kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?здік информатиктер" интелектуалды? сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

саба?ты? ма?саты:

1. білімділігі: О?ушылар?а XXI-?асыр жа?а технология мен а?параттандыру жолдарын жетік ?йрету. Информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру.

2. Дамытушылы?: О?ушыларды? білімін жітілдіре отырып, ?з бетімен ж?мыс жасау?а да?дыландыру. Жа?а материал?а   ?ызы?ушылы?ын дамыту.

3. Т?рбиелік: ?рбір о?ушыны тияна?тылы??а, ?зіне-?зі талап ?оя білуге баулу, к??ілін аудару.Саба??а ?ауіпсіздік техникасы мен тазалы? - гигиеналы? талаптарын орындату.

саба?ты? т?рі: ?тілген тарау бойынша ?айталау, саба? жарыс-сайыс т?рінде ?теді.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, таратпа материал

жоспары:

I. "Таныстыру" сайысы (топты ж?не т?с белгіні таныстыру)

II. "??пия ж?шік" сайысы (топты? с?ра? - жауап)

III кезе?. "Венгр" с?зж?мба?ы

IV кезе?. "Кім жылдам" сайысы

V кезе?. "Пернелерге саяхат"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?здік информатиктер" интелектуалды? сайыс»



С.Есқараев атындағы № 27 орта мектеп








«ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР»

интеллектуалды сайысы




Өткізген: Мысаева Р.

Сыныптар: 5 «А», 5 «Б», 6





2015-2016 оқу жылы



23.02.2016жыл Бекітілді:


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпа материал,

Жоспары :

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы

ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы

V кезең. «Пернелерге саяхат»


Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады.

ІІ кезеңімізді бастайық.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.


ІІ кезең «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. (Архив)

  • Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? (алгоритм)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)

Осылай ІІ бөлімд аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.


М

т

п

л

о

т

т

н

о

м

И

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

К

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

Р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

О

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т


Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келесі IV кезең. «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.

  • Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)

  • Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

  • Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)

  • Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  • Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)

  • Жануарға ұқсас атым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын,
    Ең қажетті құралмын... (тышқан)

Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманның


VI кезең. .«Пернелерге саяхат»

Берілген жұмбақтарды шешеді.


1..Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! (Shift+Alt)


2.Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен? (Caps Lock)


3.Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)


4.Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

(Shift)


5.Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Enter)


6. Компьютерде отырып,

Аты – жөнді жаздым мен,

Туған жылды жазам деп,

Санды бассам шықпайды

Айтындаршы достарым

Қай пернені басамын

(Num lock)


7.Мәтін теріп болдым мен,

Бұл мәтінді көшіріп

Қою керек астына

Қай пернені басайын,

Көмек берші достарым.

(Enter)


Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпай сандарын жария етеді.


Үздік информатиктер” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"?здік информатиктер" интелектуалды? сайыс

Автор: Мысаева Рысты Сабитовна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297476


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства