kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамды бейнелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Портрет – адамның келбеттік тұлғасын бейнелейтін көркем шығарма.

         Адам басын бейнелеу - өте күрделі жұмыс. Жер бетінде миллардтаған адамдардың бір – біріне ұқсамауы оның басының құрылысының күрделілігіне байланысты. Портрет жанрымен көптеген суретшілер ертеден өз туындыларын дүриеге әкелген. Ежелгі Итальян суретшісі Леонардо да Винчи «Моно Лиза» Ә. Қастеевтің «Аманкелді сарбаздары», «Жас Абай» атты портреттерін портрет жанрына жатқызамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамды бейнелеу»

Бейнелеу 6 -сынып

Күні:19.01.2018

Сабақтың тақырыбы: Адамды бейнелеу

Сабақтың мақсаты: Адам басының құрылысымен танысу, анатомиялық құрылымына мән беру, адамның келбетін бейнелеуге үйрету.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: А4 пішінді қағаз, қарындаш, өшіргіш, карточкалар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, талқылау

Пән аралық байланыс: биология

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Портрет – адамның келбеттік тұлғасын бейнелейтін көркем шығарма.

Адам басын бейнелеу - өте күрделі жұмыс. Жер бетінде миллардтаған адамдардың бір – біріне ұқсамауы оның басының құрылысының күрделілігіне байланысты. Портрет жанрымен көптеген суретшілер ертеден өз туындыларын дүриеге әкелген. Ежелгі Итальян суретшісі Леонардо да Винчи «Моно Лиза» Ә. Қастеевтің «Аманкелді сарбаздары», «Жас Абай» атты портреттерін портрет жанрына жатқызамыз.

Портрет салуда тек адам бейнесін беру емес, оның психологиялық жандүниесін, жас ерекшелігін тағы басқа қасиеттерін аша білу қажет.

Адам портретін салу үшін оны басының құрылысын білу керек.


Адам басының құрылысы.



Бас сүйек Бұлшық ет Тері жабындысы











Адамның басының негізі-оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін келбетін бейнелеу үшін ең алдымен оның бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адамның бас сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек т.б болып бөлінеді.

Адамның басының пішіні төрт түрге бөлінеді











Бет сүйектің даму шегі 24 жаста тоқталады.

Адамның басының мүшелері: Көз, ауыз , құлақ, мұрын. Олар адамның басының негізгі мүшелері, адамның мінез-құлқының, бет пішінінің өзгеруіне әсер етеді.

Адамның басы белгілі тәртіппен бейнеленеді.Көмекші сызықтар арқылы қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрынның үстімен төмен қарай орта сызығын жүргіземіз. Көлденең сызық арқылы бірдей етіп үш бөлікке бөлеміз.

Адам бас үш бөлікке бөлінеді:


иектен мұрынға дейін, Қастан бас сүйектің төбесіне дейін

мұрыннан қасқа дейін


Мұрынның деңгейі құлақтың төменгі жағымен, қастың деңгейі құлақтың жоғарғы жағымен бірдей болады. Иек пен мұрынның деңгейін үш бөлікке бөлгенде, екінші деңгейде ауыз орналасады.

Егер адам басын сәл еңкейтсе мұрын мен иек қысқарады, көз қабақтың астында сызық болып көрінеді, Мұрынның ұшы ерінді жауып кетеді.

Ал адам басын шалқайтса, маңдай тарылады, тамақ керіледі, төбе көрінбей кетеді. Бастың қимылының өзгеруіне байланысты көздің, құлақтың, мұрынның, ауыздың деңгейі өзгеріп отырады.


ІҮ. ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

  • Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма.

  • Ауыз алдынан қарағанда параллелипипедке, қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсайды.

  • Мұрынның жалпы формасы призма пішіндес

  • Құлақтың жалпы формасы жұмыртқа пішіндес болып келеді.


Ү.Альбоммен жұмыс:
Түрлі ракурстағы адам келбетін салу






























ҮІ.Бекіту сұрақтары

  • Портрет дегеніміз не?

  • Портрет жанрына салған Қастеевтің шығармасы?

  • Итальян суретшісі кім?

  • Адам басының мүшелері?

  • Адамның бас сүйегі неше сүйектен тұрады? Олардың негізгілерін ата?

  • Адамның басының пішіні неше түрге бөлінеді?

  • Адамның басының құрылысы

  • Портрет салу үшін басты неше бөлікке бөлеміз?


ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма


Бейнелеу 6 -сынып

Күні:19.01.2018

Сабақтың тақырыбы:Адамды бейнелеу. Портрет

Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:
Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; қоршаған ортаға эстетикалық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
Сабақ түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: қарап салу, мағлұмат беру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, аралас тәсіл
Пәнаралық байланыс: математика, өзін өзі тану, сызу

Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: көрнекіліктер - адамдардың фотосуреттері, слайд, портрет көшірмелері; «портрет салу» кестесі, дидактикалық материалдар
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь немесе акварель, қылқаламдар және су құюға арналған кішкене банка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.
1) Зергер өнері – бейнелеу өнерінің қай түріне жатады.?
2) Зергерлік бұйымдар қай жерде қолданылады?
3) Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды не деп атайды?

ІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.

Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.

Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.

Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.

Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.

Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.

Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.

Сабақты бекіту. 1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Искусство

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Адамды бейнелеу

Автор: Ауезалиева Амалхан Алымжанқызы

Дата: 24.01.2018

Номер свидетельства: 452183

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Адамды бейнелеу. Адамны? басыны? суреті."
    ["seo_title"] => string(42) "adamdy-bieinielieu-adamnyn-basynyn-surieti"
    ["file_id"] => string(6) "304641"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457771166"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Портрет (5 сынып)"
    ["seo_title"] => string(14) "portriet5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "292010"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455207680"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?. та?ырыбы: "Портрет" "
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-tak-yryby-portriet"
    ["file_id"] => string(6) "178199"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424789650"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бейнелеу ?неріні? жанрлары."
    ["seo_title"] => string(33) "bieinielieu-onierinin-zhanrlary-1"
    ["file_id"] => string(6) "253597"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447610824"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства