kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамды бейнелеу. Адамны? басыны? суреті.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Суретші ?шін е? ?ызы?ты да, е? ауыр ж?мыс-адамды бейнелеу. Л.Н.Толстойды? с?зімен айтса? «д?ниеде бір - біріне ??сайтын екі адам т?рма?, екі бірдей жапыра?гы да таппаймыз!»- дген екен.

Толстойды? б?л с?зіне а?ылшын суретщісі Уистлер деген былай деп жауап берген екен "Платан жапыра?ына е? ??сас н?рсе, сол платанны? бас?а бір жапыра?ы екенін еш д?лелсіз - а? т?жырымдау?а болады"- деп. Б?л жерде Толстой да, Уистлер де ?ділін айтып отыр. ?йткені, адам?а ??сас б?л д?ниеде адам ?ана. Ал оларды? бір-бірінен айырмашылы?ын, оларды? ?р?айсысына ?ана тэн ерекшеліктерін к?ре білу суретшіні? міндеті. ?йтсе де эр суретші ?шін адамдарды? бір-біріне несімен ??сас екенін, эр адамда болатын м?шелерді зерделеп о?ып ?йренуді? де ма?ызы зор екені даусыз. Б?ларды о?ып ?йренуді? негізінде оны? ?а??асы (скелет) мен анатомиялы? ??рылысын зерттеу жатады. Сонда да е? д?рысы, адамды бейнелеудегі е? жа?сы ?стаз, адамны? ?зі болып табылады (натура). ?аншама жа?сы жазыл?ан ?дістемелік кітаптан к?рі, ?а?аз, ?арындашымызды ?ол?а ала отырып, адамды ?за? ба?ылау ар?ылы бейнелеуге жатты??ан, ?лде ?айда тиімді блады. Е? бастысы ?здіксіз, ?немі ж?мыс істеп, іздену керек. М?сін ?неріні? ?здік туындыларын жасап ?алдыр?ан гректер, адам анатомиясын жетік білген деп айта алмаймыз. Сонда да оларды? ?олынан шы??ан ?йгілі адам м?сіндері,оларды? адам денесіні? ?ыр-сырынан хабардар екенін к?рсетеді. Мысалы: Поликлет т.б. Оларды? б?л білімдері ?рпа?тан ?рпа??а беріліп, жетілдіріліп отыр?ан. Кейінгі кезе?дерде де адамды зерттеп, о?у одан?рі жал?ас?ан, біра? б?л кезе?це к?мекке адам анатомиясы деген ілім келген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамды бейнелеу. Адамны? басыны? суреті.»

Адамды бейнелеу. Адамның басының суреті.

Суретші үшін ең қызықты да, ең ауыр жүмыс-адамды бейнелеу. Л.Н.Толстойдың сөзімен айтсақ «дүниеде бір - біріне ұқсайтын екі адам тұрмақ, екі бірдей жапырақгы да таппаймыз!»- дген екен.

Толстойдың бұл сөзіне ағылшын суретщісі Уистлер деген былай деп жауап берген екен "Платан жапырағына ең ұқсас нәрсе, сол платанның басқа бір жапырағы екенін еш дәлелсіз - ақ тұжырымдауға болады"- деп. Бұл жерде Толстой да, Уистлер де әділін айтып отыр. Өйткені, адамға ұқсас бүл дүниеде адам ғана. Ал олардың бір-бірінен айырмашылығын, олардың әрқайсысына ғана тэн ерекшеліктерін көре білу суретшінің міндеті. Әйтсе де эр суретші үшін адамдардың бір-біріне несімен ұқсас екенін, эр адамда болатын мүшелерді зерделеп оқып үйренудің де маңызы зор екені даусыз. Бұларды оқып үйренудің негізінде оның қаңқасы (скелет) мен анатомиялық құрылысын зерттеу жатады. Сонда да ең дұрысы, адамды бейнелеудегі ең жақсы ұстаз, адамның өзі болып табылады (натура). Қаншама жақсы жазылған әдістемелік кітаптан көрі, қағаз, қарындашымызды қолға ала отырып, адамды ұзақ бақылау арқылы бейнелеуге жаттыққан, әлде қайда тиімді блады. Ең бастысы үздіксіз, үнемі жұмыс істеп, іздену керек. Мүсін өнерінің үздік туындыларын жасап қалдырған гректер, адам анатомиясын жетік білген деп айта алмаймыз. Сонда да олардың қолынан шыққан әйгілі адам мүсіндері,олардың адам денесінің қыр-сырынан хабардар екенін көрсетеді. Мысалы: Поликлет т.б. Олардың бүл білімдері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жетілдіріліп отырған. Кейінгі кезеңдерде де адамды зерттеп, оқу оданәрі жалғасқан, бірақ бұл кезеңце көмекке адам анатомиясы деген ілім келген.

Леонардо да Винчи мен Микеланджело Италияда, Испанияда Рибейра, Фландрияда Рубенс, А.А. Иванов т.б. Ресейде адам анатомиясының заңдылықтарын эр кезеңде жете тереңдете оқып үйреніп, келер үрпаққа баға жетпес ғажайып туындылар қалдырған. Ежелгі Греция өнеріндегідей коздің жауын алатындай сұлу денелі атлеттер ғана емес, енді еті мен терісі сүйегіне жабысқан мүсәпір де, Бахус тәрізді (арақ-шарап құдайы) денесін май басып іркілдеген семіз дене де көңіл қоярлықтай дәрежеде болды. Сондықтан қазіргі кезде адамды бейнелейтіндер үшін тек бақылау, байқау ғана емес, сол шеберлердің үздік еңбектерінен оқып үйренуде үлкен көмек етеді.

Кейбір оқытушыларда адам анатомиясын оқып-үйрену суретші үшін іш пыстыратын шаруа, оны пайдаланған суретшінің шығармашылық қабілеті академиялық, енжар қалыпта қалады деген жаңсақ пікір бар. Бұл пікірдің дұрыс еместігін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Оны уақыт өзі дәлелдеп отыр, қайта өрлеу кезеңінің атақты суретшілері анатомия ( тэн тану), перспектива заңдылықтарын өте терең білгендігімен қатар, шеберліктің шыңына жеткен адамдар ғой. Әйтсе де солардың жұмыстарын іш пыстыратын, енжар дүниелер деп айтуға ешкімнің аузы бара қоймас.

Әрине, суретші үшін адам ағзасын бүге-шігесіне дейін қалдырмай оқып үйренудің қажеті шамалы. Сонда да оның қимыл -қозғалысына эсер ететін, сыртқы пішінді айқындайтын бұлшық еттерді, сүйек күрылысын білу міндетті.

Адамды қарап отырып бейнелегенде, оған тән емес қимыл-козғалыс бермей-ак, оясыз да қиын жұмысты күрделендірмей жеңіл-желпі қозғалыстан бастау дүрыс. Алдымен долбар, нобайлаудан бастап, асықпай ойланып, қойылымның негізгі мақсатын айқындап алу керек. Ара қатынасын, тепе- теңдігін тауып суретті мүқият түрғызыңдар. Міне осы кезенде алдыңғы айтқан біліміміздің керек кезі, өйткені сендер адамдагы ең негізгі, ең басты нәрсені бірден табуларың керек. Неден бастаймыз ?

Ең дүрысы, алдымыздағы адамның үсак -түйекке толы бөлік-бөлшектері елемей жалпы пішінге назар аударайық. Дене, аяқтар мен қолдан, бастан түратын бүл пішінде жаңағы бөліктер қалай байланысқан, қандай заңдылықгармен, қандай бүлшык ет, сіңір, сүйектер арқылы т.т. Міне осының бәрін зерделеп көріп,жүйелеп, саралау өте қызықты да жауапты жүмыс.

Бүған дүрыс мән бермей, немқүрайды бастағандар аздаң соң шатасып, негізгі пішіннен айрылып қалары даусыз нәрсе. Мысалы: Басты бейнелеген кезде, бас сүйегін есте ұстау керек. Қай жағынан қарағанымызға қарай, бастың денемен қалай байланысып түратынын үмытпауымыз керек.

Адамның басын бейнелеуде тағы да еске салатын нәрсе - ұзак уақыт бөліп, үнемі сурет салу.

Бұл негізгі ереже, оны сақтамайынша адамды, оның басын салып үйрену мүмкін емес.

Бүл ереже тек адамды салу үшін ғана емес, жалпы суретке үйрену үшін керекті заңдылық болып табылады.

Ең бастысы - жалпыдан жалқыға қарай өрбіту. Бүл не дегеніміз?

Көзіміздің деңгейінде бізге тура қарап отырған адам басын бейнелеу керек делік.

Жаппы бастың овалын салып алғасын (овалды бірден жеңіл түрде салып алу керек, артық-ауысын кейін түзете жатамыз) қастардың орналасқан түсынан бір бөліп аламыз (маңдай, ми сауыты мен бет бөлігіне)

Көздеріміз, мүрын, ауыз, бет сүйектері, қүлақтар, иек т.б. өзара тік және көлденең сызықтар арқылы байланысатынын есте үстайық.

Егер басты тік түсетін орталық сызығымызбен бөлсек, онда ол сызық басты, мандайды, мүрынды, еріндерді және иекті тепе - тең екі бөлікке бөліп шығады. Тік түсетін сызықтар қатарында көздің ішкі бүрышынан, мүрын желбезегіне қарай түсетін сызықтар бар. Екі көздің арасы сол көздің үлкендігіндей болады. Мүрынның үлкендігі (ені) де сол көздің мөлшерінде болуы керек.

Бүлардың бәрі схема, шартты түрде екенін айта келуіміз керек. Ал эр адамда бұл қатынастар арқылы болуы мүмкін, жұмысымыз да сонысымен қызықтырады ғой. Эр адамды үксату да осындай ерекшеліктерге байланысты.

Көз алдарында көлденең екі - үш жерінен жіп байлаған жұмыртқаны елестетешкші, міне осы көлденең сызықтар арқылы көздердің, құлақтардың, мұрынның түбін анықтап алып, сыртқа қарай жалғастырсақ құлақтың орны мен өлшеуін тауып алуымызға болады.

Мүқият қарасаңдар көздердің орналасқан шұңқыр сүйектерін де анық коресіңцер, оны орналастырғасын көздің орнын табу қиын емес. Көзіміз қандай? Көздің пішіні алма тәріздес, сыртын айнала қабақ деп аталатын тері жауып тұр.Алманың пішіні домалақ, ендеше көзді салғанда көлеңке , жарық заңына сәйкестендіріп реңін шығару керек.Оның томпақтығын, қабақгың қалындығын және екі көздің бір-біріне шартты түрде ұқсас бомайтынын да ұмытпайық .Көз қиығының ұзындығы мен енінің қатынасын, көз карашығының қабақ астында қалай тұрғанын, жарыктың қай бағыттан түсіп тұрғанын бақылай отырып түсірейік. Көз пішінін қайталай сомдап, қабақтан түскен көлеңкені де дұрыс бейнелейік . Көп кездесетін қателіктен бірден сақтанайық, ол көздің ішкі қиығынан өтетін (ойша) тік сызық, мұрын желбезектеріне тимей өтуі керек болса да оны дұрыс салмау.Екі көз бір деңгейде жатсын.Кейде олай болмауы мүмкін, бірақ ондай көздері бар адамдар өте сирек кездеседі.

Мұрынды саларда оның пішіні призма ретінде қабылдап қарайық.Оның екі көлбеу жағын, алдыңғы және төменгі жағын саралап қараймыз.Осылайша дұрыс шшіндеп, көлеңкесін, жартылай көлеңкесін түсіре отырып, жылттың (блик) орны мен пішінін дәл тапсаң мұрын да дэл өзіндей болып шығады.Желбезектен томен қарай кеңейе түсетін сызықтарды кез келген адам бетінен коруге болады. Ерлер мен қарт адамдарда айқын көрінетін бұл сызықтар, эйелдер мен балаларда аса байқалмайды. Бұл сызықтар ауыздың орнын жабуға, иекті орналастыруға көп көмек етеді.

Бастың ортасынан өтетін сызықтың бойымен ауыздың мұрын ұшынан қанша қашықтықта жататынын тауып, үстіңгі ерін ойыгын орналастырамыз.

Енді ауыздың езулерінің мүрын желбезегіне қатысын табамыз. Пішіндеген кезде ауыздың еттерінің доға бойымен жататынын еске аламыз (тістердің орналасуын қара) да, колеңке жарығын осы дөңес доға бойымен шығарамыз. Одан эрі қарай иек пішініне назар аударсақ онда біз пирамидаға ұқсас дене табамыз.

Басты дұрыс ұқсатып салу үшін иек пішінін тауып дәл орналастырудың зор маңызы бар.

Адам қүлағының пішіні де эркімде әрқалай, әйтсе де оны салудың белгілі заңдылықтарын біліп алайық.

Алғаш бастағанда құлақтың үлкендігін қаспен мүрын ұшының тұсынан тауып алған едік, енді сол табылған орынды айқындап, құрылысына баса назар аударайық. Құлақ-құрылысы жағынан, пішіні жағынан коз тәрізді өте күрделі болып келеді.

Ол сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ делініп бөлінеді. Бізге керегі сыртқы құлақ.

Қүлак қалқаны шеміршектен тұрады, оның сыртқы жиегін сыртқы шиыршық, ал оған жапсарлас жатқан жарты айға ұқсас дөңесті ішкі шиыршық деп атайды. Ол шиыршыктың ортасында дөңгелекке ұксас қүлақ қалқаышаның ойысы жатады. Ойыстың алдында үшбұрышқа ұқсас өсінді бар, оны кішкене қалқан дейді. Ал құлақтың төменгі жағында салбырап тұрған тұсты сырғалық (мочка) дейді. Құлақтың жалпы пішіні жұмыртқаға ұқсайды, кейде жарты шеңбер түрінде сызуға да болады.

