Әдіс – оқу - тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері:
қағаздар, бағалау парақшасы,жетон (теңге арқылы), флипчарт, маркер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин).
«Түрлі – түсті қағаз» арқылы топқа бөлу.
Студенттер қобдишаның ішінен түстерді (жасыл, қызыл, сары, көк) таңдайды.
Әр топтан топ басшы топ мүшелерінің келісімімен тағайындалады. Топ басшысы қарсы топтың мүшелерін жетон (теңге арқылы бағалау) арқылы бағалап, бағалау қағазын толтырып отырады.
Бағалау критерийлері:
«3» - 200 теңге
«4» - 500 теңге
«5» - 1000 теңге
(500 – 800 теңге жинағандар «3», 1000-1200 теңге жинағандар – «4», «1400-2000 теңге жинағандар –«5» бағаларымен бағаланады)
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
Сократтық семинар.
Білім аукционы.
Мағынаны ажырату.
- «Жигсо» әдісі.
Ой толғаныс.
Біліміңді шыңда (постер жасау және қорғау).
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
«SWOT талдау» әдісі.
Мұндағы
1 - бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;
2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;
3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.
II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин).
Ой қозғау.
Алдыңғы өтілген тақырып бойынша, яғни «Сыныптағы диалогтің маңызы» тақырыбында бейнебаян көрсетілді.
Сократтық семинар.
Мақсаты: студенттердің бір – бірін тыңдауға, талдау жасай білуге дағыдаландыру.
Шарты: бір – бірін бағалайтын топтар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бейнебаян бойынша сыртқы шеңбер ішкі шеңбердің пікірін тыңдап, талдап, қаншалықты дұрыс, әрі толық айтқаны туралы пікірін білдіріп, сараптама жасайды (осылай орын ауыстырып бір – бірін бағалайды).
Білім аукционы.
Мақсаты: өтілген тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, пысықтау.
Шарты: әр топқа 1000 теңгеден беріледі. Топтар жасырынған сұраққа баға береді, қай топ жоғары баға ұсынды, сол топқа сұрақ сатылады. Егер сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, сол бағадағы теңгені топтан алып қойылады.
Сұрақтар:
Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың неше түрі бар?
(үш түрі бар: әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме)
Ортақ бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған диалогтік оқытудың түрі?
(әңгіме - дебат)
Ұсынған пікірлермен санасып, бір шешімге келетін, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейтін диалогтық оқытудың түрі? (кумулятивтік әңгіме)
Қатысушылардың бір - біріне сұрақ қойып және айтқандарын дәлелдейтін диалогтік оқытудың түрі? (зерттеушілік әңгіме)
Сұрақ қоюдың техникаларының неше түрі бар? (түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау)
III. Жаңа сабақ (15 мин).
«Жигсо» әдісі («Үйрете отырып, үйренемін» қағидасымен өзі оқи отырып, өзгені оқытады)
Әдіс – оқу - тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Қазіргі таңда тиімді тәсілдердің бірі - оқушыларды топқа бөліп оқыту. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бірінен - бірі үйренуге септігін тигізді. Яғни, топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым - қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан - жақты талдауға көмектеседі.
Топқа бөлудің түрлері:
Үлкен топтар (7 – 10 оқушыдан тұрады)
Шағын топтар (4 -6 оқушыдан тұрады)
Жұптар
Оқушыларды шағын топтарға топтастыру жұмыстарының түрлері:
Нөмерленген қағаз қиындылары – оқушылар санына байланысты қиылған қағаздар қиындыларына топ құрамына енетін оқушы санына байланысты сандар жазылады. Бірдей сандар жазылған қағазы бар оқушылар бір топқа топтастырылады.
Түстер – оқушылардың неше топқа топтастырылатынына байланысты бірнеше түсті қағаз шағын бөліктерге бөлініп, таратылады. Бір түсті қағаз алған оқушылар бір топқа топтастырылады.
Жыл мезгілдері - оқушылар туған күніне байланысты жыл мезгілдеріне топтастырылады.
Мемлекеттер, астаналар, қалалар – мемлекеттердің астаналары немесе қалалардың атаулары жазылған қағаз бөліктері таратылады.
Мозайка құрастыру – ашықхат немесе нақты суретті шағын бөлшектерге бөліп, таратылады. Бөлшектерден сурет құрастыру арқылы шағын топтарға топтасады.
Оқу құралдары – оқушылардың дәптер, күнделік сияқты заттары алынады. Заттарды реттеп жинау арқылы (бір топқа күнделіктер, бір топқа дәптерлер т.с.с.) топтасатын оқушылар анықталады.
Мақал – мәтедердің жалғасын табу – жазылған мақал – мәтелдер бөліктерге бөлініп таратылады және оларды құрастыру арқылы топтасады.
Өлең жолдарын реттеу – белгілі бір өлең жолдары жеке – жеке қағаз жолақтарына жазылып таратылады. Өлең жолдарын реттеу арқылы топтарға топтасады.
