kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему: "Тарих саба?тарыны? тиімді формалары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих саба?тарыны? тиімді формалары

Карашинова  Алмаг?л  Серікбай?ызы

А.??нанбаев атында?ы №6 жалпы орта білім беретін мектеп

Тарих - ?рбір халы?ты? ?ткен ?мірі мен ж?ріп ?ткен жолыны? айнасы іспеттес, т?рбиелік м?ні зор, жас ?рпа??а ?те ?ажетті ?ылым. ?о?амды?-гуманитарлы? ?ылымдарды? ?ай-?айсыны? болсын бастау к?зі, м?ні мен мазм?ны тарихта жатыр. Тарих - халы?ты? жады [1]. Отан тарихы - м?дениетімізді?, ?лтты? сана-сезімімізді? аса ма?ызды б?лігі. Отан тарихын о?ыту - ?зара байланыста ж?не ?немі ?оз?алыста болатын ??рауыштарды? басын біріктіретін к?рделі ?рдіс. Тарихты о?ыту ?дістемесі тарих ?ылымдарымен бірге философия, ?леуметтану, м?дениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика секілді ?ылым салаларымен ты?ыз байланысты.

Саба?ты? типі дидактикалы? міндеттермен шешілсе, оны? формалары негізгі ?дістемелік ??ралдар мен саба? ?ткізудегі ?дістерді ?йымдастыру ж?мыстармен аны?талады [2]. К?рнекті ?діскер А.А.Вагинні? пікірінше, о?ыту ?рдісінде оны? негізгі б?лімдері, ?ыс?аруы немесе ке?еюі, бір немесе бірнеше саба?та іске асады. Осы жа?дайлар т?жірибе кезінде ескеріліп, саба?тар барлы? ??рамды б?лімдері са?талып немесе белгілі бір б?лігі басым болып ж?ргізілуі м?мкін. М??алім саба? типін та?да?анда, оны? та?ырыпта алатын орны, оны? міндеттері, жа?а материал мазм?нында?ы ерекшеліктер, педагогикалы? ниет, о?ушыларды? жасы, да?дылар мен ептіліктерін ескеруі тиіс. Саба? типі мектептегі о?у ??ралдарын, м??алімні? дайынды?ы ж?не та?ы бас?а шарттар ескеріліп та?далады [3]. Б?гінгі к?ні тарихты о?ытуда м??алімдерге м?лім, ке?інен тара?ан саба?тарды? ерекшеліктеріне то?тал?ым келеді.

Кіріспе ж?не жа?а материалды игеру саба?ы

Тарихты? жа?а курсыны? негіздеріне жалпы сипаттама беріп, о?ушыларды? базалы? білімін, да?дыларын ай?ындайды. Жа?а материалды игеру саба?ын м??алім т?мендегі т?рлерді ?олданады:

  • м??алімні? материалды мазм?ндауы;
  • д?ріс;
  • саяхат;
  • киносаба?;
  • баяндама немесе о?ушы ізденісі.

Саба?ты? б?л т?рін ?олдан?анда  бекітуге, ?айталау?а, ?й тапсырмасын тексеруге уа?ыт аз б?лінеді ж?не к?рделі ??ымдары мол та?ырыпты т?сіндіргенде пайдалы.

Аралас саба?

                Б?л саба? ке? тара?ан, к?птеген саба? т?рлеріні? алдында т?р?ан міндеттерге с?йенеді, бірнеше саба?тардан ??рал?ан, сонды?тан оны аралас саба? дейді. Аралас саба?ты? ??рылымы ?р т?рлі болады.
Жа?а материалды о?ытуда оны бірінші рет бекіту, ?олдану жиі ?йымдастырылады. Материалды бекітумен ?атар б?рын ?тілген та?ырыптарды тексеріп, білімдерді ?алыпты емес жа?дайларда ?олдандырып да?дыландыр?ан жа?сы. Саба?ты? элементтерін осылай біріктіру оны о?ушылар?а ?ызы?ты етеді. Аралас саба? м??алімге ?ата? талап ?ояды. Саба?ты? элементтерін, ж?мыс формаларын іріктеумен ?атар ?р элементке б?лінген уа?ыт?а м??ият ?арау керек.

    Білімді тексеру, есепке алу ж?не ба?ылау саба?ы

Ба?ылау саба?ы та?ырып немесе б?лім бойынша кезе?дік ба?ылау ж?ргізіп ж?не о?ушылар біліміндегі а?аулы?тарды аны?тау ?шін ?ткізіледі. Б?л ж?мыс тарихи диктант, тест тапсырмасы, синхронды-салыстырмалы кесте ??растыру, кескін картаны толтыру, ??ымды т?сіндіру, хронологиялы? с?ра?тармен ж?мыс секілді т?сілдерді ??райды.

Білімді тексеру ж?не есепке алу саба?ы ?з міндеттері бойынша ба?ылау саба?ына жа?ын. Б?л жерде білімді жина?тау емес, оны аны?тау ж?не ба?алау міндеті ?ойылады. М??алімні? кіріспе с?зімен басталып, ??гімелесу барысында о?ушыларды? жауабын жолдастары толы?тырады. Жазбаша ж?мысты тексеруде м??алім тест ж?мысын талдайды немесе тапсырма н?с?аларын белгілеп, ?лгілерді? жауабын ойластырады.жазбаша ж?мысты м??алім кейінгі саба?тарда текскріп ба?алайды, о?ушылар бір-біріні? ж?мысына пікір айтады, кері байланыс орнайды.

                               Жина?тап ?айталау саба?ы

Саба?ты? ма?саты - білімді ж?йелеп, о?и?аны?  т?тас картинасын жасау, о?ып таныс?ан деректер мен ?рдісті? ?атынастары мен жа?а байланыстарын ашу, о?ушылар?а жеке деректер жина?тау?а, ма?ызын аны?таудан себеп-салдарлы байланысты? м?нін ашу?а ?туіне к?мектесу. Жина?тап ?айталау саба?ы практикалы? ж?мыс немесе ??гімелесу т?рінде болады, о?ушыларды? ауызша жауаптарымен бірге жазбаша ж?мыстарын да ?амтиды, м?селе шешу, тапсырманы орындау, тест тапсыру, т?рлі кестелер толтыру секілді ж?мыстарды ?амтиды. О?ушылар жина?ан деректерін тал?ылап, оларды т?зетеді, ж?йелейді, бас?а да ??жат материалдарымен толы?тырды. Б?л саба?та ойын элементтерін ?олдану?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему: "Тарих саба?тарыны? тиімді формалары"»

Тарих сабақтарының тиімді формалары


Карашинова Алмагүл Серікбайқызы

А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп




Тарих - әрбір халықтың өткен өмірі мен жүріп өткен жолының айнасы іспеттес, тәрбиелік мәні зор, жас ұрпаққа өте қажетті ғылым. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың қай-қайсының болсын бастау көзі, мәні мен мазмұны тарихта жатыр. Тарих - халықтың жады [1]. Отан тарихы - мәдениетіміздің, ұлттық сана-сезіміміздің аса маңызды бөлігі. Отан тарихын оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін күрделі үрдіс. Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика секілді ғылым салаларымен тығыз байланысты.

Сабақтың типі дидактикалық міндеттермен шешілсе, оның формалары негізгі әдістемелік құралдар мен сабақ өткізудегі әдістерді ұйымдастыру жұмыстармен анықталады [2]. Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту үрдісінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асады. Осы жағдайлар тәжірибе кезінде ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Мұғалім сабақ типін таңдағанда, оның тақырыпта алатын орны, оның міндеттері, жаңа материал мазмұнындағы ерекшеліктер, педагогикалық ниет, оқушылардың жасы, дағдылар мен ептіліктерін ескеруі тиіс. Сабақ типі мектептегі оқу құралдарын, мұғалімнің дайындығы және тағы басқа шарттар ескеріліп таңдалады [3]. Бүгінгі күні тарихты оқытуда мұғалімдерге мәлім, кеңінен тараған сабақтардың ерекшеліктеріне тоқталғым келеді.


Кіріспе және жаңа материалды игеру сабағы


Тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беріп, оқушылардың базалық білімін, дағдыларын айқындайды. Жаңа материалды игеру сабағын мұғалім төмендегі түрлерді қолданады:

  • мұғалімнің материалды мазмұндауы;

  • дәріс;

  • саяхат;

  • киносабақ;

  • баяндама немесе оқушы ізденісі.

Сабақтың бұл түрін қолданғанда бекітуге, қайталауға, үй тапсырмасын тексеруге уақыт аз бөлінеді және күрделі ұғымдары мол тақырыпты түсіндіргенде пайдалы.

Аралас сабақ


Бұл сабақ кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады.
Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек.


Білімді тексеру, есепке алу және бақылау сабағы


Бақылау сабағы тақырып немесе бөлім бойынша кезеңдік бақылау жүргізіп және оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтау үшін өткізіледі. Бұл жұмыс тарихи диктант, тест тапсырмасы, синхронды-салыстырмалы кесте құрастыру, кескін картаны толтыру, ұғымды түсіндіру, хронологиялық сұрақтармен жұмыс секілді тәсілдерді құрайды.

Білімді тексеру және есепке алу сабағы өз міндеттері бойынша бақылау сабағына жақын. Бұл жерде білімді жинақтау емес, оны анықтау және бағалау міндеті қойылады. Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталып, әңгімелесу барысында оқушылардың жауабын жолдастары толықтырады. Жазбаша жұмысты тексеруде мұғалім тест жұмысын талдайды немесе тапсырма нұсқаларын белгілеп, үлгілердің жауабын ойластырады.жазбаша жұмысты мұғалім кейінгі сабақтарда текскріп бағалайды, оқушылар бір-бірінің жұмысына пікір айтады, кері байланыс орнайды.

Жинақтап қайталау сабағы


Сабақтың мақсаты - білімді жүйелеп, оқиғаның тұтас картинасын жасау, оқып танысқан деректер мен үрдістің қатынастары мен жаңа байланыстарын ашу, оқушыларға жеке деректер жинақтауға, маңызын анықтаудан себеп-салдарлы байланыстың мәнін ашуға өтуіне көмектесу. Жинақтап қайталау сабағы практикалық жұмыс немесе әңгімелесу түрінде болады, оқушылардың ауызша жауаптарымен бірге жазбаша жұмыстарын да қамтиды, мәселе шешу, тапсырманы орындау, тест тапсыру, түрлі кестелер толтыру секілді жұмыстарды қамтиды. Оқушылар жинаған деректерін талқылап, оларды түзетеді, жүйелейді, басқа да құжат материалдарымен толықтырды. Бұл сабақта ойын элементтерін қолдануға болады.




Қорытынды қайталау сабағы


Қорытынды қайталау сабағының мақсаты - оқыған материалды жинақтап қорыту, маңызды деректер туралы білімдерді байыту, негізгі процесті басталуынан аяқталуына дейін қадағалау. Бұл сабақта оқушылардың тарихи оқиғаға деген белгілі бір көзқарасы қалыптасады. Оқушылар қисынды сұлба, кестелермен жұмыс барысында білімдері мен дағдыларын қолданады. Олардың жасаған қорытындылары мен тұжырымдарының мазмұнында жаңа білім элементтері көрініс табады. Талқыланған мәселелер мұғалімнің ой-түйінімен қорытындыланады, мұғалім қосымша әдебиеттерден деректер мен сандарды, дәйексөздер мен безендірулерді таңдап, жинақтайды. Ойын, викториналарды қолдану, шолу саяхат жүргізу тиімді.


Семинар сабақтар


Сабақтың бұл түрінде оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, жаңа материалды тұтастай оқып - үйренуге арналады. Мұғалім бір апта бұрын семинардың тақырыбын, жоспарын, қаралатын мәселелер мен әдебиеттер тізімін хабарлайды. Қабілетті оқушыларға күрделі мәселелерді ұсынып, қысқа хабарлама дайындауға тапсырма береді. Хабарламалар тыңдалып, талқылау біткен соң мұғалім басты мәселелерді қорытып, оқушылардың еңбегін бағалайды. Материалды баяндау барысында оқушылардың жазу жылдамдығын қадағалау қажет. Семинар сабағы төмендегідей мәселелерді шешуге көмектеседі: жаңа білім алу, оның ішінде деректермен жұмыс, бұрынғы алған білімді бекіту, оларды қорытындылау және тереңдету, шағын материалды пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамыту, тексеру, бақылау қызметін жүзеге асыру [4]. Оқушылар бұл сабақта өзекті саяси құжаттардың, ғалымдар шығармаларынан үзіндінің маңызын, қажеттілігін терең түсінуге, ондағы фактілерді өзіндік сыни бағалауға, талдауға үйренеді.


Лекция сабағы


Лекция сабағында ең бастысы - оқып үйретілетін тақырыпты мұғалім ауызша, толық, кең түрде баяндайды. Лекция қарастырылып отырған сабақта жаңа материалдағы мазмұны терең, жүйелі, бірізділікпен ашып көрсетуге немесе бір-бірімен байланысты сабақтардың басты ережелерін баяндап айтуға мүмкіндік береді. Әдістемелік әдебиеттерде лекцияға төмендегідей талаптар қойылған: ғылымилығы, тақырыпты ашып көрсетуі, тұтастай өмірмен сабақтастылығы, дәлелдің нақтылығы, қорытындының жеткіліктілігі, баяндаудың әсерлігі, оқу материалының біртіндеп күрделенуі, оның теориялық деңгейінің тереңдігі. Лекция сабағында ауызша баяндау, сипаттама беру, әңгімелесу, пікірлесу жиі қолданылады, таным сұрақтарын қою мен тапсырманы шешу арқылы оқушыны ойлауға үйретіп, ой-өрісін дамытады.

Лекция - оқу материалын біртіндеп, жүйелі баяндау, әңгімелеу арқылы оқушылар санасына құюды көздейді. Оқушылар оқылып отырған объектінің жалпы сипаттамасын, оның бүтіндей жүйедегі орны мен құрамын, құрылымдық элементтер арасындағы байланысын, тенденциялар мен дамуын талдай алатындай болуы керек [5].
Тарих - өткен шақ туралы білімдердің жинағы емес, тарих - ойлау жүйесі, болашаққа бастайтын жол. Оқушылар өздігінен тарихи деректер мен құбылыстарды сұрыптап, оларды тиісті дәуір және аймақпен байланыстыра алуы, меңгерген білімдерін жаңа жағдайлармен сабақтастыра білулері керек. Тарих пәнін оқытудағы негізгі мақсат – ұрпақтарды өз елінің тарихымен таныстыру, оқушылардың танымдық қабілетін өсіруде адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету. Еліміздің әр азаматы тарихтан біз келешекте қандай қоғам құруды мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге алуымыз керек деп сұрақ қойып, жауап алуымыз қажет. Ана тілімізді, мирас болған тарихымызды білу, тану, табиғатын сақтау - тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының борышы. Осындай үлкен істі жүзеге асыруда тарихшы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше зор деп ойлаймын. 

Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. Еліміздің тарихын оқытуда шәкірттердің ой-өрісін кеңейту қажет. Тарихымыз жаңашыл шын көзқараспен таразыланып, ескерілмеген деректер қайта бағаланып жатыр. Тарих пәнін оқытуда оны ұрпақтар бойына дарыту әлі де көп ізденістерді әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін тарихи материалдардағы қосымша деректерді пайдаланудың зор мәнісі бар. Мектепте тарих пәнін оқытуда, қосымша материалдарды, деректерді әсіресе баспасөз материалдарын пайдалану оқушылардың ұғымдарының терең жүйелі болуына әсер етеді. Оларды жүйелі қолдану оқушының адамгершілігін, эстетикалық танымын, сезімін байытады, өзіндік ізденістерге мүмкіндік береді. 


Әдебиеттер:

1. Д.Салқынбек «Халқымыздың тарихы мен патриоттық тәрбие», «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы, 24- бет, №6, 2009 жыл.

2. Б.Әбдіғұлова «Тарих сабақтарының тиімді формалары», «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналы , 43- бет, №3, 2010 жыл.

3. Т.Хазретәлі «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі», Алматы-2004, 98-бет.

4. Б.Әбдіғұлова «Тарих сабақтарының тиімді формалары», «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналы , 44- бет, №3, 2010 жыл.

5. «Методика обучения истории в средней школе: пособие для учителей». В двух частях. Москва, «Просвещение», 1978 год, том 1.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Доклад на тему: "Тарих саба?тарыны? тиімді формалары"

Автор: Карашинова Алмагуль Серикбаевна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299748


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства