыҚ. Сәтбаевтың еңбегі.
20-30-жылдары аралығындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін атаңдар.Олардың қандай шығармалары жарық көрді? Өзіңе сол шығармалардың қайсысының мазмұны көбірек ұнады? Неліктен? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Карточкалық тапсырма
№5
20-30-жылдарда Қазақстанда мәдениетті дамыту жолында кездескен кедергілерді атаңдар. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Карточкалық тапсырма
№6
Қазақ халқының ән-күй зерттеген, оларды жазып нотаға түсірген кім? Оның еңбектері қалай аталады? Бұл зерттеулердің қазақ халқы үшін қандай маңызы болды?
Қазақ кино өнерінің негізі қай жылы қаланды? Ең бірінші түсірілген кино қалай аталады? Бұл фильмдегі негізгі оқиға Қазақстандағы қай халықтың ұлт-азаттық қозғалысына жатады?