Сабақта қолданылатын жаңа әдіс – тәсілдер:
Уақыт шеңбері
Ыстық орындық
Балалар философиясы
Ара қашықтық
Кемпірқосақ топтары
Алтын балықтың аквариумы
Қар кесегі
Стоп-кадр
Жұптық әңгіме
Ақылдың алты қалпағы
Тыңдап отырған үштік
Еркін талқылау
Өкілдер
Тікелей радиоэфир
Жигсо
ТВ Шоу
Құндылықтар спектрі
Сұрақтар шеңбері
Стикердегі диалог
Айналмалы бекет
Ойлан –Жұптас - Бөліс
3-қадамдық сұхбат
9 ромб
Фишбоун
Заманауи кейбір әдістерге тоқтала өтсек:
«SWOT талдау» әдісінің (ағылшын сөздерінің бастапқы әріптері: strengths – күшті
жақтар, weaknesses – әлсіз жақтар, opportunities – мүмкіндіктер, threads - қауіптер) мақсаты – берілген тақырыптың ішкі (күшті және әлсіз жақтарын), сонымен қатар оның қызметіне әсер ететін сыртқы (мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын) факторларды анықтайды. Оқушылар берілген тақырыптың жағдайын анықтап, мүмкіндіктерін арттыру үшін төнген күштер мен әлсіздіктерді азайтып, қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтайды.
«Алты қалпақ» әдісі – оқушылардың қалпақтың түсінің қызметіне сәйкес өз ойларын
еркін айтуға мүмкіндік туғызады. Берілген тақырыпты оқушылар киген қалпағының түсіне қарай кейіпке ене отырып, жауап беруі керек. Әр қалпақтың қызметіне қысқаша тоқталсақ,
Ақ қалпақ - ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады;
Қызыл қалпақ - ашу, шиеленіс ұғымын білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді;
Сары қалпақ - күн көзінің, тіршілік түсі ұғымын білдіреді. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді;
Қара қалпақ - қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық ұғымын білдіреді. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады;
Жасыл қалпақ - өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі ұғымын білдіреді. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады;
Көк қалпақ - аспан түсі ұғымын білдіреді. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты.
«ЖИГСО» әдісі «өзгені үйрете отырып, өзімді үйрету» принципі бойынша жүргізіледі.
Әр топқа тапсырма бөлініп беріледі, топ арасында талдау жүргізіледі және әр топтың үй
мүшелерінен басқалары басқа топқа барып, тақырыпты талқылайды.Әдістің тиімділігі -оқушылар бір – бірін тыңдауға, ойын еркін жеткізуге дағдыланды.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі – бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және
үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажет жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
«9 ромб» әдісі – қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім
беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдылықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Кубизм» әдісі - кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім
кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Сабақты ойын арқылы өткізу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.Дидактикалық ойындар:
«Шындық детектор» ойыны – бір студентке 8 – 10 сұрақ қойылады. Студент сұрақтардың барлығына шынайы жауап беріп,тек біреуіне ғана жалған жауап қайтарады. Қалғаны шағын топқа бөлініп, қай сұраққа өтірік жауап бергенін анықтайды, дәлелдейді.
«Вагон құрау» ойыны - әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр оқушыға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
Фотолар – әр студентке бір адамның суретін беріп, оның өмірін қысқаша түрде сипаттап беруі тапсырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін суреттер тақтаға ілінеді. Студенттер кезекпен мәтінді оқығанда, басқалары әңгіменің қай адам туралы болғанын анықтайды.
Он сұрақ – мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы оқушыларға 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
IV Жаңа сабақты бекіту (13 мин).
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында студенттер келесі тапсырмаларды орындайды:
Біліміңді шыңда (постермен жұмыс және қорғау)
Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша студенттердің білім, білік, дағдыларын жетілдіру, әдіс – тәсілдерді білу сауаттылығын арттыру.
Шарты: Әр топ жаңа тақырып бойынша постер жасап, қорғайды.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша студенттердің компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Шарты: Тәжірибелік жұмысты ДК – де орындау үшін топ басшысы мақал – мәтелді бастайды, жалғасын тапқан тобындағы мүшемен жұптасады.
Тапсырмалар:
Оқушыларды топтарға топтастыру әдісін дайындау
«Кубизм» әдісіне Power Point көмегімен сұрақтар дайындау
Шарты: Ойынға әр топтан бір студент қатысады, бірінші топтың мүшесі қалады да, қалғаны кабинеттен шығады. Ойынға қатысушыға шағын мәтін айтылады, ол есіне сақтағанын келесі сырттағы студентке баяндап береді, осылай келесі сырттағы қатысушыға баяндап беріледі және есіне сақтағанын айтады.
«SWOT - талдау» әдісі.
Мақсаты: Студенттердің бір – бірін тыңдауға, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Шарты: «Топқа бөліп оқытудың тиімді және тиімсіз тұстары» топтармен бірге талқыланады. 1 – топ күшті жақтарын, 2 – топ әлсіз жақтары 3 – топ мүмкіндіктерін және 4 - топ қауіпін айтады.
Кері байланыс. Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған тиісті суреттерге жапсырады.
Қоржын (білімімді толықтырдым).
Ет тартқыш (әлі де үйрену керекпін).
Себет (түсінбедім).
V.Бағалау (2 мин).
Топ басшылары бағалау парағы бойынша студенттердің жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийіне сәйкес студенттердің бағасын және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.
VI.Үй тапсырмасы (2 мин).
Тапсырма студенттердің деңгейіне қарай беріледі:
1 – деңгей. Топтарға топтастыру жұмыстарының түрлерінің бірін дайындап келу.
2 - деңгей. Әдістерді қолданып, дидактикалық материал дайындау;
3 – деңгей. Тиімді тәсілдерді қолданып, сабақ жоспарын дайындау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Студентке арналған нұсқаулық, 2015ж.
Тренерге арналған нұсқаулық, 2015 ж.
А.Әлімов Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы, Алматы, 2015 ж.