Құлақты стилизация (қарапайымдап көрсету) әдісімен салсақ,ол сыртқы, ортаңғы шеңберден жэне ішкі дөңгелектен тұрады. Сыртқы шеңберіміз, сыртқы шиыршық, ортаңғы шеңбер ішкі шиыршық, ал ортаңғы дөңгелек құлақ ойпаңы. Сырғалықтьщ да пішіні дөңгелек болып келеді. Көлденең орта сызық жүргізсек, ол құлақтьщ ойпаңынан өтіп, оны биіктігінен екіге тең бөледі.

Басты бір жақ қырынан салғанда бет бөлігі мен ми сауытының өзара қатынасын, орналасуын анықгап, бірден мойнымен дұрыс байланыстыру керек. Жалпы пішінді айқындайтын бөліктерді салып алып, ары қарай ұсак бөлшектеріне ауысу керек. Маңцай жазығы мен мұрын қандай бұрышпен қосылғанын, көз қанша қашықтықта мұрыннан, мұрынның ұзындығын, оның үстіңгі ерінге қалай ауысқанын байқа.

Қүлақтың орнын, көлемін анықтағанда бас сүйектің де көлемін ұмытпай тексер.

Басты қиястау салғанда (три четверти) ортаңғы вертикаль сызығымыздың қалай өзгеретінін қараймыз. Бүкіл бастың мүшелерінің бағытын тексере отырып бейнелеу керек. Егер бас еңкейгендей болса, онда алдыңғы айтқан бар мүшелер де бір-бірімен тығыз байланыста еңкейуі тиіс.

Әрбір әжімнің өз орнын дәл табуға тырысу керек. Әсіресе қарт адамның бетіндегі әжімдер жайдаи-жай пайда болмайтынын, олардың бағытты, орналасуы белгілі бір бұлшық еттердің қызметіне сай екенін білу керек.

Басты бейнелеуде ең шешуші кезең пішінін сомдау болып табылады. Реңін келтіргенде есте ұстайтындарың, бет-әлпетте біріне-бірі ұқсайтын жылттар (блик), реңктер болуы мүмкіи емес. Жарықтың көп түсетін жерлері маңдай дөңестері мен қас жотасы, мұрынның ұшы, иек болып табылады. Жарықгың көзін анықгап, пішінді сомдауды бастаймыз. Кейбір пішінді жаксы шығаруға жаттықандар бірден көлеңкелерді жалпы белгілеп бастайды. Бұндай әдіс мүсіншіиің жұмысына ұқсайды, ол да солай тұтас кесектен пішн шығарады ғой. Артынан өшіргіштің көмегімен жарық жерлерін шығаруға болады. Бұл жерде тым әсірелеп, жалпы пішінді жоғалтып алмауды ойластырған жөн.

Негізінде қолымыз жеткен жетістікке мастанбай, одан әрі шеберлІкті шыңцай беру керек.

Алғаш бастағандарға жұмысты мыиандай үш бағытпен жасағаи тиімді.

Бірінші-долбар істеу. Жалпылай салынатыи бұл долбарда басты тұтастай алып, оның өзіне тән ерекшелігін, мінездемесін беруге тырысу.

Екінші-бастың өзіне тән ерекшеліктерін ұзақ уақыт оқып үйрену үшін жақсы кұрылған, мұқият орындалған жүмыс жасау.

Үшінші-ешқашан қолымыздан альбом, қарандашымыз түспей кез келген уақытта, барлық жерде сурет салып жүру.

Іске сат!

Аударма жөніндегі ұсыныс- пікірлер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

В.Яковлев. "Юный художник" № 1 1985 г. Рисование человека. Голова.

Э.Толебиев "Сурет сала білесің бе?" Алматы "Өнер" 1990

Алматы "Өнер" 1990 ж.

Н.Н.Ростовцев. «История методов обучения рисованию» М. «Просвещение» 1981 г.



-У - С6/М& сус?^

Л?- су&е&у /У- у^СУ/ГСУ^ Д&я&сг; ~ //?о/ суйРГ;

"/7


т&т/г,





дос&ябгу еудс? ^ с*/ ^г/е^ _



І - Л^О/ЯС/С6, £ -

3 - у са-ггг

У -



у - еуу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Адамды бейнелеу. Адамны? басыны? суреті.

Автор: Динмухамедулы Аймухамед

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304641

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "ашы? саба?:  "Адам  т?л?асын бейнелеу" "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-adam-tu-lg-asyn-bieinielieu"
    ["file_id"] => string(6) "184402"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426051199"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Адамны?  басын  бейнелеу» саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "adamnynbasynbieinielieusabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "330379"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464241695"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Адам т?л?асыны? суреті "
    ["seo_title"] => string(25) "adam-tu-lg-asynyn-surieti"
    ["file_id"] => string(6) "136424"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417103529"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Тілім мені? - тірлігімні? ай?а?ы" ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "tilim-mienin-tirlighimnin-aig-ag-y-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "245338"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446118772"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства