kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Модельдеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Модель-б?л глобус ж?не ?лем картасы, жерді? тартылыс к?шіні?  формуласы, к?рме стендіндегі зымыранны? макеті, мектептегі биология кабинетіні? к?рнекі ??ралдары, ?йгілі суреттерді? к?шірмесі. Оларды не байланыстырады? На?ты нысандарды (т?пн?с?а) зерттеу ма?сатында адамны? ?олымен жасал?ан нысанды-модель деп атаймыз.

Модельдеу-нысандарды, ?дерістерді ж?не ??былыстарды зерттеу ?шін модель ??ру.

 Сызбада к?рсетілгендей, модельдеу нысанды зерттеу барысында ортасында орналас?ан

 

Нысанны?  т?пн?с?асы

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Модельдеу. »


Информатика Класс: 6 «А», 6«Ә» Күні: 08.12.14ж

13сабақ

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель және модельдеу түсінітері таныстыру, .

Дамытушылық: Оқушыларды модельдеу әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды заман талабына сай компьютерлік сауаттылығы мол да, кішіпейілді оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, кесте, үлестірмелі материалдар, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру

Жаңа материалды меңгеру

Модель-бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Оларды не байланыстырады? Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды-модель деп атаймыз.

Модельдеу-нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Сызбада көрсетілгендей, модельдеу нысанды зерттеу барысында ортасында орналасқан

Нысанның түпнұсқасы





Модельдеу





Шешім қабылдау




Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін. Болашақтың немесе ерте заманғы, құбылыстардың модельдерін белгілі айғақтардың негізінде құруға болады. «Ядролық қыс» теориялық моделін немесе жер бетінен динозавлардың жойылу теориясын еске алыңдар.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін. Сондықтан өзімізге керекті қасиетті зерттеу үшін қажетсіз қасиеттерді ескермеген жөн.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау қажет.

І Есептің қойылымы

Есептің сипаттамасы

Модельдеу мақсаты

Нысанды талдау








ІІ Модельді құру

Ақпараттық модель

Таңбалық модель

Компьютерлік модель







ІІІ Компьютерлік модель

Модельдеу жоспары

Модельдеу технологиясы

Компьютерлік модель








IV Модельдеу нәтижесін талдау




Нәтиже мақсатқа сәйкес келеді

Нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді




Келтірілген мысалдан көріп отырғандай, қоғамдық мәселелерді зерттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады.

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қоршаған ортаны танып-білу

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басұару.


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Графикалық редактор құралдарының көмегімен сынып бөлмесін моделін ұсыныңдар.

Геометриялық модельді қолдануға мысал келтіріңдер.

В деңгейі

Сабаққа кешігу барысында жазылатын түсініңтеменің сөздік моделін құрыңдар. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер. Қалай ойласыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

С деңгейі

Мәтіндік редакторда мектеп ауласының ауданын есептейтін математикалық модельді рәсімдеңдер. «Математикалық модельге» өздерің анықтама беріңдер.


Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Құбылыстан,үдерістен және наұты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?

  3. Модельдеудегі түпнұсқаның мағызы.

  4. Бір нысанның көптеген моделі болады, бұны қалай түсіндіресіңдер?

  5. «Үстел» нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.

  6. «Найзағай» нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.

  7. Есепті модельдеудің екі типін атаңдар. Мысал келтіріңдер.

Сабақты қорытындылау: өткен тақырыпты пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үйге тапсырма: §13


































Информатика Класс: 6 «А», 6«Ә» Күні: 15.12.14ж

14сабақ

Тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: Модельдеу түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модельдеу түрлері және компьютерлік модельдің маңыздылығымен таныстыру, .

Дамытушылық: Оқушыларды модельдеу әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды заман талабына сай компьютерлік сауаттылығы мол да, кішіпейілді оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, кесте, үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап )

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Құбылыстан,үдерістен және наұты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?

  3. Модельдеудегі түпнұсқаның мағызы.

  4. Бір нысанның көптеген моделі болады, бұны қалай түсіндіресіңдер?

  5. «Үстел» нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.

  6. «Найзағай» нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.

  7. Есепті модельдеудің екі типін атаңдар. Мысал келтіріңдер.

Жаңа тақырып түсіндіру

Бір нысан үшін шексіз модель құрылуы мүмкін. Модельдің түрі бірінші кезекте зерттеу мақсатының қойылуына байланысты анықталады. Мысалға саяхатшының көзқарасы бойынша қаланың моделі (мақсат-қаланың назар аудааралық орындары) және сәулеті (мақсат-қайта құру) әртүрлі болады.

Модельдеудің жіктелуі

Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • Қолдану аймағы ( оқулық, ойындық, тәжірибелік, имитациялық және т.б.);

  • Уақыт факторларын ескеру (статистикалық және динамикалық);

  • Көрсету немесе ұсыну тәсілі.

Оқу моделі программаларын жатқызуға болады. Ал іскерлік немесе ойындардағы қарсыластары мен одақтастарының мүмкін болатын әс-әрекеттерінің моделі ойындық модельге мысал бола алады.

Динамикалық модель- уақытының өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді. Мысал ретінде оқушының оқу үлгерімін көрсететін сынып журналын айтуға болады.Статистикалық модель деп оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы, яғни, сол уақыттағы үлгерімін айтады.

Ақпараттық модель- дегеніміз нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.

Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, сызбалар мысал бола алады.

Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер қолданылады.

Компьютерлік модель – деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады.

Егер математикалық модельді зерттейтін болсақ , онда да программалау ортасын немесе электрондық кестені қолданған ыңғайлы. Сөздік модельге мәтіндік редактор ыңғайлы. Ал графикалық модельдер графикалық редакторда құрылады.

Сол себепті компьютерлік модельдеу кезінде программа лардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.

Нақты тәжірбиені жүргізу өте маңызды, бірақ уақытты талап етеді , ал кейбір зерттеу тәжірибелерін жүргізу мүмкін емес. Ұшақты құру барысында оның бүкіл параметрлері есептеліп және ауадағы қасиетін зерттеп барып құрады,қалай болса солай құра салмайды. Бұл кезде де компьютердің көмегінсіз қиын болады.

Компьютерлік тәжирібені жүргізудің кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады:жоспар құру және модельдеу технологиясын құру.

Компьютерлік тәжірбиенің жоспарын жүргізу үшін біріншіден , сынақтық қажет. Бұл жағдайдағы сынақ - бастапқы нәтижесі белгілі берілгендер немесе мәліметтер. Сынақ құрылған моделдің жұмыс істеу қабілетін және дұрыстығын анықтайды.

Компьютерлік тәжірибе жүргізгенен кейін алынған нәтижені талдау кезеңі басталады. Егер алынған нәтижені күтілген нәтижеден өзгеше болса, онда бастапқы кезеңде қайтып оралып, қателікті жою керек.



Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Модельдеудің негізгі кезеңдерін атаңдар және сипаттама беріңдер.

  2. Компьютерлік модельдеуді қалай түсінесіңдер?

  3. Модельді сынақтан өткізу неге негізделген?

  4. Егер алынған нәтиже күтілетін нәтижеден өзгеше болса не істеу қажет?

  5. Компьютерлік тәжірибе жүргізілген кейін қандай кезеңге көшеміз?

«Өзіңді тексер!» тест тапсырмасы

  1. Модельді тек...құруға болады.

  1. Нақты бар нысанға

  2. Ойластырып алған нысанға

  3. Кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа

  4. Табиғи құбылыстарға

  1. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:

  1. Модельді құру,компьютерлік тәжірибе

  2. Есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау

  3. Есептің қойылуы, модельді құру

  4. Модельді құру, модельдеу нәтижесін таңдау

  1. Ақпараттық модель:

  1. Компьютердің көмегімен жүзеге асады

  2. Нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді

  3. Нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар

  4. Тек статикалық модель болуы мүмкін

  1. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:

  1. Компьютерлік және компьютерлік емес

  2. Статикалық және динамикалық

  3. Тәжірибелік және имитациялық

  4. Сөздік модельдеу

Сабақты қорытындылау: өткен тақырыпты пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үйге тапсырма: §14-15







































Информатика Класс: 6 «А», 6«Ә» Күні: 22.12.14ж

15сабақ

Тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы: Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: білімді тексеру

Әдіс-тәсілдер: репродуктивті

Құрал- жабдықтар: ДК, ЭО, үлестірмелі материалдар


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1-кезең. Есептің қойылуы

Мозаикадан өрнек құру.

Мозаика – геометриялық модельдің мысалы, ол нысанның сыртқы белгілерін сипаттайды.

Модельдеу үшін дайындамалар жиынтығын құру қажет, яғни сол дайындамалар арқылы әртүрлі өрнектер алуға болады.

Мақсат – мозаиканың дайындамалар жиынтығын құру, сол дайындамалар арқылы әртүрлі геометриялық өрнектер алу.

Нысанды далдау; дайындамаларбір типті өлшемде болу қажет.

2 – кезең. Модельді құру

Компьютерлік модель

Модельдеуді жүргізу үшін қандай ортаны таңда қажет?

Геометриялық модельді модельдеу үшін Paint графикалық редакторы ортасында жүргіземіз. Дайындамаларды жұмыс аймағының сол жағында қолдану ыңғайлы (29-сурет). Дайындаманы құру кезінде буфер алмасу бұйрығы, сызық ,доға фигурасы және өшіргіш құралы қолданылады. Горизонталь бойымен сурет салу үшін Shift батырмасын басып тұрып саламыз.

3 – кезең. Компьютерлік тәжірбие

Модельдеу жоспары;

  1. Дайындамалар жиынтығын құрыңдар.

  2. (30-сурет) көрсетілген композицияны алыңдар.

  3. Өздерінің композицияларыңды құрыңдар.

Модельдеу технологиясы:

  1. Paint графикалықредакторын құрыңдар.

  2. 29-суреттеі ұсынылған алгоритмді құрыңдар. Алынған барлық дайындамаларды жұмыс аймағының сол жағына құрыңдар.

  3. Ерекшелеу және буфер алмасу бұйрықтарын қолдана отырып (Правка менюі немесе контекстік меню), суреттің жұмыс аймағында қажетті мөлшерде дайындамаларды құрыңдар.

  4. Дайындамадан композиция құрыңдар.

4 кезең - Нәтиже сараптамасы

Дайындаманы қиыстыру кезінде және орнату кезінде өте ұқыпты болу қажет.

Тағы қандай композицияны алуға болады? Қандай дайындамаларды жиынтыққа қосуға болады?

В деңгейі

А деңгейінің үлгісі бойынша, модельдеу кезеңіне сипаттама беріңдер және танграма элементтерінен сурет салыңдар (31-сурет)

С деңгейі

А деңгейінің үлгісі бойынша, модельдеу кезеңіне сипаттама беріңдер және өздерің кірпіштен құрама құрастырыңдар ( 32- сурет)


Сабақты қорытындылау: өткен тақырыптарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үйге тапсырма: §15 тапсырмаларды аяқтау









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Модельдеу.

Автор: Жасаганбергенова Жанар Скаковна

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160113

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Компьютерлік модельдеу, есептеу експерименті"
    ["seo_title"] => string(53) "komp_iutierlik_modiel_dieu_iesieptieu_iekspierimienti"
    ["file_id"] => string(6) "390447"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486786139"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Техникалы? модельдеу "
    ["seo_title"] => string(24) "tiekhnikalyk-modiel-dieu"
    ["file_id"] => string(6) "127553"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415340095"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Модельдеу "
    ["seo_title"] => string(13) "modiel-dieu-1"
    ["file_id"] => string(6) "195162"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427875041"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Модельдеу кезеңдері."
    ["seo_title"] => string(25) "modiel_dieu_kiezien_dieri"
    ["file_id"] => string(6) "397122"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1488434804"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Модель ж?не модельдеу."
    ["seo_title"] => string(21) "modielzhniemodieldieu"
    ["file_id"] => string(6) "294428"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455642275"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства