kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үздік информатиктер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Пәнге  деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау,  байқағыштық,  тапқырлық   қабілеттерін  дамыту.

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын

білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үздік информатиктер»

Сабақтың тақырыбы: "Үздік информатиктер"

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Пәнге деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау,  байқағыштық,  тапқырлық   қабілеттерін  дамыту.

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын

білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ.


Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер.


Қатысушылар: 5, 6 сынып оқушылары.


Сәламатсыздарма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып "Үздік информатик" атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.


Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.


Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысады. (Ойыншылар өздерін таныстырады)

5 а сыныбынан:

5 б сыныбынан:

6 сыныптан:


Бүгінгі ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз.

1-тур. «Бәйге»

2-тур. «Жеті жұмбақ»

3-тур. «Адасқан әріптер»

4-тур. «Ғажайып алаң».

5-тур. «Кім жылдам ».

6-тур. «Қателерді табу».


1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 10 сұрақ беріледі.


(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)

1. Аталған байттар тізбегі? (файл*)

2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер*)

3. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта*)

4. Компьютердің ақыл - ойы? (процессор*)

5. Мәтін дегеніміз не? (Жолдар тізбегі*)

6. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус*)

7. Меңзердің алдындағы символды кетіретін перне (Delete*)

8. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел*)

9. Көзден компьютерге дейінгі арақашықтық қанша болуы керек? (55-65см*)

10. Ғалымдардың деректері бойынша ақпараттың 81% -н қай сезім мүшесі арқылы аламыз? (көру*)



Келесі кезең:

2 - тур. «Жеті жұмбақ»

Сыныптан тыс шара. Такырыбы 'Үздік информатик' (5-6 сынып)

Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай оқушы шешсе сол 10 ұпайға ие болады.

Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)


Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)


Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)


Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)


Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)


Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)


Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

3-тур Ойынымыздың аты “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу


4-тур. «Ғажайып алаң».

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.

(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)

Сыныптан тыс шара. Такырыбы 'Үздік информатик' (5-6 сынып)


30 (оң) жақтағы - WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск =все программы =стандартные =WordPad)

30(ортадағы) - Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск = все программы = стандартные = Paint)

30 (сол) жақтағы -Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. (бит,байт, килобайт, мегабайт, Гегабайт, Терабайт)

40(оң) жақтағы -Дербес компьютерлерге қандай компьютерлер жатады? (үстел үсті компьютері, алып жүретін "ноутбук", алақан компьютері)

40 (ортадағы) - Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)

40 (сол) жақтағы - Бірінші электронды машина (ENIAC)

50(ортадағы) - Мәтінді теруге арналған бағдарлама. (WordPad мәтіндік редакторын)

50 (сол) жақтағы - Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.(Ақпарат)

50 (ортадағы) - Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану туралы ғылым. (Информатика)


Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

5-тур «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?


м

т

п

л

о

т

т

н

о

м

и

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

к

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

о

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т



Жауап: бұл жерде (Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін,принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус)

6-тур «Қателерді табу»

Бұл кезеңде барлық топтарға тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек. Ең жоғарғы ұпай-5.


Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты.

Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын. Осы атқарған жұмысымды үнемі дене шынықтыру сабағында жасап отырамын.


Жауабы:

1.

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

2.

1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.



Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік. Ұпайы жоғары , алға шыққан оқушыға «Үздік информатиктер» атты дипломымен марапаттаймыз.


Қорытындылаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған «Үздік информатиктер» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үздік информатиктер

Автор: Еслямғалиев Донеділ Нұржанұлы

Дата: 14.04.2017

Номер свидетельства: 409206

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«Е? ?здік информатиктер» интеллектуалды ойын "
    ["seo_title"] => string(46) "ien-uzdik-informatiktier-intielliektualdy-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "177544"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424680867"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""Үздік информатиктер" интеллектуалды сайысы"
    ["seo_title"] => string(44) "uzdik_informatiktier_intielliektualdy_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "392779"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1487308692"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""Жас информатиктер" интеллектуалды жарыс саба?"
    ["seo_title"] => string(45) "zhasinformatiktierintielliektualdyzharyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "313805"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459536672"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""?здік информатиктер" интелектуалды? сайыс"
    ["seo_title"] => string(40) "uzdikinformatiktierintieliektualdyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "297476"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456206721"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "К??ілді информатиктер"
    ["seo_title"] => string(23) "kon-ildi-informatiktier"
    ["file_id"] => string(6) "286684"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454389268"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства