ІІІ. Кесте дегеніміз – бағандар мен қатарлардың қиылысынан пайда болған ұяшықтардың жиынтығы. Әрбір ұяшық белгілі бір мәлімет енгізілетін нысан болып есептеледі.
Excel бағдарламасы мәліметтермен жұмыс жасау барысында оларды ретті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. мысалы: кесте түріндегі ақпарат қарапайым мәтіндік ақпаратпен салыстыру кезінде артықшылыққа ие болады. Кестелік ақпараттар әр салада кеңінен қолданысқа енгізілген. Мысалы: Педагогика саласында оқушылардың тізімдерін жинастыруда, спорт саласында әртүрлі команда сайыстарының тізімдерін көрнекі түрде алуда, дәірігерлік салада аурулардың тізімдерін, олардың толық мәліметтерін алу кезінде тиімді қолданылады. Сонымен қатар Excel кестесі компьютерде әртүрлі типті есептеулерді жүргізумен қатар, санды мәліметтерді графиктік түрде кескіндеуге де мүмкіндік береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Лекционный материал»
Технологиялық карта №14
Күні:
Пәні: Информатика
Тобы:
Сабақтың тақырыбы: MS Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты: Компьютердің кестелік мүмкіндіктерін еркін игеріп, онда әртүрлі есептеулерді жүзеге асыру.
Сабақтың міндеті: Білімділік: Кесте ұғымын қалыптастыру. Excel процессоры туралы кеңінен мағлұмат беру. Мәліметтерді өңдеуді, есптеулерді жүзеге асыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысындағы логикалық, ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Зерттеу ізденушілік сабағы.
Пәнаралық байланыс: физика, математика.
Ресурстар: Ms Excel презентациясы, Easy Quizzy тестілеу қабықшасы, презентациясы, үлестірмелі материалдар
Техникалық құралдар: дербес компьютер, инт.тақта.
Ақпараттық қор:
Негізгі әдебиеттер:1. Гура В.В., Дикарев С.Б. Система проектирования электронных образовательных ресурсов. – Ростов на Дону: Издательство ООО «ЦВВР», 2003 ж.-125 с.
2. Давыдов Д.А.6 Геркушенко Г.Г. Автоматизированная система подготовки информационных ресурсов для Российской системы открытого образования « OPENET..RU» //системные проблемы качества, математического моделирования6 информационных и электронных технологий: Матер.Междунар. науч-техн. Конф. И Российской науч.школы // Междун. Акад.Информатизации и др. – М.: 2003 ж.- Ч.3,Т.1 – С.17
Қосымша әдебиет: 1. Гиншкун В.В. Иерархические структуры понятий в разработке электронных средст обучения.//В сб. «Теория и практика учебной электронной литературы». / - курск: КГУ – 2002 ж. – 146 с.
2. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения// Монография./ Алма – Ата: Министерство образования и науки РК, АГУ им.Абая. – 2002 ж
Негізгі терминдер мен ұғымдар: ұяшық, электрондық кесте, абсолютты шама, диаграмма, формула.
Сабақтың технологиясы: АКТ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс, компьютермен жұмыс
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру (Электронды 2 нұсқадан тұратын тест арқылы)
ІІІ. Жаңа сабақ (дәріс баян қосымшада)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Практикалық тапсырма №3
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау
VII. Үй тапсырмасы: Практикалық жұмыс №2- 6компьютердеөз бетімен орындау.
Дәріс № 14
Тақырыбы: MS Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік
MS Excel кестесінде жұмыс істеу.
ІІІ. Кесте дегеніміз – бағандар мен қатарлардың қиылысынан пайда болған ұяшықтардың жиынтығы. Әрбір ұяшық белгілі бір мәлімет енгізілетін нысан болып есептеледі.
Excel бағдарламасы мәліметтермен жұмыс жасау барысында оларды ретті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. мысалы: кесте түріндегі ақпарат қарапайым мәтіндік ақпаратпен салыстыру кезінде артықшылыққа ие болады. Кестелік ақпараттар әр салада кеңінен қолданысқа енгізілген. Мысалы: Педагогика саласында оқушылардың тізімдерін жинастыруда, спорт саласында әртүрлі команда сайыстарының тізімдерін көрнекі түрде алуда, дәірігерлік салада аурулардың тізімдерін, олардың толық мәліметтерін алу кезінде тиімді қолданылады. Сонымен қатар Excel кестесі компьютерде әртүрлі типті есептеулерді жүргізумен қатар, санды мәліметтерді графиктік түрде кескіндеуге де мүмкіндік береді.
Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web–беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдары, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.
Excel экранының терезесі 1 суретте көрсетілген.
1 сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.
Excel терезесінің негізгі элементтері:
Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.
Формула жолы – ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
Форматтау тақтасы – форматтау командаларына арналған батырмаларды қамтиды.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар нөмірлері – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.
Бағандардың атаулары – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күй жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары – құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.
Кестенің құрылымы
Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі. Ұяшық дегеніміз бұл баған мен жолдың қиылысы. Әрбір ұяшықтың абсолюттік немесе салыстырмалық адресі бар. Адрес бағанның атауы мен жолдың нөмірінен құралады. Сонымен, В6 ұяшығы В бағаны мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі мәліметтері мен адресі Формула жолында бейнеленеді (2 сурет).
2 сурет. Формула жолында ағымдағы ұяшықтардың бейнеленуі
3 Мәліметтерді енгізу
Ұяшыққа мәліметтерді енгізу үшін ұяшықты ерекшелеу қажет. Ол үшін ұяшықты маус көрсеткішімен шертіңдер. Excel мәліметтердің негізгі үш типін қолдануға мүмкіндік береді: мәтіндік, сандық және формула. (3.сурет).
3 сурет. Мәліметтердің негізгі форматтары
Ұяшықтың мәліметтерін жою үшін оны ерекшелеп, Delete пернесін басу.
Кестеге бағандар мен жолдарды үстемелеу немесе жою үшін:
Оларды ерекшелеу (тақырып бойынша тінтуірмен шерту);
Тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді шақыру;
Керекті команданы таңдау.
Ағымдағы ұяшықтың мәліметтерін өңдеу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:
Тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерту;
Формула жолында ұяшықтың мәліметтерін өңдеу;
F2 пернесін басу.
Егер аталған тәсілдердің бірде-бірін таңдамастан, ұяшыққа қандай да бір мәліметтер енгізген болса, онда оның бұрынғы мәліметтері жаңа ақпаратпен автоматты түрде алмастырылады.
Кестені біртекті мәліметтермен қалай автоматты түрде толтыру керек
Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі. Автотолтыру қызметінің көмегімен Excel-де сандар, күндер, даталар, тоқсандар тізімін дайындауға болады.
Тоқсандар, айлар, апталар, күндер тізімін енгізу үшін:
Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіңдер де Enter-ді басыңдар немесе формула жолындағы енгізу батырмасы бойынша шертіңдер.
Тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке орналастырыңдар да оны сол жақ төменгі бұрышынан сүйреп тасыңдар.
Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт жақтаумен қоршалған болады, ауқымның соңғы ұяшығында қалып қойған мән сары тікбұрышта көрсетілетін болады (4 сурет).
1. В1 ұяшығына 123 санын, С1 ұяшығына а әріпін енгізіңіз. В2 ұяшығына =В1+С1 формуласын жазып, В2 ұяшығының мәнін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.
2. D2 ұяшығына =45/D1 формуласын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.
3. Е1 ұяшығына 45 санын енгізіңіз, Е2 ұяшығына ЕСЛИ функциясын жүктеп, шарт бөлігіне «Е1жН1», Ақиқат бөлігіне 4, Жалған 5 сандарын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.
4. А1 ұяшығына 464694 санын енгізіп, ұяшықтың енін қысқартыңыз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.
D4 ұяшығына =B4^2-4*A4*C4 формуласын енгізіп Enter батырмасын шертіңіз.
Квадрат теңдеудің жауап сандарының қанша болатынын мына функцияларды орындау арқылы білеміз:
Е4 ұяшығында Вставка-Функция командасын орындаңыз. Ашылған сұқбат терезеде Логические категориясын таңдап, одан кейін ЕСЛИ функциясын таңдаңыз және ОК батырмасын шертіңіз.
Квадрат теңдеуді шешу кезінде үш шартты тексеруіміз қажет:
D0 жауап: 2, D4
Ашылған сұқбат терезеге функцияның аргументтерін енгізіңіз.
Сұқбат терезенің ЖАЛҒАН бөлігіне екінші шартты тексеру үшін ЕСЛИ функциясын енгіземіз. Ол функцияны Excel терезесінің Адрес жолындағы функциялар тізімінен ЕСЛИ функциясын таңдаймыз. Ашылған сұқбат терезеге функцияның қажетті аргументтерін енгіземіз.
Бұл сұқбат терезенің ЖАЛҒАН бөлігіне 1 жауап болады деген сан енгізілген, себебі егер екі шарт қатарынан орындалмаса үшінші шарт тексермеседе орындалады.
Ғ4 ұяшығына =(-B4-КОРЕНЬ(D4))/(2*А4) формуласын енгізіңіз, яғни х1 жауабын табу үшін.
G4 ұяшығына =(-B4+КОРЕНЬ(D4))/(2*А4) формуласын енгізіңіз, яғни х2 жауабын табу үшін.